Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет77/100
Дата17.01.2020
өлшемі1,4 Mb.
#27032
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   100

239
ерлі-зайыптылардың  некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзуға  өзара 
келісімі кезінде жүргізіледі. 
3. Ерлі-зайыптылардың кəмелетке толмаған балалары болған 
кезде  некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзуды  мемлекеттік  тіркеу 
некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімінің негізінде 
жүргізіледі. 
4.Ерлі-зайыптылардың  ортақ  кəмелетке  толмаған  балалары-
ның болуына қарамастан, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу ерлі-
зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша:
1) жұбайын хабар-ошарсыз кеткен  деп тану туралы соттың 
заңды күшіне енген шешімінің; 
2) жұбайын əрекетке қабілетсіз немесе əрекет қабілеті шектеу-
лі деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің; 
3)  жұбайының  қылмыс  жасағаны  үшін  кемінде  үш  жыл 
мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандығы туралы сот 
үкімінің негізінде тіркеуші органдарда бұзылады. 
239-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік 
тіркеу орны
 1. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу ерлі-
зайыптылардың бірлескен өтініші негізінде ерлі-зайыптылардың 
немесе  олардың  біреуінің  тұрғылықты  жері  бойынша  тіркеуші 
органда жүргізіледі. 
2. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды 238-баптың 4-тармағы 
негізінде  мемлекеттік  тіркеген  жағдайда,  өтініш  осы  өтінішті 
берген  жұбайдың  тұрғылықты  жері  бойынша  тіркеуші  органға 
беріледі.  
3.  Некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзу  туралы  сот  шешімінің 
негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу 
кезінде  мемлекеттік  тіркеуді  некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзу 
туралы  сот  шешімі  шығарылған  жер  бойынша  тіркеуші  орган 
жүргізеді.
4.  Қазақстан  Республикасы  азаматының  некесін  (ерлі-
зайыптылығын)  бұзуды  мемлекеттік  тіркеу  шет  мемлекеттің 
некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзу  туралы  күшіне  енген  сот 
шешімінің  негізінде  азаматтың  тұрғылықты  жері  бойынша 
тіркеуші органда жүргізіледі.   


240
240-бап. 
Ерлі-зайыптылардың 
некені 
(ерлі-зайып-
тылықты)  бұзу  туралы  бірлескен  өтініші  бойынша  некені 
(ерлі-зайыптылықты) бұзуды  мемлекеттік тіркеу мерзімдері
Некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзуды  мемлекеттік  тіркеуді 
тіркеуші орган некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы бірлескен 
өтініш  берілген  күннен  бастап  бір  ай  мерзім  өткеннен  кейін 
некені (ерлі-зайыптылықты) бұзушылардың өздері қатысқан кез-
де жүргізеді. 
Мерзімнің  өтуі  өтініш  берілгеннен  кейінгі  келесі  күннен 
басталады  жəне  келесі  айдың  тиісті  күнінде  бітеді.  Егер  бұл 
күн жұмыс күніне тура келмесе, онда одан кейінгі жұмыс күнi 
мерзiмнiң аяқталған күнi болып есептеледі.   
Айлық мерзімнің қысқартылуы мүмкін емес. 
Егер  ерлі-зайыптылар  некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзуды 
мемлекеттік  тіркеу  үшін  өздеріне  белгіленген  күні  тіркеуші 
органға  келе  алмаса,  олар  тіркеуші  органға  некені  (ерлі-
зайыптылықты) бұзу туралы өтінішпен қайтадан жүгіне алады, 
ол некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін 
қайтадан айлық мерзімді тағайындайды.  
241-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік 
тіркеу туралы өтініш 
1. Кəмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылар-
дың  өзара  келісімі  бойынша  некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзу, 
некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімінің негізінде 
некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы, 
жұбайын хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы заңды күшіне 
енген сот шешімінің; жұбайын əрекетке қабілетсіз деп тану ту-
ралы  заңды  күшіне  енген  сот  шешімінің;  жұбайының  қылмыс 
жасағаны  үшін  кемінде  үш  жыл  мерзімге  бас  бостандығынан 
айыруға  сотталғандығы  туралы  сот  үкімінің  негізінде  некені 
(ерлі-зайыптылықты)  бұзуды  мемлекеттік  тіркеу  туралы 
өтініштердің  нысанын  Қазақстан  Республикасының  Əділет 
министрлігі бекітеді. 
2.  Осы  Кодекстің 238-бабының 2 жəне 4-тармақтарында 
көзделген  негіздер  бойынша  некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзу 
туралы  өтінішке  неке  қию  (ерлі-зайыпты  болу)  туралы  куəлік 
қоса берілуге тиіс. 
Егер  ерлі-зайыптыларда  осы  куəлік  жоқ  болса  жəне  неке 


241
қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасы тіркеуші органда 
сақталмаса,  неке  (ерлі-зайыптылық)  туралы  актінің  жазбасын 
қалпына келтіру талап етіледі. 
Өтініш беруші мынадай құжаттарды: 
1) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзатын адамдардың жеке ба-
сын куəландыратын құжаттарды; 
2)  некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзуды  мемлекеттік  тіркеу 
үшін  осы  Кодекстің 238-бабының 4-тармағында  көзделген 
негіздерді; 
3) қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функциялар-
ды жүзеге асыратын органның əрекетке қабілетсіз немесе хабар-
ошарсыз  кеткен  деп  танылған  жұбайдың  мүлкіне  қорғаншы 
тағайындау туралы қорытындысын;
4) мемлекеттік бажды төлегені туралы құжатты ұсынуға тиіс. 
3.  Бұрынғы  ерлі-зайыптылар  (олардың  əрқайсысы)  немесе 
əрекетке  қабілетсіз  жұбайдың  қорғаншысы  басқа  адамдардың 
некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзуды  мемлекеттік  тіркеу  тура-
лы  мəлімдеме  жасауына  нотариатта  куəландырылған  сенімхат 
негізінде уəкілеттік бере алады.   
4. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі некені (ерлі-зайыптылықты) 
бұзуды  мемлекеттік  тіркеу  үшін  тіркеуші  органға  келе  алмаған 
жағдайда,  Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  кодексіне 
сəйкес оларға, оның мүдделерін білдіру үшін сенімхат беріледі.
242-бап.  Хабар-ошарсыз  кеткен  деп  танылған,  əрекетке 
қабілетсіз немесе ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға 
сотталған  адаммен  некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзуды 
мемлекеттік тіркеу
Хабар-ошарсыз  кеткен  деп  танылған,  əрекетке  қабілетсіз 
немесе  қылмыс  жасағаны  үшін  кемінде  үш  жыл  мерзімге 
бас  бостандығынан  айыруға  сотталған  адаммен  некені  (ерлі-
зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеген жағдайда, тіркеуші 
орган  өтініш  түскен  күннен  бастап  бір  апта  мерзімде  ол  тура-
лы  қамауда  жатқан  жұбайға  не  əрекетке  қабілетсіз  жұбайдың 
қорғаншысына  немесе  хабар-ошарсыз  кеткен  деп  танылған 
жұбайдың  мүлкіне  қорғаншыға  хабарламаны  алған  күннен  ба-
стап қырық бес күн мерзім белгілей отырып хабарлауға міндетті, 
осы мерзім ішінде олар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы 
өтініш бойынша өздерінің арасында дау бар екені туралы жазба-


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау