88
149
ҚОБАЛЖУ – анық емес-
тік, белгісіздік жағдайды
сезіну, болуы мүмкін нега-
тивті ситуацияларды кү-
ту, түсініксіз жағдай-
ларды алдын ала сезу.
Қобалжу себебі көбінесе
түсініксіз.
көрінбей, бір белгісіз бағытқа
бағдарланған болуы мүмкін.
Мұғалім балалармен ата-аналар-
мен, достарымен қарым-қаты-
насы, оның жетістіктері туралы
сенімді сөйлесуі керек. Мұндай
балаларға психологтың көмегі
қажет.
9. Кінəлілік агрессиясымен жұмыс
Бала агрессиясын кінəлі адамға бағыттап, өз күнəлік
сезімінен арылуға тырысады. Агрессия сыртқа бағытталып –
ренжіткен адамға бағдарлануы мүмкін. Егер агрессия əкесіне
немесе анасына бағытталған болса, бала оны өз құрдастарына
немесе мұғалімге бағыттауы мүмкін. Егер кінəлаушы адам-
мұғалім болса, онда сыныптағы ең əлсіз балаға шабуыл жасалуы
мүмкін.
Агрессия өзіне бағытталуы мүмкін, «мен жаманмын, мен
кінəлімін, мені жазалау керек» деген ой қалыптасуы мүмкін.
Жаза өзіндік ішкі бұзылуға алып келетін формада болып, қандай
да бір тəуелділіктен, заң бұзушылықтан көрінуі мүмкін.
Мұғалім баланы кінəлау кезінде өзінің жауапкершілігін
сезінуі керек, тəрбиелеу мақсатындағы кінəлау кезінде бала
кінəні сезіп, агрессиясын ішке немесе сыртқа бағыттауы мүмкін.
10. Адекватты емес өзіндік бағалаумен жұмыс
Жүріс-тұрысында қиындықтар бар оқушылар депрессия
деңгейінің жоғары болуымен, стресс, апатия, қобалжудың
жоғары болуымен агрессия, аутоагрессиямен, күнə сезімімен
сипатталады. Бұдан өзіндік бағалаудың адекватты болмауы
(төмен немесе жоғары), өзіне жағымсыз қарауы туындайды.
Мұндай балалардың эмоциясы асқынған, ширыққан түрде
болады.
Түзету жұмысы үшін ширыққан эмоциялық күйді шешу
керек. Түзету жұмысының келесі кезеңдері көрсетіледі:
148
көрермендерге бағытталады. Кейде мұндай мінез-құлық балаға
махаббаттың, көңіл аударудың жетіспеуіне баланысты болуы
мүмкін.
Мұндай əрекетті елемеу керек. Керек болса баланың өз
əрекеттеріне жауап беретінін түсіндіретін санкциялар қолдану
керек.
6. Кек алу агрессиясымен жұмыс
Кек алу агрессиясы дұшпандық, кекшілдік, сенімсіздік
мүмкіндіктерінен көрінеді. Бұл баланың өзара сүйіспеншілік
жетіспейтін берекесіз отбасында өсіп келе жатқанын көрсетеді.
Мұндай балалардың «кілтін» тауып оларға түсіністік таныту
керек.
7. Қорқыныш агрессиясымен жұмыс
Агрессивтілікті шешу баланың қорқыныштарымен жұмыс
жасау арқылы жүруі мүмкін. Мұндай балаларда агрессия
қорқақтықпен сəйкес жүреді. Қорқыныш баланың «жан-жақты
қорғанып, дайын жүруіне» ықпал жасайды.
Бұл жерде психологтың көмегі керек. Мұғалім балаға
қорқыныштың қалыпты жағдай екеніне үйретуі керек.
Сенімсіздік пен дұшпандық баланың мүмкін болар қауіптен
қорғанысы болуы мүмкін. Оның қорқыныштарымен жұмыс істеу
керек. Мысалы, қауіпті жағдайды модельдеп, баланың осы
жағдайды жеңе білуін ойын түрінде көрсетуге болады, əрине
мұндай ойынның соңы баланың жеңісімен аяқталуы керек.
8. Қобалжу агрессиясымен жұмыс
Қобалжу жағдайы көбінесе түсініксіз, сондықтан агрессия
ішке бағытталып, баланың көп тамақ жеуінен, тəттіні көп
жеуінен, сағызды көп шайнаудан, компьютер мен теледидар
алдында босқа отыруынан көрініс табуы мүмкін немесе сыртқа
бағытталып ашу, өсек айтудан көрінуі мүмкін. Агрессия тура
89
90
147
ЭМПАТИЯ – өзін басқа-
лардың орнына қоя білу,
оларды сезіне білу
барғанда агрессивті болады. Оларға шектеу қойып, ережелерді
ойын түрінде үйрету керек.
Педагог мұндай балаларды
қолдап, мамандар бақылауына
жіберуі керек. Мұндай бала өз
мəселесін дұрыс түсінуін қажет
етеді. Мұғалім оған адамдар арақатынасының қыр-сырын, өз
сезімдері мен қалауларын, əрекеттерін түсінуге көмектесуі
керек. Міндетті түрде:
- өз қателіктерін сезінуге;
- өз қатесін басқаларға аудармауға;
- эмпатияға үйрету керек.
4. Көшбасшылық агрессиямен жұмыс
Көшбасшылық агрессия лидерлікке деген эгоистік ұмты-
лыстан, бəсекелестіктен туындайды. Бұл ережені бұзатын, өзін
көрсетуге тырысатын əрекеттерден көрініс табады. Егер бала
бəрімен емес, тек мұғалімдермен, ата-аналармен анайы түрде,
ретсіз сөйлесетін болса, онда бұл оппозициялық-өзіне қаратуға
бағытталған əрекетті білдіреді. Бұл темпераментке немесе отба-
сындағы беделдік тəрбие тəсіліне байланысты болуы мүмкін.
Мұндай оқушыларда эмпатия сезімін тудыру керек,
басқаларды түсіне білуге үйрету керек. Бала лидердің бəрін тек
басқаратын адам ғана емес, сыйлы, құрметті адам екенін ұғыну
керек.
Мұғалім мұндай балалардан көмек сұрап, тапсырмалар
беріп, өз алғысын білдіріп отырса, балада өзін маңызды, қажетті
адам екенін сезіну арқылы дұрыстала бастайды. Егер бала
«шектен шығып жатса», онда мектепте қалыптасқан ережелерді
есіне түсіру керек. Бірақ бір жағынан мұғалім қатал, өз
айтқанында тұруы керек.
5. Демонстративті агрессиямен жұмыс
Балалардың кез келген жолмен өздеріне көңіл аудартуға,
тіпті агрессияға баратын кездері де болады. Олардың агрессиясы
Достарыңызбен бөлісу: |