Басқарудың ұйымдастыру-ұйғарымдық әдістері (БҰҰӘ).
БҰҰ әдістерін қолдану тетігі
ұйымдастыру қатынастарының мәні болып табылады. Басқару объектісіне (ұжымдар, жеке
қызметкерлер) мақсатты түрде әсер ету процесінде адамдар (органдар) арасындағы нақты
ұйымдастыру қатынастарымен, ұйым заңдарымен айқындалатын басқару тетігі ашық көрсетіледі. Бұл
әдістердің ерекшіліктері мынада:
1. Жүйеге тұтастай немесе оның элементтеріне жеке-жеке тікелей нұсқаушылық әсер етуді
бейнелейді;
2. Басшыға бір мағыналы шешім қабылдауға мүмкіндік береді;
3. Ережелердің, нұсқаулықтардың, бұйрықтардың, өкімдердің және т.б. міндеттілігіне
негізделеді.
БҰҰ әдістері жоғары тұрған билікті еркін орындау үшін басқару аппараты қызметкерлерінің
жеке жауапкершілігін қамтамасыз етуге тиісті.
Достарыңызбен бөлісу: |