Тарихи білім берудің мазмҧнының басты элементі –білім. Себебі тарихи білім – дҥниетанымды қалыптастырудың басты қҧралы. Тарихты оқи отырып оқушы әртҥрлі даму кезеңдеріндегі адамдармен, заттармен, оқиғалармен танысады. Қоғамдық- тарихи процесс кеңістік пен уақыт аралығында жҥзеге асатын болғандықтан, уақыт бойынша фактілерді анықтау – хронология білімін, ал кеңістік арқылы анықтау – тарихи география білімін талап етеді.
Жалпы тарих білімінің бірнеше компоненттері болады:
тарихи тҥсінік (нақты образдар арқылы оқиға, хронологияның танылуы);
тарихи ҧғым. Тарихи фактілер туралы образдар қалыптасқаннан кейін барып оқушы оның мәнін, олардың арасындағы байланысты анықтауға, тануға кӛмектеседі;
тарихи процестің заңдылық ҧғымы тарихи фактілерді, тарихи процесті ҧғым, заңдылық жҥйесі арқылы беру.
Тарихты тану процесі, тарихи тҥсінікті қалыптастыру фактіні игеруден басталады. Фактінің ерекшелігі ол қайталанбайды, айтылмайды, бақыланбайды. Тарихи факт 2 тҥрлі болады. Олар:
Жеке оқиғаларды бейнелейтін фактілер. Бҧл бір кездерде белгілі жағдайда, қатаң тҥрде шектеулі адамдар тобы шектеулі уақыт пен кеңістікте болған оқиға. Олар қайталанбайды. Мысалы, 1242 ж. 5 сәуірдегі Чуд кӛліндегі мҧз қырғыны.
тарихи қҧбылыстар, бҧл белгілі тарихи кезеңге тән белгілерді сипаттайды. Мысалы, барщина мен оброк – феодалдық қҧрылыс кезіндегі тәуелді шаруаларды міндеткерліктері. Бҧл фактілер тек феодалдық қоғамға ғана тән тарихи фактілер.
Белгілі Ресей әдіскері Донской тарихи фактілердің 3 тобын былайша кӛрсеткен:
оқиға – жеке, қайталанбайтын факт;
қҧбылыс – бірнеше рет қайталанатын, аналогиялық факт;
процесс – себептері мен нәтижелерінің уақытына сай ӛзара байланысты фактілердің тізбегі.
Фактілерді іріктеудегі негізгі критерийлер:
маңызды, тҥсінікті болуы;
нақты және бейнелілігі;
эмоциональды ықпалының жоғарылылығы;
оқушылардың жас ерекшелігінің ескерілуі.
Тарихи фактілердің мазмҧнын оқушы кӛру және есту сезімдері арқылы қабылдайды.
Тарихты оқыту процесінде тарихи тҥсініктердің 3 тҥрі қалыптасады.
Қоғамның барлық жағын қамтитын ӛткен фактілер: а)материалдық ӛмір туралы (еңбек қҧралы, шаруашылық салалары т.б.); б) әлеуметтік-саяси ӛмір (әртҥрлі топтар, мемлекеттік қҧрылыс); в) тарихи қайраткерлер (қолбасшы, мемлекет билеушілері т.б.); г) тарихи-мәдени (халық тҧрмысы, ӛнер т.б.).
Тарихи уақыт туралы (белгілі бір кезеңдегі тарихи факт, оның ҧзақтығы т.б.)
Тарихи кеңістік туралы тҥсінік, яғни нақты жерде жҥзеге асқан тарихи оқиға.
Фактілер туралы тҥсінік ең алдымен бірінші сигнал жҥйесі арқылы берілетін болғандықтан оқытуда кӛрнекіліктің алатын орны ерекше. Иллюстрация, схема, картиналарды кӛрсету мҧғалімнің әңгімесімен қатар жҥруі тиіс және ол цифрлық материалды қолданумен толықтырылғаны жӛн. Мысалы, Петербургтегі Исааков соборы 104м, Петропавл қамалы 122,5 м. дегенде оқушының кӛз алдына алып сәулет келіп,олардың сезіміне әсер етіп, есте қалады. Адамзат қоғамының дамуы уақыт бойынша жҥретіні белгілі, сондықтан тарихи уақытқа мән беріледі.
Фактілерді оқу барысында оқушылардың санасында тарихи ҧғымдардың белгілі бір жҥйесі қалыптасады.
Ҧғым тарихи материал мазмҧнына сәйкес классификацияланады. Олар:
экономикалық ҧғым - әртҥрлі тарихи кезеңдегі еңбек қҧралы мен шаруашылық ӛмір туралы тҥсініктер, экономикалық процестер. Мысалы, жалпыресейлік рынок, феодалдық- крепостниктік жҥйе, ғылыми-техникалық революция тағы басқалар.
әлеуметтік-саяси ҧғым. Олар мемлекеттің саяси қҧрылымы мен әлеуметтік қатынастар, таптар, мемлекет формалары т.б.
қоғамдағы тап кҥресінің дамуы мен оның қалыптасу жағдайларын ашатын ҧғымдар. Мысалы, шаруалар соғысы, пролетариат т.б.
тарихи-мәдени ҧғым. Ӛркендеу мәдениеті, материалдық және рухани мәдениет.
идеологиялық ҧғым. Мысалы, дін, утопия, фашизм т.б. Ҧғымдарды қамту деңгейіне қарай ҥш топқа бӛлуге болады:
жеке тарихи ҧғымдар. Ол жеке елдердің белгілі бір кезеңіне тән фактілерді бейнелейді. Мысалы, бояр, смерд, т.б. Ресей мемлекетінің орта ғасырлық кезеңіне тән ҧғымдар болып табылады.
Жалпы тарихи ҧғым. Бҧл бір қоғамдық-экономикалық формацияға тән және бір немесе бірнеше елге тән болып келетін факт не қҧбылыс. Мысалы, капитализм, буржуазиялық революция, рента, қосымша қҧн т.б. Бҧл ҧғымдардың белгілері бір курстың бірқатар сабақтарында немесе тарихтың бірнеше курсында ашылады.
Әлеуметттік ҧғым. Ол бірнеше немесе барлық формацияларға тән тарихи процестердің заңдылығы мен жалпы байланысын бейнелейтін ҧғымдар. Олар: ӛндіргіш кҥштер, ӛндірістік қатынастар, тап кҥресі т.б.
Қалыптасқан ҧғымдар терминдерде бейнеленеді. Ҧғымды игеру ҥшін осы терминнің ҧғым белгісін қаншалықты ашып тҧрғанын анықтау қажет. Мысалы, триер – ежелгі гректердің әскери кемесі.
Ҧғымдарды тиімді қалыптастыру ҥшін мынадай методологиялық талаптарды сақтау қажет:
ҧғымды қалыптастыру процесінде нақты тҥсініктер мен образдардың ролін ескеру керек. Мысалы, «Қҧл сату» картинасын кӛрсету отырып мҧғалім оқушыға қҧлдыққа тҥсу жолын, оның еңбегінің қайда қолданылғанын айту арқылы «қҧл»,
«қҧл иеленушілік мемлекет» ҧғымын қалыптастырады.
Терминді алдын ала енгізу мҥмкіндігі мен оны кейін жҥйелі тҥрде ашу белгілерін ойластыру керек. Мысалы, «тап» терминін қҧл→ қҧл иелеріне тҥсінік беру арқылы ашамыз.
фактілерді жҥйелі және ӛзара байланыста игеру, оны теориялық тҧрғыда қорыту. Мысалы, ауыл шаруашылығында капитализмнің дамуын Европа мен Ресей арқылы салыстыра отырып капитализм ҧғымын тереңдетеміз.
теориялық ҧғымдар жекелей емес бҧрыннан бар белгілермен байланыста оқытылуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |