"ҚАЗАХҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ" АҚ
Б А С П А С Ө З М Ә Л І М Д Е М Е С І
Алматы қ.
16
наурыз 2017 жыл
KASE
Басқармасының Төрайымы
әйелдер жағдайы жөніндегі БҰҰ Комиссиясының 61-ші сессиясына қатысты
2017
жылдың 13 наурызында Біріккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрі – БҰҰ) Нью-Йорк
қаласындағы штаб-кквартирасында әйелдер жағдайы жөніндегі БҰҰ Комиссиясының 61-ші
сессиясы (бұдан әрі – Сессия) басталды.
Қазақстан Республикасының ресми делегациясы еңбек саласындағы өзгерістер контекстінде
әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту тақырыбына арналған Сессияның жұмысына
қатысты.
Қазақстан Республикасының Президенті қасындағы әйелдер жағдайы мен отбасы-
демографиялық саясат жөніндегі Ұлтты Комиссияның мүшесі Мадина Әбілқасымова басқарған
делегацияның құрамына "Қазақстан қор биржасы" АҚ Басқармасының Төрайымы Алина
Алдамберген және "ҚазАгро" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Айгүл Мұхамадиева кірді.
Сессияда үкімет басшылары, министрлер және 170 жуық әлем елдерінің өкілдері қатысады.
Сессияда сөз алу шегінде KASE Басқармасы Төрайымы мемлекет пен үкіметтік емес
ұйымдардың еңбек саласында өзгерістер контекстінде әйелдердің экономикалық құқықтары
мен мүмкіндіктері бойынша өзара әрекеттестігінің негізгі аспектілерін белгіледі. Алина
Алдамберген ерекше бағыт ретінде әйелдердің кіші және орта бизнестегі кәсіпкерлігін атап
кетті.
"
Әйелдердің кіші және орта бизнеске белсенді тартылуы әйелдердің экономикалық жағдайының
жақсаруы және жұмыссыздықтың қысқаруы үшін, сондай-ақ, қоғамның тұрақты орта класын
қалыптастыруға қажет. Цифраларға көз салсақ, статистика көрсеткендей, Қазақстанның жұмыс
жасайтын тұрғындарының 61 % әйелдер құрайды, – деді өз сөзінде KASE Басқармасының
Төрайымы Алина Алдамберген. – Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау және дамытуға
бағытталған, бірнеше бағдарламалар қабылданды. Атап айтқанда, 2017-2021 жылдарға
арналған тиімді жұмыспен қамтылу және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы,
2017-2021
жылдарға АКК дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы, "Бизнестің жол картасы –
2020", сондай-ақ халықаралық қаржы институттарының және Кәсіпкерлікті дамытудың қоры
"Даму"".
Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, кіші және орта бизнесін қаржылық және қаржылық емес қолдау
операторы "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының (ҰКП) негізгі приоритеттерінің бірі
болып табылады. ҰКП 2016 жылы алғашқы рет пилоттық форматта Қазақстанның алты
пилоттық микронесиелік бизнестің бағдарламасын іске қосты. Микронесиелерді бөлгенде
"Атамекен" іскери әйелдердің аймақтық кеңестерімен ұсынылған, жобалар міндетті түрде
ескерілді. Бұдан басқа, әйелдер саны басым болатын, экономиканың салаларының кәсіби
алаңы болып табылатын Ассоциацияларын құру бойынша үлкен жұмыстар атқаруда.
ҰКП қаржылық емес қолдауы бағытында бизнеке сервистк қызмет көрсету, Кәсіпкерлерді
қолдау орталықтары арқылы ақпараттармен қамтамасыз ету және "Бизнес-мектеп" білім беру
жобаы іске асырылуда.
Қазақстанның іскери әйелдерінің ассоциациясы (бұдан әрі – Ассоциация) "Әйел және
жұмысбастылық", "Әйел және бизнес", "Әйел және саясат", "Гендержәне даму" сияқты бағыттар
бойынша әлеуметті-маңызды жобаларды әзірлеу және қолдаумен белсенді айналысады.
Ассоциация жұмыссыз әйелдер психологиялық реабилитация өтетін, құрстар ұйымдастырып,
осы курстарда персоналдық компьютермен жұмыс жасап үйренді, жеке бизнес жүргізу,
маркетинг, құқық және экономика негіздерін үйренді.
2
Ассоциацияның әйелдерді саясат жолымен жылжыту бойынша жұмысы ерекше көзге түседі,
осы жұмыстың нәтижесі "Саясаткер-әйелдер клубын" және "Әйлдердің көшбасшылық мектебін"
құру болып табылады. Осының арқасында бүкіл елдің әйелдері өзара тәжіибесімен және
білімімен алмасып, басқару және бәсекеге қабілеттілік дағдыларын алады. Клубтардың
табысты жұмыстарының барысында Қазақстанның әрбір облысында шешім қабылдау деңгейіне
ұсыну үшін кәсіпкер-әйелдер санынан мамандар резерві қалыптастырылды.
"
Қазақстан қор биржасы, өз кезегінде, кіші және орта бизнеске қаржыландыру тартудың
платформасы болумен қатар, сондай-ақ әйелдердің бизнес-қауымдастық арасындағы
экономикалық мүмкідіктерін кеңейту сұрақтарын көтереді, – деді өз сөзінде KASE
Басқармасының Төрайымы Алина Алдамберген. – гендерлік теңдіктің ең үздік практикаларына
сүйене отырып, KASE өзінің ішкі бизнес-үдерістері мен процедураларын іс-шаралар кешені,
атап айтқанда, KASE мүшелері болып табылатын, листингілік компаниялар арасында гендерлік
теңдік, сондай-ақ әйелдердің меншігіндегі немесе басқаруындағы, компаниялар үшін капитал
нарығына қолжетімділіктегі теңдік сұрақтарын жылжыту арқылы жүзеге асырады".
2015
жылы KASE БҰҰ "Тұрақты қор биржалар" Бастамасына қосылып, 2016 жылы
Экологиялылық, әлеуметтік және корпоративтік басқару критерийлеріне сәйкес ақпараттар ашу
әдістемесін (ESG) жариялады. Әдістемеде листингілік компанияларға және KASE мүшелеріне
ESG
ақпаратын, соның ішінде, кәсіпорында және басқару органдарында әйелдер мен ерлер
арасындағы сыйақылар жүйесі бойынша, гендерлік принцип бойынша бөліп, бар тепе-теңдік
туралы ақпаратты ашу бойынша KASE нұсқауларын белгіледі.
Осы Бастама шегінде 09 наурызда KASE әйелдердің экономикалық құқытары мен
мүмкіндіктерін кеңейтуді қолдау бойынша сауда-саттықтар ашу рәсімін өткізді.
####
Анықтама үшін
Әйелдер жағдайы жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Комиссиясы БҰҰ Экономикалық және
Әлеуметтік Кеңесінің функционалдық органы болып табылады (ЭКОСОС). Бұл орган
әйелдердің құқықтарын қорғау және жылжыту бойынша халықаралық стандарттарға шолу
жасаумен және олардың тиісті орындалуы бойынша ұсыныстарды әзірлеумен айналысады.
Комиссияның құрамына. төрт жыл мерзіміне сайланатын, 45 мемлекет – БҰҰ мүшелері кіреді.
Осы кезде олардың олардың арасында – Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы,
Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы.
Комиссия өз жұмысын ашық мәжіліс шегінде өткізеді. Оның сессияларында, БҰҰ мешелері
болып табылатын, барлық мемлекеттер қатыса алады. Бірақ шешімді Комиссия мүшелері
болып табылатын мемлекеттер ғана шешімдер мен резолюцтядар қабылдай алады. Бұл
органның шешімдері мен резолюциялары ЭКОСОС бекітуіне беріледі. Комиссия БҰҰ
құрылғаннан кейін бір жылдан соң құрылған. 1975 жылы Мексикада тарихтағы алғашқы әйелдер
жағдайы бойынша бірінші Дүниежүзілік конференция болып өтті.
"Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) Орталық-Азия өңіріндегі жетекші және өз қызметін
Қазақстанның қаржылық нарығында жүзеге асыратын жалғыз қор биржасы болып табылады.
Бұл репо нарығының құралдары, мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздардың,
халықаралық қаржы институттарының облигацияларының, сондай-ақ туынды қаржы
құралдарының әмбебап сауда-саттық алаңы.
KASE Дүниежүзілік биржалар федерациясының (WFE), Еуро-Азиялық қор биржалардың
федерациясының (FEAS) және басқа да халықаралық отандық кәсіби бірлестіктердің мүшесі
болып табылады. 2015 жылы KASE "Тұрақты қор биржалар" БҰҰ Бастамасына қосылды
Қосымша ақпарат: +7 (727) 237 5342, pr@kase.kz.