08-сабақ. Тұр, отыр, жүр, жатыр. Қайда?
2-жаттығу. Дұрыс емес сөйлемді сызып тастаңыз.
Орындық тұр, орындық жүр. Кітап отыр, кітап жатыр. Қала тұр, қала жүр. Диван тұр, диван жүр. Үстел тұр, үстел отыр. Алма жатыр, алма жүр. Қайшы жатыр, қайшы отыр. Тас жатыр, тас отыр.
3-жаттығу. Не артық? Сызып тастаңыз.
1. Кірпі, ит, мысық, піл, қалам.
2. Дәптер, өшіргіш, кітап, көбелек.
3. Тас, өзен, қайшы, тау.
4. Алма, кеме, сәбіз, алмұрт.
5. Бала, піл, қыз, ер адам.
4-жаттығу. Дұрыс сөйлем құрыңыз.
Жатыр, кітап, үстелде. – Үстелде кітап жатыр.
Отыр, бала, орындықта. –
Ит, жүр, көшеде. –
Адамдар, отыр, бөлмеде. –
Үстелде, жатыр, шанышқылар. –
Ағашта, отыр, көбелек. –
4-жаттығу. "дар, дер, тар, тер, лар, лер" жалғауларын жалғаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |