174
аяқтап болғаннан кейін сөзді жұбыңызға беріңіз, сосын ол
кезекпен өзінің сөзін айтып шығады».
Жаттығу аяқталғаннан соң оны орындауда болған
қиындықтар талқыланады: өз сезіміңізді қай кейіпкерге көрсету
қиынырақ болды, ашуды жəне агрессияны не тудыратынын табу
оңай болды ма? Сосын топ жаттығу барысында болған
сезімдерімен бөліседі.
Керек уақыт
–20-30 минут.
Төмендегі берілген сабақтың мақсаты – мінез-құлықтың
зорлық-зомбылық түрін болдырмау (жоғары сыныптарға
жүргізіледі), топтың тарапынан болатын агрессияға дұрыс
қатынас жасай білуді балаларға үйрету.
«Маятник» жаттығуы
Мақсаты: психологиялық қысымды түсіру, эмпатияны
жəне сенімді қалыптастыру. Уақыт: 10-15 минут.
Ойнаушылар мықты шеңбер жасайды: бір адам топтың
ортасына кіріп тұрады, оның көзін байлайды да, оған айтады,
маятник сияқты теңселіп, жан-жағыңа құла дейді. Басқа
қатысушылардың міндеті «маятникты» барынша ұстап, оны
құлатып алмау. Маятниктің рөлін ойнаушы өзін еркін ұстап,
топқа қарсылық жасамауы керек.
Ойын аяқталғаннан кейін топ өзара əрекеттесу үрдісін
талқылайды, қорқу жəне сенімсіздік шекарасын анықтайды.
«Өткізіп жіберіңізші, өтінемін» жаттығуы
Мақсаты: топтық ынтымақтастықты дамыту.
Жасы: 12-14 жастағы жасөспірімдер
Уақыты: 5 минут
Жасөспірімдер қолдарынан ұстап, шеңбер құрып тұрады.
Бір қатысушы топтың сыртында қалады. Топтың міндеті –
топтың сыртындағы қатысушыны топқа кіргізуін өтінгенше
топқа кіргізбеу. Ол осылай өтінуді өзі тапқанда ойын аяқталады.
Маңызды кезең – ойын аяқталғаннан кейінгі дискуссия,
сезімді, эмоцияны білдіру. Тақырыпты талдау үшін себеп
табылады: «Лидерлер жəне аутсайдерлер», «Топтық қысым»,
«Жанжал немесе ымыра».
63
Қобалжу – ішкі сызықтардың, үзік сызықтардың көп болуы
түрлі түсті қарындаштардың ішінен қара түстерді қолдану.
Нəзіктік – жұмсақ түзулер мен формалардың, гүлдердің,
əшекейлердің болуы.
Экстраверттілік – суретте басқа да кактустар мен
гүлдердің болуы.
Интроверттілік – суретте тек бір ғана кактус салынған.
Үйіндегілердің
қорғауына
ұмтылу,
отбасылық
қауымдастық сезімі – суретте гүл құмыраларының болуы, үй
кактусының суретінің болуы.
Үйіндегілердің қорғауының жоқ болуы, жалғыздық сезімі
– жабайы өсетін, шөлдегі кактустардың суретінің болуы.
2.
«Өмірде жоқ жануардың суреті» əдістемесі
Сипаттамасы: Əдістеме проективті болып есептеледі.
Тұлғаның ерекшеліктері туралы болжамды ұсынуға көмек-
тесетін балалармен үлкендерді зерттеуде қолданатын бағдарлау
əдістемесі. Барлық белгілер символдық түрде талданады.
Мақсаты: тұлғалық ерекшеліктерді диагностикалау: жа-
ғымды, теріс.
Нəтижесінде келесі реакциялар қарастырылады:
•
вербальды;
•
вербальды емес;
•
өшіру жəне ол нені білдіреді;
•
объектілерді салу реті, үзілістердің болуы.
Нұсқау:
«Өмірде жоқ, кинолар мен мультфильмдерде, ертегілерде,
компьютерлік ойындарда жоқ жануардың суретін салып, оған ат
қою керек»
А4 форматты қағаз, жуандығы орта, қара қалам, 6 түс,
өшіргіш, ұштағыш керек.
Зерттелуші сұрақтарға жауап беруі керек (суретті нақтылау,
əңгімелесу: қайда тұрады, кіммен тұрады, немен қоректенеді,
оның мінезі қандай, көңіл-күйі қалай, ол нені жақсы көреді, нені
ұнатпайды, достары бар ма, қастары ше, олармен қалай күреседі,
неден қорқады).
64
Тесттің талдануы:
Сурет орналасқан кеңістік
Оң жағын, кеңістік алдыңғы жағында жəне жоғарғы
жағында орналасса ол болашақпен, осы шақпен байланысты.
Қағаздың сол жағында жəне қағаздың төменгі жағында болса,
жағымсыз жəне депрессивті эмоциялармен, сенімсіздікпен жəне
енжарлықпен байланысты. Оң жағы бос болса жағымды
эмоциялармен, белсенділікпен, нақты əрекеттермен байланысты.
Суреттің қағазда орналасуы.
Нормадағы жағдайда сурет тік орналасқан қағаз ортасында
орналасуы керек. Сурет салу үшін жылтыр емес ақ қағазды алу
керек. Қарындаштың жұмсақтығы орташа болуы керек; қалам
мен фломастерді қолдануға болмайды.
Егер суреттің орналасуы қағаздың жоғарғы жағына
орналасса (қаншалықты жақын болса, соншалықты айқын
көрініс береді) өзіндік бағалаудың жоғары болуын, өзінің
əлеуметтік ортадағы алатын орнына көңілі толмауын, қоршаған
адамдардың мойындауының жеткіліксіздігін, өзін-өзі көрсетуге
ұмтылу үрдісін көрсетеді.
Суреттің төменгі жақта орналасуы – өзіне деген сенімсіздік,
өзіндік бағалаудың төмен болуы, жабырқаулық, батылсыздық,
өзінің əлеуметтік ортадағы алатын орнына қызықпау, өзін өзі
көрсетуге ұмтылмау.
Фигураның орталық бөлігі (басы немесе оны ауыс-
тыратын бөлік). Басы оңға қарап тұрса – іс-əрекетке деген
тұрақты үрдістің болуы. Барлық ойдағы, жоспардағы немесе
жүзеге асырып жатқан əрекеттер (аяқталмаған болса да).
Зерттелуші өзінің жоспарлары мен ойларын орындауға, жүзеге
асыруға бірден ауысады.
Басы солға қарап тұрса – рефлексияға, ойлануға деген үрдіс.
Бұл əрекет адамы емес: ойлаған, жоспарлаған шаруалардың
жартысы ғана жүзеге асады немесе басталады. Кейде белсенді
əрекет алдындағы қорқақтық немесе батылсыздық байқалады.
Суреттің турасынан тұруы («анфас»), яғни сурет салып
отырған адамға қарап тұруы (өзіне), менмендік ретінде
талқыланады.
173
«Осы сюжетті басынан аяғына дейін кино көріп отырғандай
қараңыз. Осы сюжетті жағымсыз кино ретінде көруге
тырысыңыз: ақ түсті қараға ауыстырыңыз, сосын – керісінше.
Өте жағымсыз жағдайға келгенде кадрды тоқтатыңыз.
Осы кадрды шыны пластинкадан жасалған сурет ретінде
елестетіңіз. Суретті қолыңызға алып сыртқа шығыңыз. Биік
қабатты үйге барып, лифтке отырып, ең соңғы қабатқа
көтеріліңіз. Лифтіден шығып шатырға көтеріліңіз. Шатырдың
шетінде тұрып суретке қараңыз, сосын жерге тастап жіберіңіз.
Оның жерге қарай ұшып бара жатқанын бақылаңыз, жерге түсіп
майда сынықтар болып кеткеніне қараңыз. Сосын кері жол
жасаңыз: шатырдан шығыңыз, лифтімен төмен түсіп, бөлмеге
оралыңыз.
Ал енді осы сюжетті тағы да қарауға тырысыңыз. Назар
аударыңыз: жағдайда жəне мінез-құлқыңызда не өзгерді. Егер де
жаттығуды аяқтасаңыз, белгі беріңіз – басыңызды изеңіз, 3-4 рет
дем алыңыз да көзіңізді ашыңыз. Тəжірибеңізді топпен бөлісіңіз.
Керек уақыт – 1 сағат.
5-жаттығу
Мақсаты: агрессивті мінез-құлқымыздағы түрткілерді
зерттеу, жағымсыз эмоцияларды сезімдер арқылы көрсету.
Нұсқау: «Сіздің əрқайсыңыз агрессияның соңы не
болатынын білесіз, бірақ əрқашан да оның шынайы түрткісін
түсінбейсіздер, яғни агрессияны тудыратын себептерді түсіндіре
алмайсыздар. Біздің шынайы түрткілеріміз немесе ниеттеріміз
бізден жасырынып тұрады. Агрессияңыздың себебін оны
мақсатының не екенін тапсаңыз, онда сіз оның табиғатын
түсінуді үйренесіз. Қазір біз осы мəселені шешуге тырысамыз.
Жұпқа бөлініп, бір-біріңізге қарама-қарсы отырыңыз.
Ойша «жағымсыз» бейнелерге, көрмеге оралуға тыры-
сыңыз. Кез келген кейіпкерге баруыңызға болады. Бұл адамнан
сізге не ұнамайтынын анықтаңыз, енді алдыңыздағы отырған
адамды сол деп ойлап оған бəрін дауыстап айтыңыз.
Сонымен, алдыңызда сіздің шамыңызға тиетін, ашуыңызды
келтіретін жəне сіздің ренішіңізді тудыратын адам тұр.
Сөзді мына сөйлемнен бастаңыз: «Бұл адамда маған
ұнамайтыны…» дəл сол сөзді мынадай сөйлеммен бітіріңіз
«сондықтан, менің оны ұрғым келеді» жəне т.с.с. Сөйлемді
Достарыңызбен бөлісу: |