соң, үлгі тастар жәшікке солдан оңға қарай ұңғылардың тереңдігінің өсу
8
Зерттеуге жіберілетін үлгі тастар әрбір зертхана үшін бөлек таңдалады.
Үлгі тастарды алу жиілігі комплексті зертханалық зерттеулер үшін
литологиялық құрамы, физикалық қасиеттерінің өзгерісі және үлгі тастың
қанығу көрсеткіштеріне байланысты анықталады. Негізінде үлгі тасты өнімді
қабаттың әрбір 0,5 м сайын алады. Комплексті түрде зерттеу жұмысын
жүргізу үшін алынатын үлгі тастың диаметрі 60 мм, ұзындығы 110-120 мм
болуы тиіс.
Тау жыныстарының физикалық қасиеттерін зерттеу алдында үлгі
тастан әрбір зерттеу әдісіне жеке кесек бөліп алады. Осы мақсатта алмаз
коронкалы станокпен немесе тас кесетін алмазды дөңгелек станокты
пайдаланады. Үлгі тастың ортаңғы бөлігінен цилиндр формалы дұрыс
геометриялы формалы, ұзындығы 25 мм, ал диаметрі 30 мм екі үлгі кесіліп
алынады. Осы үлгілер одан әрі жыныстың сумен қанығуын және тау
жынысының мұнайды ығыстыру коэффициентін анықтауда қолданылады.
Зерттеу жұмыстарының көпшілігін жүргізуде үлгі тастың құрғақ
минералды скелетін, мұнайдан, судан және органикалық заттардан
тазартылған минералды скелетін қолданған дұрыс.
Жыныстар қуысынан органикалық заттарды еріткіштердің көмегімен
шығару экстрагирование деп аталады және ол үшін Сокслет (ОСТ 10075-39)
аппараты қолданылады.
Сокслет аппараты үш бөліктен тұрады: 1-түбі жазық әйнек колбадан, 2-
экстрактрдан, 3-шарикті мұздатқыштан тұрады. Аппараттың үш бөлігі бір
бірімен шлиф арқылы жалғанады.
Үлгі тастан бөлініп алынған кесек бөлігі экстракторға салынады. Содан
соң экстракторды колбаға жалғайды және оған еріткіштің сифоннан колбаға
төгілетіндей мөлшерін құяды және 50 мл шамасында еріткіш мөлшерін
қосады. Экстракторға мұздатқышты қосады, мұздатқышқа суды қосады және
колбаны қыздыра бастайды.
Колба су моншасында немесе жылытқыш шкафта электрлік плитада
қыздырылады. Аппараттың негізгі бөлігі болып экстрактор саналады. Ол бір-
бірі арқылы өтетін екі түтікшеден тұрады, еріткіш буы жалпақ түтікше
арқылы колбадан экстракторға түседі, ал басқа түтікше, иілмелі трубка
немесе сифон арқылы сұйықтық кейін колбаға ағады. Еріткіш ретінде көбіне
спиртті бензолды қоспа, кейде хлороформ немесе төртхлорлы көміртек
қолданылады. Еріткіш буы жанындағы трубка арқылы экстракторға түседі,
содан соң мұздатқышқа енеді. Экстрактор сұйықтықпен толған жағдайда
заттардың біртіндеп еру процесі басталады және ол еріткішпен бірге колбаға
түседі. 1- әйнек колба; 2- экстрактор; 3- кері және шарикті клапан.