Жұмыс бағдарламасы бекітілген жұмыс оқу жоспарының және мамандықтың элективті пәндер каталогының негiзінде әзірленді


БЕКІТЕМІН ОІ жөніндегі проректор



жүктеу 314,65 Kb.
бет3/3
Дата25.12.2017
өлшемі314,65 Kb.
#5990
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3
БЕКІТЕМІН
ОІ жөніндегі проректор

________ Н.Э.Пфейфер

200_ ж «____»________

Құрастырушы: ф.ғ.к, доцент __________ Кожамжарова М.Ж.
Философия және мәдениеттану кафедрасы

Тарихи мәдениеттану пәні бойынша 6M020400 – “Мәдениеттану” мамандығының магистранттарына арналған



ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жұмыс бағдарламасы ____________бекітілген жұмыс оқу жоспарының және мамандықтың элективті пәндер каталогының негiзінде әзірленді.


Кафедра отырысында ұсынылған 20__ ж. «__» ________ № ___ хаттама.
Кафедра меңгерушісі ___________ Ахметова Г.Г. 20__ ж. «__» ________
Тарих және құқұқ факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды.

20__ ж. "___" _______ №__ хаттама


ОӘК төрағасы ________________ К.К. Батталов . 20__ ж. «__» ________

КЕЛІСІЛДІ

ТжҚ факультетінің деканы __________А.А. Акишев 20_ ж. «__» ____


МАҚУЛДАНДЫ

ОУЖжӘҚБ бастығы ____________А.А. Варакута 20__ ж. «___»_______


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұланды

20__ ж. «__» ________ № ___ хаттама.




1 Пәннің мақсаты – адамзаттың мәдени жетістіктерін игеруге, мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының әмбебап заңдылықтарын және негізгі нысандарын түсінуге және анықтауға, дүниежүзілік мәдениеттің барлық құндылықтарына өз бетімен қол жеткізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Пәннің міндеті:

- әлемдік және отандық мәдениет дамуының негізгі кезеңдері жайында білімдер мен түсініктер қалыптасуына;

- әр түрлі мәдениеттер арасында өзара қарым-қатынас пен диалогты түсінуге;

- үздіксіз білім алу қажеттілігінің дамуына көмектеседі.

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде магистранттардың;

- мәдениет генезисі мен дамуының негізгі теориялары;

- әр түрлі әлеуметтік жүйелердегі мәдениет ерекшеліктері;

- қазіргі замандық әлеуметтік-мәдени жағдай ерекшелігі;

- мәдениеттердің тарихи типтерінің әрекеттесуінің механизмдері мен ұстанымдары жөнінде түсініктері болуы;

- мәдени генезистің мәселелерін, халықтардың лингвистикалық және этностық сыныпталуын, мәдениеттердің типологизациялау ұстанымдарын, тарихта мәдени үрдістерді модельдеу әдістерін;

- дүниежүзілiк және отандық мәдениеттiң тәжiрибесiн;

- мәдениеттің тарихы және теориясы бойынша дерек көздерімен жұмыс істеудің зерттеу әдістерін;

- отандық мәдениеттің тарихын, дүниежүзілік мәдениет пен өркениеттер жүйесіндегі оның орнын білуі;

- тарихи мәдениеттанудың түсініктер мен ұғымдар аппаратымен жұмыс жасай алуда;

- қазіргі заманғы өркениеттің өзекті мәселелерін талдауда;

- өркениеттердің алуан түрлі типтерінің өзара байланысуы мен өзара әрекеттесуінің стратегиясы мен тактикасын болжамдауда икемді болуы;

-деректермен, ғылыми және оқу әдебиеттерен өз бетімен жұмыс істеудің;

- мәдени-тарихи үрдістерді модельдеуде алынған теориялық білімдерді қолданудың;

- қазіргі заманғы мәдениеттің құбылыстарына мәдениеттанулық ойдың жетістіктерін пайдаланудың практикалық машықтарын иемденуі қажет.
2. Пререквизиттері

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет:

- Философия

- Қазақстан тарихы

- Ежелгі дүние тарихы

- Философия тарихы



3. Постреквизиттері

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндері менгеру үшін қажет:

- Салыстырмалы мәдениеттану

- Мәдениет аралық коммуникация теоиясы

- Мәдениет типологиясының теориясы және әдіснамасы

4 пәннің мазмұны

4.1 Пәннің тақырыптық жоспары

№ р/с


Тақырыптардың атауы

Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

дәріс

тәжір.

МӨЖ

1

Ежелгі дүние мәдениеті

2

2

20

2

Орта ғасырлар мәдениеті

2

2

20

3

Ренессанс және жаңа заман мәдениеті

3

3

20

4

ХХ ғасыр мәдениеті және перспективалар

3

3

20

5

Ресейдің мәдени даму ерекшеліктері

2

2

20

6

Қазақстан мәдениетінің тарихы

3

3

20

БАРЛЫҒЫ: 150

15

15

120


4.2 Пәннің тәқырыптарының мазмұны

1 тақырып. Ежелгі дүние мәдениеті

Алғашқы қауымдық мәдениет – мәдениеттің кейінгі типтерінің бастауы. Ежелгі адамның рухани мәдениетінің синкретті сипаты. Миф алғашқы адамның әлемдегі бағдарының әдісі ретінде. Мифтер типологиясы. Тотем, табу және талион алғашқы қауымдық мәдениетте. Көне діни наным-сенімдер (анимизм, тотемизм, фетишизм, магия).

Шығыстық көне өркениеттер. Шумер өркениеті. Шумер мәдениетінің наным-сенімдері, сына жазуы және көркем мәдениеті.

Ежелгі Египет мәдениеті. Негізгі даму сатылары. Үнді мәдениетінің дүниетанымдық жүйелері (брахманизм, чарваки, буддизм және индуизм).

Ежелгі Қытай мәдениеті. Қытай территориясындағы ерте өркениеттер. Қытай мәдениетінің архетиптері: инь және ян, аспан циклдері және Дао мәдени генотипі, конфуциандық және аса жетілген дана адамды тәрбиелеу. Қытай өркениетінің материалды мәдениетінің жетістектері.

Ежелгі Иран мәдениеті. Иран өркениетінің әлеуметтік-мәдени негіздері. Иранның материалды және рухани мәдениеті.

Антика өркениеті батыс мәдениетінің архетипі ретінде. Антика мәдениетінің негізгі кезеңдері: крит-миной, ежелгі, классикалық, эллинизм. Ежелгі Греция мифологиясы. Театр, поэзия, скульптура және классикалық грекия өнерінің басқа түрлерінің философиясының гүлденуі. Ежелгі Грекия мәдениетіндегі тәнділік пен руханилықтық үйлесімділігі.


2 тақырып. Ортағасырлар мәдениеті

Батыс пен Шығыстық ортағасыр мәдениетінің ерекшеліктері. Араб және иран мәдениетінің жандануы. Ислам және руханилық. Ортағасырлардағы парсы поэзиясы.

Батыстағы ортағасырлық мәдениеттің амбиваленттілігі. Каролинг Қайта Өрлеуі. Шіркеулік-ресми және карнавалды-әзілдік, халық мәдениеті. Білім беру мен өнердің дамуы.

Византия мәдениеті антика және шығыс өркениеттерінің синтезі ретінде. Византияның көркемдік мәдениеті. Славян мәдениетінің қалыптасуының ерекшеліктері. Православие византиялық-славяндық мәдениеттің архетип ретінде. Ортағасырлық Русь мәдениетінің ерекшелігі.


3 тақырып. Ренессанс және жаңа заман мәдениеті

«Ренессанс» түсінігінің мәдениеттанулық мазмұны. Ренессанс еуропаорталықтық тұжырымдамасыны сын. Батыс және Шығыс Ренессансы. Еуропа елдеріндегі Қайта Өрлеу дәуірінің ерекшеліктері. Данте Еуропадағы Ренессанстың жаршысы ретінде. Қайта өрлеу дәуірінің өзіндік санасы және мәдениет. Адам Ренессанс мәдениетінің субъектісі мен объектісі ретінде. Сурет Ренессанс мәдениеттінің философиялық және гностикалық негіздері.

Жаңа замандық еуропалық мәдениетінің қалыптасуының ерекшеліктері. Батыс мәдениетінің әлеуметтік-мәдени негіздері: алғашқы капиталдың жинақталу кезеңі және батыс мәдениетінің экспансиясы. Реформация, Ағартушылық және Романтизм батыс мәдениетінің қалыптасуының сатылары ретінде. Жаңа Заман философиясы және классикалық ғылымдардың қалыптасуы. Жаңа замандық Еуропалық адамның ойлау стилі. Фаустық адам және протестандық этика. Батыс техникалық өркениеттің ерекшеліктері. Азаматтық қоғам мен басқарудың демократиялық формаларының қалыптасуы. Жаңа заман өнеріндегі негізгі стильдер мен бағыттар.
4 тақырып. ХХ ғасыр мәдениеті және перспективалар

ХХ ғасыр мәдениетінің парадигмалары. Жалпыадамзаттық өркенитетің қалыптасуы және ХХ ғасырдың әлеуметтік катаклизмалары. Күштемеу этикасы ХХ ғасыр гуманизмінің теориялық негізі ретінде. ХХ ғасыр суперөркениеті және олардың даму перспективалары. Вестернизация глобалды құбылыс ретінде. ХХ ғасырдағы бұқаралық мәдениеті. Экрандық мәдениеттің қалыптасуы.

Батыс мәдени философиянсының негізгі идеялары (О.Шпенглер, И.Хейзинга, К.Юнг, М.Вебер, Э.Фромм, Х.Ортега-и-Гассет, А.Тойнби, К.Ясперс). ХХ ғасыр рухани мәдениетінің даму ерекшеліктері.

Жаһандасу және интеграцияүрдістері, бұл үрдістердің әлемдік мәдениет дамуына әсері. ХХ ғасырдың көркемдік мәдениеті. Мәдениет және экология. Биосфера – биотехносфера – ноосфера. Мәдениетке органикалық көзқарас. Мәдениет бастауларының натурализациясы немесе табиғатың гуманизациясы. Генетикалық және мәдени эволюциясының коэволюциясылылығы. Мәденигендар туралы әлеуметтік-биологиялық ілім.

Мәдениет адам мен табиғаттың шеттелуін жоюдың әдісі ретінде. Мәдениет пен табиғаттың әрекеттесуінің типтері (симбиоз, апобиоз, диабоз). Адамның табиғатқа қатысты шовинизм шеттету. Мәдениеттің космологиялық тұжырымдамалары.

Мәдениет экологиясы және оның қазіргі замандық өркениеттегі рөлі. Өркениет өсуінің дауалары және эрзац-мәдениет. Бұқаралық ақпарат құралдары және адам мәдениетің басқару. Мәдени құндылықтардың коммерциялық өлшемдері, оларды таратудың және тұтыныс стандартының конвейерлік әдісі. Адам – барлық заттар өлшемі. Руханилық және мәденилік – XXI ғасыр өркениетінің жолы мен перспективасы.


5 тақырып. Ресейдің мәдени даму ерекшеліктері

Ресей мәдениетінің кезеңгң бөлінуі (Н.Бердяев). Н.Данилевскийдің славяндық мәдени-тарихи типін бағалауы. Византия, Скандинавия, көрелілер мідениетірінің ертедегі әсерлері.

IX ғасырда көне орыс мемлекетінің құрылуы. Орыс мемлекеттелігінің пайдаболуының нормандық теориясы. Византиялық және латындық әсер. Христиандықты қабылдау, жазудың дамуы; мәдениеттің гүлденеуі және феодалды жікшілдік. Көне орыс жазбасының ескерткіштері.

Татар кезеңі. Қалалардың шұғыл әлсізденуі. Шығыс славяндадың орыстар, украиндарға, белдорустарға бөлінуі. Батыспен мәдени байланыстардың қысқаруы.

XV-XVIIғғ. Мәскеу кезеңі. Бірегей күшті мемлекет идеясы. Москва – III Рим.

Славянофильдер және батыстықтар орыс мәдениеті дамуының бастаулары және перспективалары жөнінде. 19ғ.-20ғ. Басындағы Ресейдегі көркем мәдениеттің дамуы, оның ерекшеліктері.

«Еуразиялық идеяның» рухани-мәдени потенциалы. XIXғ. Ресей ойшылдарының еңбектеріндегі «Еуразиялық идея». Л.Н. Гумилевтің «еуразиялық» жөнінде тұжырымдамасы. Ресейдің мәдени бірегейлігі. Батыс және Шығыс: мәдени сұхбаты. Еуразиялық мәдениеттің менталды ерекшеліктері. Еуразиялық мәдениетің маргиналдығы. Еуразиялық идея және ұлтаралық келісім. ҚР Президенті еуразиялық идеяпотенциалы туралы. Ресей және Қазақстан мәдениеттерінің сұхбаты.

М. Бахтин және оның замандастары. Дүниетанымның тұрмыстық және діни деңгейлері. М.Бахтин еңбектеріндегі мәдениет тарихы. М.Бахтиннің мәдени антропологиясы. Ортағасырлық халықтық әзіл мәдениеті. Қазіргі заман жағдайындағы мәдени антропологияның ролі. 20-30ж. мәдени антропология мәселелері бойынша философиялық сайыстардың парадигмасы. әрекеттің философиясы және архитектоникасы. Сұхбат және оның ролі. М.Бахтин шығармасындағы сұхбаттық дүниетаным негіздерінің сарапталуы. Сұхбат дүниетанымды дамыту және жетілдіру жолы ретінде. Дүниетанымның эволюциялық формалары адамдық мәдениет контексінде. Бахтин қаруы – ХХ ғасырдағы дүниетанымдық сауалардың өткірлігі. Сұхбат теориясының аспектілері қазіргі замандық философия мен мәдениеттану үшін.


6 тақырып. Қазақстан мәдениетінің тарихы

Қазақстан мәдениеті тарихының негізгі кезендері. Номадизм қазақ мәдениетінің архетипі ретінде. Қазақстан территориясындағы ежелгі мал шаруашылықты тайпалардың мәдениет әлемі.

Скиф-сақ өркениеті. Көне сақтардың негізгі наным-сенімдері, өмір стилі және өнері. әлемдік өркениеттегі түркі мәдениетінің маңыздылығы. Түркілердің бірінші мемлекеттік құрылымдары. Түркілердің материалды және рухани мәдениеті. «Орхон –Енисей ескерткіштері» және олардың түркі халықтарының жазуының қалыптасуына әсері. Көне түркілердің діні мен наным-сенімдері. Түркі халықтарының космогониясы мен мифологиясы. Түркі халықтарының рухани мәдениетіндегі исламның ролі. Араб-парсы мәдениеті және Орталық Азия.

Ортағасырлық Орта Азиядағы материалды мәдениет, қала құрылысы және өнер. Ислам Ренессансының әйгілі қайраткерлері.

Қазақ халқы этногенезінің әлеуметтік-мәдени ерекшеліктері. Қазақ хандықтарының материалды мәдениеті. Қазақ хандықтарының көрші халықтармен мәдени қарым-қатынасы. Қазақ киіз үйінің символикасы. Қазақ халқының дәстүрлері, әдеттері, салттары. Қазақ халқының этикалық мәдениеті. Қазақтардың діні мен наным-сенімдері.

Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіруі. XIX ғасырдағы қазақ ағартуы. Қазақ интеллигенциясы ғасырлар тоғысында. Екінші толқын қазақ ағартушылығы өкілдерінің әлеуметтік-мәдени өзгерістер.

Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-мәдени жағдай. Қазақ мәдениетінің вестернизациясы. Уақыттың рухани жағдайы және мәдени жаңғырудың міндеттері. Дін, өнер, білім берудегі әлеуметтік-мәдени үрдістер.

Мәдени құрылыстың негізгі бағыттары. Қазақстан республикасындағы ұлттық-мәдени орталықтар және олардың ұлтаралық келісімді нығайтудағы рөлі. XXI қазақ мәдениеті дамуының перспективалары.

4.3 практиқалық сабақтардың мазмұны мен тізімі
1 тақырып Ежелгі дүние мәдениеті

1. Алғашқы қауымдық мәдениет – мәдениеттің кейінгі типтерінің бастауы

2. Миф алғашқы адамның әлемдегі бағдарының әдісі ретінде. Мифтер типологиясы.

3. Шығыстық көне өркениеттер. (шумерлер, египеттіктер және т.б.,)

4. Ежелгі Үнді мәдениеті. Үнді мәдениетінің дүниетанымдық жүйелері (брахманизм, чарваки, буддизм және индуизм).

5. Ежелгі Қытай мәдениеті. Қытай мәдениетінің архетиптері: (инь және ян, дао мәдени генотипі және т.б.). Конфуциандық және аса жетілген дана адамды тәрбиелеу.

6. Антика өркениеті батыс мәдениетінің архетипі ретінде. Антика мәдениетінің негізгі кезеңдері.
2 тақырып Орта ғасырлар мәдениеті

1. Ортағасыр дәуірінің мәдениеті

2. Батыс пен Шығыстық ортағасыр мәдениетінің ерекшеліктері.

3. Араб және иран мәдениетінің жандануы. Ислам және руханилық. Орта ғасырлардағы парсы поэзиясы.

4. Каролинг Қайта Өрлеуі. Шіркеулік-ресми және карнавалды-әзілдік, халық мәдениеті.

5. Византия мәдениеті антика және шығыс өркениеттерінің синтезі ретінде.


3 тақырып Ренессанс және жаңа заман мәдениеті

1. Ренессанс мәдениетінің әлеуметтік – мәдени және рухани бастамалары

2. Реформация, Ағартушылық және Романтизм батыс мәдениетнің танудың сатылары ретінде

3. Жаңа замандық еуропалық мәдениетінің қалыптасуының ерекшеліктері.

4. Батыс мәдениетінің әлеуметтік-мәдени негіздері: алғашқы капиталдың жинақталу кезеңі және батыс мәдениетінің экспансиясы.

5. Жаңа замандық еуропалық мәдениетінің қалыптасуының ерекшеліктері.

6. Батыс техникалық өркениеттің ерекшеліктері. Азаматтық қоғам мен басқарудың демократиялық формаларының қалыптасуы.
4 тақырып ХХ ғасыр мәдениеті және перспективалар

1. Қазіргі заман мәдениетінің өзекті мәселелері

2. ХХ ғасыр мәдениетінің парадигмалары.

3. Жалпыадамзаттық өркенитетің қалыптасуы және ХХ ғасырдың әлеуметтік катаклизмалары.

4. Күштемеу этикасы ХХ ғасыр гуманизмінің теориялық негізі ретінде. ХХ ғасыр суперөркениеті және олардың даму перспективалары. Вестернизация глобалды құбылыс ретінде.

5. ХХ ғасырдағы бұқаралық мәдениеті. Экрандық мәдениеттің қалыптасуы.

6. Мәдениет және экология. Генетикалық және мәдени эволюциясының коэволюциясылылығы. Мәдениеттің космологиялық тұжырымдамалары.

7. Адам – барлық заттар өлшемі. Руханилық және мәденилік – XXI ғасыр өркениетінің жолы мен перспективасы.


5 тақырып Ресейдің мәдени даму ерекшеліктері

1. Ресей мәдениетінің кезеңге бөлінуі. IX ғасырда көне орыс мемлекетінің құрылуы.

2. Орыс мемлекеттелігінің пайдаболуының нормандық теориясы. Византиялық және латындық әсер. Христиандықты қабылдау, жазудың дамуы; мәдениеттің гүлденеуі және феодалды жікшілдік.

3. Көне орыс жазбасының ескерткіштері.

4. Татар кезеңі. Қалалардың шұғыл әлсізденуі. Шығыс славяндадың орыстар, украиндарға, белорустарға бөлінуі. Батыспен мәдени байланыстардың қысқаруы.

5. XV-XVIIғғ. Мәскеу кезеңі. Бірегей күшті мемлекет идеясы. Москва – III Рим.

6. XIXғ. Ресей ойшылдарының еңбектеріндегі «Еуразиялық идея».

7. М.Бахтиннің мәдени антропологиясы. Ресей және Қазақстан мәдениеттерінің сұхбаты.


6 тақырып Қазақстан мәдениетінің тарихы

1. Қазақ мәдениетінің бастамалары, қалыптасуы және дамуы

2. Скиф-сақ өркениеті. Көне сақтардың негізгі наным-сенімдері, өмір стилі және өнері. әлемдік өркениеттегі түркі мәдениетінің маңыздылығы.

3. Түркі мәдениеті. Түркі халықтарының рухани мәдениетіндегі исламның ролі.

4. Қазақстан территориясындағы ежелгі мал шаруашылықты тайпалардың мәдениет әлемі. Номадизм қазақ мәдениетінің архетипі ретінде.

5. Қазақ халқы этногенезінің әлеуметтік-мәдени ерекшеліктері.

6. Қазақ киіз үйінің символикасы. Қазақ халқының дәстүрлері, әдеттері, салттары. Қазақ халқының этикалық мәдениеті. Қазақтардың діні мен наным-сенімдері.

7. XIX ғасырдағы қазақ ағартуы. Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіруі.

8. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-мәдени жағдай. Қазақ мәдениетінің вестернизациясы.

9. XXI қазақ мәдениеті дамуының перспективалары. Мәдени құрылыстың негізгі бағыттары.


4.4 Магистрантардың өздік жұмысының мазмұны
4.4.1 МӨЖ түрлерінің тізімі



МӨЖ түрі

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Сағатқа шаққандағы көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындық

Жұмыс дәптер

Сабақтарға қатысу

24

2

Тәжірибе сабақтарына .

Тәжірибе сабақтарынан жұмыс дәптері

Ауызша жауап беру

48

3

Қосымша тақырыптарды оқу

Есеп

сұрақ-жауап

36

4

Бақылау шарарларына дайындық.

конспект

РК1, РК2


12




Барлығы







120

4.4.2 Магистранттардың өздігінен окуына бөлінген тақырыптардың тізімі


1) Көне дәуір мәдениеті [9, 10, 14, 17, 23, 29]

2) Ортағасырлар мәдениеті [11, 15, 18, 21, 28]

3) Ренессанс және Қайта өрлей мәдениеті[4, 12, 13, 14, 20]

4) ХХ ғасыр мәдениеті және перспективалар[8, 16, 22, 28]

5) Ресей мәдениеті дамуының ерекшеліктері [7, 8, 14]

6) Қазақстан мәдениетінің тарихы [25, 26, 27, 28, 30, 31]



Әдебиеттер тізімі

Негізгі


1. Культурология: учебное пособие / А.П.Доброхотов, А.Т. Калинкин.-

М.:ИНФРА-М: ИД ФОРУМ, 2010. – 480 с.

2. Культурология: учебное пособие /Д.А.Лалетин – Воронеж: ВГПУ, 2008 –

264 с.


3. Культурология. Мировая и отечественная культура. / Кадыров А.М. – Уфа,

2011. – 532 с.

Қосымша

4. Антология культурологической мысли. М.: РОУ, 1996. - 352 с.



5. Куманецкий К. История культуры древней Греции и Рима. М.: Высшая

школа, 1993, - 456 с.

6. Нуржанов Б.Г. Культурология. - А.: Ун-т «Кайнар», 1994. – 126 с.

7. Тимошитов В. Культурология. Учебное пособие. - Алматы: Ниса, 1997. –

396 с.

8. Габитов Т.Х., Муталипов Ж., Кулсариева А. Культурология. – А : Раритет.



2001. – 408 с.

9. Тайлор Э. Первобытная культура М.: Политиздат, 1989. – 573 с.

10. Ю.Тэрнер В. Символ и Ритуал. М.: Наука, 1983. – 277 см.

11. Гуревич А. Категории средневековой культуры. М.: Искусство, 1989. –

368 с.

12. Тойнби А. Дж. Постижение истории: Сборник / пер. с англ. Е. Д. Жаркова.– 2-е



изд. – М.: Айрис-пресс, 2002. – 356 с..

13. Сорокин П. Человек, цивилизация, общество М.: Политиздат, 1992. – 393 с.

14. Фрезер Д. Золотая ветвь: Исследование магии и религии. М.: Политиздат, 1980.

– 528 с.


15. Хейзинг И. Осень средневековья. М.: Наука, 1988. – 563 с.

16. Ясперс К. Смысл и назначение истории. М.: Политиздат, 1991. – 527 с.

17. Акишев А. Искусство мифология саков. А-А. 1984.- 176 с.

18. Арутюнов С. Народы и культура. М.: Наука, 1986. – 220 с.

19. Бартольд В.В Двенадцать лекции по истории тюрков. Алматы: Жалын,

1993. – 192 с.

20. Баткин Л. Итальянское Возрождение в поисках индивидуальности.

М.: Наука, 1989. – 272 с.

21. Бахтин М. Творчество Ф. Рабле и народная культура средневековья и

Ренессанса. М. : Худ-ная лит-ра, 1990. – 274 с.

22. Гердер И. Идеи к философии истории человечества. М.: Наука, 1977. –

703 с.


23. Гумилев Л.Н. Древние тюрки. М.: Мысль, 1993. – 526 с.

24. Каримский А. Философия истории Гегеля. М.: МГУ, 1988. – 270 с.

25. Маргулан А. Древняя культура центрального Казахстана. А 1960

26. Нурланова К.Ш.Человек и мир. Казахская национальная идея. Алматы:

Қаржы-Қаражат, 1994. – 48 с.

27. Орынбеков М. Верования древнего Казахстана. Алматы: Б.и. 1997.– 153 с.

28. Сегизбаев О. А. Казахская философия XV – начала ХХ века. – А.:

«Гылым», 1996. – 472 с.

29. История Древнего Мира. М.: Знание, 1983. – 384 с.

30. П.Уалиханов Ш. Избранные произведения. Алма-Ата: Наука, 1986.–420 с.

31. Хасанов М.Ш., Каракузова К. Космос Казахской культуры. Алматы:

Евразия, 1993. – 80 с.




Мамандықтың жұмыс оқу жоспарынан көшірме





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.1/10





6M020400-Мәдениеттану мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме

Пән атауы «Тарихи мәдениеттану»


Оқу нысаны

Пәннің көп еңбекті қажет етуі

Семестр бойынша бақылау нысандары

Семестр

Семестр бойынша студенттердің жұмыс көлемі

кре-дит-тер

академиялық сағат

кре

дит


тер

Аудиториялық сабақ

(ак. сағат)



СӨЖ

(ак. сағат)



Бар-лығы

ауд

СӨЖ

емт

сын

КЖ-а

КЖ-с

бар-

лығы


дәр

пр.

зерт

бар

лығы


ОСӨЖ

ЖОБ база-сындағы іштей

2

150

30

120

1










1

2

30

15

15




120

30
































































































Кафедра меңгерушісі _________ Ахметова Г.Ғ. 20 ж. «___» ________



(қолы)
жүктеу 314,65 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау