Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет22/100
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15791
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   100

69
5.3. «Қауіп  тобындағы»  балалар  мен  жасөспірімдермен 
жұмыс  жасаудың  инновациялық  формалары  мен  əдістері 
(«Балалық шақтың шегі жоқ» ҚБ-нің тəжірибесі негізінде)
Тəжірибе  көрсеткендей,  балалар  мен  жасөспірімдерді 
тəрбиелеуге  немқұрайды  қарау  кəмелетке  толмағандар 
арасындағы  құқық  бұзушылықтың  негізгі  себептеріне  айналып 
отыр.
Балалар – мемлекеттегі  өзгерістерді  жете  сезінетін  өзгеше 
«əлеуметтік  барометр»  іспеттес.  Ал  балаларға  деген  көзқарас 
олар  өмір  сүріп,  тəрбиеленіп  жатқан  қоғамның  жай-күйі  мен 
даму деңгейін дəл анықтайды. 
Баланың  əлеуметтік  жайлылығы  (сол  секілді  жайсыздығы) 
оның қоршаған ортасына жəне өмір сүру деңгейімен тікелей бай-
ланысты. 
«Балалық шақтың шегі жоқ» қоғамдық бірлестігі жұмыс жа-
сайтын балалар көбінесе əлеуметтік деңгейі төмен отбасылардан 
шыққан балалар, оларда бос уақытын ұйымдастыру үлгісі жоқ, 
моральдық-психологиялық жəне адамгершілік мінез-құлығында 
ауытқушылық  бар;  олардың  мектептегі  үлгерімі  өте  төмен 
дəрежеге  түсіп  кеткен,  осы  балалардың  əлеуметтік  жағымды 
ортасы жойылған. Мұндай балаларға анықтама беретін көптеген 
терминдер  бар.  Оларды  қадағалаусыз,  панасыз  қалған  бала-
лар деп атауға да болады, ал «көше балалары» деп айтсақ, дəл 
келеді. 
Тиісті қамқорлық пен қараудан айырылған балалар отбасылық 
жəне туыстық байланыстарды жоғалтады; отбасынан өз бетімен 
кеткен немесе одан ығыстырылған олар көшеге бет алып, қашады. 
Ал көше жасөспірімдерді құшақ жая қабылдап, олар үшін бейғам 
өмірдің  романтикасына  емес,  күн  сайынғы  қауіп-қатерге  айна-
лады,  ішімділікке,  нашақорлыққа  салыну,  қылмыстық  ортаның 
оңай олжасына, арзан еңбек күшіне айналу мүмкіндігін туғызады. 
Көше баланың өміріне қауіпті!
Осыны  түсінетін  біздер,  əсіресе,  балаларды  тəрбиелеу  ісіне 
қатысып, балалар мен жасөспірімдер ортасындағы проблемала-
рымен күн сайын кездесіп жүрген ересек адамдар. 
Жайсыздықтан, 
соққы 
мен 
қорлықтан, 
тамаққа 
жарымағандықтан,  түсінбеушіліктен  қашып,  көшеге  кеткен 
балалардың саны, əсіресе жазғы кезде азаймаса керек. 
«Балалық шақтың шегі жоқ» ҚБ-нің 2005 жылдан бері қаланың 


70
кəмелетке  толмағандардың  істері  жөніндегі  бөлімімен  бірлесе 
жүргізген  рейдтері  панасыз  балалармен  жағдай  түзеліп  келсе, 
қадағалаусыздық бұрынғыдай елеулі əлеуметтік проблема болып 
отырғанын  көрсетті.  Егер 2005 жылы 29 рейдтің  нəтижесінде 
қала көшелерінде сағат 23.00-ден кейін 2785 жасөспірім табыл-
са, 2006 жылы  олардың  саны 2811 болды. 2007-2009 жылдары 
бұл көрсеткіш көп өзгерген жоқ: 2830 – 3521 жасөспірім. 
Осы  санаттағы  балалармен  жұмыс  жасай  отырып,  ұйым 
ұжымы  ешбір  күштеу  əдістерімен  проблеманы  шешуге  бол-
майтынына  көз  жеткізді,  себебі  баланы  көшеден  дұрыс  өмірге 
қайтарудан  гөрі,  баланың  көшеге  кетіп  қалмауына  бар  күшті 
салу оңайға түспек.
Ұйым  қызмет  жасаған  жылдары  өмірде  қиын  жағдайға  тап 
болған  балалармен  жұмыс  жасаған  кезде  оң  нəтиже  берген 
көптеген формалар мен əдістерді сыннан өткізді.
Осы 
жұмыстың 
қорытындыларын 
жинақтап, 
түрлі 
бағыттардың  өміршеңдігін  сараптап, «Балалық  шақтың  шегі 
жоқ» ҚБ-нің ұжымы Əлеуметтік патронат бағыты (ƏПБ) деп 
аталған жүйені құрды (Сурет 1.)


71
            
Сурет 1. «Балалық шақтың шегі жоқ» ҚБ-нің 
Əлеуметтік патронат бағытының схемасы.
Бұл жүйенің мəні мынада: ұйымның қызмет аясына, одан соң 
мəліметтер базасына іліккен жасөспірім тестілеуден бастап нақты 
саналы қайта бағдарлануына дейінгі жолдан өтеді. Осы жолдан 
өткенде  ұйымның  ұжымы  баламен  бірге  болып,  осы  маңызды 
іске  мектепті,  кəмелетке  толмағандардың  істері  жөніндегі  ин-
спекцияны,  аула  клубтарын,  балалармен  жұмыс  істейтін  түрлі 
үкіметтік  емес  ұйымдарын,  бұқаралық  ақпарат  құралдарын, 
«қауіп тобындағы» кəмелетке толмағандармен жұмыс жасайтын 
жекелеген санаттағы адамдарды (мысалы, дəрігерлерді) жəне т.б. 
қажетіне қарай тартады.
 Басқаша айтқанда, балалар мен жасөспірімдердің проблема-
ларын шешу саласында жұмыс жасайтын түрлі құрылымдардың 
өзара əрекеттестігі механизмі құрылған.


72
ƏПБ-на  кіретін  əрбір  құрылымда  немесе  ұйымда  қолда  бар 
мүмкіндіктерді есепке алған өз міндеттері бар, бірақ ортақ мақсат 
– «қауіп тобындағы» балалардың қайта бағдарлануы өзгермейтін 
басымдылық болып қала бермек.
Бағыттың əр буыны – бұл жеке əңгіме. Бірақ кейбірі айрықша 
назарға ие. 
Қиын жасөспірімдерге арналған Əлеуметтік бейімдеу лагері 
нəтижелі жұмыс атқарды. Төрт жыл қатар «Балалық шақтың шегі 
жоқ» ҚБ осындай лагерде 100-ге жуық ұлдар мен қыздарды жи-
нады. Жыл сайын лагер мынадай жаңа бағдарламаларды жүзеге 
асырады:
«Əлеуметтік  дағдылар  мектебі», «Тағдырың  өз  қолында», 
«Аман қалудың тренинг курсы», «... 7 қадам», «Жұмыс орны елі» 
жəне басқалар.
Осы  бағадарламаларға  қатыса  отырып,  жасөспірімдер  шы-
найы өмірде қиын жағдайға тап болған кезде өзін сақтап қалып, 
амалсыз болып көрінген жағдайдан амал тауып, команданың бір 
мүшесі болуына мүмкіндік беретін əлеуметтік дағдыларға ие бо-
латын.  
Позитивті  қалыптастыруға  бағытталған  психогимнистика, 
арттерапия, ойындар мен жаттығулар, əлеуметтік  дағдылар мен 
икемділік  бойынша  жарыстар,  рөлдік  ойындар,  жаттығулар-
сынаулар жəне т.б. – осының бəрі балалардың бір үлкен ұжымға 
бірігуіне  əкеліп,  əркімнің  өзінің  жеке  дара  шығармашылық 
қабілеттерін  білдіруге,  келешекте  мүлдем  басқа  өмір  сүру 
қалпын, мінез-құлық стилін, жасөсіпірім тұрып жатқан өмір мен 
дүниеге  көзқарасын  қалыптастыра  алатын  өз  бойындағы  жаңа 
ерекшеліктерін ашуға мүмкіндік берді. Олардың əрқайсысында 
өз жетістіктері, жаңа тұрмыс дəстүріне жүрер жолдағы барлық 
қадамдар  жазбаға  түсетін  «Менің  жетістіктерімнің  картасы» 
атты жеке кітапшасы бар. Ол жерде мамандардың ұсынымдары 
да берілген.
Əлеуметтік  патронат  бағытының  тағы  бір  буыны – қиын 
жасөспірімдерге арналған «Жаңа достар» клубы. Клуб «қолдау 
көрсету  тобына»  кіретін  балалардың  бастамасымен  құрылған 
еді. Алдын-ала күтілгендей, алдымен клубқа өз өмірін өзгерткісі 
келген балалар кірді. Бұлар біз берген қол ұшын қабылдаған ба-
лалар еді. Олар – есепте тұрған, үйден қашып кетуге бейім, басқа 
санаттағы  жасөсіпірмдер.  Бірақ  олармен  клубта  көшбасшы  ба-


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау