Жұмыс бағдарламасы «Мемлекеттік сатып алулар»


Лекциялық кешен (лекция тезисі)



жүктеу 366,5 Kb.
бет4/19
Дата19.05.2022
өлшемі366,5 Kb.
#38687
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
УМК Мемлекеттік сатып алулар

8. Лекциялық кешен (лекция тезисі)
Тақырып 1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алуларды құқықтық реттеу
Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру туралы шешім тапсырыс берушімен мемлекеттік сатып алулардың бекітілген немесе нақтыланған жылдық жоспары негізінде қабылданады.
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары, қаржыландыру жоспары) негізінде әзірлейді және бекітеді.
Тапсырыс беруші Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысы негізінде мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
Мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілгенге дейін қолданылады. Тапсырыс беруші тиісті бюджетте (даму жоспарында) бекітілмеген мәліметтерді қоспағанда, мәліметтерді веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарынан мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарына ауыстырады.
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары, қаржыландыру жоспары) бекітілген (нақтыланған) күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді (нақтылайды).
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) мемлекеттік сатып алудың сәйкестендіру коды;
2) қосылған құн салығын есепке алмағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманы қоса алғанда, анықтамалыққа сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы;
3) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімдері;
4) тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері мен орны;
5) Заңның 43-бабында көзделген жағдайларда, әрбір қаржы жылына бөлінген және көзделген сомалар шегінде кестеге және жылдар бойынша бөлуге сәйкес тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері;
6) Заңның 51-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру шарттары.
Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) әзірлеу кезінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен лоттарға бөлуді жүзеге асырады.

Тапсырыс беруші мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) бекiтілген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланбай ұсынылатын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, оны веб-порталда орналастырады.


Тапсырыс берушілер Заңның 5-бабының 4-тармағына сәйкес айына бір реттен асырмай мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланбай ұсынылатын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды веб-порталда орналастырады.
Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) бекітілген немесе мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жоспарланатын мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты бірыңғай ұйымдастырушыға ұсынады.
Негізгі әдебиеттер: 1, 3, 4.
Қосымша әдебиеттер: 7, 8.



жүктеу 366,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау