Мәтін енгізу
Алдымен Macromedia Flash бағдарламасын іске қосамыз: Пуск → Программы → Мacromedia → Macromedia Flash 8.
Пайда болған терезедегі Create New (Құру) топтамасына кіретін тізімдерден Flash Document (Flash құжат) тізіміне меңзерді (тышқан көрсеткішін) апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басыңыз.
Нәтижесінде экранда жаңа фильм терезесі ашылады (235-сурет).
235-сурет. Macromedia Flash программасының жұмыс алаңы
Flash фильмінің кадрына мәтін енгізу барысында мәтіндік блок құрылады. Статикалық мәтін екі түрлі жолмен енгізіледі: көп жолдық блок және ені шектеулі блок. Мәтінді енгізу үшін:
Text (Мәтін, Текст) құралы қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |