Қарым-қатынастың жазбаша түрін жетілдіру үшін жеке электронды хат, хабарлама, ашықхат, шақырулар жаздыру ұсынылады.
II. Қарым-қатынастың оқу-кәсіби саласы төмендегі тақырыптарда беріледі:
1. «Болашақ маманның кәсіби қабілеттері», келесі тақырыпшаларда ашылады: «Оқу дәрістері»; «Жұмыс күні»; «Оқуға/жұмысқа деген көзқарас»; «Болашаққа арналған жоспарлар». Аталмыш тақырыпшалар типтік жағдаяттар, рөлдік ойындар секілді мәдениаралық-коммуникациялық технологиялар арқылы жүзеге асырылады.
Қарым-қатынастың ауызша түрін жетілдіру үшін келесі типтік жағдаяттар ұсынылады:
1. «Менің болашақ мамандығым: бүгіні мен ертеңі» тақырыбына әңгіме.
2. Оқу пәндері туралы пікірталас: қолдау және қарсы шығу дәлелдері. Менің сүйікті пәнім.
3. Шетелдік құрдастарыңызбен екі елдің оқу үрдісін, оқу пәндерін, университет өмірін ұйымдастыру туралы әңгімелесу: ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау.
Достарыңызбен бөлісу: |