Жұмыс бағдарламасы Пән: "Клиникалық биохимия" Мамандық: 5В110100 «Мейірбике ісі»



жүктеу 208,22 Kb.
Дата21.05.2018
өлшемі208,22 Kb.
#15478
түріЖұмыс бағдарламасы



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Биохимия, биология және микробиология кафедрасы



044 -30/15-01.4-75 (418)

10 беттің беті



«Клиникалық биохимия» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы





“Бекітемін”


Оқу-әдістемелік және тәрбие

жұмысы жөніндегі проректор,


м.ғ.д. Анартаева М.Ұ.

___________________

“___” _________ 2013ж

Жұмыс бағдарламасы

Пән: “Клиникалық биохимия”



Мамандық: 5В110100 «Мейірбике ісі»
Оқу сағатының көлемі (кредит): 90 сағат (2 кредит)
Оқытылатын курс пен семестр: 4 - VIIІ

Шымкент – 2013ж
Клиникалық биохимия пәнінен жұмыс бағдарламасы биохимия, биология және микробиология кафедрасында 5В110100 «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының 2006 жылғы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына негізделіп құрастырылған.

Биохимия, биология және микробиология кафедрасының мәжілісінде қайта қаралды, хаттама № “ ” 2013ж


Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к. : ___________ Есіркепов М.М.
Фармацевтикалық пәндер бойынша желілік әдістемелік комиссиясында қайта талқыланды, хаттама № « » 2013 ж.

Төрағасы: Патсаев А.Қ.

Әдістемелік Кеңесте мақұлданды, хаттама №___ “___” _________ 2013ж

2. Бағдарлама

2.1 Кіріспе

Мейірбике ісі мамандығы бойынша білім алатын студенттерге клиникалық биохимияны оқытудың мақсаты негізгі биохимиялық процесстерді үйрету болып табылады. Медициналық жоғары оқу орнында биохимияны оқыту сау адамның тіршілік ету негізіне жататын химиялық процесстер туралы білім беру, патологиялық жағдайлардың дамуына әкелетін кейбір молекулалық механизмдермен таныстыру, кейбір маңызды зертханалық зерттеулердің әдістерін, зат алмасу жағдайларын және зерттеу нәтижелерін талдай алуды үйрету болып табылады.

Клиникалық биохимия – зертханалық диагностиканың ең маңызды тарауы. Санитар-дәрігердің жұмысында адам ағзасының химиялық құрамы мен биохимиялық көрсеткіштерін анықтау, қалыпты және патологиялық жағдайлардың молекулалық метаболизмі жайлы мәліметтерді интерпретациялау болып табылады.

2.2 Пәннің мақсаты:

Ағзаның биологиялық сұйықтықтарындағы биохимиялық көрсеткіштерді сандық және сапалық анықтау, осы көрсеткіштердің патологиялық және физиологиялық күйіндегі өзгерістерін оқып үйрену, сонымен қатар оларды анықтау әдістерін өңдеу.



2.3 Оқытудың міндеттері:

- Адам ағзасындағы биохимиялық сұйықтықтардың (қан, зәр, ми, жұлын

сұйықтығы т.б.) биохимиялық тұрақты шамаларын (константалар) және

олардың өзгеруін біле отырып, патогенетикалық жағдайларды зерттеуге

қолданылатын биохимиялық әдістердің қажетті жинағын табу;

- клиникалық-биохимиялық ойлауды дамыту.



2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі:

Студент білуі тиіс:

- биологиялық сұйықтықтардың биохимиялық константаларын;

- биохимиялық диагностикалық әдістерін;

- аурулар патогенезінің молекулалық механизмін;

- аурулардың емдеу сапасын бақылауды.

Студент істей алуы тиіс:

- халықаралық стандарттармен сәйкес клиникалық-биологиялық зертханалық

мәліметтерді жүргізу және диагностикалық процесстерді дұрыс атқаруы;

- биохимиялық, иммунологиялық, иммунохимиялық, микробиологиялық

әдістерді қолданып, зерттеудің нәтижесін статистикалық түрде жинақтау.

Дағдыларды меңгеру:

- адам ағзасы биологиялық субстраттарындағы метаболиттерді биохимиялық



әдістерді қолданып анықтау (қанда, несепте).

2.5 Реквизитке дейінгі: патфизиология, патанатомия, микробиология, медициналық биоэтика,

2.6 Шектес пәндер: ЕАМ инфекциялық қадағалау

2.7. Тақырыптық жоспар:

Дәрістің тақырыптық жоспары



Тақырыбы

Өткізілу түрі

ұзақтылығы

(сағат түрінде)

Кредит №1

1.

Клиникалық биохимияға кіріспе. Ақуыздардың алмасуын зерттеулердің клиникалық-диагностикалық маңызы.

жалпы шолу

1

2.

Креатиннің, несеп қышқылының және билирубиннің зерттеулердің клиникалық-диагностикалық маңызы.

жалпы шолу

1

3.

Аминотрансферазаның, амилазаның, γ-глутамилтранспептидазаның белсенділігін анықтаудың клиникалық-диагностикалық маңызы.

жалпы шолу

1

4.

Лактатдегидрогенезаның, креатинкиназаның, сілітілік фосфатазаның белсенділігін анықтаудың клиникалық-диагностикалық маңызы.

жалпы шолу

1

5.

Көмірсулардың алмасуының көрсеткіштерін зерттеудің клиникалық-диагностикалық маңызы.

жалпы шолу

1

Кредит №2

6.

Липидтердің алмасуының көрсеткіштерін зерттеудің клиникалық-диагностикалық маңызы.

Жалпы шолу

1

7.

Гемостаз жүйесі.

Жалпы шолу

1

8.

Бауыр ауруларының клиникалық биохимиясы.

Жалпы шолу

1

9

Электролиттердің алмасуының бұзылуын зерттеулердің клиникалық-диагностикалық маңызы.

Жалпы шолу

1

10

Бүйрек ауруларының клиникалық биохимиясы.

Жалпы шолу

1

Барлығы 10 сағат.


тәжірибелік және зертханалық сабақтардың тақырыптық жоспары



Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылығы

(сағат түрінде)

Кредит № 1

1

Клиникалық медицинадағы биохимиялық зерттеулер, негізгі қағидалары мен құрал-жабдықтары.

Семинар, алғашқы білімді бағалау


2

2

Қан плазмасының ақуыздарын анықтаудың клиникалық-диагностикалық маңызы. Электрофорез әдісімен қан плазмасы ақуыздарын ажырату.

Семинар, шағын топпен жұмыс, есептер шығару

2

3

Клиникалық маңызды негізгі ферменттер (қышқылды фосфатаза, сілтілі фосфатаза, АСТ, АЛТ, амилаза, креатинкиназа, ЛДГ)

Семинар, тестілеу

2

4

Организмдегі көмірсу алмасуының бұзылуы. Қант диабетінің дифференциалды диагностикасы.

Семинар, шағын топпен жұмыс,

мәселелік есептер шығару



2

5

Липидтер және липопротеиндер: алмасуы және оның бұзылулары.

Семинар, тестілеу

2

Кредит №2

6

Гормондардың реттеуші қызметтері және эндокриндік бездер қызметтерінің бұзылулары (гипо-, гиперқызметтері).

Семинар, тестілеу


2

7

Бауырда көмірсулар, липидтер және ақуызды заттардың алмасуы ерекшеліктерінің клиникалық биохимиясы.

Семинар, шағын топпен жұмыс, есептер шығару

2


8

Гемостаздың бұзылуларының клиникалық биохимиясы. Гомеостазды және су-тұз алмасуды реттеудегі бүйректің маңызы.

Семинар, тестілеу


2

9

Фибринолиз жүйесі. Антикоагулянттық терапия.

Семинар, тестілеу


2

10

Патология кезінде зәрдің физиологиялық компоненттері деңгейінің өзгеруін зерттеудің клиникалық маңызы.

Семинар, мәселелік есептер шығару, тестілеу

2

Жалпы: 20 сағат

студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары





тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылығы

(сағат түрінде)

Кредит №1

1.

Биохимиялық талдаулардың интерпретациясы. Аминқышқылдары алмасуының тұқым қуалаушылық бұзылуларының лабораториялық-биохимиялық диагностикасы.

реферат;

презентация;

мәселелік есептер;

кроссвордтар;

тақырып бойынша эссе;

мылқау карталармен жұмыс;

тақырыптық альбом.



4

2.

Кининдік жүйе, міндеттері. Қанның ақуызсыз азотты заттары, қалдық азоттары. Қан плазмасының ферменттері. Иммуноглобулиндер.

4

3.

Ферменттер белсенділігін анықтаудың диагностикалық маңызы. Энзимодиагностика. Тұқым қуалаушылық энзимопатиялар.

4

4.

Дұрыс тағамданудың биохимиялық аспектілері. Қант диабетін болжау, емдеу және профилактика.

4

5.

Гиперхолестеринемия. Атеросклероз дамуындағы липопротеиндердің рөлі. Гиперлипопротеинемиялардың диагностикалық көрсеткіштері.

4

6

Эндокриндік бездердің қызметтерін зерттеудің клиникалық-диагностикалық маңызы.

4

7

Дәрумендердің антиоксиданттық әсері, клиникада қолданылуы. Иммундық жүйенің тұқым қуалаушы бұзылулары.

4

8

Аралық бақылау.

Ауызша және жазбаша сұрау, тестілеу

2



Кредит №2

9

Организмде минералды заттардың алмасуының бұзылуларын анықтауда биохимиялық зерттеулер. Микроэлементоздардың клиникалық биохимиясы.

реферат;

презентация;

мәселелік есептер;

кроссвордтар;

тақырып бойынша эссе;

мылқау карталармен жұмыс;



тақырыптық альбом.



4

10

Қан құрамын анықтаудың клиникалық-диагностикалық маңызы. Қан аурулары, диагностикасы және емдеу. Анемиялар.

6

11

Бауырда өт түзуші және экскреторлы қызметтерінің бұзылуының биохимиялық диагностикасы. Бауырдағы детоксикация механизмдері. Бөтен және дәрілік қосылыстардың метаболизмі.

6

12

Химиялық канцерогенездің биохимиялық маркерлері. Жасушалық диффериенцировка онтогенездің механизмдері.

4

13

Глутатион синтезі, түрлері, биомедициналық маңызы. Атеросклероз дамуындағы гипергомоцистеинемияның рөлі.

4

14

Кейбір шұғыл жағдайлардағы клиникалық биохимия. Гипо-, изо-, гипергидратациялар. Қышқылды-сілтілі жағдайдың көрсеткіштерін қалыпты және патологиялық жағдайларда анықтаудың клиникалық маңызы.

4

15

Аралық бақылау.

Ауызша, жазбаша сұрау, тестілеу

2

Барлығы: 60 сағат.



2.8 Оқыту мен сабақ берудің әдістері:

Дәрістер: жалпы шолу

Тәжірибелік сабақтар: сабақтың сұрақтарын оқытушымен бірге талдау, шағын топпен жұмыс, мәселелік есептер шығару, тест тапсырмаларын орындау.

Оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы (ОСӨЖ): шағын топтармен жұмыс, реферат, тесттік тапсырмалар мен жағдайлық есептерді құрастыру, дайындалған рефераттарды және презентацияларды қорғау.

Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысының (СӨЖ): барлық туындаған сұрақтарға кеңес беру, жоспарда берілген тақырыптарды өз бетінше меңгеру, презентациялар мен рефераттар дайындау, мәселелік есептерді шешу, кестелермен, оқу және ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей алу, тест тапсырмаларын орындау, интерактивті оқыту бағдарламаларымен жұмыс, шағын топтармен жұмыс, аралық бақылау.

2.9 Білімі мен дағдыларын бағалау әдістері:

Ағымдық бақылау: жазбаша/ауызша сұрау, мәселеллік есептер шығару, орындалған тапсырманың қорытындысын жазуды бағалау және т.б., шағын топтарда жұмыс жасағанда топтық және өзін-өзі бағалау.

Аралық бақылау: коллоквиум – ауызша және жазбаша сұрау, тестілеу

Қорытынды бақылау: емтихан (КТБО тест түрінде)
Құрал-жабдықтар:

Құралдар: термостат, спектрофотометр, фотоэлектроколориметр, биохимиялық анализаторлар, гематологиялық анализатор, су моншасы, рН метрлер, таразылар, центрифугалар, дистиллятор, компьютерлер, мультимедиялық проекторлар.

Жабдықтар: зертханалық жұмыстарды жүргізуге арналған реактивтер жиыны, зәрдегі глюкозаның мөлшерін анықтауға арналған тест-жолақтар, зертханалық шынылар (пробиркалар, стакандар, колбалар, цилиндрлер), сүзгіш қағаздар

    1. Ұсынылатын әдебиет: қазақ тілінде

негізгі:

1.Тапбергенов С. О Медициналық биохимия: оқулық.- Алматы, 2009

2.Дәріс тезистері

қосымша:

1. Ибадильдин А. С. Гепатология және клиникалық биохимия: оқу құралы.-А.,

2008.

орыс тілінде:

негізгі:

1. Клиническая биохимия: учеб. Пособие для вузов/ под ред. В. А. Ткачука. -2-е

изд., испр.и доп. –М., 2004.

2. Тапбергенов С. О Медицинская биохимия: молекулярные механизмы

физиологических функций: учеб. Для мед. Спец. Вузов- Астана, 2001

3. Клиническая биохимия: учеб. Пособие/ А.Я. Цыганенко.-М., 2002.

4. Камышников В. С. Справочник по клинико-биохимическим исследованиям

и лабораторной диагностике: справ. Изд. – 2-еизд., перераб. И доп. –М., 2004



қосымша:

1. Егорова М. О. Биохимическое обследование в клинической практике:

моногр. –М., 2008 г.

2. Ибрагимов У. К. Справочник по клинической биохимии: справ. Изд. –

Ташкент, 1993.

3. Шарипов К. О. Водно-электролитный и микроэлементный обмен: учеб. Пос.-

Ш., 2003.
1 үлгі

2.11 Клиникалық биохимия пәнінен жұмыс бағдарламасының басқа пәндермен келісу хаттамасы




Келісетін пәндер

Материалдық пропорциясын және оны баяндау ретін өзгерту туралы ұсыныстар және т.б.

Келісімге қатысқан кафедралардың мәжіліс хаттамаларының нөмірлері және күндері

1

2

3

4

Реквизитке дейінгі

1.

Патологиялық анатомия

Патанатомия пәні бойынша оқулық материалының талдауының реттілігі мен мазмұнын қолдау. Келесі бөлімдерге:

1. Патологиялық анатомия кафедрасындағы сот медицина курсы мәйттің қатып қалуындағы АТФ-ның рөлін талқылайды.

2. Ағза өлуінің уақытын анықтауда ферменттік жүйенің қатысын оқытады.

3. Ішектегі шіру процессін оқыған кезде, оның мәнінің байырғылығын анықтаудағы рөлі. Биохимия кафедрасында АТФ маңызын, қызметін және мәйттегі санын үйретеді, оқытады. Аутолиз және шіру процестеріне ферменттік жүйенің әсерін меңгеру қамтамасыз етеді.



Хаттама №___

«___» _____ 2013 ж.

Морфологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі, профессор:
____________ Сисабеков К.Е.


2

Патологиялық физиология

Патфизиология пәні бойынша оқулық материалының талдауының реттілігі мен мазмұнын қолдау. Келесі бөлімдерге:

1. Көмірсу алмасуының бұзылуы

2. Нәруыздар алмасуының бұзылуы

3. Пурин және пиримидин негіздер метаболизмінің бұзылуы

4. Майлар алмасуының бұзылуы

5. Қышқылдық, негіздік жағдайдың бұзылуы

6. Дәрумендер алмасуының бұзылуы

7. Гемостаз патологиясы. Қан көрсеткіштерінің өзгеруі

8. Мембраналардың бұзылуы

9. Жасушаның энергетикалық қамтамасыздығының бұзылуы

10. Туа біткен және тұқым қуалау ауруларына ерекше мән берілуі қажет.


Хаттама №__, «___»____2013

Қалыпты және патологиял ық физиология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к:

____________
Л.Д.Жолымбекова


3

Микробиология

Микробиология курсындағы оқу материалдарының берілу кезектілігін көрсету. Бұл үшін әр түрлі микроорганизмдердің биохимиялық активтілігін медициналық микрбиологияда және медицина өнеркәсібінде (ферменттердің алынуы, витаминдер, антибиотиктер және т.б.) іс жүзінде қолданылуына ерекше мән берілуі керек.

Хаттама №___

«___» _____ 2013ж.

Биохимия, биология және микробиология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к:

_____________ Есіркепов М.М.



4

Медициналық биоэтика

Медициналық биохимия курсындағы оқу материалдарының мазмұнын және олардың берілу тәртібін мақұлдау. Медициналық биоэтика пәнін оқыту барысында биоэтиканың қызметтері, негіздері, дәрежесі және жаңа гендік-инженериялық технологияларды қолдану, адамдар мен жануарларды пайдаланып биомедициналық зерттеулер жүргізу, биоқауіпсіздікті реттеу туралы сұрақтарға ерекше мән берілу керек.

Хаттама №___

«___» _____ 2013

ҚДС-2 кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д:

______________

А.М.

Жақсыбергенов



Шектес пәндер

1

ЕАМ инфекциялық қадағалау

Медициналық биохимия курсындағы оқу материалдарының мазмұнын және олардың берілу тәртібін мақұлдау. ЕАМ инфекциялық қадағалау пәнін оқыту барысында ИБ-ның қарапайым және тиімді шараларын әзірлеу үшін инфекция таралуы мүмкін көздер туралы және олардың таралу жолдары туралы ақпаратты білуге, стационардағы инфекцияның таралуын болдырмауға бағытталған стратегияны әзірлеуге, сапалы ИБ шараларын орындау жолына ерекше мән берілу керек.

Хаттама №___

«___» _____ 2013ж


«Жұқпалы аурулар және дерматовенеро

логия »


кафедрасының меңгерушісі, профессор м.а.:

______________ Абуова Г.Н.




жүктеу 208,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау