Пәннің қысқаша мазмұны
№1 кредит.
Емдеу-диагностикалық үрдіске қатысушылардың барлығының арасында медициналық көмекті қамтамасыз етудегі орта буын медициналық қызметкерлердің рөлі туралы мәселені зерттеу дәрігерлермен салыстырғанда орта буын медициналық персонал екінші реттік рөл атқаратындығын анықтады. Осыған байланысты емдеу-профилактикалық мекемелердің сараптық қызметіне мейірбикелік көмек сапасын сараптау бақылау нәтижелерін тіркеу үшін арнайы құжаттар "сараптық карталарды" қолданысқа ендіру қажет. Мейірбикелік көмек сапасын бақылау процедурасын іске асыру үшін міндетті түрде мейірбикелік стандарттарды ендіру, мейірбикелік үрдісті және арнайы мейірбикелік құжаттарды ендіру міндетті түрде талап етіледі.
Дәрігерлер мен мейірбикелердің медициналық көмек сапасын бағалауда айырмашылықтар бар: мейірбикелер пікірінше олардың көрсеткен медициналық көмегі сапасына науқасқа көрсетілетін мейірбикелік үрдісті іске асыру едәуір ықпал етеді екен, ал дәрігерлер мейірбикелердің классикалық функционалдық міндеттерін атқаруына үлкен көңіл бөледі.
Мейірбикелік қызмет басшылары өздерінің мейірбикелік көмек көрсету сапасын басқару мен оны бақылаудағы рөлін мойындаулары тиіс, осыған байланысты орта буын медперсоналдың қызметін нақты реттеу керектігіне зейін аудару арқылы мейірбикелік көмек сапасын қамтамасыз етудің қолданыстағы моделін өзгерту қажет(мамандықтар бойынша мейірбикелік көмекті стандарттау, мейірбикелік үрдісті құжаттау, сараптық құралдарын даярлау, мейірбикелік көмек сапасын басқарудың ұйымдық құрылымынан және басқару буыны персоналы арасынан сарапшыларды даярлау). Басшылар мейірбикелік көмек сапасын бақылауды ұйымдастыру мен жүргізуді қамтамасыз ету бойынща шараларды іске асыру кезінде басты рөлді атқаруылары тиіс, бірақ сонымен қатар мейірбикелік көмек сапасын сараптауды жүргізу үшін арнайы даярлығы бар мамандарды тарту керек.
Дәрігердің және мейірбикенің шын мәнінде жасаған әрекеттерін салыстыру негізінде және науқастың жеке ерекшеліктерін есепке алып және оның қандай болуы тиіс деген пікірге сүйене отырып оның критерилерін нақтылаусыз медициналық көмек сапасын бағалау мүмкін емес. Стационар және амбулаторлық-емханалық мекемелер персоналы үшін мейірбикелік кадрлардың қызметін бақылаудың бағалау жүйесін ендіру маңыздылығы мен қажеттілігі айқын жіне өте маңызды, өйткені дәл осы қызметкерлер категорриясының көрсеткен көмегі емдеу үрдісінде едәуір мәнге ие болып отыр.Орта буын персонал басшылары дәрігер нұсқауын дер кезінде орындау(1-ші рангілік орында), мейірбикелік стандарттарды орныдау(2-ші рангілік орныда), науқасты күту технологиясынн орныдау (3-ші рангілік орныда) белгіленген басымдылықтарды нақтылайды. Жасалған және ұсынылған көрсеткіштерді олар мейірбикелік көмек сапасын бағалау кезінде қолдануға жарамды деп санайды.
№2 кредит
Медициналық көмек сапасын мекемеішілік сараптау көрсеткіштерін терең талдау кезінде медициналық көмек сапасындағы айқын ақаулар мейірбикелік персоналдың кінәсінен үлкен үлесті орын алып, сапасыз көрсетілген медициналық көмек үшін жауаптылық емдеу-профилактикалық мекеме мойнына жүктеледі.
Медициналық мекемедегі мейірбикелік көмек сапасын басқару моделін қалыптастырудың маңызды аспектісі болып сараптау нәтижесінде орын алған басқару шешеімдерін іске асыру және нәтижелерін бағалауға арналған медициналық көмек сапасы көрсеткіштер жүйесіне ендірілген бақылау әдістерін жасау, олардың құзіреттілік деңгейін анықтаумен бақылауды іске асыратын субъектілерді таңдаудың ұйымдастыру құрылымын жасау саналады.
Мейірбикелік көмек сапасын бағалау критерилері жиынтығын және технологиясын, стандартталған мағыналарды қамтыған мейірбикелік көмек сапасын сараптауды жүргізу әдістемесін медициналық мекемелерге ендіру бүгінгші күннің тәртібінде тұрған мәселелердің бірі.
Мейірбикелікқызметті бақылау жүйесін объектілеу үшін мейірбикелік практика шеңберінде атқарылатын практикалық шаралар мен процедуралардың бәріне арналған үрдіс стандарттары жасалып, ендірелуде. Қазіргі кезде мейірбикелік көмек сапасын бағалау критерилері қайта қаралуда, бұл қазіргі мейірбикелік көмек сапасын басқару практикасына сапанеы үздіксіз арттырып отыру концепциясының негізгі ережелерін ендіруге мүмкіндік береді.
Орта буын медициналық персонал қызметіне құжаттардың жаңа түолерін ендіру маңызды талап болып отыр: аурудың мейірбикелік тарихы, стационарға түскен кезедегі мейірбикелік бақылаудың картасы, науқасты мейірбикелік динамикалық бақылау парағы. Жүргізілген сараптардың нәтижелерін тіркеуді реттеуші құжаттарды өз қызметінде қолдану, яғни мейірбикенің қызметін бағалау карта және мейірбикелік көмек сапасын сарапты бағалау картасын қолдану сапаны басқару үрдісін бақылауға мүмкіндік береді.
Тақырыптық жетілдіру циклдерінде медициналық көмек сапасын сараптау бойынша арнайы даярлықтан өткен орта буын медициналық персоналдың қызметін бағалау кезінде сарапшылар ретінде «Мейірбикелік қызметті басқару» манадығы бойынша сертификаты бар жоғары білімді мейірбикелерді тарту сапаны басқаруды шынайыландыруға өз ықпалын тигізеді.
Мейірбикелік көмек сапасын басқарудың процессуальдік моделін қолдану тиімділігі мониторингін іске асыру кейбір мемлкеттерде сапаны басқару модельдерінде қолданылуда.
Достарыңызбен бөлісу: |