279
қолданылатын мерзiм iшiнде жүзеге асырылады. Белгiленген
шектеулердiң қолданылу мен жүктелген мiндеттердiң орын-
далу мерзiмi бiткеннен кейiн адам профилактикалық есептен
шығарылып, оған бұл туралы жазбаша нысанда хабарланады.
8. Профилактикалық есептегi қамтылған мəлiметтер кəмелетке
толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы
жөнiндегi мiндеттердi шешу шеңберiнде ғана пайдаланылуы
мүмкiн.
9. Профилактикалық есепке алуды жүргiзу Қазақстан Респуб-
ликасы Iшкi iстер министрлiгi жəне Қазақстан Республикасы
Əдiлет министрлiгi айқындаған тəртiппен олардың құзыретi
шегiнде жүзеге асырылады.
Ескерту. Заң 19-5-баппен толықтырылды - ҚР 2010.04.29 №
272-IV Заңымен.
20-бап. Жеке профилактикасы шараларын жүргiзудiң
негiздерi
Егер осы Заңның 19-бабында көзделген мəн-жайлар мынадай
құжаттарда:
1) соттың үкiмiнде, ұйғарымында немесе қаулысында;
2) кəмелетке толмағандардың iсi жəне олардың құқықтарын
қорғау жөнiндегi комиссияның, прокурордың, тергеушiнiң,
анықтау органының қаулысында;
3) шағымдарды, өтiнiштердi немесе басқа да хабарлар-
ды тексерудiң нəтижелерi бойынша кəмелетке толмағандар
арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз жəне па-
насыз қалудың профилактикасы жүйесi органының немесе
мекемесiнiң басшысы бекiткен қорытындыда;
4) кəмелетке толмағанның не оның ата-анасының немесе
заңды өкiлдерiнiң кəмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың, қадағалаусыз жəне панасыз қалудың профи-
лактикасын жүзеге асыратын органдардың, мекемелер мен өзге
де ұйымдардың құзыретiне қатысты мəселелер бойынша оларға
көмек көрсету туралы өтiнiштерiнде ресми көрсетiлген болса,
олар кəмелетке толмағандарға, олардың ата-аналарына немесе
заңды өкiлдерiне, сондай-ақ кəмелетке толмағандарды құқық
бұзушылықтар немесе қоғамға жат iс-əрекеттер жасауға тартып
жүрген өзге де адамдарға қатысты жеке профилактикасы шара-
ларын жүргiзудiң негiздерi болып табылады.
280
Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.10 N 176-IV
Заңымен.
21-бап. Жеке профилактикасы шараларын жүргiзу
мерзiмдерi
Кəмелетке толмағандарға олардың ата-аналарына немесе
заңды өкiлдерiне, сондай-ақ кəмелетке толмағандарды құқық
бұзушылықтар немесе қоғамға жат iс-əрекеттер жасауға тартып
жүрген өзге де адамдарға қатысты жеке профилактикасы шара-
лары кəмелетке толмағандарға əлеуметтiк жəне өзге де көмек
көрсету үшiн қажеттi мерзiмде немесе кəмелетке толмағандардың
қадағалаусыз, панасыз қалуына, құқық бұзушылықтар неме-
се қоғамға жат iс-əрекет жасауына ықпал ететiн себептер мен
жағдайларды жойғанға дейiн немесе олар он сегiз жасқа толғанға
дейiн немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген
басқа да мəн-жайлар туындағанға дейiн жүргiзiледi.
Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.10 N 176-IV
Заңымен.
22-бап. Өздерiне қатысты жеке профилактикасы шарала-
ры жүргiзiлетiн адамдардың құқықтары
1. Өздерiне қатысты жеке профилактикасы шаралары
жүргiзiлетiн кəмелетке толмағандар, олардың ата-аналары не-
месе заңды өкiлдерi, сондай-ақ өзге де адамдар Қазақстан
Республикасының Конституциясында, осы Заңда жəне Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде
кепiлдiк берiлген құқықтармен жəне бостандықтармен
қамтамасыз етiледi.
2. Арнаулы бiлiм беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстай-
тын бiлiм беру ұйымдарында жəне Кəмелетке толмағандарды
уақытша оқшаулау, бейiмдеу жəне оңалту орталықтарында бағып-
күтiлетiн кəмелетке толмағандардың осы баптың 1-тармағында
аталған құқықтармен қатар, белгiленген тəртiппен:
1) осы мекемелерге орналастырылғандары туралы ата-
аналарына немесе заңды өкiлдерiне хабарлауға;
2)
кəмелетке
толмағандардың
арасындағы
құқық
бұзушылықтардың, қадағалаусыз жəне панасыз қалудың профи-
лактикасы жүйесi органдары мен мекемелерiнiң қызметкерлерi
қабылдаған шешiмдер бойынша аталған жүйенiң жоғары тұрған
органдарына, сондай-ақ прокуратура органдары мен сотқа
281
шағымдануға;
3) iзгiлiктi, адамның ар-намысын кемсiтпейтiн қарым-қатынас
жасалуына;
4) телефонмен сөйлесу жəне саны шектелмеген кездесулер
арқылы отбасымен байланыс жасап тұруға, посылкалар, бан-
дероль алуға, саны шектелмеген хаттар мен жеделхаттар алуға
жəне жiберуге;
5) тегiн тамақпен, киiммен, аяқ киiммен жəне Қазақстан
Республикасының Үкiметi бекiткен нормалар бойынша басқа да
заттай ризықпен қамтамасыз етiлуге құқығы бар.
Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.10 N 176-IV
Заңымен.
23-бап. Осы Заңның орындалу кепiлдiктерi
Кəмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар-
дың, қадағалаусыз жəне панасыз қалудың профилактика-
сы жүйесiнiң органдары мен мекемелерi өз құзыретi шегiнде
кəмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң
сақталуын қамтамасыз етуге, оларды кемсiтудiң барлық ны-
сандарынан, күш көрсетуден немесе психикалық зорлықтан,
қорлаудан, дөрекi қарым-қатынастан, сексуалдық жəне өзге де
пайдаланудан қорғауды жүзеге асыруға, өмiрде қиын жағдайға
душар болған кəмелетке толмағандарды жəне тұрмысы қолайсыз
отбасыларды анықтауға, сондай-ақ мыналарға:
1) прокуратура органдарына - кəмелетке толмағандардың
құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы туралы;
2) кəмелетке толмағандардың iсi жəне олардың құқықтарын
қорғау жөнiндегi комиссияларға - кəмелетке толмағандардың
бiлiм алуға, еңбек бостандығына, демалуға, тұрғын үйге жəне
басқа да құқықтарының бұзылу жағдайлары туралы, сондай-ақ ор-
гандар мен мекемелердiң қызметтерiндегi кəмелетке толмағандар
арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз жəне панасыз
қалудың алдын алуға кедергi жасайтын кемшiлiктер туралы;
3) қорғаншы жəне қамқоршы органдарына - ата-аналарының
немесе заңды өкiлдерiнiң қамқорлығынсыз қалған не өмiрiне,
денсаулығына қауiп төндiретiн немесе тəрбиесiне кедергi
келтiретiн жағдайда қалған кəмелетке толмағандар туралы;
4) iшкi iстер органдарына - қадағалаусыз жəне панасыз
қалған кəмелетке толмағандар, тұрмысы қолайсыз отбасылар,
Достарыңызбен бөлісу: |