Орындаған: Өмірсерік Е.Ө.
Жұмыс гипотеза 2. Гипотезаның түрлері 3. Жұмыс гипотезасы Гипотеза ұғымы
Ғылыми танымда білмеуден білімге өту үш негізгі кезеңдерден тұрады:
1) Проблеманы қою:
Проблема (грек. тілінде «проблема» — бөгет, кедергі, қиыншылық, мәселе) —бұл әлі жауабы табылмаған мәселе
2) Проблеманы шешу гипотезадан басталады (грек тілінен: гипотезис – негіз, болжам)
3) Егер гипотеза дәлелденсе, ол ғылыми теорияға айналады
Сонымен, ғылыми танымда гипотеза теорияны қалыптастыру үрдісінде қажетті кезең болып табылады (грек тілінен: теория — байқау, қарастыру, зерттеу)
Гипотеза ұғымы - Гипотеза - бұл зерттеліп жатқан заттардың, құбылыстардың қасиеттерін және себептерін анықтау мақсатпен алға тартылатын болжам
- Ғылыми гипотеза деп табиғат пен қоғам, адам мен әлем құбылыстарының даму зандылықтарын түсіндіруге бағытталған болжамды айтады. Оған күн жүйесінің пайда болуы, жер сілкінісінің себептері, тіршіліктің, адамның пайда болуы т.б. осы сияқты құбылыстар туралы болжамдар жатады.
- Гипотезаның аса маңызды белгісі:
- бұл білімді дамытудың түрі. Ол бұрын жеткен білім мен жаңа ақиқат білімнің арасындағы буын болатын, бұрынғы толмаған, дәл емес білімнен жаңа толығырақ, дәлірек білімге өтудің түрі Гипотезаның түрлері
Білімді дамыту үрдісінде гипотезалар белгілі өлшемдерге қарай келесі түрлерге бөлінеді:
1) танымдық қызметтеріне қарай:
- сүреттеуші гипотеза – бұл зерттеліп жатқан объектке тән қасиеттер туралы болжам.
- түсіндіруші гипотеза – бұл зерттеудің объектісінің пайда болу себептері туралы болжам.
Гипотезаның түрлері - 2) зерттеудің объектісіне қарай:
- - жалпы гипотеза – бұл заңды байланыстар мен тәжірибедеге қайталанатын нәрселер туралы негіздеуі бар болжам
- - жеке гипотеза – бұл жалқы фактілердің, нақтылы оқиғалардың және құбылыстардың пайда болуы және қасиеттері туралы негіздеуі бар болжам
Ғылымда, қылмыстық істерді тергеу барысында суреттемелі және түсіндірмелі гипотезалармен қатар «жұмыс гипотезасы» деп аталатын гипотезаның ерекше түрі де қолданылады.
«Жұмыс гипотезасы» — зерттеу, тергеу жұмысының бастапкы кезінде басшылыққа алынатын жорамал.
Ол мынау сатылардан тұрады:
1) проблеманы қою;
2) деректер, фактілер жинау негізінде болжамды гипотезаға айналдыру логикалық операциясы жасалады
«Жұмыс болжамында» факті болатын білімнің бірнеше түрлерін атап өтуге болады:
1) сезімдік түйсінудің негізінде және тәжірибе, эксперимент арқылы алынған объек- тивті ақиқаттығы дәлелденген білімдер тобы;
2) ғылыми зерттеу нәтижелерінің сенімділігі күмән келтірмейтін және практикада дәлелденген заңдар мен дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомалар тобы;
3) білімдік фактілердің үшінші тобына — «жүрттың барлығына белгілі деректер» жатады.
Мысалы,
Қазақстан Республикасында демократияның толық және тиянақты қалыптасуын бүкіл халқымыз қалайтындығы бәрімізге белгілі. Бірақ бұл жәй пікірдің ғылыми фактіге айналуына АСиП сауалнама орталығы жұртшылыққа қойған: «Қазақстанда демократияның орнығуын қалайсыз ба?» — деген сұрағына қатысқан 780 адамның 69,4%-нің «иә» деп берген жауаптары үлкен рол атқарады.
Әдебиеттер
1. Мұхамбеталиев Қ.М Логика. - Алматы, 2002
2. Ыскакова Р.У., Габитов Т.Х. Логика. Оқу құралы, заң мамандыктарына арналган. 2-шi басыл., оңделген. - Алматы: Раритет, 2004. 232 б.
3. Кириллов В.И., Старченко А.А. Логика: учебник для юридических вузов. — Изд. 6-е, перераб. и доп. - М. : ТК Велби, Изд-во Проспект, 2008. - 240 с.
4. Асмус В. Логика. – М.,1999. - 362 с.
Достарыңызбен бөлісу: |