3
№51 (3176) 12 шілде 2019
zangazet@mail.ru
ҚҰҚЫҚ
Сауалнаманы әзірлеген Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, «Заң газеті»
(Соңы. Басы 1-бетт
е)
Құқықтық мәдениет деген ұғым бар.
Қоғам өміріндегі заңдылықтың үстемдік
құруында ықпалы зор бұл институтты
сақтап, жүзеге асырушы – судья. Бүгінде
білікті заңгерлерді сот корпусына тарту
осындай қажеттіліктен туып отыр. Оның
үстіне қазір уақыт ағымына орай соттарда
қаралатын істердің сипаты өзгеріп, күрде-
лене түсті. Бұл фемида өкілдері сапын жаңа,
өмір тәжірибесінде шыңдалған мамандармен
толықтыруды қажет етеді. Сондықтан, әр
Ойталқы
ҮШІНШІ БИЛІКТІҢ БЕДЕЛІН КӨТЕРУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Сол осы мәселеге де қатысты секілді. Расында, біздің судьялар істерді қарау барысында
айыптауға бейім тұрады. Жалпы, Конституция бойынша барлық күдік айыпталушының пайда-
сына шешілуі керек. Осы талапты басшылыққа алып жұмыс істесек, кінәсі дәлелденген адам
толыққанды сотталады, дәлелденбегендер ақталады.
Судьялардың айыптауға бейім тұратын психологиясын өзгерту бағытында нақты жұ-
мыстар жасалып жатыр. Жоғарғы Сот төрағасы айтып жүргендей, бұл мәселе сотқа істің
айыптау қорытындысымен келіп түсуінен туындап отыр. Өйткені, судьялар істі қарардың
алдында оны он-он бес күн бұрын оқып, зерделейді. Олардың көз алдынан барлық жағдай де-
ректер арқылы өтеді. Мұндай жағдайда еріксіз айыпталушының бар кінәсі дәлелденгендей
көрінеді. Осы тәжірибе өзгеруі тиіс. Жақып Қажыманұлы соттарға іс емес, айыптау актісі
ғана керек екенін айтуда. Сонда адвокаттар қорғау, прокурорлар айыптау үшін өз уәждерін
дәлелдерімен жайып салып, олардың бәрін судья таразылап, өз шешімін шығарады.
Жақып Асанов Жоғарғы Сот төрағасы
ретінде осымен төртінші рет өткізіп отыр
ған кеңес отырысының қорытындысына
көз жүгіртсек, соңғы бір жарым жылдың
бедерінде сот жүйесін жетілдірумен
байланысты біраз жұмыс атқарылған.
Елбасының «100 нақты қадам» – Ұлт
жоспарын орындауда жүзеге асқан ша
ралар жетерлік. Мысалы, Жақып Асанов
2007 жылдың қорытынды жиынында
«Сот жүйесінің 7 түйіні» бағдарламасы
қолға алынып, осының айналасында
«Түнгі сот», «Отбасылық сот», «Тату
ластырушысудья», «Судья көмекшісі»
секілді көптеген қанатқақты жобалар
өзінің қоғамға қажеттілігін аңғартып үл
герді. Осылайша, кейінгі жылдардағы сот
жүйесіндегі реформалардың аңдатпасына
қысқаша тоқталған еліміздің бас судьясы
Жақып Асанов бұл жолғы жиынның ерек
шелігіне тоқталды.
«Ыңғайсыз» сұрақтардың
«ыңғайлы» жауабы бар
Құлашқұлаш баяндама оқып, жы
пырлаған цифрларды жіпке тізгенді жөн
көрмейтінін бұрын да ескерткен бас би
рейтинг қуып, жұмысының сапасын
жалаң сандармен бағалайтын әріпте
стерінің әрекетін «...Өте қауіпті. Олар
рейтингті сот төрелігінен жоғары қоя
ды» – деп қатаң сынға алды. Сондықтан
болар, Ж.Асанов өз баяндамасында «сот
осы уақытқа дейін не тындырды?» деген
сұрақтың егжейтег жейіне барған жоқ.
Есесіне, «біз бүгін өзімізді қарапайым
азаматтардың орнына қойып, сот қыз
метіне солардың көзімен қарап, олардың
бізге қоятын «ыңғайсыз» сұрақтарына
жауап берейік» деп мәселені төтесінен
бастады. «Судья болу үшін танысың не
месе ақшаң болуы керек», «соттар күш
құрылымдарының ықпалында, соттар
мемлекет мүддесін жеке адамдардан
жоғары қояды» – деген сияқты ел ара
сында кең тараған пікірлерге қатысты
өз ойымен бөліскен төраға пікірінше үш
түрлі мәселе жиі алдан шығады. Бірін
шісі, қылмыстық сот төрелігі, екіншісі,
жеке тұлғалар мен мемлекеттің, биз
нестің төңірегіндегі дауларға қатысты,
соңғысы сот кадры мен жемқорлық.
Біріншісі бойынша азаматтар соттар
бәрін түрмеге тоғытып жатыр, ақтау үкім
дері аз десе, екіншісі бойынша судьялар
прокурорлар мен тергеушілердің жетегін
ЖОҒАРҒЫ СОТ
ӘЛСІЗДЕРДІҢ ЖОЛЫ ЖАБЫЛЫП,
МЫҚТЫЛАРҒА МҮМКІНДІК ТУДЫ
(Соңы. Басы 1-бетте)
де жүр деген біржақты пікірлерді жатқы
зуға болады. Енді, осы аталған сыни пікір
лерге ЖС төрағасы келтірген деректермен
тойтарыс беріп көрелік. Мысалы, соттар
бәрін соттап жатыр, ақтау үкімі аз дегенге
келсек, 2017 жылы республика соттары 28
ақтау үкімін шығарса, биыл жыл басынан
бері 152 ақтау үкімі шыққан. Оның ішін
де, ауыр қылмыстар бойынша 2017 жылы
13 ақтау үкімі шықса, биылғы жылдың
алты айында бұл 88 іске жеткен. Және бір
дәлел келтірсек, сәл ертеректе судьялар
әрбір екінші айыпталушыны бас бостан
дығынан айырған. Ал, қазір бұл көрсет
кіш 25 пайыздан аспайды екен. Осыдан
жиырма жыл бұрын Қазақстан түрмедегі
тұрғындарының саны жөніннен әлемде
үшінші орынды иеленсе, биыл 95 орынға
тұрақтаппыз.
Келесі уәж соттардың бүйірі жеке
адамдарға қарағанда, мемлекеттік орган
дарға көбірек бұра ма? Сот төрелігінде
бизнес өкілдерінің мүддесіне басымдық
беріле ме? Жоғарғы Сот төрағасы онлайн
жиында қазақстандықтардың бұл пікіріне
қарсы дауласпайтынын айтты. Өйткені,
соңғы үш жылдағы статистика бойынша
әр үш шешімнің екеуі мемлекеттік ор
гандардың немесе бизнестің пайдасына
шешілген.
Ал, ел аузында көп айтылатын, судья
лардың жұмысына қатысты сынға келсек,
төраға сот жүйесінде кадр мәселесі ең
өзекті екенін айтып, сотта кездейсоқ
адамдардың қызмет етіп келгенін де
жасырмады. Десек те, қазіргі таңда сот
кадрларына деген тәртіп қатаң. Мысалы,
бұған дейін жылына 78 судья ғана ор
нынан алынса, соңғы алты айда 20 судья
қызметінен шығарылған. Сол сияқты, ер
теректе жылына бір, ары кетсе екі судья
ның үстінен қылмыстық іс қозғалса, 2019
жылдың басынан бері 8 судьяға қатысты
қылмыстық іс қозғалыпты.
Жаңа заңдар жалаң сөзге
жан бітірді
Төрағаның айтуынша, өткен жылдан
бері ҚР Жоғарғы Сотының бастамасымен
көптеген шаралар өткен. Оның ішінде
тікелей эфир арқылы ел назарына ұсы
нылған оннан астам онлайн жиын бар.
Міне, осындай онлайн шаралардан соң
халық арасында айтылатын «Жоғарғы
Соттың басшылары неге көп сөйлейді?
Сөзден іске неге көшпейді?» деген сияқ ты
сыни мазмұндағы пікірлерге де жауап бер
ген Жақып Асанов мұның өзін дік себеп
терін атап көрсетті. «...Ең бірінші себебі,
біз өзімізге қажетті бағдарламаны жазған
нан кейін, жағдайды жақсарту үшін біраз
заңдарды өзгеру қажеттілігі туды... Кейбір
мемлекеттік құрылымдар бізбен келіспей,
қарсылық білдірді. Сондықтан біз көп
«сөйлеуге» мәжбүр болдық» деп түсін
дірді. Өткен жылдың қараша айындағы
соттардың алқалы жиынында Елбасының
еліміздің сот жүйесіне қаратып айтқан
қатаң сыны мен нақты тапсырмаларынан
соң біраз заңдар ҚР Парламентінің қос па
латасы қарауына түсіп, олардың бірқата
ры қабылданып, күшіне енген. Нақтырақ
айтқанда, сот жүйесінде қолға алынған
реформаларға жан бітіретін жаңа заңдар
қабылданып, іске аса бастаған. Яғни,
төраға келтірген мәлімет бойынша, бұған
дейін Парламентте алты заң жобасы қа
былданып, қолданысқа енсе, бұдан бөлек
қазіргі таңда сот саласымен сабақтас тағы
жеті заңның жобасы депутаттардың қара
уында екен.
Судьяның жүгін көтере
алмағандар немесе бұрынғы
кадр мәселесі
Осылайша, көптің көкейіндегі күдік
пен ыңғайыз сұрақтардың түйінін тар
қатқан бас судья «жалпы сот жүйесіндегі
ең өзекті проблема не?» деген сауалды
күн тәртібіне қойып, аталған сауалға өзі:
«сот жүйесінің бірақ проблемасы бар
деп айтатын болсақ, ол – судьялық кадр
мәселесі» деп жауап берді. Оның үстіне
сот жүйесіндегі кадр құрамын жақсарту
Елбасының назарында тұрған ең негізгі
түйткіл екені баршамызға аян. Төраға
ның түсіндіруінше, биылға дейін елімізде
мықты заңгерлерін судья лауазымы еш
қызықтырмаған. Себебі, олар жүктемесі
мен жауапкершілігі зіл батпан, айлығы
шайлығынан аспайтын судьялардың қиын
жұмысынан хабардар. Тіпті, күні кешеге
дейін еліміздің құқыққорғау саласында
қазылармен иық тіресіп қызмет етіп жүр
ген прокурорлар мен адвокаттардың өзі
судья болғылары келмеген. Олай болса,
бұған дейін «судья лауазымына үміткер
ретінде конкурстарға қатысып, қазы бо
луға ниет білдірген кімдер?» Бұл сауалға
жауапты Жақып Асанов «...Олардың
басым көпшілігі соттағы техникалық қыз
меткерлер. Сот хатшылары» деп қысқа
қайырды. Бұдан әрі ол жылдар бойы сот
жүйесінің ең маңызды проблемасы судья
лауазымына деген сұраныстың төмендігі
салдарынан туындағын бірқатар мәселе
лердің бетін ашты. Мәселен, жоғарыдағы
судья болуға ниет білдіріп, конкурсқа қа
тысып, іріктеуден ойдағыдай өтіп, қазы
атанғандардың бірсыпырасы сот жүйе
сінің жүктемесін көтере алмай, жасы
зейнетке жетпей жатып өз еріктерімен
қызметтен кетуге мәжбүр болған. Олар
Жоғарғы сот кеңесінің «бұл қалай?»
деген сұрағына жалақының аздығы мен
жеке өмірге уақыт таба алмай қалған
дықтарын сылтау еткен екен. Сонымен
қатар, судьялардың мерзімінен бұрын
өз еркімен қызметтен кетуіне қызмет
бабымен еліміздің маңызды қалалары
Нұрсұлтан, Алматы, Шымкент немесе
облыс орталықтарына ауысуында, жоға
ры лауазымдық қызметке тағайындау
кезіндегі сот жүйесінде әділдіктің болма
уы да көптеген судьялардың қызметімен
қош айтысуына түрткі болған. Десек те,
мұның барлығы енді өткен шақтың ен
шісіндегі проблемалар.
Үміткерлерге төраға да
көмектесе алмайды
Жоғарғы Соттың төрағасы Жақып
Асановтың сөзімен түсіндірсек, бүгінде
судья болу оңай емес. Бұл қалай десеңіз,
Елбасының қатаң сыны мен тапсырма
сынан кейін қабылданған заңдардың
пәрмені арқасында судьяларға қатысты
мәселелердің түйіні тарқап, сот кадры
бір жүйеге келтірілген. Яғни, өткен жыл
дан бастап судьяларды іріктеу тәртібі
қатайған. Болашақ қазыларды таңдаудың
жаңа стандарты сот жүйесіне ең мықты
мамандардың келуіне жол ашып отыр.
Судьялықтан үміткер бірнеше сатыдан
тұратын сынақтардың барлығынан сүрін
бей өткеннен кейін Жоғарғы Соттың
жеті, сегіз судьясының алдына сұхбат
тасуға келеді. Тек осыдан кейін ғана
үміткердің судья болу, болмау мәселесі
шешіледі. Демек, судьяларды іріктеудің
жаңа тәртібі әділдік пен ашықтыққа не
гізделгендіктен, мұнда сізге Жоғарғы Сот
төрағасының өзі көмектесе алмайды. Бұл
туралы сәрсенбідегі онлайн жиында бас
судьяның өзі: «...Мен сіздерге мойындай
ын, қазір маған: «Жақып Қажыманұлы,
маған судья болуға көмектесіңізші»
десеңіздер де, бұл менің қолымнан
келмейді» – деп ағынан жарылды. Осы
орайда, ол судьяларды іріктеудің жаңа
жүйесі іске қосылғалы жоғарыдағыдай
«өтініштердің» сап тыйылғанын да жа
сырмады. Судьялыққа іріктеудің қатаң
әрі әділ жаңа тәртібіне қатысты әңгімені
төраға «Бір сөзбен айтқанда, біліксіз,
кездейсоқ заңгерлердің судья болуына
жол берілмейді!» деп түйіндеді.
Жалақы өсіп,
жүктеме азайған
Сондайақ, Ж.Асанов соңғы кезеңдегі
қабылданған жаңа заңдардың арқасында
сот жүйесі тағы қандай жетістікке қол
жеткізгендігі туралы баяндады. Яғни,
сот жүйесін жетілдіруге бағытталған
қадамдардың бірі судьялардың жалақы
сын көтеру болатын. Биылдың өзінде
елімізде қазылардың айлығы айтарлықтай
көбейіп, бұрынғыға қарағанда олардың
жұмысы біршама жеңілдеген. Мысалы,
соңғы он жылда үздіксіз еселеніп келген
судьялардың жүктемесі үстіміздегі жыл
дың мамыр айында алғаш рет азайған.
Ал, енді біз бұған қалай қол жеткіздік
дегенге келсек, Елбасы Н.Назарбаевтың
тапсырмаларының тағы бірі судьяларды
басы артық жұмыстардан босатып, жүкте
месін азайтуға бағытталған еді. Сот жүйе
сіндегі осы өзекті проблеманы жоюдың
бірденбір жолы соттардың қарауына тек
даулы істерді қалдырып, соттан тыс ше
шуге болатын істерді басқа да баламалы
жолмен шешу. Яғни, бұған дейін басқа
мемлекеттік органдардың міндетін қоса
атқаруға мәжбүр болған соттар енді тек
даулы істерді ғана қарайды. Жоғарғы Сот
төрағасының айтуынша, сот қызметіндегі
жүктемесі азайып, жалақының көбеюі
әсерінен биылғы жылы сот қызметіне қы
зығушылық екі есеге артқан. Бұрындары
мықты заңгерлер судья болудан қашса,
қазір олар керісінше қазылардың қатары
на қосылғысы келеді. Сол сияқты, биыл өз
еркімен қызметтен кетуге ниет білдірген
судьялар да жоқтың қасы деуге болады.
Кезінде өз еркімен қызметтен кеткен
судьялар да сот жүйесіндегі жағымды
өзгерістерді көріп қайта оралып, конкурс
тарға қатысуда екен. Бұл жаңа судьяларға
қатысты жаңалық.
Ал, еліміздің түкпіртүкпірінде қыз
мет етіп жатқан судьяларға келсек, алдағы
қыркүйек айында жоғарыда аталған жаңа
жүйе бойынша олардың әрқайсысының
қызмет сапасына баға беру басталады.
Озық елдердің тәжірибесіне сүйеніп
қабылданған бұл жүйенің әдістемесі
үстіміздегі жылдың шілде, тамыз айында
бекітіледі. Сөйтіп, қыркүйекте бастала
тын судьялардың қызметін бағалауды ең
мықты, абыройлы, тәжірибелі судьялар
дан жасақталған арнайы комиссия жүзеге
асырмақ. Белгілі болғандай, биылғы
жылы дәл осы сынақтан 434 cудья өтеді.
Камила ӘКІМБЕКҚЫЗЫ,
«Заң газеті»
салада қызмет атқарып жүрген заңгерлерді сот корпусына шоғыр-
ландыру дер кезінде қабылданған тиімді шешім деп білемін.
Бағлан МАҚҰЛБЕКОВ, Жоғарғы Соттың
судьясы:
Досжан ӘМІРОВ, Ақмола облыстық сотының төрағасы: