- ДК-де жұмысты бастау алдында
- Жалпы қауіпсіздік талаптары:
- Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штекерге тиісуге тыйым салынады.
- Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды
- Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды.
- Дербес компьютерде су қолмен және су киіммен жұмыс істеуге болмайды
- Корпусы мен сымдардың бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады
- Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс
- Пернетақта үстіне ештеңені қоюға болмайды
- Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
- Дербес компьютерде жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары
- ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмамағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
- Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.
- Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
- Дербес пайдаланылатын компьютер жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары
- ЭЕМ жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық -50см.
- Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
- Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.
- Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.
- Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларды білуі керек.
- ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары
- Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.
- Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
- Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі қою керек
- Апат (төтенше ) жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары
- ДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын байқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек.
- Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.
- Қажет болса, электр тогынан зақымданғандарға алғашқы көмек көрсету керек.
- Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білуі керек. Мұнда құмды немесе көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.
- Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушы электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.
- АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ
- Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:
- Токты ажырату (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру)
- Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату
- Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету
- Дәрігерді шақыру (мектептің медпунктінен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) керек.
- Күйген кезде көмек көрсету
- Адам күйікке шалынған жағдайда:
- Ауырғанды басатын, тыныштандыратын дәрі (анальгин, валерьянка) беру керек.
- Күйген жерге дәрі (винилин) жағу керек.
- Күйген жараның бетіне микроб түспейтіндей етіп, алдымен целлофанмен орап алып, суық суда ұстау керек.
- Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
- Талып қалғандағы көмек көрсету
- Адам талып қалған жағдайда:
- Талып қалған адамды тегіс жерге шалқасынан, басын солға бұрып жатқызу керек.
- Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
- Тынысы тоқтап қалғандығы көмек көрсету
- Адамның тынысы тоқтап қалған жағдайда:
- Адамның аузын ашып тілін көру керек, егер тілі көмекейіне қарай түсіп кетсе – қолмен тартып шығарып қалыпты орнына келтіру керек;
- Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
- Тыныс алуы қалпына келгенше немесе дәрігер келгенге дейін жасанды түрде тыныс алдырту (ауызды ауызға тақап) жасау керек.
- Үйге тапсырма
- ЕТ кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері. Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналы.
Достарыңызбен бөлісу: |