Үтіртөбе қаласы
Орындаған: Абламит Ә
Қабылдаған: Валиева Г
Жопар: Жопар: Тарихи өлкетану саяхатының оқушыларға тигізер пайдасы - Өлкенің тарихы мен ескерткіштері туралы ғылыми зерттеу еңбектерімен таныстыра отырып, тарих ғылымына тың жаңалықтар енгізуге талпындыру; - Өлке тарихын зерттеу барысында танымдық қабілетін дамыту; - Өлке тарихын зерттей отырып, оқушы бойында ғылымға қызығушылығын ояту; - Оқушының шығармашылық мүмкіншілігін тудырып, өзіндік жұмыстар орындау барысында өз білімін көтеруін ұйымдастыру; - Туған өлке тарихын зерттеп, оның материалдарын күнделікті сабақта қолдана білу; - - Өлкенің тарихы мен ескерткіштері туралы ғылыми зерттеу еңбектерімен таныстыра отырып, тарих ғылымына тың жаңалықтар енгізуге талпындыру; - Өлке тарихын зерттеу барысында танымдық қабілетін дамыту; - Өлке тарихын зерттей отырып, оқушы бойында ғылымға қызығушылығын ояту; - Оқушының шығармашылық мүмкіншілігін тудырып, өзіндік жұмыстар орындау барысында өз білімін көтеруін ұйымдастыру; - Туған өлке тарихын зерттеп, оның материалдарын күнделікті сабақта қолдана білу;
Ортағасырлық Үтіртөбе қаласы Түркістан облысының Жетісай ауданындағы Үтіртөбе ауылынан 12,1 шақырым солтүстік-шығыста, Сырдария өзенінің сол жағасынан оңтүстікте 2 шақырым жердегі Сорөзектің жағасында орналасқан. Жылдың 2-3 айынан басқа айларында Сырдың суы тасып, топан судың ортасында қалатын қала үстін қамыс пен жыңғыл басып жатыр.
Қаланың ежелгі атауы белгісіз, ешқандай жазба деректерде кездеспейді. Жергілікті халық бұл ортағасырлық қаланың атауын Үтірлі немесе Үтірлітөбе, Үтіртөбе деп те атайды. Үтірлі атануы «Ұтырлы» деген сөзден шығуы мүмкін дейді ғалымдар. Өйткені, «Ұтырлы» – қазақ тілінде ұтымды, ұтқыр, қолайлы деген мағынаны білдіреді.
Бұл қаланың тіршілікке жайлы, тоғыз жолдың торабында, қолайлы жерге орналасуынан шығуы мүмкін. Ал, Үтірлітөбе, Үтіртөбе атануына келсек, қазіргі кезде қаланың пішіні «үтір белгісіне» ұқсас болғандықтан жергілікті халық осылай атап кеткен.
Ортағасырлық Үтіртөбе қаласының географиялық орналасуы шынында да заманында қаланың әлеуметтік-экономикасын, мәдениетін дамытуда қолайлы болған. Археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген ғалымдардың мәліметінше қаладан шығыс, солтүстік-шығысқа қарай жол Сырдан өтіп Чиначкентке (Шыназ), одан әрі Орта Азияның ірі орталығы – Шашқа (Ташкент) барған. Ал, Сырдың сол жағалауымен жоғары қарай өрлеген жол Хожентке жеткен. Сырмен төмен қарай жүрген тағы бір негізгі бағыт Сүткент қаласы арқылы өтіп Оқсызға (Весидж) барған. Одан әрі жол жан-жаққа (Яссы-Сауран-Сығанақ, Испиджаб және Орталық Қазақстан бағыттары) тармақталады. Ал, қаладан оңтүстік-батысқа қарай «Жызақ жолымен» шыққан тағы бір бағыт Мырзаның шөлін басып өтіп Жызаққа, одан әрі Самарқан, Бұхараға жеткен.
Достарыңызбен бөлісу: |