Әкімдіктің
2014 жылғы «15» шілдедегі
№ 326 қаулысымен
бекітілген
Қостанай облысының Лисаков қаласында
кәсіпкерлікті дамытудың 2014-2016 жылдарға
арналған картасы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауындағы 2-бөлімі ұлттық экономиканың жетекші күші болып табылатын кәсіпкерлікті жан-жақты қолдауға арналған.
Экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесі 2030 жылға дейін асып кеткенде екі есе өсуі тиіс.
Ауылда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тиімді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасына сәйкес Қостанай облысының Лисаков қаласында кәсіпкерлікті дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған картасы (Картасы) әзірленді.
Өз бетімен жұмыспен қамтылуы негізінде Лисаков қаласында 3871 адам тұрады, жұмыссыздар (тіркелмегендерді есептегенде) 1000 адам астам болып табылады. Бұл әдеттегідей төмен тұрақсыз табыспен адамдар, олар тұрғындардың ең қауқарсыз бөлігін құрайды, себебі көптеген факторлардың ықпал етуіне тап болады, және «экономикалық қауіпсіздік негіздері» жоқ.
Картаның мақсаты өз бетімен жұмыспен қамтылғандардың және жұмыссыздардың бұл жағдайын жою, ауылда және шағын қалаларда кәсіпкерлікті дамыту бойынша жүйелік жобаны іске асыру жолымен оларды жұмысқа орналастыру үшін жағдай жасау.
Картаны әзірлеу кезінде 3 әкімшілік бірлікте тұратын (Лисаков қаласы, Октябрь кенті, Красногор ауылы) Лисаков қаласының түрғындары 41 мыңнан астам адамды құрайтыны ескерілді. Моноөндірістердің бар болуы қаланың дамуын алдын–ала анықтайды, сол уақытта аралас немесе қосымша тауарларды және қызметтердің өндірісі үшін мүмкіндіктер береді, жоғарыда көрсетілген тұрғындар санатымен іске асырылуы мүмкін.
Әлеуметтік–экономикалық дамыту қарқыны бойынша 2012 жылы Лисаков қаласы 12 орынға ие болды. Бұл ең алдымен, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны өсуінің төмен қарқынына, жалпы өсімнің орташа қарқынына байланысты. Қаланың таза көрсеткіштер рейтингіне қатысты Лисаков 4 орынды алады, тұрғындар санына өнеркәсіп өндіріс, адамға бөлшекті тауар айналым көлемінің жоғары көрсеткіштеріне байланысты. Бұл қаладағы өмір деңгейі облыс бойынша орташа көрсеткіштерден озатынын білдіреді. Дегенмен, өсім қарқыны қалада оңды көрсеткіштер тек қана топталған моноөндірістің арқасында болғанда тоқырау сатысы туралы дәлелдейді. Бұл жағдай өз кезегінде тұрғындар санының өсіміне оңды ықпал етпейді.
Лисаков қаласының географиялық ерекшеліктерін, қала құрушы өндірістердің дамуын, жердің бар болу көрсеткіштерін, инфрақұрылымды дамыту деңгейін, азық-түлік және қызметтердің жеке түрлеріндегі тұрғындардың қажеттіліктерін ескере отырып, талап етілетін тауар өнімдері мен қызметтерді өндіру және іске асыру жоспарланған, 150 адамды жұмысқа орналастыруға және қажетті табыс деңгейімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Кәсіпкерлікті дамыту картасының паспорты
Атауы
|
Қостанай облысының Лисаков қаласында кәсіпкерлікті дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған картасы
|
Картаны әзірлеу үшін негіз
|
«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы
|
Негізгі іс-шараларды орындаушылар
|
Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері: кәсіпкерлік бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
Басқа ұйымдар және жеке тұлғалар
|
Картаның мақсаты мен міндеттері
|
Бағдарламаның мақсаты жұмыссыздыққа жол бермеу, бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету, өздігінен жұмыс істеуге бағдарланған орта тобын құру мақсатында, шағын және орта бизнес кәсіпкерлік субъектілерін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы Лисаков қаласы экномикасының тиімділігін және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру.
Картаның міндеттері:
кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру есебінен «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарлама қатысушыларының бейімделуі және өмір сүруі үшін жағдайлар жасау;
ауылдық жерде және шағын қалаларда тұратын азаматтардың жергілікті кәсіпкерлік бастамаларын қаржылық және қаржысыз қолдау, кәсіпкерлік белсенділікті дамыту;
өз бетімен жұмыс істейтін тұрғындардың өнімді жұмыспен қамтуды жоғарылату, олардың мәртебесін қалыптастыру;
қосымша жұмыс орындарын құру;
тұрғындардың тіршілік деңгейін арттыру;
шағын және орта кәсіпкерліктің оң келбетін қалыптастыру
|
Картаны іске асыру мерзімдері (кезеңдері)
|
Кәсіпкерлікті дамыту картасы 3 жылға әзірленеді – 2014 жылдан бастап 2016 жылға дейінгі кезеңге.
1 кезең – 2014 жыл: аздап инвестициялық шығындарды және оларды іске асыруға уақытты талап ететін қызметтер саласындағы бағыттарды дамыту есебінен Лисаков қаласы тұрғындарының өмір деңгейін жоғарлату.
2 кезең – 2015-2016 жылдар: ірі өндіріс компаниялары мен шағын бизнес арасында интеграция, сондай-ақ өндіріс саласында жобаларды іске асыру есебінен қаланы бұдан әрі дамыту үшін тұрақты негізді жасау.
|
Негізгі бағыттары
|
Микрокредиттерді ұсыну арқылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін және ұйымдарын қаржымен қолдау.
Жол жүріп-тұруға материалдық көмек ұсына отырып, кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту, бизнес-жобаларды дайындауға көмек көрсету.
Бір жылға дейінгі мерзіммен жобаны сүйемелдеу бойынша сервистік (маркетингтік, құқықтық, бухгалтерлік және басқа да қызметтер түрлерін) қызметтерді ұсыну.
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жетпейтін объектілерін дамыту және\немесе құру, соның ішінде отарлы мал шаруашылығын дамыту үшін.
|
Қаржыландыру көлемі
|
Карта бойынша қаржыландырудың жалпы көлемі 139.405 мың теңгені құрайды, соның ішінде:
консультациялық және сервистік қолдауға – 9.405 мың теңге;
микрокредитті ұсынуға – 75.000 мың теңге;
инфрақұрылымды және инженерлік коммуникацияларды дамытуға– 55.000 мың теңге.
Солардың ішінде жылдар бойынша:
2014 жыл – 45.300 мың теңге;
2015 жыл – 46.440 мың теңге;
2016 жыл – 47.665 мың теңге.
|
Маңызды нысаналы индикаторлар
|
Маңызды нысаналы индикаторлар:
жұмыссыздық деңгейі 5,0 % артпайды;
өз бетімен жұмыс істейтін тұрғындардың жалпы санынан өнімді жұмыспен қамытылғандардың үлесі 64,5% дейін артады;
азамттардың іске асырылған кәсіпкерлік бастамаларының саны 40 пайыз;
кедейшілік деңгейі 0,2% жоғары болмайды;
қала аумағында қызметті жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпорындарда қызметкерлердің санын 52 адамға көбейту;
қаржылық қолдауды (микрокредиттер) алушылардың саны 40 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі (ШОКС);
жобаны сүйемелдеу бойынша сервистік қызметтерді алған ШОКС саны 27 ШОКС;
кәсіпкерлік негіздері тегін оқытудан өткен азаматтардың саны 80 адам.
|
Картаны іске асырудың күтілетін соңғы нәтижелері
|
Картаны іске асыру нәтижесінде (2016 жылдың соңына дейін) күтіледі:
кәсіпкерлік белсенділікті дамыту есебінен қала тұрғындарының әл-ауқат деңгейін арттыру;
әрекет ететін және жаңа шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарда жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыру есебінен жұмыссыз азаматтардың санының төмендеуі;
өнім және қызметтердің жеке түрлерінің үлкен қолжетімділігінің есебінен тұрғындардың өмір деңгейін арттыру;
елді мекендердің және қалалардың әлеуметтік тартымдылығын арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру;
шағын кәсіпкерліктердің түсімдер есебінен жергілкті бюджетке табыстардың көбеюі;
ауыл шаруашылық тұтыну кооперациясын дамыту;
қала құрушы өндірістердің аралас салаларын дамыту.
|
Нормативтік база және кәсіпкерлікті дамытуды қолдау бағдарламалары
Картаны іске асыру үшін негіз:
- «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысымен бекітілген.
Осы уақытта кәсіпкерлікті дамытуды қолдау үшін (соның ішінде ауылда) бағдарламалар қатары қабылданды:
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы
|
Бағдарламаның мақсаты: экономиканың шикізатсыз секторларында өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және балансты өсімін қамтамасыз ету, сондай-ақ әрекет ететін және жаңа өндірістік жұмыс орындарын құру
|
Бағдарламаның операторы: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы (АҚ)
|
Бағдарлама бағыттары
|
1. Жаңа бизнес – бастамаларды қолдау:
|
2. Кәсіпкерлік секторды оңалту:
|
3. Кәсіпкерлердің ақша тәуекелділігін төмендету:
|
4. Кәсіпкерлік мүмкіндікті нығайту:
|
1) жаңа, сондай-ақ әрекет ететін өндірістерді жаңартуға және кеңейтуге бағытталған несиелер бойынша пайыздық млшерлемесін субсидиялау;
2) жобаларды іске асыруға бағытталған банктердің несиелері бойынша ішінара кепілдік беру;
3) өндірістік (индустриалдық) инфрақұрылымды дамыту.
|
1) банктердің бар несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау;
2) өсімді есептеусіз (жеке табыс салығынан басқасы) салықтарды төлеу бойынша мерзімді ұзарту.
|
1) сәйкес келетін қаржылық жылға ақша түсімі жалпы көлемінің кемінде 10 % мөлшерінде ақша түсімі бар кәсіпорындардың несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау.
|
1) бастаушы кәсіпкерлерді қолдау (старт-ап жобалары);
2) әрекет ететін бизнесті жүргізуді сервистік қолдау;
3) «Назарбаев Университеті» АҚ базасында ШОБС топ-менеджментке оқыту;
4) «Іскер байланыстар» жобасы.
|
Моноқалаларды дамытудың 2012–2020 жылдарға арналған бағдарламасы. Бағдарлама мақсаты: орташа және ұзақ мерзімді болашаққа нық сенімде моноқалаларды тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамыту, соның ішінде моноқалалар тұрғындарды жұмыспен қамтудың оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету үшін шағын және орта бизнесті дамыту есебінен.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды қолдау бағдарламасының екінші бағыты бойынша жүзеге асырылады, ол келесі шараларды іске асыруды болжайды:
1) салалық шек қоюсыз несиелер бойынша пайыздық мөлшерлерді субсидиялау және төмен және орта мүмкіндіктермен моноқалалар үшін несиелер бойынша пайыздық мөлшерлерді субсидиялау мөлшерін арттыру;
2) өндірістік (индустриялдық) инфрақұрылымды дамыту;
3) жаңа өндірістерді құруға 3 миллион теңгеге дейін мөлшерінде гранттарды ұсыну;
4) шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша серіктес (қала құрушы кәсіпорындармен мемлекет) бағдарламаларды іске асыру;
5) микрокредиттік ұйымдармен бизнес-инкубаторларды құру;
6) кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын құру;
7) өз бетімен жұмыс істейтін, жұмыссыз және күнкөрісі төмен тұрғындардың кәсіпкерлікті дамытуға көмек көрсету.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ іске асырылатын кәсіпкерлікті дамытуды қолдау бойынша бағдарламалар – «Даму-Өндіріс», шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің лизингті келісімдерді қаржыландыру бағдарламасы және тағы басқа жұмыс істейді.
Сондай-ақ дамудың басқа да бағдарламалары назарға алынды (республикалық және өңірлік):
Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдаламасы;
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011–2014 жылдарға арналған бағдарламасы;
Лисаков қаласын дамытудың 2013–2015 жылдарға арналған кешендік жоспары;
Лисаков қаласын әлеуметтік–экономикалық дамытудың 2013-2017 жылдарға арналған болжамы;
Лисаков қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы.
Лисаков қаласында кәсіпкерлікті қолдаудың ағымдағы бағдарламасын іске асыру
Моноқалаларды дамыту бағдарламасы. 2013 жылғы тамыз айының соңындағы жағдай бойынша:
4 кәсіпкер Қостанай облысының үдемелі индустриялдық дамыту жөніндегі өнерлік Үйлестіру кеңесінің (ӨҮК) несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға мақұлданды;
2013 жылы жетпейтін инфрақұрылымды дамытуға екі жоба бойынша 32 миллион теңге сомасына екі жоба бойынша 5 өтінім, 2014 жылы – екі жоба бойынша 3 өтінім берілді.
Бизнестің жол картасы – 2020 (БЖК-2020). 2011 жылы Бағдарламаның бірінші бағыты «Өндірістік (индустриалдық) инфрақұрылымды дамыту» бойынша енгізуге кәсіпкерлердің 3 өтінім жолданды, бағдарламаның төртінші бағыты «Бизнесті енгізуді сервистік қолдау» бойынша 38 өтінім, сондай-ақ шағын және орта бизнесті топ-менеджментіне оқытуға 4 өтінім, қажетті мамандықтар бойынша кадрларды даярлау және қайта дайындауға 3 өтінім, «Іскер байланыс» жобасының бірінші кезеңі аясында оқытуға 2 өтінім.
2012 жылы Бағдарламаның 4-бағытын іске асыру бөлігінде 2 кәсіпкер «Іскер байланыс» жобасының 1-кезеңі бойынша оқытудан өтті, олардың ішінде біреуі Германияда тағылымдамадан өтті. Кәсіпкерлермен 16 өтінім мамандырылған сервистік қызметтерді, шарттарды жасауға ұсынуға берілді, бірақ қызметтер толық көлемде ұсынылған. 2012 жылдың 3 тоқсанында ӨҮК қарауына мемлекеттік грантты алуға «Балақай» балаларды ерте дамыту шағын орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС) жобасы жолданды. Жоба мақұлдауды 2,0 миллион теңгеге алды.
2013 жылғы ақпанда Лисаков қаласы кәсіпкерлікті қолдау орталығы (КҚО) ашылды. Жұмыс істей бастаған уқытынан бастап КҚО (6 ай) кәсіпкерлік бастамамен ШОКС және жеке тұлғалар консультациялық қызметтер алды.
«Кәсіпкерлік мүмкіндіктерді күшейту» БЖК-2020 төртінші бағытының аясында 27 кәсіпкерлік субъектілері өтнімдерді берді, 19 – өтінімдерді дайындап жатыр.
8 кәсіпкерлік субъекті жалпы сомасы 28,6 миллион теңгеге гранттық қаржыландыруға өтінімдерді берді. Гранттарды беруге бас тартылды.
БЖК-2020 бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті дамыту мақсатында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға нысаналы трансферттерді ұсынуға кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 150 миллион теңге жолданатын болады.
«Сабыға», «Ауылды микрокредиттеу» бағдармаларға кәсіпкерлер қатыспады.
«Жұмыспен қамту - 2020». 2013 жылғы 9 айға жұмысқа орналастыру мақсатында 349 азамат өтінішпен келді, солардың ішінде 244 адам – жұмыспен қамту бөліміне, ал 105 – жұмыспен қамту орталығына. Солардың санынан 188 адам жұмысқа орналасты.
Сол кезең ішінде 183 жұмыс орны құрылды, солардың ішінде 144 тұрақты, жылдық жоспар кезінде 200 жұмыс орны.
Бағдарламаның екінші бағыты бойынша микрокредит бөлінбеген, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту өткізілмеген.
Үшінші бағыт бойынша:
жол жүруге жәрдемақы 9 отбасыға берілген болатын;
кәсіби даярлыққа 16 адам (жоспарда 14) жолданды;
қайта даярлауға – 14 адам, солардың ішіндегі 10 адам жұмысқа орналасқан болатын;
субсидиялауды 57 адам 5628 мың теңге сомасына (жоспарда 50 адам және 7890 мың теңге) алды;
жастар практикасына 35 адам, жоспарда 30 адам жолданды.
Жыл басынан жұмыссыз, өз бетімен жұмыс істейтіндерді және күнкөрісі төмен тұрғындарды жұмысқа орналасуға көмек көрсетудің белсенді шаралармен қамту жалпы 326 адамды құрды.
Картаның нысаналы индикаторлары
Жоспарланған нысаналы индикаторлар және Бағдарламаны іске асырудың нәтижелілік көрсеткіштері кестеде көрсетілген.
|
2014
|
2015
|
2016
|
Жұмыссыз деңгейі, %
|
5,0%
|
5,0%
|
5,0%
|
Өз бетімен жұмыс істейтін тұрғындардың жалпы санында нәтижелі жұмыс істейтіндердің үлесі, %
|
45%
|
55%
|
64,5%
|
Азаматтардың іске асырылған кәсіпкерлік бастамалардың, жобалардың саны
|
10
|
15
|
15
|
Кедейшілік деңгейі %
|
0,2%
|
0,2%
|
0,2%
|
Қаланың аумағында қызметті жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпорындарда қызметкерлердің санын арттыру, адам
|
12
|
20
|
20
|
Қаржымен қолдауд алатындардың саны (микрокредиттер), ШОКС
|
10
|
15
|
15
|
Жобаны сүйемелдеу бойынша сервистік қызметтерді алған ШОКС саны, ШОКС
|
7
|
10
|
10
|
Кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқудан өткен азаматтардың саны, адам
|
20
|
30
|
30
|
Орналасқан жері мен табиғи-климаттық жағдайы
Географиялық орналасуы. Лисаков қаласы Лисаков кен-байыту комбинатының базасында құрылған. Тобыл өзенінің бас жағында, ірі темір жол торабы Тобыл станциясынан 18 километрге (км) оңтүстікке қарай, облыс орталығы Қостанай қаласынан 120 км оңтүстік-бастысқа қарай, және Ресей шекарасынан 70 км, сондай-ақ Таран кентінен 40 км, Денисов кентінен 61 км қашықтықта орналасқан. Қаладан 4 км қашықтықта «Қостанай» - «Жітіқара» автокөлік жолы бар.
Лисаков қаласының әкімшілік аумағында: 3 әкімшілік-аумақтық бірлік: облыстық маңызы бар қала, Октябрь кенті (10 км) және Красногор ауылы (100 км). Қаланың жалпы аумақтық аймағы – 0,1 мың шаршы километр құрайды немесе Қостанай облысының 0,07% аумағы.
Бедер. Қала алаңы Тобыл өзеніне қарай ашық қазан шұңқыры шегінде орналасқан. Аудан бедері Тобыл өзеніне қарай жалпы еңіскендігі бар бөлек шағын арқалықты сәл белестенген жазықтықты білдіреді. Аудан үстінің абсолюттік белгісі 196-дан 218 метрге дейін өзгереді.
Климат кенет континентті. Қысы суық, жиі және қатты борандармен; жазы ыстық және құрғақ, шаңды ыстық желмен. Көпшілік жел бағыты оңтүстік-батыс болып табылады. Атмосфера жауын-шашынның орта жылдық көлемі 373 миллиметр құрайды, қыстағы қарлы жамылғының биіктігі 24 сантиметр тең. Қатудың қалыпты тереңдігі - 2,5 метр. Ауаның ортажылдық салыстырмалы ылғалдығы 80-нен 54%-ға дейін өзгереді.
Су ресурстары. Гидрографиялық торап облыстың ең ірі су ағынымен көрсетілген – Тобол өзені және оның сол жақ тарауы Аят өзені. Өзендердің сарнауы су қоймалардың күрілдеуіктермен реттелінді, Лисаков қаласынан жоғары Жоғары Тобыл су қоймасы, қаладан төмен Қызыл-Жар және Қаратомар су қоймалары орналасқан.
Жер қыртысы. Қала аумағы сарғылт аймағының жер қыртысындағы құрғақ, бетегелі-бетеге даланың оңтүстік бөлігіне жатады. Әр түрлі механикалық құрамдағы және әр түрлі сортаңдылық деңгейінде қара-каштанды жер қыртысы басым. Олар саздақ, жеңіл саздақ және құмайт топырақты қалдықтарға ие.
Өсімдік. Қара - талшын жер және сұр топырақ бетегелі-селеу және жусан өсімдіктерге басым.
Пайдалы қазбалар. Лисаков қаласының жер қойнауы темір кені, бокситтер, сирек кездесетін металл, құрылыс материалдар, жер астындағы су қорларымен бай.
Алюминий шикізатының қорлары бокситінің 11 кенорнымен қамтылған. Қорлар көлемі бойынша ерекше ірі 40 шоғырды жасайтын Краснооктябрь боксит кенорны болып табылады. Боксит жынысында саз, әктас, мәрмәр бар, оларды қайта өңдеуге тартудың үлкен келешегі бар.
Сондай-ақ қаланың жерінде Лисаков шыны құм кенорны (баланстық қорлар 1237,0 мың тонна) орналасқан.
Ағымдағы жағдайды талдау
Тұрғындардың өмір сүру деңгейі
2013 жыл басында Лисаков қаласының аумағында 41 006 адам тұрды, соның ішінде 4 284 адам ауыл тұрғындары болып табылады. Әйелдердің саны 21 765 құрды. 2012 жыл қорытындысы бойынша оңды көші-қон сальдосы (+66 адам) байсалды, ішкі көші-қон жоғары көрсеткіштерінің арқасында құрылды – қалаға 789 адам келді (негізінен бұл өңірлік көші-қон). 35% шамасында Лисаков қаласына тұруға келгендер – бұл еңбекке қабілетті жас немесе ересек адамдар. 2011 жылдың қорытындысы бойынша көші-қон сальдосы оңды болды (+85 адам). Соңғы 5 жыл ішінде көші-қон сальдосы +617 адамды құрады. Тұрғындардың жалпы санынан зейнеткерлердің үлесі 18,5% құрайды.
Осы уақытта өңірде табысы кедейлік шегінен аспайтын 90 адам тұрады. 2013 жылғы 1 тамызға тіркелген жұмыссыздардың саны 47 адам. Жұмыссыздық деңгейі 0,1%. Дегенмен, жалпы жұмыссыздар саны, соның ішінде тіркелмеген 1012 адамды құрайды. Өз бетімен жұмыс істейтіндердің жалпы саны – 3871 адам. Ішінара жұмыспен қамтылған азаматтардың саны 218 адамды құрайды, олар толық емес жұмыс уақыт режимінде жұмыс істейді.
Соңғы 8 жыл ішінде жұмыссыздық деңгейі 2 есе 8,2% -дан 4% дейін қысқартылды, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,14% (35 адам) құрайды.
Қаланың қала құрушы кәсіпорындарда 38% шамасын жұмыспен қамтылған тұрғын адам жұмыс істейді. Жеке кәсіпкерлікте 3 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған.
2013 жылдың бірінші жарты жылдығында жұмысқа орналасуға көмек көрсету үшін 244 адам жүгінді, 185 адам жұмысқа орналасты, соның ішінде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының қатысушылары – 58 адам. Сол кезең бойынша 200 орын жылдық жоспармен 139 жаңа жұмыс орны құрылды, соның ішінде тұрақты жұмыс орны – 100.
Әлеуметтік топ тұрғысында тұрғындар саны
Елді мекен
|
Тұр-ғын-дар саны
|
Әйел-дер
|
Көші-қон 2008-2012
|
Экономикалық белсенді тұрғындар
|
Жұмыспен қамтылғандар
|
Өз бетімен жұмыс істейтін-дер
|
Жұмыссыз-дар
|
Ағымдағы жылдың 11 сынып мектеп түлектері, адам
|
3 топ мү-ге-дек-тері, адам
|
Лисаков қаласы, оған қоса
|
41006
|
21765
|
617
|
24278
|
23300
|
3800
|
1000
|
140
|
326
|
Октябрь кенті
|
3934
|
2042
|
-
|
2253
|
-
|
67
|
7
|
15
|
35
|
Красно гор ауылы
|
372
|
-
|
-
|
-
|
-
|
4
|
5
|
0
|
1
|
Өмір деңгейі бұл тұрғындардың әл-ауқат көрсеткіштері, яғни адамның (отбасының) материалдық және материалдық емес игіліктер қажеттіліктермен қамтамасыз етілу деңгейі. Басқа қалалармен (Қостанай, Рудный, Арқалық) салыстырғанда, Лисаков тұрғындардың табысы бойынша тек қана Рудныйдан едуәір артта қалады, Арқалықтан (+30,5%) озып. Ұқсас жағдай жақын орналасқан аудандарға (Қамысты, Денисов, Таран аудандарынан басқа) қатысты байқалады. Қалада табыстың және бұл аудандардағы айырмашылық 30% құрайды. Осы алшақтық ең алдымен қалада қала құрушы кәсіпорындардың шоғырлауымен байланысты.
Тұрғындардың табыс деңгейі
|
Барлық қызмет түрі бойынша
|
Ауыл шаруашылығы
|
теңге
|
Орташа облыстық деңгейге %
|
теңге
|
Орташа облыстық деңгейге %
|
Қостанай
облысы
|
76 593
|
100,0
|
54 774
|
100,0
|
Алтынсари
|
60 981
|
79,6
|
62 080
|
113,3
|
Амангелді
|
58 139
|
75,9
|
-
|
-
|
Әулиекөл
|
64 119
|
83,7
|
46 786
|
85,4
|
Денисов
|
55 856
|
72,9
|
54 172
|
98,9
|
Жангельдин
|
65 544
|
85,6
|
-
|
-
|
Жітіқара
|
66 371
|
86,7
|
42 103
|
76,9
|
Қамысты
|
62 046
|
81,0
|
61 723
|
112,7
|
Қарабалық
|
56 623
|
73,9
|
47 550
|
86,8
|
Қарасу
|
67 612
|
88,3
|
66 600
|
121,6
|
Қостанай
|
69 868
|
91,2
|
55 641
|
101,6
|
Мендіқара
|
62 285
|
81,3
|
52 901
|
96,6
|
Науырзым
|
62 245
|
81,3
|
54 381
|
99,3
|
Сарыкөл
|
59 588
|
77,8
|
54 475
|
99,5
|
Таран
|
83 609
|
109,2
|
51 800
|
94,6
|
Ұзынкөл
|
64 237
|
83,9
|
58 731
|
107,2
|
Федоров
|
62 362
|
81,4
|
61 964
|
113,1
|
Қостанай қаласы
|
81 284
|
106,1
|
177 240
|
323,6
|
Арқалық қаласы
|
60 379
|
78,8
|
40 710
|
74,3
|
Лисаков қаласы
|
78 840
|
102,9
|
-
|
-
|
Рудный қаласы
|
93 987
|
122,7
|
31 619
|
57,7
|
Өмір деңгейінің көрсеткіштері өңір тұрғындарының материалдық және материалдық емес игіліктермен қамтамасыз етілгенін көрсетеді. Өңірдің сырттан тауарлар мен қызметтер жеткізілімдерден дербестік (тәуелсіздік) тұрғындардың әлеуметтік–экономиалық жағдайының тұрақтылығына кепілдік беруге және сыртқы жағдайлардан қорғалуына мүмкіндік береді.
Ағымдағы кезеңде ауыл шалуарылығының келешекте дамуы туралы айтуға болады, атап айтқанда, үй шаруашылығында мал басының жоғарылуы және негізгі көкөністер мәдениеттерінің, соның ішінде ерте пісетін көкөністердің егіс алаңдарын кеңейту, себебі қысқы және көктемгі айларда көкөністерге деген қажеттілік сырттан әкелінетін өнімдермен қанағаттандырылады.
Лисаков қаласы тұрғындарының негізгі азық-түлікпен қамтамасыз етілу деңгейі
Азық-түлік
|
Тамақ тану норма лармен ұсыны лған, халық тың жан басына шаққан-да килограмм/ дана (кг/дана)
|
Лисаков қаласында өндіріс көлемі
|
Лисаков-тың
тұрғын-дарын қамтама- сыз ету, халықтың жан басына шаққанда кг/дана
|
Облыста ашық қажеттілік (тапшылық)
|
Экспорт-тық шама
(облыс-тан тыс іске асыру)
|
Ет және ет өнімдері
|
42
|
308 (сойыс салмағын-да барлық түрдегі ет)
|
7,5
|
қой еті – 4,3 мың тонна
ірі қара мал еті – 5,2 мың тонна
|
жоғары
|
Сүт және сүт өнімдері
|
84,5
|
2712
|
66
|
ағымдағы өндірістік қуаттылық сүт
15-20 мың тонна
қойылтылған сүт 30 мың тонна
ірімшік – 1,0 мың тонна
|
ұқсату өнімдері бойынша орташа
|
Қияр
|
5
|
310,7
|
7,6
|
ерте піскен көкөністер бойынша 1,3 мың тонна
|
ерте піскен және қысқы көкө-
ністер бойынша жоғары
|
Қызанақ-тар
|
5
|
819
|
20
|
Нан
|
106,5
|
738
|
53
|
-
|
төмен
|
Ұн
|
13
|
4228
|
103
|
-
|
жоғары, төмен тәуекел
|
Макарон- дар
|
4,4
|
-
|
-
|
-
|
төмен
|
Картоп
|
95
|
8121,5
|
198
|
болмашы қажеттілік
|
орташа-дан артық
|
Сәбіз
|
20
|
289,5
|
7,1
|
жылына жалпы 10-15 мың тоннаға жуық
|
орташа-дан артық
|
Пияз
|
20
|
53,7
|
1,3
|
орташа-дан артық
|
Қызылша
|
5
|
116,3
|
2,8
|
орташа-дан артық
|
Қарбыз
|
10
|
1,7
|
0,04
|
|
орташа-дан артық
|
Өсімдік майы
|
7
|
-
|
-
|
14 мың тоннаға жуық
|
жоғары
|
*- «Жұмыртқа» сияқты азық-түлікте қарастырылмайды, себебі Таран ауданында өндірістік қуаттылығының бар болуы.
Жалпы Лисаков облыстық маңызы барлармен салыстырғанда қызметтермен қамтамасыз ету жеке көрсеткіштері бойынша артта қалуда. Даму үшін мектепке дейінгі білім, денсаулық сақтау саласындағы қызметтер және басқа да тұрмыстық және мәдени – бұқаралық сипаттағы қызметтер бойынша мүмкіндік бар.
2013 жылдың басында Лисаков қаласы тұрғындарының қызметтердің негізгі түрлерімен қамтамасыз ету деңгейі
|
Мектепке дейінгі ұйымдар
|
Денсаулық сақтау ұйымдары
|
Қызметтерді көрсететін жеке кәсіпкерлер (ЖК) және кәсіпкерлер
|
Лисаковта орындар саны
|
1185
|
|
|
Лисаковта 100 орынға балалар саны, адам
|
109,4
|
|
|
Облыс бойынша 100 орынға балалар саны, адам
|
100,8
|
|
|
Облыс бойынша халықтың жан басына шаққанда денсаулық сақтау қызметтерінің көлемі, теңге
|
|
9299
|
|
Лисаковта халықтың жан басына шаққанда денсаулық сақтау қызметтерінің көлемі, теңге
|
|
7630
|
|
Облыс бойынша 1000 адам аурухана төсегінің саны, бірлік
|
|
7,1
|
|
Лисаковта 1000 адам аурухана төсегінің саны, бірлік
|
|
4,3
|
|
Саны, бірлік
|
|
|
74
|
Облыс бойынша халықтың жан басына шаққанда ЖК қызметтер көлемі, теңге
|
|
|
5908
|
Лисаковта халықтың жан басына шаққанда ЖК қызметтер көлемі, теңге
|
|
|
5144
|
«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы ең адымен еліміздің тұрғындарының әл-ауқат деңгейін жоғарылатуға бағытталғанын байланысты осы Картада шағын және орта кәсіпкерлік саласында қабылданатын қызмет түрлері қарастырылатын болады, онда бағдарламаның мақсатты қатысушылары: өз бетімен жұмыс істейтіндер, жұмыссыздар, мектеп түлектері және азаматтардың басқа санаттары қатыса алады.
Тұрғындардың өміріндегі өзгерістер. Бүгін Лисаков қаласы және оған қатысты ауылдарда тұрғындардың 36% өз өміріндегі қандай да бір жақсарғанын байқамайды. Олар үшін соңғы 2-3 жыл өмір не өзгермеген, не нашарлау жағына өзгерді. Тұрғындардың 23,5% үлесі өмірдің сол кезеңге едәуір жақсарды, 40% үшін – жақсарды (салыстырмалы түрде аз).
Дегенмен лисаковтықтарды 70% жақын арада олардың өмірі жақсаратынына сенімді. Өз болашағына тұрғындардың теріс ниеттенген үлесі – барлығы 3,5 %.
Тұрғындар табысының өзгерісі. Үштен бірінен аса тұрғындарда соңғы 2-3 жыл ішінде табыс ұлғаймады, ал кейбіреулерінде табыстар азайды. 60% жуығы табыстар деңгейі жоғары болды деп санайды.
Сол уақытта лисаковтықтардың жартысы (57,1%) 2-3 жылға табыстардың өзгеруі бойынша өздерінің күтуіне қатысты оңды бағыт сақталады. Болашақта отбасының табыстарын қысқартуды 6,2% тұрғын күтеді. Дегенмен, Лисаков қаласы және оған қатысты ауылдарда тұрғындардың бесінші бөлігі үшін болашақта өз отбасының табыстарының өзгерісіне қатысты қандай да бір көріністер жоқ.
Тұрғындардың материалдық жағдайының сипаттамасы. Лисаков қаласы тұрғындарының басым бөлігі (78,1%) өзінің қазіргі материалдық жағдайын орташа және төмен деңгейде екенін бағалайды. Жалпы тұрғындар санынан 25% астамы өзінің қазіргі материалдық жағдайымен қанағаттанбайды және оны төмен деңгейде бағалайтыны ерекше бөлуге болады, яғни тұрғындардың осы тобы азық-түлік және бірінші қажеттілік тауарларын сатып алуға ғана мүмкіндіктері бар.
Лисаковтықтардың өмір деңгейі бүгінгі күні тұрғындардың өздерімен орташа және төмен деңгейде бағаланады. Демек, тұрғындар осы деңгейді жоғарылатуға ниеттенеді және талпынады, бірақ бұл үшін мүмкіндіктері, білімі, ақпараты жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |