273
бақылауды қамтамасыз етедi, сондай-ақ олармен жеке профилак-
тикасы шараларын жүзеге асырады.
2. Əдiлет министрлiгi қылмыстық-атқару жүйесiнiң
мекемелерiндегi кəмелетке толмағандармен жеке профилакти-
касы шараларын аталған мекемелердiң əкiмшiлiгi өз құзыретi
шегiнде жүргiзедi.
18-бап. Кəмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың, қадағалаусыз жəне панасыз қалудың
профилактикасына қатысушы өзге де мемлекеттiк орган-
дар
1. Мəдениет, ақпарат, дене шынықтыру, спорт жəне туризм
органдары өз құзыретi шегiнде:
1) кəмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының,
қадағалаусыз жəне панасыз қалуының профилактикасы жөнiндегi
нысаналы бағдарламаларды əзiрлеп, iске асыруға қатысады;
2)
қызметтерi
кəмелетке
толмағандардың
құқық
бұзушылықтары,
қадағалаусыз
жəне
панасыз
қалуы
профилактикасының шараларын жүзеге асыруға байланысты
балалар мен жастардың қоғамдық бiрлестiктерiне, əлеуметтiк
мекемелерге, қорларға жəне өзге де мекемелер мен ұйымдарға
жəрдемдеседi;
3) кəмелетке толмағандардың демалысын, бос уақытын жəне
еңбекпен қамтылуын ұйымдастыруға қатысады;
4) кəмелетке толмағандардың заңға мойынсұнушылық мiнез-
құлқын жəне салауатты өмiр салтын насихаттау мен қалыптастыру
жөнiндегi қызметтi жүзеге асырады.
2. Қамқоршылық жəне қорғаншылық органдары өз
құзыретi шегiнде 19-баптың 1-тармағында аталған кəмелетке
толмағандармен, егер олар жетiм болса немесе ата-аналарының
жəне басқа заңды өкiлдерiнiң қамқорлығынсыз қалса, жеке про-
филактикасы шараларын жүргiзуге қатысады.
3-тарау.
Кəмелетке
толмағандар
арасындағы
құқық
бұзушылықтардың, қадағалаусыз жəне панасыз қалудың профи-
лактикасы жөнiндегi қызметтi ұйымдастыру
19-бап. Жеке профилактикасы шаралары
1. Жеке профилактикасы шаралары:
1) қадағалаусыз жəне панасыз қалған;
274
2) арнаулы бiлiм беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстай-
тын бiлiм беру ұйымдарында жəне Кəмелетке толмағандарды
уақытша оқшаулау, бейiмдеу жəне оңалту орталықтарында
ұсталатын;
3) адамның психикикасына дене мүшесi функциялары мен
мiнез-құлқына керi əсерiн тигiзетiн алкогольдiк iшiмдiктердi,
есiрткi құралдарын, психотроптық жəне өзге де күштi əсер ететiн
заттарды шамадан тыс пайдаланатын;
4) дəлелсiз себептермен жалпы бiлiм беретiн оқу орындарына
бармайтын;
5) əкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған, əкiмшiлiк
жауаптылықтан немесе тəрбиелiк ықпал ету шаралары
қолданыла отырып тағайындалған əкiмшiлiк жазаны орындау-
дан босатылған;
6) қылмыстық жауапкершiлiктен немесе ақталмайтын негiз-
дер, оның iшiнде рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiлерi
бойынша жазадан босатылған;
7) қылмыстық жауапкершiлiкке тартылатын жасқа толмауы-
на байланысты қылмыстық жауапкершiлiкке жатпайтын не-
месе психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық
дамуының кешеуiлдеуi салдарынан қылмыстық белгiлерi бар
əрекет жасаған;
8) қамауға алуға байланысты емес бұлтартпау шаралары
таңдап алынған қылмыс жасады деп айыпталған немесе күдiктi
болған;
9) жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын
босатылған;
10) жазасын өтеу кейiнге қалдырылған немесе үкiмнiң орын-
далуы кейiнге қалдырылған;
11) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнен босатылған;
12) ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны
үшiн сотталған жəне сот тəрбиелiк ықпал етудiң мəжбүрлеу ша-
раларын қолдану арқылы жазадан босатқан;
13) шартты түрде, қоғамдық немесе түзеу жұмыстарына, бас
бостандығынан айыруға байланысты емес өзге де жазалау шара-
ларына сотталған кəмелетке толмағандарға қатысты жүргiзiледi.
2. Егер кəмелетке толмағандардың ата-аналары, басқа да
заңды өкiлдерi оларды тəрбиелеу, оқыту жəне (немесе) бағып-
күту жөнiндегi өз мiндеттерiн орындамаса, олардың мiнез-
275
құлқына терiс əсер етсе, оларға қатысты, сондай-ақ кəмелетке
толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат iс-
əрекеттер жасауға тартып жүрген өзге де адамдарға қатысты да
жеке профилактикасы шаралары жүргiзiледi.
Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.10 N 176-
IV, 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Заңдарымен.
19-1-бап. Кəмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтың, қадағалаусыз жəне панасыз қалудың жеке
профилактикасы шаралары
1. Кəмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың,
қадағалаусыз жəне панасыз қалудың жеке профилактикасы ша-
ралары олардың тарапынан жаңа құқық бұзушылық жасаудың
алдын алу, сондай-ақ оларды жасауға итермелейтiн себептер
мен жағдайларды жою мақсатында кəмелетке толмағандардың
құқықтық санасына жəне мiнез-құлқына мақсатты түрде жүйелi
əсер ету үшiн қолданылады.
2. Кəмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың,
қадағалаусыз жəне панасыз қалудың жеке профилактикасы ша-
ралары:
1) профилактикалық əңгiмелесу;
2) құқық бұзушылық жасауға итермелейтiн себептер мен
жағдайларды жою туралы ұсыныс;
3) профилактикалық есепке алу жəне бақылау;
4) арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жəне ерекше режимде
ұстайтын бiлiм беру ұйымдарына жiберу;
5) тəрбиелiк ықпал ету шаралары;
6) қорғау нұсқамасы;
7) əкiмшiлiк жаза қолдану;
8) сот үкiмi бойынша қабылданатын шаралар болып табыла-
ды.
3. Кəмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың,
қадағалаусыз жəне панасыз қалудың жеке профилактикасы ша-
ралары осы шаралар қолданылатын кəмелетке толмағандардың
жеке ерекшелiктерi жəне олар жасаған құқық бұзушылықтың
қоғамға қауiптiлiгiнiң сипаты мен деңгейi ескерiле отырып
айқындалады.
4. Мүдделi адамдар кəмелетке толмағандар арасындағы құқық
Достарыңызбен бөлісу: |