«Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру»



жүктеу 191,22 Kb.
бет1/2
Дата20.05.2018
өлшемі191,22 Kb.
#15033
түріРегламент
  1   2

Әкімдіктің            
2015 жылғы 22 қазандағы № 453  
қаулысымен бекітілген     

«Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі- мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың білім бөлімдері (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.


      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
      1) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалы және оның қалалары мен аудандарындағы бөлімдері (бұдан әрі – ХҚКО);
      2) «электрондық үкіметтің» www.е.gоv.kz веб-порталы (бұдан әрі-Портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығыменбекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша беретін анықтамасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Құжаттар топтамасын қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арқылы жүзеге асырылмайды.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      5. Құжаттар топтамасын қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арқылы жүзеге асырылмайды.



4. Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      6. ХҚКО-на жүгіну тәртібін, көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу ұзақтығын сипаттау:


      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ХҚКО-на жүгінеді;
      2) ХҚКО-ның қызметкері өтініштерді толтыру дұрыстығы мен құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, 5 (бес) минут;
      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚКО-ның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттар топтамасын қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      Өтініштерді толтырудың дұрыстығы мен толықтығын сақтаған және құжаттардың топтамасын толық ұсынған кезінде, ХҚКО-ның қызметкері «Халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін интеграцияланған ақпараттық жүйе» (бұдан әрі-ХҚКО ИАЖ) ақпараттық жүйесінде өтінішті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді.
      3) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚКО-ның қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан ақпараттық жүйелердегі заңмен сақталатын құпияны қамтитын, мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады, 5 (бес) минут;
      4) ХҚКО-ның қызметкері құжаттар топтамасын дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушіге курьерлік немесе өзге уәкілетті байланыс арқылы жібереді, 1 (күн) күн;
      5) көрсетілетін қызмет беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және ХҚКО-на жібереді, 3 (үш) жұмыс күні;
      6) ХҚКО-ның қызметкері құжаттар топтамасын қабылдау туралы қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді, 15 (он бес) минут.
      7. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті берушінің жүгіну және рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігі тәртібін сипаттау.
      1) көрсетілетін қызметті алушы Порталда тіркеуді (авторизациялауды) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-ЖСН) арқылы жүзеге асырады;
      2) көрсетілетін қызметті алушының электрондық мемлекеттік қызметті таңдауы, электрондық сұрату жолдарын толтыруы және құжаттар топтамасын бекітуі;
      3) электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұратуды электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі-ЭЦҚ) арқылы куәландыруы;
      4) қызмет берушінің электрондық сұратуды өндеуі (тексеруі, тіркеуі);
      5) көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіндегі» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тарихында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі мен электрондық сұрату мәртебесі туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының алуы;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберуі;
      7) Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіндегі» көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет нәтижесін алуы.
      Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілер және (немесе) ХҚКО-ымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

«Кәмелетке толмаған балаларға меншік     


құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын     
мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық    
немесе қамқоршылық бойынша функцияларды   
жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын  
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет    
регламентіне 1-қосымша           

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы



Шартты белгілері мен қысқартулары:

«Кәмелетке толмаған балаларға меншік     


құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын     
мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық    
немесе қамқоршылық бойынша функцияларды   
жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын  
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет    
регламентіне 2-қосымша            
 

жүктеу 191,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау