1
Ф. 4-43
С. БӘЙІШЕВ ат. АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІ
БЕКІТЕМІН
ОӘЖ
жөніндегі проректор
__________ Қабиева А.Ә.
«Қабат физикасы» пәнінен
зертханалық жұмыстарға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Актобе, 2015
3
С. БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІ
«Мұнай-газ және тау-кен ісі» кафедрасы
Казбекова Г.К., Ескалина К.Т., Набока О.М.
«Қабат физикасы» пәнінен
5B070800 – «Мұнай-газ ісі» мамандығының студенттері үшін
зертханалық жұмыстарды орындауға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Ақтөбе, 2015
4
Казбекова Г.К., Ескалина К.Т. Набока О.М. «Қабат физикасы» пәні
бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Әдістемелік нұсқау «Қабат физикасы» пәнінің оқу жоспары мен оқу
бағдарламасының талаптарына сәйкес құрастырылды мұнда пән бойынша
зертханалық жұмыстардың тақырыптарының орындалуы бойынша барлық
мәліметтер көрсетілген.
«Қабат
физикасы» курсы бойынша жүргізілетін зертханалық
жұмыстарға қысқаша теориялық мәліметтер, қолданылатын құрылғылар мен
зерттелінетін жыныстарға мінездеме берілген. Жұмыстар нәтижесінде
алынған мәліметтерді өңдеуге арналған формулалар келтірілген.
Әдістемелік нұсқау 5B070800 – «Мұнай-газ ісі» мамандығы
студенттеріне арналған.
Рецензенттер:
Алдамжаров Н.Н. - т.ғ.к., С.Бәйішев ат. Ақтөбе
университеті
Баймагамбетов
Б.К.
–
геолого-минералогия
ғылымдарының кандидаты, ЖШС «Ақтөбе ғылыми
зерттеу геология барлау мұнай институты»
© С. Бәйішев атындағы АУ-нің оқу - әдістемелік бөлімі, 2015
5
Мазмұны
1
Зертханалық жұмыс 1. Керн үлгілерін тазалау. Тау жыныстарын
зерттеуге дайындау
7
2
Зертханалық жұмыс 2. Тау жыныстарының физикалық
қасиеттерін анықтау
11
3
Зертханалық жұмыс 3. Тау жыныстарының ашық қуыстылығын
анықтау
16
4
Зертханалық жұмыс 4. Тау жыныстарының абсолютті
өткізгіштігін анықтау
19
5
Зертханалық жұмыс 5. Тау жыныстарының карбонаттылығын
анықтау
23
6
Әдебиеттер тізімі
28
6
Зертханалық жұмысты орындау тәртібі
1.
Тақырыптар бойынша студенттерді негізгі теориялық мәліметтермен
таныстыру
2.
Жұмысты жүргізу мақсаты.
3.
Жұмыстарды жүргізу барысында тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру,
алынған эксперименттік мәліметтерді өңдеу.
4.
Қауіпсіздік шараларымен таныстыру
5.
Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беру
6.
Студенттердің қысқаша теориялық мәліметтерінің дайындығын тексеру.
7.
Жұмысты
орындауға
дайындықтарын
пысықтау
мақсатында
студенттерден сұрақ-жауап алу .
8.
Зертханалық жұмысты жүргізу.
9.
Жұмыс барысында алынған мәліметтерді өңдеу.
10.
Тәуелділік графиктерін (керек жағдайларда).
11.
Алынған нәтижелерді талқылау.
12.
Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беру.
7
Зертханалық жұмыс
№1
Керн үлгілерін тазалау. Тау жыныстарын зерттеуге дайындау
Сабақтың мақсаты:
Тау жыныстарының құрамын, физикалық-
химиялық көрсеткіштерін анықтау.
Теориялық мәлімет:
Жыныстар үлгісі ашылған ұңғылар тілмесінің
көрсеткіштерін сипаттайтын нақты материал болып табылады және тау
жыныстарының меншікті жасын, заттық құрамын, петрографиялық,
физикалық, физикалық-химиялық көрсеткіштерін геологиялық барлаудың
барлық кезеңдерінде және мұнай өндіру процесінде қолданылады.
Жыныстар үлгісін алуды жоспарлау өндірістің геологиялық қызметтері
арқылы жүргізіледі. Үлгі тас алу бұрғылау бригадасының көмегімен
ұңғыларды бұрғылаудың геологиялық-техникалық нарядпен сәйкес тәртіппен
алынады. Үлгі тасты алу жағдайы мен сапасын бақылау және қадағалау
өндірістік технологиялық және геологиялық қызметкерлерімен жүргізіледі.
Алынған үлгі тасты дайындау оны жинақтаудан басталады. Үлгі тасты
жинақтау оларды маркировкалау, саңылаусыздандыруды және оларды
жәшіктерге салу процестерін қамтиды. Үлгі тастар саңылаулы немесе
саңылаусыз түрде жиналуы мүмкін.
Үлгі тастарды алуда жыныстардың мұнаймен қанығуын тіке әдіспен
анықтауда
қалдық
флюидтерді
сақтау
мақсатымен
үлгі
тас
саңылаусыздандырылады.
Тәжірибеде
саңылаусыздандырудың
жәй
қарапайым түрі парафиндеу әдісі қолданылады.