Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (38-шығарылым) 1-бөлім. Жалпы ережелер



жүктеу 1,23 Mb.
бет8/8
Дата11.01.2020
өлшемі1,23 Mb.
#26288
1   2   3   4   5   6   7   8

622. Білуге тиіс:

шикізатқа қойылатын мемлекеттік стандарттар;

өзекшелерді ассортиментте дайындаудың техникалық шарттары;

қызмет көрсететін жабдықтың: уатқыштардың, тұндырғыштардың, турбодиірмендердің, саз елеуіштердің, вакуумды кептіргіш шкафтарды, сүзетін престерді, жинағыш бункерлерді техникалық сипаттамасы;

компоненттерді, суспензияларды өңдеу режимі және олардың негізгі қасиеті,

автоматтық желіні іске қосу және баптау ережесі.

104. Өзекшелерді жазып-жаюшылар


Параграф 1. Өзекшелерді жазып-жаюшылар, 3-разряд
623. Жұмыс сипаттамасы:

қолмен металдан жасалған суық плитада қисықтығы әбден түзелгенге дейін қара графитті, түсті және көшіргі өзекшелерді жазып-жаю;

лотоктарда өзекшелердің көшіргі жіптерін жазып-жаю, одан кейін оларды қаңылтыр табаға жинау және өзекшелерге кесу;

қысқартылған және жарамсыз өзекшелерді сұрыптау. өзекшелерді рамаларға қатарлау немесе өзекшелердің тура санын айқындап, қағаз бумаларға буып-түю;

бумаға толтыру және техникалық паспорттарды салу;

өзекшелерді кептіргіш камераларда, оларды механикалық жазып-жайып кептіру;

барабандарды кептіргіш барабандарға тиеу және түсіру жөнінде қосымша жұмыстарды орындау;

барабандарды өзекшелерден түсіру;

жарамсыз өзекшелерді сұрыптау;

сұрыпталған өзекшелерді қаңылтыр табалар мен жәшіктерге қатарлау;

қаңылтыр табалар мен жәшіктерді қатарлау.

624. Білуге тиіс:

өзекшелерді қолмен және механикалық жазып-жаюдың технологиялық процесі;

өзекшелерді бумаларға, рамаларға, қаңылтыр табаларға, қатарларға тез және бірқалыпты жинау ережесі мен амалдары;

өзекшелердің ассортименті;

қайтарылатын және қайтарылмайтын қалдықтардың нормалары.

Параграф 2. Өзекшелерді жазып-жаюшылар, 4-й разряд
625. Жұмыс сипаттамасы:

ыстық плитада көшіргі өзекшелерін жазып-жаю;

жасалатын өзекшелердің әрбір ассортиментіне берілген температуралық режимге сәйкес өзекшелерді ыстық плитада қыздыру;

қыздырылған өзекшені екі есе араластыру және жазып-жаю;

қысқа шеттерді, сопақ және кедір-бұдыр өзекшелерді өңдеу, одан кейін жәшіктерге салу;

жарамды өзекшелерді партиялар бойынша жәшіктерге қатарлап толтыру және техникалық паспортты салу.

626. Білуге тиіс:

ыстық плитаға қойылатын техникалық шарттар;

температуралық режимі және жұмыс істеу ережесі;

ассортиментте көшіргі және түсті өзекшелерді жасаудың техникалық шарттар;

брактың түрлері және оны жаю тәсілдері;

өзекшелерді жәшіктерге, қатарларға тез, бірқалыпты жинау ережесі және амалдары;

қайтарылатын және қайтарылмайтын қалдықтардың нормалары.

105. Өзекше жіптерін кесуші


Параграф 1. Өзекше жіптерін кесуші, 3-разряд
627. Жұмыс сипаттамасы:

шағын кескіште қолмен ұзындығы +-2мм дәлдікпен көшіргі және қара графитті өзекшелерді кесу;

көшіргі өзекшелерді сия түтіктеріне механикалық кесу. өзекшелері сұрыптау. өзекшелерді бумаларға буып-түю, оларды қаңылтыр табалар мен қатарларға жинау;

берілген ұзындықта өзекшелердің жіптерін кесуге шағын кескіштерді баптау;

кескіш құралды орнату.

628. Білуге тиіс:

жіптерді ассортимент ұзындығы бойынша өзекшелерге кесудің техникалық шарттары мен жұмыс нұсқаулығы;

ағын кескіштерді баптау тәсілдері;

кескіш құралды пайдалану ережесі.

106. Араластырушы


Параграф 1. Араластырушы, 3-разряд
629. Жұмыс сипаттамасы:

араластырғыштарда аппаратина дайындау бойынша технологиялық процесті жүргізу;

араластырғыштарда аппаратина дайындау үшін компоненттерді іріктеу;

өңдеу процесінде крахмалды (декстринді) қажетті консистенцияға дейін жеткізу;

араластырғыштардың температуралық режимін сақтау.

630. Білуге тиіс:

шикізатқа (каустикалық содаға, крахмалға немесе декстринге) қойылатын мемлекеттік стандарттар;

аппаратинаны дайындау рецептурасы және ережесі;

қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысы;

компоненттердің физикалық-механикалық қасиеті.

Параграф 2. Араластырушы, 5-разряд
631. Жұмыс сипаттамасы:

автоматтық басқарылатын дисперсиялы араластырғыштарда қысым бойынша қара графитті және көшіргі қарындаш өзекшелерін жасауға арналған массаны дайындау бойынша технологиялық процесті жүргізу. әр түрлі компоненттерден өзекше массасын жасау және қыздырудың температуралық режимін сақтап, байланыстырушы заттар мен судың қажетті мөлшерін қосып, оларды араластырғыштарда өңдеу, біліктеуге дейін және кейін араластырғыштарда араластырып салқындату;

араластырғыштардың тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ету;

қаттылық пен ассортименттің түрлі градациясына көшу.

632. Білуге тиіс:

өзекше массасын дайындаудың технологиялық процесі;

араластырғыштардың қызмет көрсететін жабдықтарының құрылғысы және оларды баптау және қайта баптау тәсілдері;

араластырғыштарда өзекше массасын өңдеу кезінде олардың дайын болу дәрежесін және сапасын айқындау;

қолданылатын шикізатқа қойылатын мемлекеттік стандарттар.

107. Қарындаш өндірісіндегі сұрыптаушы


Параграф 1. Қарындаш өндірісіндегі сұрыптаушы, 2- разряд
633. Жұмыс сипаттамасы;

қарындаштарды штамптың айқын болмауы, лак пленкасының сынуы және басқа да ақаулар бойынша сұрыптау;

қарындаштарды рамаларға сұрыптап жинау;

тақтайшаларды белгі және түк бағыты бойынша іріктеу;

брактарды сұрыптау;

тақтайшаларды рамаларға жинау;

механикалық қоспалардан – құм, саз, қабықтар мен шынылардан гуммитрагантты (байланыстырушы) іріктеу;

қарындаш резеңкесін диаметрі және ұзындығы бойынша сұрыптау;

сұрыпталған гуммитрагантты, резеңке мен қалдықтарды таразылау және ыдыстарға салу.

634. Білуге тиіс:

түрлі ассортименттегі қарындаштар мен тақтайшаларға қойылатын техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар;

сүректің негізгі ақаулары;

сұрыпталған қарындаштар мен тақтайшаларды жинаудың тәсілдері;

гуммитраганттың сапасы мен қасиеті;

гуммитрагант пен қарындаш резеңкесіне қойылатын техникалық шарттар.

Параграф 2. Қарындаш өндірісіндегі сұрыптаушы, 3-разряд


635. Жұмыс сипаттамасы:

қара графитті, түсті және көшіргі өзекшелерді қолмен қисықтығы, ұзындығы бойынша бракқа шығару және оларды ұстарынан бастап шыңдау.өзекшелерді механикалық сұрыптаған кезде жартылай автоматтың жұмыс істеу режимін реттеу, кейін өзекшелердің брактарын бөлшектеу;

қарындаш тақтайшаларын сүректің тұқымы, ақауы және оның мөлшері бойынша сұрыптау;

қарындаш тақтайшаларын қалыңдығы бойынша сұрыптайтын станоктың жұмысын реттеу. сұрыпталған өзекшелер мен тақтайшаларды жәшіктерге, рамаларға қатарлап салу;

сұрыпталған әрбір өнімге және жартылай дайын өнімге арналған техникалық паспортты рәсімдеу.

636. Білуге тиіс:

әр түрлі градациядағы және ассортименттегі өзекшелердің сапасына қойылтын техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар;

сұрыптау станоктары мен автомат құрылғыларының негізгі принципі және олардың жұмысындағы ұсақ ақауларды жою тәсілдері;

шикізат пен жартылай дайын өнімді жәшіктерге, рамаларға қатарлап жинау тәртібі.

Параграф 3. Қарындаш өндірісіндегі сұрыптаушы, 4-разряд


637. Жұмыс сипаттамасы. көшіргі, қара графитті және түсті өзекшелерді автоматтарда қисықтығы, жапсырылғандығы, кедір-бұдырлығы, сопақтығы бойынша сұрыптау, кейін қосымша қолмен сұрыптау.сыртқы түрі бойынша өзекшенің сортын айқындау;

барлық градация, класс және ассортимент бойынша брактың барлық түрін іріктеу;

техникалық шарттарға сәйкес автоматты желілерден (автоматтардан) қарындаштарды сұрыптау;

бракқа шығарылған қарындаштарды брак түрлері бойынша рамаларға жинау;

сұрыпталған өзекшелер мен қарындаштарды жәшіктерге, рамаларға, арбашықтарға қатарлап жинау;

сұрыпталған өнім мен жартылай дайын өнімнің әрбір партиясына техникалық паспорт рәсімдеу.

638. Білуге тиіс:

сұрыпталған автоматтардың құрылғысы мен жұмыс істеу принципі;

барлық түрдегі, кластағы, градациядағы, ассортименттегі өзекшелер мен қарындаштардың жарамдылығының техникалық шарттары;

өзекшелер мен қарындаштардың брак түрлері және оны жою тәсілдері;

өзекшелер мен қарындаштарды жасаудың технологиялық процесі.

108. Тақтайшаларды кептіруші


Параграф 1. Тақтайшаларды кептіруші, 3-разряд
639. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары білікті кептірушінің басшылығымен туннельді кептіргіштерде қарындаш тақтайшаларын кептіру;

тақтайшаларды “қалыптарға” механикалық және қолмен қалау;

тақтайша “қалыптары” салынған вагонеткаларды кептіру камераларына тиеу және түсіру;

қатардағы тақтайшаларды түзетіп, «қалыптарды» бөлшектеу:

техникалық шарттарға сәйкес дайын тақтайшаларды қыры және шөркесі бойынша сұрыптау, одан әрі рамаларға жинау;

тақтайшалардың жарамдылығын өтетін және өтпейтін шаблондардың өлшемі бойынша айқындау;

қыс мезгілінде қатып қалған және жабысып қалған тақтайшаларды ағаш балғамен бөлу, брактарға сұрыптау және «қалыптарға» қатарлау.

640. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін дестелеу станогының құрылғысы, оның жұмысындағы ұсақ кінәраттарды жою;

өлшегіш аспаптар мен құралдарды пайдалану ережесі;

қарындаш тақтайшаларының барлық ассортиментіне қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар.

Параграф 2. Тақтайшаларды кептіруші, 4-разряд
641. Жұмыс сипаттамасы:

қарындаш тақтайшаларын туннель кептіргіштерде кептіру;

тақтайшаларды кептіру және жылу-дымқылмен өңдеу режимін олардың сапасын мен ассортиментіне сәйкес іріктеу;

бақылау тақтайшаларды іріктеу және олардың ылғалдығын өлшеу;

тақтайшаларды тиеу және түсіруді басқару;

жұмыстың ауысым журналын жүргізу.

642. Білуге тиіс:

кептіру камераларының, реттеуші және бақылау-өлшеу аспаптарының, дистанциялық басқарылатын аппаратураның құрылғысы, жұмыс істеу принципі;

кептіру режимдері;

тақтайшалардың ассортименті, сүректің қасиеті;

кептірілген тақтайшаларға қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттардың талаптары.

Параграф 3. Тақтайшаларды кептіруші, 5-разряд


643. Жұмыс сипаттамасы:

конвейер типтегі автоматтандырылған кептіргіш машинада қарындаш тақтайшаларын кептіру;

бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен кептіру режимін реттеу;

келіп түсетін тақтайшалардың ылғалдылығына қарай кептіру режимін өзгерту;

машина механизмдерін реттеу және жағу;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштеріне және кептірудің белгіленген режиміне қарай қыздырылған ауаның берілуін реттеу;

тақтайшаларды тиегіш магазиндерге тиеу, жүк түсіргіш конвейерден кептірілген тақтайшаларды түсіру, сұрыптау және рамаларға жинау;

келіп түсетін және кептіргеннен кейін алған тақтайшалардың ылғалдылығын бақылау. машина жұмысын бақылау және ұсақ кінәраттарды жою.

644. Білуге тиіс:

машинаның және оның негізгі тораптарының конструкциясы;

қыздырылған ауаны беру ережесі;

кептіргенге дейін және кейін қарындаш тақтайшаларына қойылатын техникалық шарттар;

кептірудің технологиялық процесі, тақтайшалардың ылғалдылығына қарай кептіру циклдерінің ұзақтығы;

бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматикасының қолданылатын жүйесінің құрылғысы және қызмет көрсету тәртібі.


109. Өзекшелерді кептіруші
Параграф 1. Өзекшелерді кептіруші, 3-разряд
645. Жұмыс сипаттамасы:

кезеңмен жұмыс істейтін автоматты кептіргіштерде өзекшелерді механикалық жазып-жайып кептіру;

кептіргіш камералар жұмысының температуралық және технологиялық режимін қамтамасыз ету;

бақылау-өлшеу аспаптары бойынша өзекшелерді кептіру процесін реттеу;

барабандарды және кептіргіш камераларды тасымалдау, тиеу және түсіру;

кептірілгеннен кейін өзекшелердің ылғалдылығын, кептіргіш камералардың жұмысын бақылау.

646. Білуге тиіс:

өзекшелерді кептірудің технологиялық процесі;

кептіруге дейін және кейін өзекшелерге қойылатын техникалық шарттар;

өзекшенің түсі мен ылғалдылығына қарай өзекшелерді кептіру режимі;

бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі.

110. Шикі құрамдаушы


Параграф 1. Шикі құрамдаушы, 5-разряд
647. Жұмыс сипаттамасы:

қара графитті және көшіргі өзекшелерге арналған шикі құрамдарды дайындаушы;

рецептураға сәйкес саздың, графиттің, бояғыштар мен байланыстырғыш заттардың қажетті пропорциясын айқындап, барлық градация мен түрлі-түсті өзекшелерге арналған шикі құрамды іріктеу;

біркелкі паста секілді массаны алу үшін араластырғыштарда шикі құрамдарды араластыру;

қарындаш өзекшесінің тобы мен міндетіне қарай шихтаның құрамын шоғырландыру;

мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес графиттің, бояғыштардың, майлардың, толтырғыштар мен байланыстырғыштардың сапасын тексеру;

компоненттерді босату, өлшеп орау, таразылау және тасу.

648. Білуге тиіс:

қарындаш өзекшесін топтары, класы және ассортименті бойынша жасаудың технологиялық процесі;

шикі құрамдарды жасау үшін қолданылатын компоненттерге қойылатын мемлекеттік стандарттар;

қара графитті және көшіргі өзекшелерді жасау үшін рецептураны жасу.

111. Өзекшелерді ажарлаушы


Параграф 1. Өзекшелерді ажарлаушы, 4-разряд
649. Жұмыс сипаттамасы:

шөрке ажарлайтын автоматта өзекшелердің шөркелерін кесу және ажарлау;

техникалық шарттарға сәйкес өзекшенің берілген ұзындығына ажарлағыш дискілерді орнату және реттеу;

өзекшелерді бункерлерге тиеу, өзекшелерді сұрыптау және түсіру және оларды жәшіктерге қатарлау;

ажарлағыш барабандарға ажарлау қабықшасын жабыстыру;

автомат жұмысының режимін реттеу, оның жұмысындағы кінәраттарды жою.

650. Білуге тиіс:

шөрке ажарлағыш автоматтың құрылғысы;

ажарлағыш барабандарды орнату және реттеу тәсілдері;

өзекшелерге қойылатын техникалық шарттар;

ажарлау қабықшаларының түрі мен нөмірі.

112. Қарындаштарды штемпельдеуші

Параграф 1. Қарындаштарды штемпельдеуші, 3-разряд
651. Жұмыс сипаттамасы:

температуралық режимді сақтап, қарындаштарды қыздырылған штампылармен штемпельдеу;

ассортименті бойынша техникалық шарттарға сәйкес қарындаштардың қырына және шеңбер бойынша қола таңбаларды жағу;

қабылдағыш бункерлерден штемпельденген қарындаштарды түсіру, рамаларға жинау;

штемпельдеу машинасындағы қарындаштардың тежелуін болдырмау;

жылытпалар мен фольгалардың жұмыс режимін бақылау, толтыру және фольганы аустыру.

652. Білуге тиіс:

қарындаш ассортиментіне қойылатын техникалық шарттар және таңбаларды жағу тәсілдері;

брактың болу себептері және оны жою тәсілдері;

фольганың сапасы, жылытпа жұмыстарының режимі.

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің

бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына

(38-шығарылым) 1-қосымша
Жұмысшылар кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші


Р/с №

Кәсіптердің атауы

Разряд диап

азоны


Беті



Автоматта қарындаштарды өңдеуші

3-5

150



Ағаш ажарлаушы

2-5

55



Ағаш майыстырушы

2-4

2



Ағаш өңдейтін жабдықты баптаушы

3-6

11



Ағаш өңдейтін құрал-саймандарды қайраушы

3-6

4



Ағаш өңдейтін станоктардың станокшысы

1-5

41



Ағаш өңдеу өндірісінің бақылаушысы

2-6

6



Ағаш өңдеу өндірісінің диірменшісі

3-4

11



Ағаш өңдеудегі автоматты және жартылай автоматты желілердің операторы

3-6

14



Ағаш талшықты плиталарды термоөңдеуші

4

87



Ағаш шебері

2-6

48



Ағаштарды белгілеуші

2-5

32



Ажарлау төсемдерін пішуші

1-4

34



Ақ қарындаш жасайтын автоматты желінің операторы

6

148



Араластырғыш агрегаттың машинисі

4-6

77



Араластырушы

3,5

157



Аралау материалдарын өңдеу қондырғылары мен желілердің операторы

4-6

62



Арнайы сіріңкелерді жасаушы

3

130



Багетке оюларды жабыстырушы

2-3

120



Бакелитті пленка өндірісінің аппаратшысы

3-4

87



Баспа машинасының машинисі

4,6

146



Біліктеуші желінің операторы

6

149



Блоктарды, дайындамалар мен құрылыс конструкцияларын желімдеуші

2-5

38



Бөренелерді сұрыптау және қайта өңдеу агрегаттық желілердің операторы

3-6

60



Бөшкеші

2-5

58



Гидравликалық пресстің вентилшісі

4-6

90



Графитті өзекшелерді күйдіруші

5

147



Жеке-жеке сіріңкелерді жинауға арналған станоктың операторы

2

137



Желім жағатын станоктың станокшысы

2-3

48



Желім зерін жасау жөніндегі аппаратшы

4

112



Желімдегіш жартылай автоматтардың автоматшысы

3-5

139



Жиектеу-фугалау станогының станокшысы

2-4

105



Жиһаз бөлшектерін қаптаушы

2-5

121



Жиһазға арналған қаптау материалдарын теруші

2-6

118



Жиһаздарды жинақтаушы

2-5

116



Жиһаздарды өруші

2-4

124



Жиһаздарды тұсқағаздаушы

1-5

122



Жиһаздың декоративтік элементтерін жасаушы

3-4

114



Жоғары жиілікті қондырғылардың операторы

6

78



Инерциялы сепараторлардың операторы

4-5

79



Қалып бұзушы

2-4

85



Қалыптастырушы машинаның операторы

4-6

79



Қаптау материалдарын сіңдіру аппаратшысы

4-6

113



Қарындаш блоктарын престеуші

5

152



Қарындаш массасын тартушы

5

154



Қарындаш өндірісіндегі сұрыптаушы

2-4

158



Қарындаш пен өзекшелерді жинақтаушы

2-4

143



Қарындаш тақтайшаларын калибрлеуші

2-4

142



Қарындаш тақтайшаларына сіңдіруші

2

153



Қарындаштарды бояушы

3-4

145



Қарындаштарды құрастырушы автоматтың операторы

3

148



Қарындаштарды штемпельдеуші

3

163



Қарындаштарды, өзекшелер мен таяқшаларды қайраушы

2-3

141



Кептіргіш құрылғылардың операторы

2-5

17



Кептіруші

2-4

109



Қорап толтырғыш станоктың операторы

3-4

134



Құрастырушы

2-4

97



Құрғақ сіріңке шилерін өндіру жөніндегі аппаратшы

1-3

128



Қырлап желімдеу станогының станокшысы

2-4

107



Лактарды, бояулар мен левкастарды дайындаушы

2-4

26



Майысқан жиһазды жасау жөніндегі станокшы

2-3

127



Макаль

5

131



Минерализаторды мөлшерлеуші

3

74



Ойыншықтарға арналған жартылай дайын өнімдерді дайындаушы

2

4



Орамдау станогының станокшысы

4-5

106



Орау және төсеу материалдарын дайындаушы

1-3

125



Өзекше массасын дайындау жөніндегі дисперсиялы араластырғыштардың операторы

6

150



Өзекшелерге сіңдіруші

4

154



Өзекшелерді ажарлаушы

4

162



Өзекшелерді жазып-жаюшы

3-4

155



Өзекшелерді кептіруші

3

161



Өзекшелерді престеуші

6

152



Өзекшелердің жіптерін кесуші

3

156



Өрілген жиһаздарды құрастырушы

2-4

126



Пленканы пішуші

2-3

96



Рамалаушы

3-6

64



Сепараторшы

2-4

69



Синтетикалық жабысқақ шайыр өндіру жөніндегі аппаратшы

3-5

88



Сіріңке автоматтарының операторы

3-4

136



Сіріңке қораптарын жасайтын автоматты желілердің операторы

4

133



Сіріңке қораптарын жасайтын жартылай автоматты желілердің операторы

3-4

135



Сіріңке қораптарын кептіру аппаратшысы

2

130



Сіріңке қораптарына сүртіп жағушы

2-4

131



Сіріңке массаларын дайындаушы

3-4

138



Станокшы-аралаушы

2-6

70



Сүрек және талшық плиталарды престеуші

3-6

82



Сүрек және талшық плиталарды тиеуші

3

75



Сүрек және талшық плиталары өндірісіндегі орталық басқару пультінің операторы

5

81



Сүректен жасалған аралау материалдары мен бұйымдарға сіңдіруші

2-5

30



Сүректен жасалған аралау материалдарын, бөлшектер мен бұйымдарды жинаушы

1-4

53



Сүректен жасалған бұйымдарды құрастырушы

1-4

66



Сүректен жасалған бұйымдарды өңдеуші

1-6

19



Сүректен жасалған бұйымдарды престеуші

1-4

24



Сүректен жасалған материалдар мен бұйымдарды сұрыптаушы

1-4

40



Сүректі булаушы-қайнатушы

1-4

27



Сүректі тартушы

3-5

84



Сұқпалау станогының станокшысы

2-4

108



Тақтайшаларды кептіруші

3-5

159



Талшықтан жасалған құрылыс плиталарына арналған қоспаларды дайындаушы

3

75



Төгу машинасының машинисі

3-5

75



Фанера құбырларын желімдеуші

3-5

102



Фанера құбырларын құрастырушы

2-4

99



Фанера мен шпонды кептіруші

3-5

111



Фанерадан чемодан құрастырушы

2-4

101



Шаблондар жасаушы

3-6

115



Шикі құрамдаушы

5

162



Шпон мен қаптау материалдарын кесуші

2-5

35



Шпон мен фанера жөндеуші

2-4

94



Шпон мен фанераны сұрыптаушы

2-5

103



Шпонға сіңдіруші

2-3

95



Шпонды аршушы

3-6

92



Этикеткалау станогының операторы

4

1377




жүктеу 1,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау