1.2. Сыныптан тыс тәрбие жұмысы – оқушыларды жан – жақты
қалыптастырудың формасы ретінде
Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік -әлеуметтік және қоршаған ортаға, уақытша балалардың және педагогикалық ұжымның ерекшелігіне, зерделі, әсершіл, заттық шығармашылықты, денсаулықты жақсартатын қызметтердің өзгеше мазмұнына, қарым -қатынас, өзара байланысқа, сондай- ақ, мектептен тыс бірлестіктердің мектеп, жанұялар, балалар мен жастардың қоғамдық ұйымдарымен өзара байланысына сүйенеді.
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары балалар мен жасөспірімдерді қоғамдық өмірге бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтайтын, жаңа жағдайдағы қарым -қатынасқа үйрететін, қызығушылықтар мен талаптарды іске асыратын әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады. Жеке даралық рухани дамуды қамтамасыз ете отырып, сыныптан тыс жұмыстар жасөспірімдерге мектептің отбасының жасайтын ықпалын тереңдету және өрістету үшін жағдай жасап, өз құралдары мен әдістері арқылы оқушылардың тұлғалық дамуына, өзін іске асыруына және жетіспеушілікті толтыруға басқаша қарым қатынас пен тіршілік әрекеттесу жағдайымен мүмкіндіктер қалайды. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының тәрбиелік мүмкіндіктері қалайды. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының тәрбиелік мүмкіндіктері балалар ұжымындағы педагогикалық мүмкіндіктердің айтарлықтай дәрежесіне байланысты. Бұл жағдай бірқатар педагогикалық зерттеулерде (О.С. Газман, Т.В. Говорун, Г.С. Голиневич., Б.Я. Гиндис., Л.М. Иванова., Е.К. Касайкина., Н.К. Гравинин., М.Б. Коваль т.б.) жан жақты қарастырылған.
Балалар ұжымдарына тән белгілерді (сыныптан тыс жұмыстарда қалыптастыруға болады деп айтқан педагог – ғалымдар (И.П. Иванов, В.М. Коротов., Л.И. Новикова., В.А. Сухомлинский т.б.).
Балалардың қоғамдық бірлестіктері қызметіндегі тәрбие теориясы мен әдістеріне арналған алғашқы ғылыми жұмыстар (А.М. Гукасова., Н.М. Коротов., Г.В. Колчина., В.В. Прокомев., А.П. Сперанский) 1950 жылдарының соңында басталды. Бұл кезде жүргізілген зерттеу жұмыстарының материалдары мен түйіндері сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының жаппай көпшілікті түрін іске асырушы ұйымдар даму тенденциясында қарама -қайшылықтардың орын алғандығын көрсетеді. Атап айтқанда, бір жағынан өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі оқушылар әлеуетінің бірізді көтерілуі байқалса, екінші жағынан әртүрлі ұйымдар әрекетінде бытыраңқылықтың орын алып тәрбие жұмысының жүзеге асу деңгейіне кері әсер жасағаны аңғарылады.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған - балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгерту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру. Соған орай оның негізгі мақсаты - сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу белгілі, бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.
Сабақтан тыс тәрбие жұмысының ерекшелігі төмендегі аталған міндеттерде көрсетілген:
1. Балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзін-өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету. Бұл баланың одан әрі дара дамуының негізі болады. Себебі, тәжірибе көрсеткендей "қиын балада" өзі туралы жағымсыз көзқарас қалыптасқан. Тәрбие жұмысы барысында мұғалімдер оны не күшейтеді, болмаса өзіне деген жағымды әсерлі өзгертеді. Соған орай дұрыс ұйымдастырылған сабақтан тыс тәрбие жұмысы оқу процесіндегі шектеуді жоюға мүмкіндік береді және баланың өзі жөнінде жағымды көзқарастың қалыптасуына, өзінің күш-қайратына сенімінің орнауына жағдай туғызады.
2. Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатысты жағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру, көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағынан әрекеттесу дағдысы қалыптасады.
3. Балада әртүрлі көркемөнер әрекеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптастыру. Оған қызығушылықты баланың дара ерекшеліктерін және қажетті біліктілік пен дағды дәрежесін ескеру негізінде қалыптастыру. Басқа сөзбен айтқанда, сабақтан тыс жұмыста бала өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өздік тұрғыдан ұйымдастыра алуы қажет.
4.Баланың дүниетанымының компоненттері: адамгершілік, эмоциональдық, ерік-жігерін қалыптастыру. Сабақтан тыс жұмыстарында бала адамгершілік түсінік арқылы қоғамдық мораль және мінез-құлық нормаларын меңгереді. Эмоциялық сала шығармашылық әрекетте эстетикалық көзқарас арқылы қалыптасады.
5 Баланың таным қызығушылығын дамыту. Мұндай міндетте сабақтан тыс жұмыс сабақта және сабақтан, тыс әрекеттің сабақтастығын қамтамасыз етеді. Өйткені сабақтан тыс жұмыс сабақтағы тәрбиемен байланысты, мұндай көзқараста ол оқу процесінің нәтижесін арттыруға бағытталған. Баланың таным қызығушылығын дамыту бір жағдайда, ол оқыту процесіне жұмыс істесе, екінші жағдайда, балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді.
Жоғарыда аталған міндеттер сабақтан тыс жұмыстардың негізгі бағыттарын анықтайды. Нақтылы іске, сыныпқа мұғалімнің жағдайының ерекшелігіне байланысты олар нақтыланып, өзгертілуі мүмкін.
Демек, тәрбие жүйесінде олардың қызметі ерекше. Олар тәрбие берудің жалпы жүйесінің ажырамас бөлігін құрайды.
Оқыту сабақтарына қарағанда, сыныптан тыс жұмыс ерікті негізде өткізіледі. Оның бірінші ерекшелігі, міне осында. Оқушылар ынта мен бейімділіктеріне байланысты өз беттерімен әр түрлі үйірмелерге жазылады, сабақтан тыс уақытта өз қалаулары бойынша көп болып және жеке атқаратын жұмыстарға қатысады. Демек, еріктілік, ең алдымен сыныптан тыс сабақ түрлерін еркін таңдап алуды білдіреді. Педагогтар және оқушылар ұжымдарының міндеті - сыныптан тыс жұмысқа оқушылардың ешқайсысын қалдырмай, түгел тарту. Мұны әрине, ешқандай мәжбүрлеусіз атқаруы керек. Бірақ, оқыту сабақтарынан балалардың өз бетімен кетуіне жол беруге болмайды.
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың екінші ерекшелігі оның міндетті бағдарламалар көлеміне байланысты болмайтындығында. Оның мазмұны мен формасы негізінен алғанда оқушылардың ынталары мен талап-тілектеріне, жергілікті жағдайларға байланысты болады. Пәндік және басқа үйірмелердің бағдарламалары шамалық бағдарлық күйде болады. Осы бағдарламалардың және методикалық нұсқаулардың негізінде үйірмелердің жетекшілері нақты жағдайларды және оқушылардың ықылас қалауын ескере отырып жұмыс жоспарын жасайды. Бұл сыныптан тыс жұмыстың мазмұны анағұрлым икемді, мектеп оқушыларының ынтасы мен тілек-талаптарына сай келетіндей етуге мүмкіндік береді.
Оның үшінші ерекшелігі жас шамасы әр түрлі оқушыларды қамтитындығында. Мектеп хорының немесе оркестрінің, көркем-өнерпаздар үйірмелерінің және спорт ұжымдарының жас шамалары әр түрлі болып келетін кұрамы сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруға және өткізуге кедергі бола алмайды. Керісінше, әр түрлі сыныптардың оқушыларын біріктіре отырып, сыныптан тыс сабақтар бүкіл мектеп ұжымының топтаса түсуіне себепші болады. Әр түрлі сыныптың оқушыларын біріктіретін үйірмелерде ересектеу балалардың өзінен кішілерге қамкорлық жасауларына, жолдастық өзара көмекті өрістетуге жақсы жағдай туғызылады. Сыныптан тыс жұмыстың төртінші ерекшелігі онда өз бетімен айналысудың басым болуынан көрінеді. Үйірмелерде, спорт ұжымдарында, көркемөнерпаздар ұжымдарында балалардың өз беттерімен жұмыс істеулеріне кең мүмкіндіктер беріледі. Оны, әрине, педагогтар бағыттап отырды, бірақ оқыту сабақтарынан ерекшелігі - оны негізінен мектеп оқушыларының өздері ұйым-дастырады. Сыныптан және мектептен тыс сабақтарға басшылық жасау инициатива мен дербестікті дамытумен үйлестіріледі. Оқушы ересектеу болған сайын оның инициативалылығы мен дербестігі толығырақ жан-жақты көрініс береді. Олар әр түрлі үйірмелерге, клуб типтес бірлестіктерге қатысушылар ролінде ғана емес, сабақтан тыс істерді ұйымдастырушылар ролінде де көзге түседі. Жоғары сынып оқушылардың бастауыш және орта сыныптардың оқушыларын біріктіретін үйірмелерге және студияларға жетекшілік етуі де жиі кездеседі.
Қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс тәрбие жұмысының бесінші ерекшелігінің мәні ондағы қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің сыбағалы салмағының артқандығында. Егер біраз уақыт бұрын сыныптан тыс жұмыста өзара сөйлесу және көңіл көтеру формалары басым болып келсе, қазір ол коғамға пайдасы мол бағытқа не болып келеді. Соның нәтижесінде ол мектеп оқушыларына, әсіресе жоғары сыныптарды кәсіптік бағдар берудің өте маңызды да ықпалды құралы ретінде көрініп отыр.
Оның алтыншы ерекшелігі – формалар мен әдістердің сан алуандығы. Сыныптан тыс сабақтардың барлық формалары мен әдістерін санап шығу өте қиын және мүмкін емес. Ең алдымен, өнерпаздар клубтарын және ғылыми қоғамдарды құруды көрсеткен жөн. Қоғамға пайдалы іс-әрекеттерді ұйымдастырудың, мектеп оқушыларының мәдени дүниетанымын көтерудің формалары алуан түрлі бола түсті.
Өкінішке орай, сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда әлі де болса айтарлықтай кемшіліктер кездеседі. Қейбір мектептер үшін бұл жұмыстың жеке бағыттарын ғана дамыту тән болып отыр. Мәселен, кейде педагогтар мен оқушылар ұжымдары өз күш-жігерін дене тәрбиесін немесе эстетикалық тәрбиені ұйымдастыруға ғана бағыттайды. Енді біреулерінде енбекке тәрбиелеуге, ғылыми-техникалық творчестваны дамытуға ғана баса назар аударылады. Комплексті түрде тәрбиелеу - балалардың жан-жақты дамуын талап етеді. Сыныптан тыс жұмыстың бір бағытын арттыру оқушылардың ынтасы мен бейімділіктерінің жан-жақты дамуын тежейді, баяулатады. Педагогтар ұжымдарының кезек күттірмейтін міндеттерінің бірі - мектеп ұжымдары іс-әрекеттерінің барлық негізгі бағыттарын дамытуды қамтамасыз ететін жүйе құру.
Кейде сыныптан тыс жұмысқа оқушылардың барлығы емес, актив қана тартылады. Басқалары, ең алдымен қиын мінезді балалар, сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылған әсер ету өрісінен тыс қалады. Ал алдыңғы қатарлы мектептердің тәжірибесі болса, мұндай балаларды сыныптан тыс қызықты жұмысқа тартуда, оларды қайта тәрбиелеуге, сабақтан тыс уақытта бірлескен ұжымдық іс-әрекетке деген ынтаны арттыруға көмектеседі. Тәрбиені комплексті түрде жүргізуді жүзеге асыру оқушылардың ешқайсысын қалдырмай, бәрін сынып жұмысының түрімен қамтуды көздейді.
Қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс жұмыстың жетінші ерекшелігі - оның бұқаралығы. Ол табиғатты, техниканы өнерді сүйетін жеке балаларды ғана емес, барлық оқушыларды қамтиды. Оның бұқаралық формалары топтық және жеке-дара сабақтармен толықтырылып отырады.
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында оқушылардың еңбек тәрбиесі мәселесіне теориялық -әдістемелік тұрғыда жүргізілген зерттеулерде кездеседі.
Айталық, Б.Н. Буттов оқушыларды қоғамдық пайдалы жұмыстарға тарту арқылы олардың белсенді ұстанымын тәрбиелеу процесін қарастырады.
Автор мұнда сыныптан тыс жұмыстың мынадай негізгі бағыттарын бөліп көрсетеді:
1) Қоғамдық пайдалы жұмыс: өндірісті еңбекпен әртүрлі нысандарда абаттандыру;
2) Өзіне – өзі қызмет көрсету шаралары. Осы жұмыстардың тәрбиелілік тиімділігі дәйектелді.
А.П. Жильцов ауылдық жердегі оқушылардың жақсы еңбек пен демалысын ұйымдастыру, қоғамдық пайдалы жұмыс әдістері мәселені бірінші болып зерттеу жұмысын жүргізеді.
А.П. Сперанский оқушыларды сыныптан тыс жұмыстарда политехникалық тұрғыдан дайындау міндеттерін қарастырады.
Көптеген зерттеушілер сыныптан тыс жұмыстың тәрбиелік әлеуметтік балалар мен жасөспірімдердің танымдық қызығушылықтарын қанағаттандырып, оларды одан ары қарай дамытудағы мүмкіндіктерін ашуға жұмыстар жүргізген. Айталық, З.А. Барышникова, А.А. Бордай, Н.В. Добрецова, И.И. Кинев К. Н., Травинин, А.С. Хоптяр т.б. балалар мен жасөспірімдердің танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін тәрбиенің тиімділігін арттыру жолдарын қоршаған табиғи, әлеуметтік және мәдени орта мүмкіндіктерін барынша пайдалану жағдайларымен байланыстырып қарастырады.
Балалардың жеке даралық (дербес) шығармашылығын дамыту мәселелеріне Э.Б. Абдуллин мен Л.М. Целищева зерттеулер жүргізеді. Авторлар мезгілдік бірлестіктердегі саз өнеріне балалардың қызығушылықтарын ояту мен музыкалық білім дарыту және дамытуда ажыратылымды амалды пайдаланып оқытуды ұйымдастырудың мүмкіндіктері мен тиімділіктерін ашады. Балалардың жаппай -көпшілікті музыкалы-эстетикалық тәрбиесінде сыныптан тыс жұмыстың мектептер, мәдени ағарту мекемелері жүргізген жұмыс әдістері қарастырылады. Авторлардың жасаған көптеген ұсыныстары жаппай-көпшілікті ұйымдар т.б. мекемелер жұмыс тәжірибелерінде мақұлдаудан өтіп қолданысқа алынады.
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында балалардың ойын элементтерін пайдалану мәселесі де арнаулы зерттеу нысанына айналады. Мәселен, зерттеуші В.А Шмаков шығармашылдық сюжетті-рөлді ойын түрлерін жетілдіріп оларды жазғы жұмыс тәжірибелеріне қолдануды жүзеге асырады.
Тәрбие жұмыстары мен еңбек міндеттерінің өзгеше ерекшеліктері; лагерлердегі педагогтар құрамы (мектеп оқытушылары қатарынан басымдықтағы жасақталуы), жұмыс түрлерінің күрделенуі мен әуестенушілік, лагерлердің жарым жартылай (бірен-саран) өз шығындары, өздері өтеушілік, өзін-өзі басқару, өзгеше салт жолдарды пайдалану, жас шамаларына қарай және соған лайықты теория әдістерін пайдалану мәселелеріне П.Н. Дербенов, Н.Г. Ничкало, А.Н. Тубельский, В.Г. Ижицкий М.Р. Углицкая т.б. зерттеу жұмыстарын жүргізген.
Өткен ғасырдың соңғы он жылдықтар аралығында Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы елдерінің ғалымдары сыныптан тыс жұмыста бірқатар жұмыстар орындалған. Ол еңбектерде сыныптан тыс жұмысының мынадай бағытары қарастырылған:
- Сыныптан тыс жұмыстардың қалыптасу даму тарихындағы ерекшеліктер (Н.К.Беспятова , А.Т. Малый , Л.П. Матковковская М.Б.Коваль , Б.И.Каюмов , Ф.А.Фрадкин, В.А. Капранова,)
- Сыныптан тыс жұмыстар қызметін басқаруды жетілдіру (Грекова О.)
- Сыныптан тыс жұмыстар қызметі арқылы оқушы жасөспірімдердің қоғамдық саяси белсенділігін дамыту (И.Н. Цымбалюк , Л.Ю. Садыкова , Н.А. Антыгина, М. Куранов, Н.И. Меняев)
- Сыныптан тыс еңбек тәрбиесі (Ю.Г.Палория, А.И. Ковалева, Л.И. Каучукова, Н.А. Запорожец, М.А.Углицкая)
- Сыныптан тыс жұмыстардағы адамгершілік тәрбиесі (Л.А.Оралова , Қ.Т. Әтемова, И.К. Тен, И.Н. Минибаева)
- Мектептен тыс мекемелер мен әлеуметтік тәрбие мекемелері арасындағы өзара ықпалдасудың (П.Д. Георгива, Г.И. Миячев, С.А. Михайлович , Р.П. Виркус) педагогикалық проблемалары олардың кейбір шет елдік тәжірибелері - зерттелген бағыт;
- Атеистік тәрбие проблемалары (А.И. Пак) эстетикалық тәрбие (А.С. Каргин, Л.И. Шалахов )
- Өз бетінше білім жетілдіру мен әуесқойлық тәрбиесі (Каразян Л.Ю., В.В. Политова, Л.Г. Садыкова ) Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы елдерінің ғалымдарының жүргізген осы зерттеу жұмыстарындағы бағыттарды үш топқа бөліп қарастыруға болады. Олар:
- сыныптан тыс тәрбие жұмысы тарихын зерттеу бағыты,
- сыныптан тыс тәрбие түрлері салаларына жүргізілген, яғни сапалық тұрғыдағы зерттеулер. Мұндай жұмыстарда сала бойынша жетістіктерді асыра дәріптеу орын алған, яғни жұмыстың бұл бағытында жеткен жетістіктерге арналған еңбектер очерк сипатында орындалған.
- Сыныптан тыс жұмыстар қызметін басқару яғни оның теориялық мәселелерін зерттеуге жүргізілген еңбектері.
- Сыныптан тыс жұмыстарда тәрбие қызметі жүйесін балалардың субъективті ұстанымына қарай олардың және дербес болмысымен санасып, азаматтық тұлғалық саналылығын, физикалық және рухани жетілуін олардың жеке даралық қызығушылықтарын ескере отырып, дамыту мақсатын анықтауға қажетсінеді.
- Сыныптан тыс жұмыс формаларының әр алуандылығы мен типтері балалар мен олардың ата-аналар мұқтаж- мүдделерін қамтамасыз етуге себепші болып олардың шығармашылық қабілеттерінің ашылу мен дамуына толық жағдай қалайды.
Ұйымдастырушылық құрылымдардың бейімделгіштігі тұрақты және мезгілді бірлестіктерді т.б. құруға және алуан түрлі клубтық формаларды пайдалануға мүмкіндік береді.
Балалар мен үлкендердің өзін-өзі басқаруы ұжымдық шығармашылық тәрбие негізінде қосымша білім беру ұйымдары жұмысы мазмұны жанданады. Ұлттық, аймақтық шарттармен табиғат факторларын ескеру балалардың талаптауларымен салауатты-сауықты т.б. қызметтерін ұштастырудың сапалық кепілі болып табылады.
Сыныптан тыс жұмыстағы тәрбие іс-әрекеттерін басқаруды дамыту балалар мен ересектердің шығармашылық ынтымақтастығы қатынастары негізінде -және оны өзін өзі басқарумен ұштастыру арқылы іске асады.
Ал енді Қазақстандағы мектептен тыс тәрбие жұмысының (мектептен тыс мекемелердін) қалыптасып даму мәселелеріне тоқталатын болсақ Қазақстан Республикасы тәжірибесінен олардың қалыптасуымен даму жолының тарихи-педагогикалық проблемасына арналған Л.К.Ибрашева мен Н.М.Сагитова, А.П. Романовтардың ғана еңбектері бар авторлар республикадағы сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының қалыптасуы мен даму және жетілдіру тарихының ғылыми негізін жасауға салалық тұрғыдан іздену жұмысын жүргізген Қазақстандық алғашқы ғалымдар. Авторлар республикадағы қалыптасқан ерекшелік жағдайға сай сыныптан тыс тәрбие жұмысының пайда болу, қалану, даму жолдарын, кезеңдерін айыра отырып, осы мекемелер кызметтеріне сипаттама береді.
Қазақстандық ғалымдар арасынан бұрынғы қоғамдық құрылымның әр түрлі тарихи даму кезеңдерінде мектеп пен балалар ұйымы қозғалысының өзара байланысының қалыптасуына, оку-тәрбие жұмыс формаларын талдауға арналған Р.Д.Иржанова мен Б.Ы.Мұқановалардың еңбектері бар. Еңбектерінде негізінен көтерілген басты мәселе балалар ұйымы қозғалысының Қазақстанда пайда болғанынан бастап (1922-1934 жж. Р.Д. Иржанова) сабақтасты түрде (1935-1915 жж С.Ы.Мұқанова, тарихи кезеңдердегі оның мектептегі оқу-тәрбие жұмыстары мазмұны мен әдістерін түрлендірудегі орны болып табылады.
Балалар мен жасөспірімдеге жүргізілетін тәрбие түрлерінін жеке салалық қызметінін даму тарихы ондағы тәрбие факторларының (мектеп, пионер ұйымы, еңбек ұжымдары, әлеуметтік ұйымдар т.б.) өзара ықпалдасу, бірлесіп жұмыс жүргізу мәселелеріне арналған сыныптан тыс жұмыстар тарихына қатысы бар еңбектер де бар.
Олардың арасынан Н.И.Қойшыбаева. К.Ж. Қожахметова, И.А.Әділханов, Г.И.Мұхановалардың жұмыстарын атап өткен жөн. Әсіресе Н.И.Қойшыбаеваның Қазақстан оқушыларының әлеуметтік-азаматтық көзқарасының қалыптасуына (1935-1945 жж.) пионер ұйымдарының жасаған ықпалын көрсетуге арналған еңбегінің мәні бар. Өйткені автор балалар ұйымдары қызметінің балалардың өзін қоршаған ортаға, ондағы әлеуметтік-саяси құбылыстарға қатынасының белсенді формасынан олардың сана- сезімі мен сенімдерін қалыптастыратын алып құралы деңгейін дейін көтерілуінде сыныптан тыс жұмысының үлкен ролінің болғандығын атайды. Мұнда сыныптан тыс жұмыстар балалар тәрбиесін, оған жетекшілікті жүзеге асыруға жәрдем әсер жасаушы көптеген факторлардың бірі ретінде ғана сипатталған. Ғалым К.Ж.Қожахметова оқушыларды еңбекке тәрбиелеу оқыту- жұмысындағы мектептің отбасы және еңбек ұжымдары мен бірлесіп жүргізген ұзақ жылдардағы (1931-1958 жж.) тәжірибелердің қалану мәселелерін талдайды. Еңбек тәрбиесі формалары мен әдістерін жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстардың бір профильді, яғни мамандандырылған жас натуралистер мен техниктер стансаларының балалардың шығармашылдық дамуына (өндіріс саласына, техникаға, ғылымға), қалыптасуына (техникалық шығармашылық ойлау), тәрбиелеуіне (еңбекке, екбек адамына деген құрмет) жасаған ықпалдық және көмек беру рөліне аз-кем тоқталып кетеді.
Алайда барлық жоғарыда аталған жұмыстарға тән кемшілік бұл еңбектеде қайталанады. Яғни сыныптан тыс жұмыстар балалар тәрбиесі мен оған жүргізілетін жетекшіліктің тиімділігін көтеруде оны жүзеге асырушы факторлардың қатарында көрсетілумен қалады. Мектеп оқушыларының жалпы орта білім беру оқу жүйесіне көшу жағдайында олардың еңбекке дайындығы мәселесі тарихи мәселесіне орындалған Г.И. Мұханованың еңбегі бар. Жұмыста қарастырылып отырған тарихи кезеңде пайда болған мектептен тыс мекемелерді типті “Жас табиғат достары еңбек және демалыс лагері” және оның республика бойынша саны және оған қала балаларының қамтылу шамасы бұл еңбекте көрсетілген. Алайда бұл лагерьдің өлкетанушылық функциясы мен оның жұмыстық формалары олардың еңбек тәрбиесіндегі педагогикалық мүмкіндіктері ашылмай қалған. Себебі лагерь жұмысы автордың жеке іздену нысаны емес. Сол сияқты И.А. Әділханов оқушылар дружиналарының саяси - идеалық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибелерін талдауда оқушылар ұйымы мен үйлері, сарайы арасында байланыстардың болғандығын мәліметтеумен шектеледі.
Қазақстандағы сыныптан тыс тәрбие жұмыстары мәселесін тереңдете қарастыруда және оны қажетті деректермен байытуда Казақстандағы мәдени-ағарту жұмыстары мен мәдени құрылыстарына байланысты белгілі жекеленген тарихи кезеңдерге арналған тарихшылардың (С.Б. Баишев , Р.Б. Сүлейменов, X.Бисенов, М.Абдукадиров, В.Г.Макаров, Б.А. Амантаев, Е.Ш.Қуандықов, А.Ғ.Ибраева, Ш.Ж.Таукебаева, В.П. Гноевых, Т.П.Ибраев, Е.А.Касаткина, А.Н.Құдайбергенов, Л.Ш. Баширова, Ф.К.Қайырханова, А.В.Горелова, Б.Э.Қалдыбеков, Е.Ш. Қуандыкова, А.Б. Муритова, Т.З. Рысбеков , В.В.Назаров, М.Т. Арынова, А.Б.Әлмаханова, З.О. Дүкенбаева, Т.Я.Сатпаев, X.Табылдиев) еңбектерінің тигізетін пайдасы бар. Бұл ғалымдардың еңбектерінде Қазақстандағы мәдени-ағарту мекемелерінің типтері, жұмыс формалары мен әдістері, мазмұндары, мәдениет, ғылым мекемелерінің пайда болуы, олардың басқару жүйесі құрылымы, өкілеттілігі, міндеттері, қалыптасу жолдары қаралады. Еңбектерде Қазақстан мәдениет құрылысы мен мәдени-ағарту жұмыстарының қалыптасып дамуына ерекше үлес қосып өзіндік тарихи із қалдырған белгілі мемлекет, қоғам қайраткерлері мен мәдени-ағарту ісінің алғашқы ұйымдастырушылары, қайраткерлері туралы мәліметгер мен құнды деректерде кездеседі. Еңбектің жалпы құндылық жағы Қазақстан ерекшелік жағдайыңда мәдени-ағарту қызмет түрлерінің шығу алғышарттар себебі мен мүддесінің тәрбиелік тарихи мәндерінің көрсетілуінде. Ғалымдардың еңбектерінде мәдени-ағарту жұмыстарының мәні мен онын қоғамдық рухани-мәдениетті көтерудегі орны, мәдени-ағарту жұмыстары құралдары арқылы халық сұранымдарын қанағаттандыру амалдары оларды ұйымдастыру ерекшеліктері, мәдени қызметті ұйымдастырудың негізгі формалары қарастырылған.
Тәрбие теориясы мәселелеріне еңбек жазған Казақстандық ғалымдардың еңбектері де сыныптан тыс жұмыстары мәселелеріне теориялық – әдіснамалық тұрғыдан сүйеніш жасауға (С.А. Ұзақбаева, М.Х. Балтабаев., К.К. Жанпейсова, Л. Керимов Б.Ы. Мұханова., Г.К. Нұрғалиева т.б.) үлкен септік жасайды. Сыныптан тыс жұмыстардың ұрпақ тәрбиесіндегі тарихи педагогикалық орнын көрсетуде, бұл проблеманы ғылыми әдіснамалық дәлдікте шешуде Қазақстандағы мәдениет, өнер, шығармашылық одақтар, мәдениет және өнер кадрларын даярлау мәселелеріне арналған Қазақстандық ғалымдардың ғылыми еңбектері де үлкен роль атқарады.
ІІ Тарау. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында оқушыларға
тәрбие берудің жолдары.
Достарыңызбен бөлісу: |