ЖОБА
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне
өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек
кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-
IV, 151-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 12, 34-
құжат; № 13, 45-құжат; № 20, 96-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-
құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская
правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір
заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24
мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2018 жылғы 3 шілдеде «Егемен
Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы
2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 1-тармағында:
16), 27), 41), 44), 76) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
16) еңбек дауы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану,
келісімдердің, еңбек және (немесе) ұжымдық шарттардың, жұмыс беруші
актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша жұмыскер
(жұмыскерлер) мен жұмыс берушінің (жұмыс берушілердің), оның ішінде
бұрын еңбек қатынастарында тұрғандар, арасындағы келіспеушіліктер;
«27) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға – нәтижесінде
өндірістік жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы
салдарынан оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты
айырылуына не қайтыс болуына әкеп соқтырған, жұмыскердің еңбек
(қызметтік) міндеттерін немесе жұмыс берушінің (оның өкілінің)
тапсырмаларын атқарумен байланысты оқиға»;
«41) жұмыс берушінің актілері – жұмыс беруші шығаратын бұйрықтар,
өкімдер, нұсқаулықтар, қағидалар, ережелер, ауысымдық кестелер, вахта
2
кестелері, демалыс кестелері және еңбек қатынастары мәселелері бойынша өзге
актілер.»;
«44) жұмыскерлердiң өкiлдерi – кәсiптiк одақтар, олардың бiрлестiктерi,
ал
олар
болмаған
кезде
жұмыскерлердiң
жалпы
жиналысында
(конференциясында) жұмыскерлердiң (конференция делегаттарының) кемінде
үштен екісі қатысқан кезде қатысушылардың көпшілік дауысымен сайланған
және уәкiлеттiк берілген сайланбалы өкiлдер.»;
«76) тәртіптік теріс қылық – жұмыскердің еңбек тәртібін бұзуы, сондай-
ақ еңбек міндеттерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы.»;
мынадай мазмұндағы 83), 84), 85), 86), 87) және 88) тармақшалармен
толықтырылсын:
«83) ұйымның оқшауландырылған
құрылымдық бөлімшесі – орналасқан
жері бойынша бір айдан астам мерзімге құрылған, ұйым функцияларының бір
бөлігін орындайтын тұрақты жұмыс орындары жабдықталған, филиалдар мен
өкілдіктерден басқа, өзге аумақтық оқшауланған бөлімше.»;
«84. персоналды ұсыну - жеке жұмыспен қамту агенттігінің жұмыскерді
жеке жұмыспен қамту агенттігі мен қабылдаушы тарап арасында жасалған
персоналды ұсыну жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт бойынша
қабылдаушы тараптың - осы қызметкердің жұмыс берушісі болып
табылмайтын жеке немесе заңды тұлғаның мүддесінде, басқаруында және
бақылауында еңбек функцияларын орындауы үшін жіберуі.»;
«85) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі – еңбек шарттарын
есепке алуды автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе.»;
«86) еңбекті қорғауды басқару жүйесі – ұйымның қызметіне байланысты
денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерді басқаруды
қамтамасыз ететін ұйымды басқарудың жалпы жүйесінің бөлігі.»;
«87) кәсіби тәуекел - жұмыскер еңбек міндеттерін атқарған кезде оның
денсаулығының зақымдану немесе еңбек ету қабілетінен айырылу (не қайтыс
болу) ықтималдығы.»;
«88) кәсіби тәуекелді бағалау – анықталған статистикалық деректер
туралы ақпаратты талдау негізінде кәсіби тәуекел дәрежесін айқындау
процесі.»;
2) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ешкімді де еңбек құқықтарын іске асыру кезінде шығу тегіне,
әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, тері
реңіне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне,
жасына немесе дене кемістіктеріне, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерге
қатыстылығына байланысты ешқандай кемсітуге болмайды.»;
3) 15-бап мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) Қазақстан Республикасы азаматтық қызметшілердің қызметтік
этикасын бекітеді»;
4) 16-бапта:
30) және 34) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
3
«30) жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғауды қамтамасыз етуге жауапты тұлғаларды еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқау беру және білімдерін
тексеру тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;
«34) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу
бойынша жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдерін, не
диеталық (емдік және профилактикалық) тағам үшін арнаулы өнімдерді беру
нормаларын бекітеді.»;
мынадай мазмұндағы 41-1), 41-2), 41-3), 41-4), 41-5) және 41-6)
тармақшалармен толықтырылсын:
«41-1) ұйымда еңбекті қорғауды басқару жүйесі туралы үлгілік ережені
әзірлейді және бекітеді.»;
«41-2) кәсіби тәуекелді бағалау тәртібін әзірлейді және бекітеді.»;
«41-3) еңбекті қорғау қызметтерінің жұмыскерлері санының үлгілік
нормаларын әзірлейді және бекітеді.»;
«41-4) Қазақстан Республикасы азаматтық қызметшілерінің қызметтік
этикасы қағидаларын әзірлейді»;
«41-5) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің
жұмыс істеу тәртібін әзірлейді және бекітеді.»;
«41-6) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне
еңбек шарты және еңбек қызметі туралы мәліметтерді беру тәртібін әзірлейді
және бекітеді.»;
5) 17-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) өндірістік жарақаттанудың себептеріне талдау жүргізеді және
олардың профилактикасы жөнінде ұсыныстар әзірлейді.»;
6) тармақша алып тасталсын;
6) 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жұмыскерлердің мүдделерін «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес кәсіптік одақтар органдары және (немесе)
егер ұйымда кәсіби одақ (-тар) болмаған жағдайда немесе жұмыскерлердің
кәсіптік одақта (-тарда) мүшелігі ұйым жұмыскерлерінің штат санының
жартысынан азын құраса, сайланбалы өкілдер өздеріне берілген өкілеттіктер
шегінде білдіреді.
7) 22-баптың 1-тармағының:
8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе,
кәсіптік одақ құру, сондай-ақ оған мүше болу құқығын қоса алғанда, өзінің
еңбек құқықтарының берілуі мен оларды қорғау үшін бірігуге.»;
мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:
«25) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен өзінің еңбек
қызметі туралы мәліметтерді алуға құқығы бар.»;
8) 23-баптың:
Достарыңызбен бөлісу: |