Қарым-қатынас функциялары
Педагогикалық қарым-қатынас функцияларын анықтау
көбінесе оқытушының өз қызметінде алға қоятын мақсатына байланысты: а) оқу-тәрбие
материалдарын оқушының дара ерекшеліктеріне қарай іріктеу, құру және оқушының жеке тұлғалық
үлгісін жобалау секілді конструктивтік қабілеті; ә) оқушыны әр түрлі оқу әрекетіне қатыстырып,
ұжымда әр тұлғаның белсенділігін көтеру секілді ұйымдастырушылық қабілеті; б) оқушылармен
жақсы қарым-қатынаста болу, оқушылардың даму деңгейіне, талабына сай болу секілді
коммуникативтік қабілеті.Психолог Б.Ф.Ломов қарым-қатынас функцияларын анықтаудың
қайнаркөзі қатысымдық болатынын көрсететін классификация ұсынады: ақпараттық-қатысымдық,
регуляциялық-қатысымдық және аффектілік-қатысымдық. Психологтың пікірінше, бірігіп істелген
әрекетте риторикалық негізге сүйену ұйымдастырушылық және конструктивтік функциялардың да
қатысымдық екенін көрсетеді. Ұйымдастырушылық функция нақты тілдесім, қарым-қатынас кезінде
жүзеге асады, конструктивтік функция қатысымдық кезеңге дейін көрінеді, дегенмен, бұл кезеңде де
материалды сұрыптау, жүйелеу, ұйымдастыру айтатын сөзіне (тақырыпқа), адресанттың (мұғалімнің)
қатысымдық ниетіне және адресантқа (нақты сол сыныптың оқушыларына) арналған сөзіне қатысты
болады.З.С.Смелкова аффектілі-қатысымдық функция педагогикалық тілдесім мазмұнын бере
алмайтынын, сондықтан оның дәйексіз екендігін айтады. Оның орнына оқушының жеке қасиеттерін
дамытуға, оның эмоциясына, перцептивтік қабілетіне бағытталған “тәрбиелеуші-қатысымдық”
функцияны ұсынады. Педагогикалық қарым-қатынасты талдауда қарым-қатынастың педагогикалық
және нақты-қатысымдық бірліктері ұғымдарының шекарасын айырып көрсетуіміз керек. Бұл екеуі
бір құбылыс деп түсінеміз, алайда, біріншісі екіншісі арқылы жүзеге асатыны белгілі.Педагогикалық
қарым-қатынас процесінде өте маңызды рольге оқытушы ие болады. Мұғалімнің роліне С.Т.Шацкий,
В.А.Сухомлинский, К.Д.Ушинский және т.б. Кеңес педагогикасының классиктері үлкен көңіл
бөлді.Оқытушы мамандығын әр түрлі мінезді, әр түрлі темпераментті адамдар меңгеретіндіктен,
қарым-қатынас стилі де әр түрлі болып келеді. Қарым-қатынас стилі ұғымына В.А.Кан-Калик:
“Қарым-қатынас стилі деп біз педагог пен оқушының әлеуметтік-психологиялық арақатынасының
жеке-типологиялық ерекшеліктерін айтамыз: а) мұғалімнің қатысымдық мүмкіндіктері; ә) педагог
пен оқушының өзара қарым-қатынасының қалыптасуы; б) педагогтің шығармашылық тұлғасы; в)
оқушы ұжымының ерекшеліктері” деген анықтама береді. Н.Ф.Маслов, Е.М.Крутов сияқты
психологтар еңбектерінде қарым-қатынастың – “демократиялық” және “авторитарлық” екі түрлі
стилі көрсетіледі. Қарым-қатынастың кәсіби түрінде стилдің үшінші – “либералдық” түрі
анықталады. Оның негізін салған А.А.Бодалев.
Достарыңызбен бөлісу: |