Кафедра Педагогикалық ғылымдар


Басқару  функциясы,  мақсаты,  міндеттері  және  маңызы



жүктеу 1,38 Mb.
Pdf просмотр
бет71/92
Дата04.01.2022
өлшемі1,38 Mb.
#31588
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   92
seminar zhinag zhmp.pdf

Басқару  функциясы,  мақсаты,  міндеттері  және  маңызы. 

Басқарудың  функциясы  мен 

құрылымы – басқарудың мазмұны мен пішіні (формасы) болып табылады. 

«Функция»  (латынның  –  «атқару,  қызмет»  деген  сөзі)  қызмет  түсінігі  ретінде  анықталады. 

Бұдан  шығатын  қорытынды,  басқару  жүйесінің  жұмысы  –  басқару  функциясын  атқару  негізінде 

жүзеге асады. Басқару әрекетінің мәнін түсіну үшін, оған тән белгілерді білу қажет. 

Басқарудың  функционалды  тәсілінің  басты  белгісі  –  басқару  функцияларының  жиынтығы 

ретінде  түсіндіріледі.  Функция  басқару  қызметінің  ерекше  түрі  ретінде  және  басқару  саласындағы 

еңбекті бөлу мен мамандандыру процесінің нәтижесі ретінде де қарастырылады. 

Басқару  жүйесін  сипаттай  отырып,  ең  алдымен,  жүйенің  әр  уақытта  мақсаты  болатындығын 

ескеру  керек.  Басқаша  айтқанда,  белгілі  бір  уақыт  аралығында  қол  жеткізуге  болатын  күтілетін 

нәтиженің  нақты  бейнесін  сипаттайды.  Мақсатты  қоюдың  нақтылығы  және  оның  анықталуы  сол 

жүйені  қаншалықты  терең  біліп  меңгергеніне  байланысты,  яғни  білімі  терең  болса,  соғұрлым 

мақсаттылығы да сапалы болады. 

Басқару  мақсаты  мазмұнының  толықтығымен  сипатталуы  тиіс,  яғни  нәтиженің  барлық 

сипаттамаларын анықтау, күтілетін нәтижені бақылау, шынайылығы және түрткі болуы. 

Кәсіби білім беру мекемелерін басқарудың мақсатын анықтау үшін алдыңғы тәжірибе маңызды 

орын  алады,  яғни  оның  алдында  білім  беру  мекемесі  мақсатқа  қалай  қол  жеткізді,  мақсатқа  қол 

жеткізудегі  жағымды  және  жағымсыз  шарттар  туралы  мәліметтер,  ертеде  жіберген  қателіктері 

сияқты  берілгендері  қажет.  Мақсатқа  қол  жеткізудің  деңгейі  нәтиженің  сандық  және  сапалық 

сипаттамаларында көрсетілген нәтижелілігі. 

Алынған  нәтиже  мен  оның  алдыңғы  жұмыс  жағдайы  немесе  нормасының  арақатынасы 

тиімділіктің өзі болып табылады, ал тиімділік берілген нәтижеге қол жеткізу үшін жұмсалған шығын 

көлемімен  анықталады.  Мақсатқа  байланысты  басқару  құрылысы  бақыланады  және  оның 

субъекттерінің  іс-әрекеті  жүзеге  асырылады.  Біздің  жағдайда,  басқару  тиімділігі  үш  көрсеткіш 



56 

 

бойынша  анықталады,  олар:  білім  беру  мекемелерінің  іс-әрекеті,  еңбекті  басқаруды  ұйымдастыру 



және басқару субъекттерінің – басшылардың кәсіби-маңызды қасиеттерінің дамуы. 

Қазіргі  заманғы  білім  беру  мекемелерін  басқарудың  маңызы  мен  мәні  болып  табылатын 

басқару  –  педагогикалық  құндылықтардың  жиынтығын  құрайды.  Басқарушы  басқару  қызметінің 

процесінде  жаңа  теория  мен  тұжырымдамаларды  игеріп,  іскерлік  пен  дағдыны  меңгереді.  Ал 

практикалық  қызмет  барысында  олардың  қаншалықты  маңызды  екеніне  баға  береді.  Қазіргі  кезде 

басқару  тиімділігін  арттыруда  білім,  идея,  тұжырымдама  сияқты  басқаруға  қатысты  педагогикалық 

құндылықтар үлкен маңызға ие. 


жүктеу 1,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау