108
шаршаған, бірақ өзінің мақсатына жетуді тоқтатпаған. Өз
мəселесінен шыға алмау жағдайға объективті түрде қарауға
кедергі болады. Уақытша зейінін ауыстырып, мақсатына
ұмтылуды тоқтату керек – сонда мəселе өздігінен шешіледі.
Жасыл + көк: адасу
Стресс эмоционалдық қанағаттанбаудан жəне киындық-
тармен күресу қабілетінің төмендеуінен туындайды. Ерік-жігері
əлсізденіп, адам өз позициясын жүзеге асыруға тырысады. Адам
қолдауды қажет етеді. Достарының көмегінсіз жағдайды
жақсарту үшін ештеңе жасай алмайды.
Жасыл + қызыл: көмексіз бүлік
Адам өзіне тым жоғары, ойға сыймайтын талап қоятын
араласатын адамдарының мінез-құлығына көңілі толмайды.
Бірақ ол қарсылық көрсетіп жағдайды түзете алмайды. Бұл оның
жүйкесін жұқартып жүрек қан-тамырларына күш түсіреді. Оған
күресті тоқтатып демалуы қажет.
Жасыл + сары: өмірді «кейінге қалдыру»
Стресс шешім қабылдаудағы сенімсіздікпен шақырылған.
Үміттің үзілуі қатты түңілдіріп жəне өзіне деген сенімсіздікті
шақырады. Адам болашақта жағдайдың жақсы жаққа қарай
өзгеретіндігіне сенбейді, сондықтан да кейінге қалдырады.
Жасыл + күлгін: төмендету, кемсіту
Адам айналасындағылармен өзара түсіністікке келе
алмайды. Оған ешкім оны жақсы көрмейтіндей, сыйламай-
тындай, бағаламайтындай көрінеді, сондықтан да өзін төмен
сезінеді. Оның пікірі бойынша, ол қиындықтармен жалғыз
күресуге қабілетсізбін деп ойлайды. Барлығын осы қалпында
қалдырып, өмірге ренжудің қажеті жоқ.
Жасыл + қоңыр: өзіне деген сыйластықты талап етудің
нəтижесіз болуы
Адамды басқалармен қатынасына көңілі толмайды. Оған
оны жеткіліксіз түрде сыйлайды деп ойлайды. Адам өзін
басқалардан бөлініп көрінгенін қалайды.
129
құлақ салу... Отбасылық дəстүрлі мерекелер ұйымдастыру...
Олардың орнына өздеріңізді қойып сөйлесу... Ата-анаға деген
сыйластықты тəрбиелеу... Отбасылық демалыстарға бірге
бару... Ата-аналар психолог болуы керек, баланың ішкі əлемін
түсіну керек... Балаларда жақсы қасиеттерді тəрбиелеу...
Балаға дос болу, бірақ ата-аналық беделді жоғалтпау...
Əкесінің тəрбиесі де керек... Өзінің əрекеттерінің дұрыс
еместігіне сендіру...»
Бала агрессиясының алдын алудың маңызды кең тараған
шарасы ата-аналардың пікірі бойынша – психологтың жұмысы.
Психологтың бала агрессиясының алдын алу бойынша жұмысы
ата-ананың ойы бойынша – бұл агрессивті балалар мен оның
отбасын зерттеу, олармен əңгімелесу жəне балаға жəне оның
отбасына психологиялық көмек көрсетуде.
«Мектепте психолог қызмет етуі керек... Жақсы психо-
логиялық тəрбиелеу. Психолог баланың мəселелерін шешуге
көмектесуі керек. Балаға əртүрлі жағдайларды өзін қалай
ұстау керектігін түсіндіру. Ең алдымен, психологтың қызметі
көмектесер еді... Мектепте, көшеде балаларға түсіністікпен
қарау керек... Психолог балалармен мектепте, көшеде кездескен
мəселелері туралы сөйлесуі керек. Агрессивті бала отбасымен
жұмыс жасау... Осы отбасындағы тəрбиелеу əдістерінің
ерекшелігін зерттеу... Баламен сөйлесудің жолын табу...
Түсіндіру əңгімелерін жүргізу... Алдын алу жəне түзету үшін
себептерін білуден бастау... Психологқа бару, баламен
жақындасуға тырысу... Психолог ата-аналарға балалардың
агрессивтілігі бойынша кеңес беру... Оның ішкі жағдайын
түсіну мақсатында, баламен көбірек қарым-қатынас жасау...
Баланың қабілетінен жоғары талап етпеу».
Мектеп жасындағы бала өзінің уақытының басым бөлігін
мектепте өткізеді, оның қарым-қатынас жасау шеңберінде оқу
үдерісінің қатысушылары басым келеді (мұғалімдер, сынып-
тастары, мектептің əкімшілігі жəне т.б.). Мұны ата-аналар
төмендегідей түсіндіреді: баланың тұлғасына жəне мінез-құлы-
ғына сыныптастары мен мұғалімдері үлкен ықпал жасайды.
128
17-кесте.
Сіздің ойыңызша, баланың агрессивті мінез-құлығының
алдын алу және түзету үшін қандай шаралар қолдану
керек?
Жауаптардың қосындысы 100% тең емес, себебі респон-
дент жауаптың бірнеше нұсқасын таңдай алады
Балалардың агрессивті мінез-құлығының алдын алу
шаралары саласында маңызды орынды ата-аналар отбасылық
тəрбиеге береді.
«Бала тəрбиесімен жақсылап айналысу керек... Ата-аналар
балаларға уақытын көп бөлуі керек... Баламен əңгімелесуі
керек... Ата-аналардың балаларға мейірімділік көрсетуі... Ата-
аналардың өзіндік үлгісін көрсетуі: дұрыс жүру, шыдамды
болу... Отбасы толық болуы керек, отбасында тыныштық,
келісім болуы керек... Тəрбиелеудің қолайлы тəсілдерін қолдану...
балалармен уақытты көбірек өткізуі... Ең алдымен, баланы
отбасы тəрбиелейді, өзінің мінез-құлығын ата-аналарынан
алады... Жанжал жағдайлардағы мінез-құлық жайлы сөйлесу...
Ең алдымен, бала кезден бастап балаға мейірімділік көрсету...
Ата-аналар
баланың
көзінше
бір-біріне
агрессивтілік
көрсетпеуі керек... Міндетті түрде баланың қоршаған орта-
сын, кіммен араласатынын білу... Кейде баланың айтқанына
Шаралар
жиілігі пайызы
Отбасылық тәрбие
144
55,6
Психологпен жұмыс
44
17,0
Мұғалім мен мектептің әсері 34
13,1
БАҚ-мен жұмыс жасау және БАҚ арқылы
насихаттау
31 12,0
Баланың демалысын ұйымдастыру
26
10,0
Құқытық шаралар
9
3,5
Мемлекеттік саясат
9
3,5
Қоғамдық әсер
7
2,7
Басқалар
6
2,3
Жауап бере алмаймын
41
15,9
Барлығы *
259
135,5
109
Жасыл+ қара: тəуелсіздік жəне əрекеттердің еркіндігіне
ұмтылу
Адам басқалардың оның əрекеттерін шектеуіне көңілі
толмайды, тəуелсіз болуға тырысады. Жағдай күрделі жəне оны
кемсітеді. Жəне ол барлық күшімен осы жағдайдан құтылып
жеке қызығушылықтарын жүзеге асыруға тырысады.
Қызыл түс: өмірлік күш – жігерінің таусылуы
Жүйке жүйесі тозып, адам өз-өзін тез ашуға алдырады.
Жүйке жүйесінің тозуы өмірлік күш жігерінің жетіспеушілігімен
жəне мəселелердің көптігі. Адам өзіне қауіп төніп тұрғандай
сезінеді. Көздеген мақсатына жете алмаймын деген қорқы-
нышты ой адамды жындандыруға жеткізеді. Адамның жүй-
кесінің жұқаруы жəне жүрек талмасы болуы мүмкін.
Қызыл + сұр: əлсіздік жəне уайымшылдық
Бұл түстер жұбы жүйкенің қозуын ұстамшылдыққа
жетелейтінін айтады. Оның қазіргі жағдайы ол үшін тығырықты
жағдай деп есептеледі. Жағдай ойлаған ойын іске асыруына
кедергі жасайды. Адам шешім қабылдауға жүрексінеді жəне
сонымен қатар өмірдің беріп отырған мүмкіндіктерін жіберіп
алғысы келмей уайымдайды. Оның жағдайы қиын жəне оған
демалыс пен босаңсу керек!
Қызыл + көк: бұзылған қарым-қатынасқа бола
қайғыру
Қауіпті жағдай! Адам шаршаған жəне босаңсу жағдайында
емес. Жүрек мəселелерінің бұзылуынан болуы мүмкін. Өте
жақын адамымен табыспай қалу. Адам өзін рухани жəне денелік
тұрғыдан шаршаңқы сезінеді.
Қызыл + жасыл: əлсіз кек
Адам өзгелер тарапынан қойылған талаптарды жөнсіз деп
санап жəне бұл талаптарға наразылығын білдіреді. Бірақ ол
қорғану керек екенін сезінбейді. Бұл жүрек қызметінің
бұзылуын жəне қатты ашуға шақыру мүмкін. Болған жағдайды
ұмытып жəне тынышталу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |