Жоспар: Кіріспе


Ғылымның негізгі  даму кезеңдері



жүктеу 37,97 Kb.
бет3/7
Дата09.01.2022
өлшемі37,97 Kb.
#31979
1   2   3   4   5   6   7
4 Ғылымның дамуының негізгі дәуірлері

Ғылымның негізгі  даму кезеңдері

        Зерттеуші ғалымдар ғылымның даму кезеңдері туралы әр түрлі пікірлер айтады. Олардың бір тобы ғылым көне заманда қалыптасты десе, енді бір ғалымдар ғылым қоғамның ерекше саласы ретінде Жаңа Дәуірде пайда болды деп тұжырымдайды. Біздің пікірімізше, ғылымның даму кезеңдері туралы мейлінше дұрыс пікірді ұсынған қазіргі заманғы Ресей ғалымы В.В.Ильин. Ол ғылымның дамуын классикалық, классикалық емес және неоклассикалық емес деп жіктейді. Бұл жіктеуді ғылымның классикалыққа Дейінгі кезеңімен толықтырған дүрыс секілді деп ойлаймыз. Себебі, классикалық ғылым кезеңіне дейін ғылым ұзақ уақытқа созылған «нағыз ғы- лымға» дейінгі қалыптасу кезеңінен өтті. Алғашқы қауымдық қоғам дамуының мыңжылдық практикасы ғылым ды қалыптастыра алған жоқ. Білім күнделікті өмірдің қажеттіліктері қанағаттандыруға ғана бағытталып, одан жоғары кетеріле алмады. Алғашқы қауымдық қоғамда өмір сүрген адамдар дүние туралы білім жинамады деуге болмайды, бірақ заттар туралы объективтік білім оларды субъективтік қабылдаумен тығыз байланысты еді, яғни, объективтік білім элементтері мен субъективтік сана арасында шекара болмады, табиғат құбылыстары адам және оның өмірімен байланысты түсіндірілді. Адам ойы таза теориялық білім деңгейіне көтерілуі үшін оның дәстүрлі практикалық бағытталғандығын бұзу қажет еді. Ескі сананы күйрету санаға тікелей әсер ету арқылы емес, сана бейнелеп отырған дүниені түбірімен қайта түсіну арқылы жүрді. Дүниеге деген жаңа көзқараста заттар адамға байланысты емес, объективті, заттар мен адам жеке-жеке, бір-біріне қатысты, бірақ тәуелсіз, нәрселер ретінде пайымдалды. Осындай ерекшелік көне гректерге тән еді. Ғылымды зерттеуші ғалымдардың бәрі дерлік ғылымның отаны көне Греция деп мойындайды. Гректер Египет пен Вавилон империяларында бірнеше жүзжылдықтарға созылған соғыстардан аман қалған, ұзақ уақыт ескерілмеген білімдерді қабылдап алды және жәй қабылдап қана қоймай, өздерінің ақыл-ойының, ойлау қабілетінің күштілігі арқасында өздерінің білімдерін қоса отырып жаңа дәрежеге көтерген, оларға абстрактылық және рациональдік сипат берген халық болды. Ғылым дамуының классикалық кезеңі ХVІ-ғасырдан басталды деуге болады. ХVІ-ғасыр – адам рухының қайта өркендеген кезеңі. Қалалардың көбеюі адамның сезімдері мен өмірлік құндылықтарының жаңа деңгейде дамуына оң әсерін тигізді. Университеттер пайда бола бастады, олар әлі күнге дейін ғылым ордасы болып есептеледі. Өркендеу дәуірінде елеулі ғылыми жаңалықтар дүниеге келді, осы кезеңде ғылым мен өнерді біріктірген ғұламалар өмір сүрді. Олардың бәрінің есімдерін және олар ашқан жаңалықтардың бәрін бірдей атап шығу мүмкін емес. Ең басты тұлғаларды ғана атасақ: Леонардо да Винчи (1452-1519) – ұлы суретші және қазіргі жаратылыстану ғылымының пионері; Николай Коперник (1473-1543) поляк астрономы, дүниенің гелиоцентристік жүйесін ашты; Джордано Бруно (1548-1600) – әлем біртұтас, шексіз, үнемі өзгеріп отыратын монадолардан тұрады деп тұжырымдады; Галилео Галилей (1564-1642) – Жер айналып отырады, дүниені математика, механика ғылымдарының, ақыл-ойдың көмегімен тануға болады деп пайымдады. Одан бергі ғылымдағы негізгі революциялық жаңалықтар – атом бөлшек-терінің ашылуы, атом бомбасының жасалуы, космосты игеру, ғылым же-тістіктерінің өндіріс саласына көптеп енгізілуі немесе ғылымның өндіргіш күш ретінде қарқынды дамуы, электроника және кибернетика салалары жетістіктерінің адамның өмір сүруін жеңілдету үшін қолданылуы, яғни, ғылымның адамның күнделікті тұрмысында кең орын алуы. Бұл классикалық кезең Галилей мен Пуанкареге дейінгі ХVІ-ХХ ғасыр-ларды қамтиды. Неоклассикалық емес қазіргі кезеңде ғылым жеке салаларға бөлініп кетті. Бұл құбылыс ғылымның дағдарысына әкеліп соқты деуге болады. Оның басты себебі – ғылымның басты мақсаты – жалпы дүние туралы білім жинау екендігі ұмыт болды және дүниені тұтас нәрсе деп қарастыру принципі естен шығарылды, әрбір ғылым өзімен-өзі болып кетті.


жүктеу 37,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау