2.4. Туристік қызметті лицензиялау
Туристердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында
қазақстан Республикасында туроператорлық, турагенттік, қызмет, туризм
нұсқаушысы кӛрсететін қызметтер лицензияланады.
Туроператорлар мен турагенттер лицензия алу үшін туроператордың
және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру
шартын жасасуы қажет. Сақтандыру тәртібі мен шарттары қазақстан
Республикасының заң актілерімен айқындалады.
1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық)
атқарушы орган туроператорлық, турагенттік, қызметті, туризм нұсқаушысы
кӛрсететін қызметтерді жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын сот
тәртібінсіз алты ай мерзімге дейін мынадай негіздер бойынша тоқтата тұруға
құқылы:
1) берілген лицензияға негіз болған ақпараттың дұрыс болмауы;
2) туристік ұйымның туристік қызмет кӛрсету шарттары бойынша
міндеттемелерін орындамауы, не тиісінше орындамауы (күнтізюелік үзіліссіз
он екі ай ішінде үш және одан да кӛп жағдай);
3) лицензиялар белгілеген нормативтерді және туристік ұйымдар
орындауға міндетті басқа да нормаларды бұзу (күнтізбелік үзіліссіз он екі ай
ішінде үш және одан да кӛп жағдай);
4) туроператорлық, турагенттік, қызметті лицензия берген кезден
бастап жеті ай ӛткен соң сәйкестік сертификаттарынсыз жүзеге асыру;
сонымен қатар заңсыз кӛші қон мақсатында туроператорлық қызметті жүзеге
асыру;
5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін
бұзу.
2. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, бұрын жасалған
шарттардан туындайтын міндеттемелерді қоспағанда, туристік қызмет
кӛрсетуге тыйым салуға әкеп соғады.
3. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық)
атқарушы орган лицензияны кері қайтарып алуды сол тәртібімен жүзеге
асырады. Лицензияны кері қайтарып алу үшін мыналар негіз болып
табылады:
1) Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық)
атқарушы орган белгілеген мерзімде лицензияның қолданылуын тоқтата
тұратын себептерінің жойылмауы;
2) қазақстан Республикасының заңдарында кӛзделген ӛзге де
негіздер.
22
4. туристік қызметке берілген лицензияның қолданылуын тоқтата
тұру туралы шешім атқарушы биліктің мүдделі органдарының назарына
жеткізіледі және облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық)
атқарушы орган белгілеген мерзімді баспа басылымдарында жарияланады.
5. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық)
атқарушы органның лицензияны тоқтата тұру туралы шешіміне сот
тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
6. Лицензиялар, туроператорлар мен турагенттер туралы деректер
туристік саланың мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.
Туристік қызмет саласындағы сертификаттау мен стандарттау
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес
Қазақстан Республикасында туристік индустрияда қызмет кӛрсету міндетті
сертификаттауға жатады.
2. Стандарттау, метрология және сертификаттау жӛніндегі ӛкілетті
орган белгілеген мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптары Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес айқындалады.
3. Стандарттау, метрология және сертификаттау жӛніндегі ӛкілетті
орган туристік қызмет саласындағы ӛкілетті органның ұсынысы бойынша
ұйымдардың туристік қызмет саласындағы сертификаттау жӛніндегі
жұмыстарын жүргізу құқығын аккредитациялауды жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |