25. Шикізат пен талшықтарды пресстеуші
Параграф 1. Шикізат пен талшықтарды пресстеуші, 2-разряд
97. Жұмыс сипаттамасы:
мақталы талшықты немесе линтті престеудің алдында механикалық тегістеушімен алдын-ала нығыздау. Пресс камерасын талшық немесе линтпен толтыру. Тегістеушінің жұмысын басқару. Тегістелген мақта мен линттің салмағын анықтайтын бақылау жабдықтарының жұмыс бақылау. Конденсордың бітеліп қалуын және тегістеушінің жұмысындағы техникалық ақауларды жою және оның жөндеу жұмыстарына қатысу.
98. Білуі тиіс:
механикалық тегістеуіштің белгіленуі мен жұмыс істеу мақсатын, механикалық тегістеуге бекітілген престеліп жатқан өнімнің түрлерінің байлам бойынша салмағын, престеліп жатқан өнімнің техникалық жағдайын.
Параграф 2. Шикізат пен талшықтарды престеуші, 3-разряд
99. Жұмыс сипаттамасы:
мақта және тінді талшықты, мақта линтін, талшықты қалдықтарды және костраны байлам, орнатылған габариттің түгінде салмақтыларын механикалық престе, ал тінді шикізатты қол станоктарында пресстеу, біліктілігі жоғары пресстеушінің басшылығымен жүзеге асады. Мақта талшықтарын немесе линтті престемес бұрын, гидровалды тегістеуішпен алдын-ала нығыздау. Тінді шикізатты, талшықтарды және қалдықтарды қолмен салу кезінде, оларды таразыға тасу, өлшеу және белгіленген сызба бойынша камераға салу. Орайтын материалдарды дайындау және жеткізу. Орамды преске салу. Байламды тығыздау, стандарт талаптарына сай оларды байлау және таңбалау, престі босату, байламды домалатып әкету. Кипті өлшеу және транспортер мен штабельде тегістеуімен бекітілген орынға тасымалдау. Табандыққа орнатылған байлам механизмдерін және табандықты канттау механизмдерін басқару. Таразы, прес, көтерме, гидросорғышты, бақылау жабдықтарының қалыпты жұмыс істеуін тексеру. Пресс және конденсор, табандықты байламға орнату механизмін, табандықты канттайтын механизмдердің жұмысындағы техникалық ақауларды жою. Престің торабтарына және қызмет көрсетіліп жатқан механизмдердің жұмыстарын реттеу.
100. Білуі тиіс:
қызмет көрсетіліп жатқан жабдық пен механизмнің құрылымы және жұмыс мақсаты, шикізатты, талшықты, линтті және қалдықтарды пресстеу ережелері, шикізат пен өнімнің сортына байланысты габариттің, киптің салмағының, тюктың бекітілген тығыздығын, кипті орау және таңбалау ережесін, орайтын материалдың шығыны мен оның мөлшерін, өнімді тасымалдау және сақтау ережелері.
Параграф 3. Шикізат пен талшықтарды престеуші, 4- разряд
101. Жұмыс сипаттамасы:
орам стандартының талаптарына және бекітілген заңдылықтарына сәйкес, байлам, тай, бекітілген ауқымдылық пен салмақты механикалық престерде мақта және тінді талшықтарды, мақта линтін, талшықты қалдықтарды, костра мен зындырылған зығыр лентасын пресстеу. Престерде орнатылған өлшеу және тіркеу жабдықтарына, престеу процесінің параметрларын бақылау. Ауқымдылық, салмақ және орам сапасының бекітілген стандарттарына сәйкес байламның шығарылымын қамтамасыз ету. Механикалық престің көтермесін басқару. Престің және оның көтермесінің жұмысындағы ақауларды жою және жөндеу жұмыстарына қатысу. Байламды престеу, қаптау және таңбалаудың, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың сапасын бақылау. Біліктілігі төмен престеушілердің жұмысын басқару.
102. Білуі тиіс:
қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың құрылымы және оны пайдалану ережелерін, байламды орау бойынша стандарт талаптарын, шикізат, талшықтарды сорттарымен анықтаудың мақсатын, престің жұмысындағы техникалық ақауларды жоюдың түрлерін.
Параграф 4. Шикізат пен талшықтарды пресстеуші, 5-разряд
103. Жұмыс сипаттамасы:
мақта талшығы мен линт, қабықты шикізат пен талшықты бекітілген ауқымдылық байламында және гидропрестеу жабдықтарында және жартылай автоматтандырылған престе престеу. Гидропрестеу жабдықтары мен жартылай автоматтандырылған престерді жөндеу. Механикалық пресстің көтермесін басқару, ағымдағы жөндеу жұмыстарына және технологиялық жабдықтар мен таразы өлшеу техникаларында жөндеу жұмыстарына қатысу.
104. Білуі тиіс:
қызмет көрсетіліп жатқан жабдық мен бақылау-өлшеу жабдықтарын орнату және жөндеу тәсілдерін, өнделіп жатқан шикізаттың техникалық шарттары мен стандарттары.
Параграф 5. Шикізат пен талшықтарды пресстеуші, 6-разряд
105. Жұмыс сипаттамасы:
мақта талшықтары, линт, тінді талшықтарды байламда, бекітілген ауқымдылықта және таразыда, гидравликалық престерде престеу. Монометр бойынша қысымды бақылау. Габарит, салмақ және орамның сапасына стандарт және техникалық талаптарға сәйкес киптің шығаруын бақылау және қамтамасыз ету. Су насосы мен механика пресінің көтермесін басқару. Талшық пен линттан бөгде нарселерді жою. Біліктілігі төмен престеушілердің жұмысын басқару.
106. Білуі тиіс:
прес, гидросорғыш, бақылау-өлшеу құралдары және басқада қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтарды орнату және жөндеу жұмыстары, шикізат пен талшықты орау, қаптау, және престеудің стандарты мен техникалық шараларын, орнатылған ауқымдылық пен байлам салмағын.
26. Шикізат пен талшықты сорттаушы
Параграф 1. Шикізат пен талшықты сорттаушы, 2-разряд
107. Жұмыс сипаттамасы:
шикізат қоймаларын ашу және жинау процесінде, бүлінген және шіріген шикізат бауларын сорттау, шөмеле, кебен және қатарлар. Шешілген бауларды байлау. Өте дымқыл бауларды кебенге және қатарға немесе механикалық ықпал ету тәсілімен мұзданған бауларды алдын-ала еріту конус пен шатырға жаю.
108. Білуі тиіс:
бауларды сорттау, конус пен шатырларға орналастыру және кебен мен қатарға жаю ережесі, шикізат түрлері және оларды күту ережелері, шикізат қоймаларын жинау ережелері.
Параграф 2. Шикізат пен талшықты сорттаушы, 3-разряд
109. Жұмыс сипаттамасы:
шикізат бауы мен қысқа талшықтардың, стандартты үлгілер мен эталондарына сәйкес органолептикалық тәсілмен сорттың сапалы белгісі мен нөмірлерін анықтап сорттау. Өте ылғалды, қоқысты және бүлінген бауларды лақтыру. Баудың кесекті және үстіңгі бөлігінен ұйпаны жою. Шешілген бауларды байлау, оларды түйіп байлау. Толық өнделмеген тұлымды теру және талшықтардан бөгде талшық емес қоспаларды жою. Талшықтарды экспортқа таңдау. Құрамында арпабас көп талшық тұлымдарын теріп алу және оларды қайта өндеуге қайтару. Сортталған талшықтарды қораптарға орау. Сортталмаған талшықтар қорабын шешу. Белгіленген орынға шикізат пен талшықтарды тасымалдау. Қысқа талшықты өндеуде ағымдағы тізім бойынша жұмыс істеу барысында, қысқа талшықтарды қызмет көрсетіліп жатқан құрылғының пневмокөлігіне жинау. Пневмокөлік болған жағдайда талшықтарды пневмо жабдыққа тиеу. Талшықтарды бөлетін және сулайтын машинаның, пневмокөлік жабдығының және басқада қысқа талшықты өндеу бойынша ағымдағы топқа қосылған жабдықтардың жұмысын бақылау. Қызмет көрсетіліп жатқан машина мен құралдардың орамдары мен бітелулерін жою жұмыстарына қатысу.
110. Білуі тиіс:
бау шикізатын және қысқа талшықтарды нөмірі, органолептикалық тәсіл сортымен сорттау ережесі, шикізат пен талшықтың негізгі құрамын, нөмірін және сортын, шикізат пен талшыққа қатысты стандарт пен эталонды, талшық сортының нөмірін анықтайтын әдістеме, шикізат пен талшықтың сорттау сапасына қойылатын талаптар, талшықты сулау және қырқу нормасының шегі, орамдарды шешу нормасы, қысқа талшықты ағымда сорттау барысында - құрамы әртүрлі шикізатты өндеудің технологиялы режимі, кудель дайындайтын агрегат пен сілкілеу машиналарының бекітілуі және пайдалану ережелері, сулау және пневмокөлік жабдықтарының бекітілуі мен пайдалану ережесі.
Параграф 3. Шикізат пен талшықты сорттаушы, 4-разряд
111. Жұмыс сипаттамасы:
түтілген ұзын талшықтың уысын бекітілген уыс салмағы, нөмірін және сортты органды лептикалық анықтау тәсілін талшықтың бағасын өзіндік бағасысыз стандартты үлгілер, стандарт және эталонды, сапалы белгілерін сақтай отырып, сорттау. Уыстарды түзету, оларды арту және айналдыру. Уыстарды бірдей сапалық белгілерімен қорапқа, бекітілген салмақтың кулитына, жапсырманы жапсыру, қораптарды, кулиттарды байлау, тасымалдау, қатарға жинау. Қорапты, кулитті байлау үшін шпагатты дайындау немесе белбеуді өндіру. Толық өндірілмеген талшықты уысқа теру және қалыптастыру оларды қорапқа, кулитқаға байлау. Конвейрді сорттайтын машинада талшықты ағымда сорттауда-талшықты транспортерден түсіру. Ұзын түтілген кендір талшықтарын қол тарақтарда технологияның талаптарына сәйкес тарау, таралған талшықтарды және тарқтарды сапа белгісімен сорттау. Сортталмаған талшықтарды тарау барысында-белгіленген салмақ, түс, ұзындық және басқада сапалы белгілеріне сәйкес біркелкі талшықтарды қалыптастыру. Конвейрлі сорттау көлігінің жұмысындағы табылған ақауларды жою және олардың жұмыс істеуін бақылау. Талшықтар мен тарамдарды салмағына қарай тапсыру. Біліктілігі төмен сорттаушылардың жұмысын бақылау.
112. Білуі тиіс:
сорттау және ұзын талшықтардың нөмірі, сортымен тарау ережелері, уыс, жәшік және әртүрлі нөмірлерге арналған кулиттардың, талшық сорттарын және рұқсат етілетін ақауларды қалыптастыру, қорап, кулитті байлау тәсілдері, салмақтың нормасын, түтілген және таралған талшықтардың нөмірін, сортын анықтайтын сапалы белгілері, таралған талшықтар мен тарамдардың сапасына қойылатын талаптар, конвейрлі сорттау транспортерін орнату және пайдалану ережелері.
Параграф 4. Шикізат пен талшықты сорттаушы, 5-разряд
113. Жұмыс сипаттамасы:
түтілген ұзын талшықтың уысын бекіткен уыс салмағы, нөмірін жән сортты органды лептикалық анықтау тәсілін талшықтың бағасын өзіндік бағасысыз стандартты үлгілер, стандарт және эталонды, сапалы белгілерін сақтай отырып, сорттау. Тапсырушылардан қабылданатын шикізаттың сапалы белгілерін қарау. Шикізатты сақтау орындарына нөмірін, сортын, тұрып қалу деңгейін, сулылығын және себу түріне қарай бөлу. Шикізатқа қабылданған жапсырмаларды жазып беру және оларды тапсырушыларға беру. Нөмірдің органды лепикалық бағасының, талшықтың сортын берілген бағалау құралымен салыстырмалы тексеру. Сорттауға түскен өнделген талшықтың салмағы мен сапасын тексеру. Сортталған талшықтың есебін жүргізу, олардың нөмірі, сорты бойынша қатарға жинау және оны сақтау. Шикізатты және талшықты сақтау және сорттау орындарына көтеріп-тасымалдау механизмінің қалыпты жағдайда болуын бақылау. Біліктілігі төмен шикізатты және талшықтарды сорттаушылардың жұмысына басшылық жасау.
114. Білуі тиіс:
шикізатты нөмірі мен сорты бойынша құралды бағалау әдістемесі, шикізатты дұрыс жинау тәсілдері, қоймалардың көлемі мен формасы, шикізаттың сортын, нөмірін анықтайтын сапалы белгілер, талшықты өндеу технологиялық процесі, шикізат пен талшықты сорттау, қабылдау, жинау және сақтау нұсқаулықтары және ережелері.
27. Шикізатты артушы
Параграф 1. Шикізатты артушы, 2-разряд
115. Жұмыс сипаттамасы:
мақта шикізатын пневмокөлікте және алдын ала жұмсарту және лас мақта мен бөгде нарселерді жоятын көліктер камераларына қолдан арту. Құбырдың, көліктің және бункер-сіңдіргіштің іркілісін ликвидациялау. Құбырды, көліктерді, бункер-қуат бергіш сепараторды және басқада жабдықтарды профилактикалық тазарту барысына қатысу.
116. Білуі тиіс:
шикізатты пневмокөлікке және көлікке жеткізу тәртібі, мақтаның шикізатын пайдалана білу ережесін, мақтаның шикізатын артушы пневмокөліктің және көліктердің бекітілуі мен жұмыс мақсаты.
Параграф 2. Шикізатты артушы, 3-разряд
117. Жұмыс сипаттамасы:
сабағы қысқа шикізатты, ұйысулар және түтудің қалдығын езгілеу машинасына, кудел өндіруші агрегаттың сіңіргішіне, кендір шикізатын түту машинасының көлікті механизмінің қысқышына немесе амбар, бунт және мақтаны алдына-ала жұмсарту және лас мақта шикізаты мен бөгде нарселерді жоятын қалқа көліктеріне арту. Материалдың қабатын түзу, толассыз және шикізатты машинаға және өте сулы шикізатты теретін және жойып отыратын механизмге шикізатты біркелкі беруді қамтамасыз ету. Шикізаттың бір қабатын төсеніш үстеліне немесе сіңдіргіш транспортер машинасына және механизмына түзу қылып төсеу. Езгілеу және түту, сіңдіргіш машинаның жұмысын бақылау, білік агрегат пен көліктерге қызмет көрсету. Жабдықтардың жұмысында тапқан ақауларды жою. Өнделіп жатқан шикізатты тасу. Қызмет көрсетіліп жатқан құрылғыда орау және қағу ликвидациясына қатысу.
118. Білуі тиіс:
сабағы қысқа, ұйысқан шикізатты, түту қалдықтары кендір шикізаты мен мақта шикізатын машина мен механизмдерге тиеу ережесін, өнделіп жатқан материалдың қырқылуына байланысты қолданыстағы машина мен механизмдерді реттеу ережесі, шикізат пен түтілген қалдықтардың негізгі сапалы белгісі, өндірілетін өнімнің сапасына қойылатын талаптар, құрамы әртүрлі шикізаттың өндірілуіне қойылатын талаптар, қызмет көрсетілетін машина мен механизмдердің құрылымы мен оларды пайдалану ережелері.
Параграф 3. Шикізатты артушы, 4- разряд
119. Жұмыс сипаттамасы:
сабағы ұзын шикізатты езу-түту қабат қалыптастырушы агрегат механизміне және түту-жуу қысу механизді машинасына, түту машинасының езгіш механизміне тінді қолдан арту, сонымен қоса мақта шикізатын пневмокөлікке немесе қозғалатын ленталы транспортерға сұрыптаушы құрылғы жылжымалы пульттің көмегімен арту. Технологиялық құрамына байланысты шикізаттың қабатының қалындығын, қозғалмалы ленталы транспортердің құрылғы сұрыптаушысының жұмыс тәртібін, өнделіп жатқан шикізаттың сапасын ескере отырып түту және түтіп - жуу машинасын технологиялы құрылымын реттеу. Қабат қалыптастыру және қысу механизмдері, езу, түту, түтіп-жуу машинасына және басқа құрылғылардың жұмысын тексеру. Қызмет көрсетіліп жатқан құрылғының орамын және қағып кіргізілуін пайдалану.
120. Білуі тиіс:
сабағы ұзын шикізатты, тінді және мақта шикізатын машина мен механизмге арту ережесі, сұрыптаушы-құрылғы мен басқару пультін құрылысын, мөлшерлеуші жабдықты реттеу және жөндеу ережесі, езу-түту агрегатының қабат қалыптастырушы механизмінің ережесін, түтіп-жуу машинасының сығу механизмінің және мақта шикізатын алып беруші жабдықтың ережесін.
16. Шикізатты жаюшы
Параграф 1. Шикізатты жаюшы, 2-разряд
121. Жұмыс сипаттамасы:
шикізатты біркелкі қалыңдықпен жаятын үстелдер немесе транспортерда қуат беретін машина мен езу-түту агрегатына қолдан салу. Қабат қалыптастыратын механизмге қабатты қолдан салу. Шикізаттың ұйпаланған бетін қалыпқа келтіру, сабақтың үстінгі жағынан түйіршіктер мен ұйпаларды алып тастау, жаю үстелінде тегістеуіштің жоғында шикізатты кесек бойынша тегістеу. Қызмет көрсетіліп жатқан механизмнің бітелулері мен орамдарын жоюға қатысу.
122. Білуі тиіс:
шикізат қабатын қалыптастыру ережесі, шикізаттың негізгі қасиеті мен сапалы белгісі және олардың өңдеу режиміне ықпал етуі, өнделген өнімнің сапасына қойылатын талаптар, шикізатты тасушы механизм мен іліп-алғыш көліктің құрылымы және оларға қызмет көрсету ережелері.
Параграф 2. Шикізатты жаюшы, 3-разряд
123. Жұмысқа сипаттама:
төсеу үстелдеріне немесе шикізатты құрғақ күйінде өндейтін езу-түту агрегаттың қабат қалыптастыратын механизмінің төсейтін үстеліне түсіретін және шикізаттың орнын ауыстыратын механизмнің көмегімен езу-түту агрегатының және машинаның қуат беретін транспортеріне және шикізатты ылғалды күйде өндейтін түту-жуу машинасының қуат беретін транспортеріне шикізатты біркелкі қалыңдықта төсеу. Агрегаттың және кейінгі өндейтін машинаның жаю үстеліне бауларды байлап біркелкі беру, баулардың сулылығын бақылау, қабылданған және қайтарылған шикізаттың санын есептеу.
124. Білуі тиіс:
шешу механизмінің белгіленуі, құрылымы және жою ережелері, жаю үстеліне шикізатты беру және орналастыру, шикізатты машина мен агрегаттарда өңдеуге жіберілуін реттеу ережелері, шикізатты дұрыс жаю тәсілдері, шикізат сортының сыртқы сипаты.
Р/с№
|
Кәсіптердің атауы
|
Разряд диапазоны
|
Беті
|
1
|
Байламды ораушы
|
1
|
2
|
2
|
Буманы бақылаушы
|
2
|
4
|
3
|
Джин жабдығының операторы
|
4-5
|
4
|
4
|
Жұмсақ тараны дайындаушы
|
1-2
|
6
|
5
|
Кептіргіш жабдықтың операторы
|
3-5
|
6
|
6
|
Қалдық талшықты смолаушы
|
4
|
7
|
7
|
Қалдықтарды ағызушы
|
2-3
|
9
|
8
|
Құрылғыларды тазалаушы
|
4-5
|
10
|
9
|
Линтерлі жабдықтың операторы
|
2-4
|
11
|
10
|
Мақта дәнін улаушы
|
4
|
12
|
11
|
Мақта шикізаты бунтындағы тунель төсеуші
|
3
|
15
|
12
|
Су жіберуді реттеуші
|
2-3
|
16
|
13
|
Сығу-жуу жабдығының машинисі
|
4
|
18
|
14
|
Сығу-жуу машинасының машинисі
|
2-4
|
18
|
15
|
Тазартушы жабдықтың машинисі
|
2-4
|
19
|
16
|
Талшық қорабын байлаушы
|
2
|
20
|
17
|
Талшық қалдықтарын қалпына келтіру жабдықтарын тазартушы
|
2
|
21
|
18
|
Талшықтарды түсіруші
|
3
|
22
|
19
|
Талшықты өндеу бойынша ағымдағы тізімнің операторы
|
3-6
|
22
|
20
|
Технологиялы жабдықтың реттеуші
|
4-6
|
22
|
21
|
Тресті дайындаушы
|
3-4
|
25
|
22
|
Тресті дайындаушы аппаратшы
|
3-4
|
25
|
23
|
Тінді шикізатты кептіруші
|
1-2
|
26
|
24
|
Шикізат пен талшықты пресстеуші
|
2-6
|
26
|
25
|
Шикізат пен талшықты сорттаушы
|
2-5
|
27
|
26
|
Шикізат төсеуші
|
2-3
|
28
|
27
|
Шикізатты артушы
|
2-4
|
28
|
28
|
Шикізатты жаюшы
|
2;4
|
29
|
.
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің
бірыңғай тарифтік - біліктілік анықтамалығына
(43-шығарылым) 1-қосымша
Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші
Достарыңызбен бөлісу: |