Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық


-бап.  Баланың  қорғаншысының  немесе  қамқоршы-



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет73/100
Дата17.01.2020
өлшемі1,4 Mb.
#27032
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   100

227
126-бап.  Баланың  қорғаншысының  немесе  қамқоршы-
сының құқықтары мен міндеттері
1.  Баланың  қорғаншысы  немесе  қамқоршысы  қорған-
шылықтағы  немесе    қамқоршылықтағы  баланы  тəрбиелеуге, 
оның денсаулығына, дене бітімі, психикалық, адамгершiлiк жəне 
рухани жағынан дамуына қамқорлық жасауға мiндеттi.  
Көрсетілген міндеттер сот тəртібімен əрекет қабілеті шектел-
ген кəмелетке толған адамдардың қамқоршыларына жүктелмейді. 
Қорғаншы немесе қамқоршы баланың пiкiрi мен қорғаншылық 
немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асы-
ратын  органның  ұсынымдарын  ескере  отырып,  сондай-ақ 
осы  Кодекстің 72-бабында  көзделген  талаптар  сақталған 
жағдайда, қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы баланы 
тəрбиелеудiң тəсілдерін өз бетінше айқындауға құқылы.  
Қорғаншы немесе қамқоршы баланың пiкiрiн ескере отырып, 
баланың бiлiм алу ұйымын жəне оқу нысанын таңдауға құқығы 
бар жəне баланың міндетті орта бiлiм алуын қамтамасыз етуге 
мiндеттi.  
2.  Қорғаншы  немесе  қамқоршы  қорғаншылықтағы  немесе  
қамқоршылықтағы  баланы  өздерiнде  заңды  негiздерсiз  ұстап 
отырған  кез  келген  адамдардан,  оның  iшiнде  баланың  жақын 
туыстарынан қайтарып алуды сот арқылы талап етуге құқылы.  
3.  Мұндай  араласу  баланың  мүдделерiне  сай  келмейтін 
жағдайларды қоспағанда, қорғаншы немесе қамқоршы баланың 
өз ата-аналарымен жəне басқа да жақын туыстарымен араласуы-
на кедергі келтіруге құқылы емес.   
4.  Қамқорлыққа  алынушылар  білім  беру  ұйымында  не-
месе  медициналық  ұйымда  тəрбиеленуде  немесе  емделуде 
болған  жағдайларды  қоспағанда,  кəмелетке  толмағандардың 
қорғаншылары немесе қамқоршылары өздерiнің қамқорлығына 
алғандармен  бiрге  тұруға  мiндеттi.  Бұл  қамқорлыққа 
алынушының тəрбиесiне жəне оның құқықтары мен мүдделерiн 
қорғауға  қолайсыздық  туғызбайтын  болса,  қорғаншылық  не-
месе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын 
органның  рұқсатымен  қамқоршының  он  алты  жасқа  толған 
қамқорлыққа алынушыдан бөлек тұруына жол берiледi.  
Қорғаншылар  немесе  қамқоршылар  қорғаншылық  неме-
се  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын 


228
органдарға  тұрғылықты  жерiнiң  өзгергенi  туралы  хабарлауға 
мiндеттi.  
5.  Қорғаншы  кемiнде  алты  айда  бiр  рет  қорғаншылық  не-
месе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын 
органға қамқорлыққа алынушының денсаулық жағдайы туралы 
жəне оны тəрбиелеу жөнiндегi, сондай-ақ оның мүлкiн басқару 
жөнiндегi жұмыс туралы есептер беруге мiндеттi.  
127-бап. Əрекетке қабілетті азаматтарды қамқоршылық-
қа алу
1. Денсаулық жағдайына байланысты өз құқығын жүзеге асы-
ра алмайтын жəне қорғай алмайтын жəне мiндеттерiн орындай 
алмайтын əрекетке қабiлеттi кəмелетке толған адамның өтiнiшi 
бойынша оған қамқоршылық белгiленуi мүмкiн. 
2.  Қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функ-
цияларды  жүзеге  асыратын  орган  əрекетке  қабiлеттi  кəмелетке 
толған адамның келiсiмiмен ғана оған  қамқоршы тағайындауы 
мүмкiн. 
3. Əрекетке қабiлеттi кəмелетке толған қамқорлыққа алыну-
шыға тиесiлi мүлiкке билiк етудi қамқоршы қамқорлыққа алыну-
шымен жасалған тапсырма шарты немесе мүлiктi сенiмгерлікпен 
басқару негiзiнде жүзеге асырады.  
Қамқоршы  қамқорлыққа  алынушыны  күтіп-бағуға  жəне 
оның  тұрмыстық  қажеттерiн  қанағаттандыруға  бағытталған 
тұрмыстық  жəне  өзге  де  мəмiлелердi  жасасуды  қамқорлыққа 
алынушының келiсiмiмен жүзеге асырады. 
4.  Əрекетке  қабiлеттi  кəмелетке  толған  адамның  талап  етуі 
бойынша оны қамқоршылыққа алу тоқтатылуы мүмкiн. 
Қамқоршылыққа  алынған  адамның  қамқоршысы  осы 
Кодекстің 129-бабында көзделген жағдайларда өзiне жүктелген 
мiндеттердi орындаудан босатылады.  
128-бап. Қамқорлыққа алынушының мүлкіне билік ету
1.  Қамқорлыққа  алынушының  өз  бетінше  билiк  етуге 
құқығы  бар  табыстарын  қоспағанда,  қамқорлыққа  алынған 
адамның  табыстарын,  оның  iшiнде  қамқорлыққа  алынушының 
мүлкiн  басқарудан  түскен  оған  тиесілі  табыстарды  тек  қана 
қамқорлыққа  алынушының  мүддесінде  жəне  қорғаншылық  не-
месе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын 
органның  алдын  ала  рұқсатымен  қорғаншы  немесе  қамқоршы 


229
жұмсайды.  
Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функциялар-
ды жүзеге асыратын органның алдын ала рұқсатынсыз, қорған-
шы  немесе  қамқоршы  қамқорлыққа  алынушының  табысы 
ретiнде оған  тиесiлi, қамқорлыққа алынушыны күтіп-бағу үшiн 
қажеттi  сома  есебiнен  ең  төмен  күнкөріс  шегінде  шығыстар 
шығаруға құқылы. 
Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала-
лар ұйымдарының басшылары тəрбиеленушілердің алименттен, 
жəрдемақылардан түскен қаражаттарын жəне басқа да əлеуметтік 
төлемдерін банк шоттарынан алуға құқығы жоқ.
2. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функциялар-
ды жүзеге асыратын органның алдын ала рұқсатынсыз қорғаншы 
қамқорлыққа  алынушының  мүлкін  иеліктен  шығару,  оның 
ішінде  айырбастау  немесе  сыйға  тарту  жөніндегі  мəмілелерді 
жасасуға  немесе  оның  атынан  кепілгерлік,  осы  мүлікті  жалға 
(жалдауға), өтеусіз пайдалануға беру немесе кепілге салу шартын, 
қамқорлыққа  алынушының  заң  бойынша  жəне  өсиет  бойынша  
мұрагерлікпен тиесілі құқықтарынан бас тартуына, оның мүлкін 
бөлуге  немесе одан  үлесті бөліп алуға əкеп соғатын мəмілелерді 
жасасуға, сондай-ақ қамқорлыққа алынушының мүлкін азайтуға 
əкеп  соғатын  кез  келген  мəмілелерді  жасасуға,  ал  қамқоршы  
оларды жасасуға келісім беруге құқылы емес. Қорғаншылық не-
месе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын 
орган  көрсетілген  мəмiлелердің  нəтижесiнде  қорғаншы  алған 
қаражаттың қалай жұмсалуға тиiс екенiн айқындайды.  
Қамқорлыққа алынушының мүлкiн басқару тəртiбi Қазақстан 
Республикасының заңнамасында айқындалады.
3.  Мүлiктi  қамқорлыққа  алынушыға  сый  ретiнде  немесе 
өтеусіз  пайдалануға  берудi  қоспағанда,  қорғаншының  немесе 
қамқоршының,  олардың  жұбайлары  мен  жақын  туыстарының 
қамқорлыққа  алынушымен  мəмiлелер  жасасуға,  сондай-ақ 
мəмiлелер жасасу немесе қамқорлыққа алынушы мен қорғаншы 
немесе  қамқоршының  жұбайы  жəне  олардың  жақын  туыстары 
арасында сот iстерiн жүргiзу кезінде қамқорлыққа алынушының 
атынан өкiлдiк етуге құқылы емес. 
Қамқорлыққа алынушының қорғаншыға немесе қамқоршыға, 
оның жұбайына немесе туыстарына осы адам қорғаншы немесе 
қамқоршы болып тағайындалғанға дейін туындаған борыштары 


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау