Практикалық сабақтың тақырыбы
№5 ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕГІ ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ҮРДІС ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Практикалық сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Біртұтас педагогикалық үрдіс, оның
теориялық-әдіснамалық негіздерінің жоғарғы мектептегі орны туралы түсініктерін тереңдету.
Практикалық сабақтың мазмұны
:
1.
Педагогикалық үрдістің мәні мен құрылымы
2.
Қазіргі білім беру парадигмалары
3.
Білім берудегі құзыреттілік көзқарас
Педагогикалық процесс – қойылған мақсатқа жетуге бағытталған тәрбиелеуші және
тәрбиеленушілердің өзара әрекеттесуі. Басқа сөзбен айтқанда, педагогикалық үрдіс дегенеміз -
әлеуметтік тәжірибе жеке адамның сапасына айналатын үрдіс. Тұтастылық негізінде оқыту,
тәрбиелеу және дамыту бірлігін қамтамасыз ету педагогикалық үрдістің басты мәнін құрайды.
Педагогикалық іс-әрекет- мінез-құлық, әрекет пен қарым-қатынаста екі жақты өзгерісі болатын
педагог пен тәрбиеленушінің арнайы келсімі. Перцептивті қабілеттілік – оқушының ішкі жан
дүниесіне ене білу, оқушының жеке басын және уақытша психикалық жағдайын дәл түсіну –
психологиялық байқампаздық қабілеті. Педагогикалық эксперимент - педагогикалық процесске
өзгерістерді әдейі енгізу, терең сапалы анализ және өзгерістердің нәтежесін өлшеу саны.
Педагогикалық процесс – тәлім – тәрбиелік қарым – қатынастарды ұйымдастырудың тәсілі.
Педагогикалық процесті ұйымдастыратын педагог . Педагогикалық процесс – бірнеше элементтен
құралатын жүйе . Педагогикалық процестің үш құрылымы болады: педагогикалық, әдістемелік,
психологиялық.
Педагогикалық жобалау- оқытушылар мен оқушылардың атқаратын іс-әрекетінің негізгі
құрамын алдын ала құрастыру. Педагогикалық жобалау, педагогтың басқа да негізгі қызметінің бірі.
Педагогикалық жобалау барысында студенттермен қарым-қатынастың мазмұны, әдістері және
құралдары қарастырылады. Педагогикалық үлгілендіру (үлгі құру) – бұл педагогикалық жүйе құру,
мақсат құру немесе оның жетістікке жету жолы. Педагогикалық жоба құрастырушылық –
құрастырылған үлгіні дамыту және оны тәжірибеде қолдану деңгейіне жеткізу. Педагогикалық
құрастыру технологиясы – құрастырылған үлгінің жеке-жеке детальдарының нақты жағдайда
шынайы тәрбиеге қатынасушылардың іс-әрекеттерінің іске асуы. Ұйымдастырушылық қабілеттілік –
бұл ұжымды ұйымдастыра, біріктіре білу қабілеті. Бұл өз жұмысын дұрыс ұйымдастыра білу.
Тәжірибелі мұғалімдерді өзіндік уақытты сезіну – жұмысты сол уақытқа сай ұйқастыру қабілеті
дамиды. Үлгілеу - процестермен құбылыстарды олардың нақты және идиалық үлгілері көмегімен
зерттеу. Индукция және дедукция - мәдениеттердің эмперикалық жолымен алынған
13
қорытындылаудың логикалық амалдары. Индуктивті ой қозғалысының жеке пікірден ортақ
қорытындыға қозғалысын білдіреді, ал дидуктивті керісінше.
Зерттеудің эмперикалық әдістеріне жатады: мәліметтерді жинау амалы,бақылау, әңгімелесу
сауал – сұрақ жүргізу тестілеу, бақылау мен өлшеу амалы ( межелеу, тесттер ); мәліметтерді өңдеу (
математикалық. Статистикалық, графикалық кестелік); бағалауамалы (өзін өзі бағалау, рейтинг,
педагогикалық консилиум); зерттеу нәтежелерін педагогикалық практикаға енгізу амалы
эксперимент, көлемді енгізу) Инновация- латынның жаңакөзқарас, жаңашылдық , жаңалық ендіру
деген ұғымынан туындаған. Электрондық оқыту – бұл, ең алдымен, сабақ беру немесе үйрету үшін
элекрондық бизнес сервистерін және технологияларды қолдану. Мұнда аудиториялық сабақтардың
мүмкіндіктерін кеңейту үшін ұжымдық жұмыс құралдарын және электрондық контентті қолдану
қарастырылған.
Сондықтан, педагогикалық үрдіс заңдылықтарын көрсету маңыздылығы артады, оларға
төмендегілер жатады:
-
педагогикалық үрдістің қоғамның әлеуметтік-экономикалық талаптарына сәйкес болуы;
-
педагогикалық үрдістің белгілі бір мақсатқа бағытталуы;
-
педагогикалық үрдістің нәтижелігі білім алушының белсенді, субъектілік позициясына
байланысты;
-
педагогикалық үрдістің тиімділігі білім алушылардың жас ерекшеліктерінің және білім
алушылар ұжымы мен жеке мүшелерінің даму деңгейіне байланысты.
Тұтас педагогикалық үрдісті жүзеге асыру үрдістің мәнін оқытушылар мен білім алушылар
арасындағы іс-әрекеттермен алмасу ретінде ғана емес, сонымен бірге үрдіс деген ұғымды қандай да
болмасын құбылыс сияқты даму үстінде болатынын ескеру қажет. Дамудың қозғаушы күштері –
пайда болатын және жеңуге болатын (шешілетін) қарама-қайшылықтар болады.
Оқытушының педагогикалық үрдістің қозғаушы күштерін білу, пайда болып келе жатқан
қайшылықтарды (субъективті пайда болатын қиыншылықтар ретінде анықталатын) таба білу
іскерліктеріне сүйене отырып және оларды әрекетке келтіріп жұмыс істеуіне мүмкіндік береді,
сонымен ол құбылыстың өзінің нақты дамуына әсерін тигізеді.
Қазіргі уақытта педагогикада «парадигма» термині кең тарала бастады, бірақ оның мағынасына
түрлі түсініктемелер береді. Мысалы, «гуманистік парадигмаға» ауысу насихаттары айтылады,
техникалық қоғам парадигмалары негізделеді және т.б.
«Парадигма» терминін (грек. «үлгі») 1962 жылы Томас Кун ғылымға енгізді.
Достарыңызбен бөлісу: |