Жұмыс бағдарламасы 5В090200 «Туризм» мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті 08. 360-2006 стандартқа сәйкес, типтік оқу жоспары негізінде әзірленген және С. Торайғыров атындағы пму-нің Ғылыми кеңесімен мақұлданған 2007 ж



жүктеу 0,54 Mb.
Дата14.05.2018
өлшемі0,54 Mb.
#12422
түріЖұмыс бағдарламасы


Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы




Нысаны

ПМУ ҰС Н 7.18.3/30

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Менеджмент кафедрасы

5В090200 «Туризм» мамандығы студенттеріне арналған
«Әлеуметтік саладағы микроэкономика және туризм» пәнінен

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ



Павлодар

Мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және типтік бағдарламасының негізінде әзірленген жұмыс оқу бағдарламасын бекіту парағы



Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/31

БЕКIТЕМIН

Оқу ісі жөніндегі проректор

____________ Н.Э.Пфейфер

2012ж. __________ «___»

Құрастырушы: _________ э.ғ.к., доцент А.А. Нұрғалиева




Менеджмент кафедрасы
5В090200 «Туризм» мамандығының студенттеріне арналған

«Әлеуметтік саладағы микроэкономика және туризм» пәні бойынша
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Жұмыс бағдарламасы 5В090200 «Туризм» мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті 3.08.360-2006 стандартқа сәйкес, типтік оқу жоспары негізінде әзірленген және С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің Ғылыми кеңесімен мақұлданған 2007 ж. «28» қараша № 3 хаттама
Менеджмент кафедра отырысында ұсынылды 2012 ж. «____»__________

Кафедра меңгерушісі __________________ Г.Р. Байтаева
Қаржы – экономикалық факультетінің әдістемелік кеңесімен мақұлданды

2012 ж. «___»__________

ОӘК төрағасы ___________ А.Б. Темиргалиева 2012ж. «____»_____________

КЕЛІСІЛДІ

Қаржы – экономикалық факультетінің

деканы ______________ Т.Я. Эрназаров 2012 ж. «___» ______________
МАҚҰЛДАНДЫ:

ОӘБ бастығы ___________ Е.Н. Жуманкулова 2012ж. «___»__________

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

2012ж. «___»__________ № ___ хаттама


  1. Пәннің мақсаты

Әлеуметтік саладағы жеке таңдауы және экономикалық субъектілердің ше-шімін қабыдаудағы механизмді, мінез - құлық факторына әсер ететін әлеуметтік саладағы микроэкономикалық өзгермелер арасындағы себеп-салдарды байланысты оқытады.

Пәннің міндеттері студенттерде микроэкономика теориясынан фундаментельдық білімді қалыптастыру, студенттерден микроэкономикалық үлгілерді талдаудың әдістемелік принциптерін түсіне білуді жүзеге асыру, стденттерден практикадағы теориялық білімдерді қолдана білді жүзеге асыру.

Студент пәнді оқып білу нәтижесінде білуі тиіс:


  • микроэкономикадағы жеке экономикалық субъектілердің мінез-құлық үлгісін талдауға мүмкіншілік беретін білімді меңгеруі қажет;

  • микроэкономика анализаінің әдістерін;

  • нарық қызметінің функциялдау механизмін;

  • нарық тепе-теңдігіні модельдерін;

  • тұтынушы тәртібінің теориясын;

  • өндіріс және шығындар теориясын;

  • монополиялық билікті мәні мен көрсеткіштерін;

  • өндіріс факторларының нарығын;

  • қоғамдық игіліктермен қамтамасыз ету мәселелерін

Студент пәнді оқып-үйрену нәтижесінде істей білуі тиіс:

  • микроэкономикалық және туристік өзгермелер арасындағы тәуелділіктер мен себеп-салдарлы байланыстарды нақтылы негіздей білуі қажетар

2 Пререквизиттер

Пәнді оқыту үшін келесі пәндерді білу қажет:


  • Мамандыққа кіріспе;

  • Туризмология негіздері;

  • Туризмдегі кәсіпкерлік қызметінің негіздері.

3 Постреквизиттер

Пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағдымашықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет: «Туризмдағы менеджмент», «Туризмнің және әлеуметтік ортаның маркоэкономикасы», «Туристік қызметінің психологиясы».

4 Пәннің мазмұны

4.1 Пәннің тақырыптық жоспары


р/с



Тақырыптардың атауы

Сағаттар саны

Дәр.

Тәж.

Зерт.

СӨЖ

1

Кіріспе. Әлеуметтік сферадағы микроэкономиканың пәні және әдістемесі. Әлеметтік сферадағы микроэкономика және оның ерекшеліктері

1

3




7

2

Сұраныс және ұсыныс қызметтерін талдаудың негізі

1

3




7

3

Жетілмеген бәсеке нарығындағы өндірушілер

1

3




7

4

Жетілмеген бәсеке нарығындағы тұтынушылар

2

3




7

5

Жетілмеген бәсеке нарығы. Таза монополия және монополиялық билік

2

3




7

6

Жетілмеген бәсеке нарығы. Монополиялық бәсеке: қызметтер өндірісінің көлемі мен бағасын анықтау

2

3




7

7

Жетілмеген бәсеке нарығы. Олигополия: үлгілері және баға қалыптастыру стратегиясы

1

2




8

8

Өндіріс факторларының нарығы. Ресурстар нарығындағы баға қалыптастыру

1

2




8

9

Өндіріс факторларының нарығы. Еңбек қызметінің нарығы және еңбекақы

1

2




8

10

Өндіріс факторларының нарығы. Капитал және жер ресурстарының нарығы: баға қалыптастырдың ерекшелігі

1

2




8

11

Нарық фискасы және тиімділік. Сыртқы әсерлер теориясы

1

2




8

12

Нарық фискасы және тиімділік. Қоғамдық игіліктердің өндірісі және қоғамдық таңдау

1

2




8

Барлығы

15

30




90



    1. Пән тақырыптарының мазмұны

Дәріс сабақтардың мазмұны


Кіріспе

«Әлеуметтік саладағы микроэкономика және туризм» курсында ғылыми көзқарастар және қазіргі нарықтық экономиканың үлгілері және олардың әлеу-меттік саладағы өзгешеліктері. «Әлеуметтік саладағы микроэкономика және ту-ризм» жеке экономикалық субъектілердің рационалды мінез- құлықтарының сұ-рақтарын, баға жүйесінің негізіндегі жеке кәсіпкерлік әрекеттің координациясы және нарықтарды зерттейді. Микроэкономиканың әдістемелік және тәсілдік ап-параты әлеуметтік процестерді, басқару аспектілерін, мемлекеттік саясаттың нұс-қаларын талдау және интерпретациялау үшін қолданылады және оларды әлеумет-тік салаға әсерінің салдары.


Тақырып 1 Әлеуметтік сферадағы микроэкономиканың пәні және әдіс-темесі. Әлеметтік сферадағы микроэкономика және оның ерекшеліктері

Әлеуметтік сферадағы микроэкономика пәні. Әлеуметтік сфера және оның ерекшеліктері. Қызмет экономикалық игілік ретінде. Өндірістің және тұтыну қыз-метінің ерекшелігі. Қазіргі экономикалық жүйедегі қызмет сферасының рөлі. Экономикалық ресурстардың және таңдаулардың шектеулігі. Әлеуметтік сфера-дағы шектелген ресурстарды орналастырудағы нарық пен баға рөлі. Жеке эконо-микалық субъектілерінің ұтымды тәртібінің гипотезасы. Микроэкономикалық талдаудың әдістемесі. Микроэкономикалық талдаудың әдісі. Теория және микро-экономикалық үлгілер. Микроэкономикалық теорияның тәжірибелік мағынасы және тапсырмаларының қажеттілігі. Теория және тәжірибе. Теория және болжамдар. Теория және саясат.
Тақырып 2 Сұраныс және ұсыныс қызметтерін талдаудың негізі

Қызметтер нарығының жұмыс істеу механизмдерінің анализі. Сұраныс заңы және оны талдау. Қызмет көрсетудегі ұсыныс сипаты мен ерекшелігі. Қызмет көрсетудегі сұраныстың бағасыз факторы және олардың анализі. Сұраныс қызме-ті. Ұсыныс заңы және оны талдау. Қызмет көрсетудегі ұсыныс сипаты мен ерек-шелігі. Қызмет көрсету ұсынысының бағасыз факторлары. Нарықтық тепе-теңдік. Қызметтер саласындағы сұраныс пен ұсыныстың үйлесімділіктерінің кемшілік-тері.

Сұраныс пен ұсыныс өзгерістеріне нарықтың әсері. Нарықтың тепе-теңді-гінің үлгісі. Жүйелі сыртқы әсерлер және қызмет саласындағы сұраныс. Жағым-ды және жағымсыз жүйелі сыртқы әсерлер. Нарықтар жүйесіндегі қосылу әсерле-рі. Баға бойынша қызметтер ұсынысының икемділігі. Қызмет саласындағы микро-талдаудағы икемділік қағидасын қолдану.
Тақырып 3 Жетілмеген бәсеке нарығындағы өндірушілер

Тұтынушы ұсынысының теориясы. Тұтынушы талғамы. Пайдалық қызметі. Талғамсыздық қисығы (Енжарлық қисығы). Талғамсыздық қисықтарының қасиет-тері. Алмастырудың шекті нормасы. Бюджеттік шектелер. Бюджеттік қисық. Бюд-жеттік қисық еңкіштігінің экономикалық мағынасы. Табыс пен бағадағы өзгеріс-тер. Тұтынушы таңдауы. Қызмет саласындағы тұтынушы талғамының қалыпта-суының ішкі және сыртқы факторлар. Тұтынушының шешім қабылдау үлгілері (модельдері).

Бюджеттік шектеулер шегіндегі пайдалылықты максималдау. Тұтынушы те-пе-теңдігінің жағдайы. Тұтынушының бұрыштық және ішкі тепе-теңдігі. Табыс пен баға өзгеруіне байланысты тұтынушының әрекеті. Қалыпты игіліктердің «та-быс-тұтыну» қисықтары. «Табыс-тұтын» вертикальды қисығы. Энгель қисығы. «Энгель заңдары» және қызметтер саласының өсуі. «Баға-тұтыну» қисығы және сұраныс қисығы. Баға өзгеру кезіндегі табыстың өзгеру әсері және тауарлар мен қызметтердің өзара алмастыруының өзгеру әсері. Фирманың коммерциялық іс-әрекетінің салдарын түсіну үшін талғамсыздық қисықтарының талдауын қолдану.

Тақырып 4 Жетілмеген бәсеке нарығындағы тұтынушылар

Өндіріс және шығындар теориясы. Қызметтер өндірісі және оның ерекше-ліктері. Қызметтер өндірісіндегі технологиялардың рөлі. «Ақпараттық техноло-гиялар парадоксы». Өндіріс функциясы және оның қасиеттері. Өндірістің техно-логиялық және экономикалық тиімділігі. Изокванталар. Изокванталар картасы. Өндіріс факторларының өзара алмастырылуы. Өндіріс факторларының техноло-гиялық алмасуының шекті нормасы және изокванталардың қисықтығы. Қызмет саласындағы өндіріс факторларының алмасу мәселесі. Қызметтер өндірісінің тұ-рақты және айнымалы (өзгермелі) факторлары. Қызметтер саласындағы айныма-лы өндіріс факторларының ерекшеліктері. Айнымалы шығындарды жиынтық (ТРL), орташа (АРL) және шекті (МРL) өнімдері. ТРL, АРL, МРL қисықтары.

Қызмет саласындағы өнімділікті жоғарылату мәселесі.

Тақырып 5 Жетілмеген бәсеке нарығы. Таза монополия және монопо-лиялық билік

Монополиялық билікті мәні мен көрсеткіштері. Баға, шекті табыс, жалпы табыс және баға бойынша икемді сұраным. Қысқа мерзімді монополиялық тепе-теңдік және сұранысты бағалық икемділігі. Монополиялық тепе-теңдік және сұ-раныстың икемділіг бағасы. Ұзақ мерзімді монополиялық тепе-теңдік. Монопо-лиялық ұсыным. Ұзақ мерзімде орналасу орнын таңдау және оның фирма пайда-сына әсері. Бағалық дискриминация: мәні және шарттары. Бағалық дискримина-ция дәрежесі: бірінші дәрежелі дискриминация (жетілген бағалық дискримина-ция); екінші дәрежелі дискриминация (бағаны тұтыну көлеміне байланысты ди-версификациялау); үшінші дәрежелі дискриминация (сегменттік дискриминация).
Тақырып 6 Жетілмеген бәсеке нарығы. Монополиялық бәсеке: қыз-меттер өндірісінің көлемі мен бағасын анықтау

Қызмет көрсету сферасындағы монополиялық бәсеке нарығының сипатта-масы. Монополиялық бәсеке кезіндегі фирманың қысқа мерзімді тепе-теңдігі. Қысқа мерзімде пайданы максимизациялау. Монополиялық бәсеке кезіндегі ұзақ мерзімді тепе-теңдік. Қызметтер дифференциациясы, қызметтердің сапасы мен қызмет көрсетді сапасы. Монополиялық бәсеке нарықта сатуды ынталандыру жә-не жарнама өткізу шығындары. Өткізу шығындар. Өткізу шығындардың қисығы және қысқа мерзімдегі жарнама пайдасын жоғарлату. Жарнама қызметін жүзеге асырудағы ұзақ мерзімді тепе-теңдік.

Тақырып 7 Жетілмеген бәсеке нарығы. Олигополия: үлгілері және баға қалыптастыру стратегиясы



Олигополиялық нарық қызметінің негізгі сипаттамасы. Олигополия үлгіле-рі. Саналы бәсекелестік үлгілері. «Баға соғысы». Курно дуополиясының үлгісі. Әсер ету қисығы. Курно тепе-теңдігі. Сынақ сұраныс қисығыны үлгісі. Баға қа-лыптастырудың үлгісі. Баға қалыптастыру, салаға кірудегі шектелер. Нарықта мо-нопольды үстемдіктен уақытша бас тарту. Баға лидерінің үлгісі.

Лидерлік фирманың баға мен өндіріс көлемін бекітуі және пайданы макси-малдау. Ойын теориясының үлгілері және стратегиялық тәртібі. Максимин стра-тегиясы – неғұрлым төмен шығындар стратегиясы. Нарықтың тиімділігі мен рет-телуі. Монопольды үстемділік және тиімділік. Монопольды үстемділікті жүзеге асыруды болжау. Монопольды үстемділіктің мазмұны. Антимонополиялық саясат және оның құралдары.
Тақырып 8 Өндіріс факторларының нарығы. Ресурстар нарығындағы баға қалыптастыру

Жетілген және жетілмеген бәсекелі ресурстар нарығының сипаттамалары. Ресурстар нарығындағы сұраныс пен ұсынысты ерекшелігі. Шекті өнімділік тео-риясына сәйкес ресурстарға сұраныс. Туынды сұраныс ретіндегі ресурстарға сұ-раным. Бәсекелі нарықтағы экономикалық ресурстарға сұраныс пен ұсыныс. Шекті өнім, шекті табыс мөлшері мен ресурстар құны. Шекті өнім (МР) - қосым-ша ресурстармен өндірілген қосымша өнім ретінде. Қосымша өнімнің бірлігін са-тудан түсетін шекті ресурстың шекті өнімділігінің төмендеу заңы және шекті өнім. Ресурстардың тиімді үйлесмімділігі. Неғұрлым аз шығындар ережесі мен табысты максимизациялау ережесі.

Ресурстарға деген салалық және нарықтық сұраным. Ресурстарды салалық сұранымы және салалық сұраным қисығы. Саладағы ресурстарға сұранымның икемділігін анықтайтын факторлар: салалық өнімдер үшін баға бойынша сұраным икемділігі, бір ресурсты екінші ресурсқа алмастырудың техникалық мүмкіндікте-рі, уақыт, салада қолданылатын басқа ресурстар ұсынымыны икемділігі. Ресур-старға деген нарықтық сұраным. Ресурстарға деген сұраным икемділігі және оның факторлары. Ресурстардың салалық және нарықтық ұсынымы. Ресурстар ұсынымның салалық және нарықтық қисықтары.
Тақырып 9 Өндіріс факторларының нарығы. Еңбек қызметінің нары-ғы және еңбекақы

Еңбек қызметінің жеке және нарықтық ұсынымы. Еңбек пен демалыс ара-сындағы таңдай және еңбектің ұсынымы. Талғамсыздық қисығы мен «табыс-бос уақыт» бюджеттік сызығы. Еңбек ұсынымның жеке және нарықтық қисықтары. Еңбекақының өзгеруі кезіндегі табыстың өзгеруі мен алмастыру әсерлері. Еңбек қызметіне деген бәсекелік фирмалардың (еңбек нарығы мен тауарлар нарығында-ғы) сұранымы. Қызмет көрсету саласындағы еңбек ресурстарын пайдаланудың ерекшеліктері. Еңбек қызметіне бәсекелік фирманың сұраным қисығы. Жетілген бәсеке жағдайларындағы еңбек қызметін жалдау және пайданы жоғарлату. Еңбек қызметіне монополиялық сұрыным. Монополиялық тепе-теңдік. Таза монопсо-нист жұмыс күші қызметін жалғыз ғана сатып алушы ретінде. Монопсонистің жалдау туралы шешім қабылдау. Монопсонист - фирма тепе-теңдігі. Еңбек қыз-метін сатушылардың монополиялық билігі. Жұмыс күші ұсынымына кәсіподақ-тардың бакылауы. Кәсіподақтардың еңбекақыға әсері. Еңбек нарығындағы екі жақты монополия және еңбек бағасы тепе-теңдігін бекіту мәселелері.
Тақырып 10 Өндіріс факторларының нарығы. Капитал және жер ре-сурстарының нарығы: баға қалыптастырдың ерекшелігі

Капитал – тауарлар мен қызметтердің көп мөлшерін өндіру мақсатында құ-рылған ұзақ мерзімде пайдаланылатын ресурс болып табылады. Капиталдар түр-лері: физикалық капитал және адам капиталы. Капитал қозғалысы және капитал қоры. Капитал ресурстарының нарығы: ссудалық пайыз, қарыз құралдарына деген сұраным және олардың ұсынымы. Қарыздық пайыздың ставкасы және қысқа мер-зімді инвестицияларға сұраным. Инвестиция деңгейінің максималды пайдасы, ин-вестицияны сатып алдың шектік нормасы және пайыз ставкасы. Инвестицияның өзін-өзі ақтауы. Ұзақ мерзімді инвестициялар. Инвестициялаудың табыстылығын есепте шарттары: капитал активтері қызметінің жағымды мерзімі (негізгі қорлар-ды), инвестицияның шекті құны, табысты кеңейту үшін инвестицияның шекті са-лымы.

Дисконттау және инвестициялық шешімдер. Ұзақ мерзімді инвестициялар-дың ішкі сатып алу нормасын есептеу. Пайыздық нарықтық ставкасы және негізгі қорлардың бағасы. Қарыз капиталының ұсынымы. Уақытша талғамдар. Уақытша талғамның шекті нормасы. Уақыт аралық бюджеттік шектелер. Уақыт аралық те-пе-теңдік. Қарыздық пайыз ставкасының өзгеруі нәтижесінде болған табыс пен алмастыруды өзгеру эффектісі. Жинақтаудың нарықтық ұсынымы. Жер өндірістің ерекше факторы ретінде. Жердің сұранымы мен ұсынымыны ерекшелігі. Жерді пайдалану және жер рентасы. Өнімділік жер учаскелерінің орналас жағдайлары, дифференциалдық рента. Жердің бағасы жер рентасының капитализациясы ретін-де.

Тақырып 11 Нарық фискасы және тиімділік. Сыртқы әсерлер теория-сы

Сыртқы әсерлердің экономикалық түсінігі. Сыртқы әсерлердің түрлері. Жа-ғымсыз сыртқы әсерлер. Жағымсыз сыртқы әсерлердің пайда болу формасы. Қор-шаған ортаның ластануы және ресурстар нарығындағы экономикалық жағдай. Меншік құқығы мен сыртқы әсерлері. Коуз теоремасы. Нарықтық тепе-тендік жә-не өнім өндіру көлемінің тиімділігі. Жағымсыз сыртқы әсерлер кезіндегі тиімді-лікке жету жағдайлары. Жағымды сыртқы әсерлер. Нарықтық тепе-теңдік және қызметтерді ұсыну көлемінің тиімділігі. Оңтайлы ішкі әсер кезінде тиімділікке жету шарттары. Нарықтың көмегімен сыртқы әсерлердің мәселесін шешу. Әкім-шілдік-әміршілдік әдіс, түзетілген салықтар және субсидиялар, қалдықтарды тас-тады нарықтық лицензиялау. Олардың кемшіліктері мен артықшылықтары.
Тақырып 12 Нарық фискасы және тиімділік. Қоғамдық игіліктердің өндірісі және қоғамдық таңдау

Қоғамдық және иіліктердің ерекшеліктері. Қоғамдық игіліктер. Мемлекет-тің ұсынатын қоғамдық игіліктері және игіліктері. Жағымды сыртқы әсерлер жә-не таза қоғамдық игіліктерді шығаруды тиімділігі. Таза қоғамдық игіліктер нары-ғы: таза қоғамдық игілікке сұраныс және олардың ұсынылуы. Таза қоғамдық игі-ліктердің сұранысының қисығы және олардың тиімді көлемі. Таза қоғамдық игі-лікті ұжымдық ұсыну. Нарықтағы тепе-тендік.

Қоғамдық игіліктермен қамтамасыз ету: нарықтың және мемлекекттің мүм-кіндіктері. Қоғамдық таңдау. Саяси институт арқылы қоғамдық игілікті ұсыну. Нарықтағы саяси тепе-тендік. Көпшілік дауыс ережесі және дауыс беру парадок-сы. Нарықтың демократиясы, фиаскасы және үкіметтің фиаскасы.
4.3 Тәжірибелік сабақтар мазмұны
Тақырып 1 Кіріспе. Әлеуметтік сферадағы микроэкономиканың пәні және әдістемесі. Әлеметтік сферадағы микроэкономика және оның ерекше-ліктері

Әлеметтік сфераға сипаттама беру. Оның ерекшеліктерін бейнелеу


Тақырып 2 Сұраныс және ұсыныс қызметтерін талдаудың негізі

Сұраныс және ұсыныс заңдарын сипаттау. Графикті сызу. Қызмет көрсету-дегі ұсыныс икемділігінің факторларын атау.
Тақырып 3 Жетілмеген бәсеке нарығындағы өндірушілер

Талғамсыздық қисығын сызу, оны қасиеттерін атау. Бюджеттік қисық ен-кіштігінің экономикалық мағынасын іздеу

Тақырып 4 Жетілмеген бәсеке нарығындағы тұтынушылар

Қызметтер өндірісі және оны ерекшеліктерін сиапаттау. Жалпы, орташа және шекті шығындарға мысалдар келтіру
Тақырып 5 Жетілмеген бәсеке нарығы. Таза монополия және монопо-лиялық билік

Монополиялық билікті мәні мен көрсеткіштерін бейнелеу


Тақырып 6 Жетілмеген бәсеке нарығы. Монополиялық бәсеке: қыз-меттер өндірісінің көлемі мен бағасын анықтау

Монополиялық бәсекеге сипаттама беру. Қызмет бағасын есептеу
Тақырып 7 Жетілмеген бәсеке нарығы. Олигополия: үлгілері және баға қалыптастыру стратегиясы

Олигополиялар; графика түрде бейнелеу. Үлгілерді сипаттау
Тақырып 8 Өндіріс факторларының нарығы. Ресурстар нарығындағы баға қалыптастыру

Жетілген және жетілмеген бәсекелі ресурстар нарығын; неғұрлым аз шы-ғындар ережесі мен табысты максимизациялау ережесін сипаттау.
Тақырып 9 Өндіріс факторларының нарығы. Еңбек қызметінің нары-ғы және еңбекақы

Талғамсыздық қисығы мен «табыс-бос уақыт» бюджеттік сызығын сипат-тау және сызу

Тақырып 10 Өндіріс факторларының нарығы. Капитал және жер ре-сурстарының нарығы: баға қалыптастырдың ерекшелігі

Ұзақ мерзімді инвестициялардың ішкі сатып ал нормасын есептеу.

Тақырып 11 Нарық фискасы және тиімділік. Сыртқы әсерлер теория-сы

Сыртқы әсерлердің экономикалық түсінігін келтіру. Сыртқы әсерді мемле-кеттік реттедің әдістерін атау.
Тақырып 12 Нарық фискасы және тиімділік. Қоғамдық игіліктердің өндірісі және қоғамдық таңдау

Қоғамдық және иіліктердің ерекшеліктерін сипаттау. Таза қоғамдық игілік-тердің сұранысының қисығы және олардың тиімді көлемін сызу.

2.5 Студенттердің өзіндік жұмысының мазмұны

Студенттердің өзіндік жұмысыны кіреді:


  • дәріс сабақтарға дайындалу;

  • тәжірибелік сабақтарға дайындалу;

  • курстың жеке тақырыптарын өздігінен меңгеру;

  • межелгі бақылауға дайындалу.

4.4.1 СӨЖ көлемі сағатпен кестеде көрсетілді (күндізгі оқу түрі)






СӨЖ түрі

Есептеу формасы

Бақылау түрі

Көлем, сағ.

1

Дәріс сабақтарға дайындалу




Сабаққа қатысу

13,5

2


Тәжірибелік сабақтарға

дайындалу



Жұмыс дәптері, кесте-лерді, формулаларды дайындау

Сабаққа қатысу

13,5

3


Курстың жеке тақырыптарын

өздігінен меңгеру



Конспект

Конспекті қарау

49,5

4


Межелгі бақылауға

дайындалу






МБ1, МБ2

13,5




Барлығы

90


4.4.2 Курстың тақырыптарын өздігінен меңгеруге арналған сүрақтар


  1. Микроэкономикалық талдаудың әдістемесі. Микроэкономикалық тал-даудың әдісі. Теория және микроэкономикалық үлгілер.

  2. Сұраныс пен ұсыныс өзгерістеріне нарықтың әсері. Нарықтың тепе-тең-дігінің үлгісі.

    1. Жүйелі сыртқы әсерлер және қызмет саласындағы сұраныс. Жағымды және жағымсыз жүйелі сыртқы әсерлер.

    2. Нарықтар жүйесіндегі қосылу әсерлері.

    3. Бюджеттік шектеулер шегіндегі пайдалылықты максималдау.

    4. Тұтынушы тепе-теңдігінің жағдайы. Тұтынушының бұрыштық және іш-кі тепе-теңдігі. Табыс пен баға өзгеруіне байланысты тұтынушының әрекеті.

    5. Қалыпты игіліктердің «табыс-тұтыну» қисықтары. «Табыс-тұтын» вер-тикальды қисығы. Энгель қисығы. «Энгель заңдары» және қызметтер саласының өсуі.

    6. «Баға-тұтыну» қисығы және сұраныс қисығы.

    7. Қызмет саласындағы өндіріс факторларының алмасу мәселесі. Қызмет-тер өндірісінің тұрақты және айнымалы (өзгермелі) факторлары.

    8. Қызметтер саласындағы айнымалы өндіріс факторларының ерекшелік-тері. Айнымалы шығындарды жиынтық (ТРL), орташа (АРL) және шекті (МРL) өнімдері. ТРL, АРL, МРL қисықтары.

    9. Қызмет саласындағы өнімділікті жоғарылату мәселесі.

    10. Бағалық дискриминация дәрежесі: бірінші дәрежелі дискриминация (же-тілген бағалық дискриминация); екінші дәрежелі дискриминация (бағаны тұтыну көлеміне байланысты диверсификациялау); үшінші дәрежелі дискриминация (сег-менттік дискриминация).

    11. Өткізу шығындар. Өткізу шығындардың қисығы және қысқа мерзімдегі жарнама пайдасын жоғарлату.

    12. Жарнама қызметін жүзеге асырудағы ұзақ мерзімді тепе-теңдік.

    13. Монопольды үстемділік және тиімділік. Монопольды үстемділікті жүзе-ге асыруды болжау.

    14. Монопольды үстемділіктің мазмұны. Антимонополиялық саясат және оның құралдары.

    15. Ресурстарға деген салалық және нарықтық сұраным. Ресурстарды сала-лық сұранымы және салалық сұраным қисығы.

    16. Саладағы ресурстарға сұранымның икемділігін анықтайтын факторлар: салалық өнімдер үшін баға бойынша сұраным икемділігі, бір ресурсты екінші ре-сурсқа алмастырудың техникалық мүмкіндіктері, уақыт, салада қолданылатын басқа ресурстар ұсынымыны икемділігі.

    17. Ресурстарға деген нарықтық сұраным. Ресурстарға деген сұраным икем-ділігі және оны факторлары.

    18. Ресурстардың салалық және нарықтық ұсынымы. Ресурстар ұсынымның салалық және нарықтық қисықтары.

    19. Еңбек қызметін сатушылардың монополиялық билігі. Жұмыс күші ұсы-нымына кәсіподақтардың бакылауы. Кәсіподақтардың еңбекақыға әсері.

    20. Еңбек нарығындағы екі жақты монополия және еңбек бағасы тепе-тең-дігін бекіту мәселелері.

    21. Жер өндірістің ерекше факторы ретінде. Жердің сұранымы мен ұсыны-мының ерекшелігі.

    22. Жерді пайдалану және жер рентасы. Өнімділік жер учаскелерінің орна-лас жағдайлары, дифференциалдық рента.

    23. Жердің бағасы жер рентасының капитализациясы ретінде.

    24. Нарықтың көмегімен сыртқы әсерлердің мәселесін шешу. Әкімшілдік-әміршілдік әдіс, түзетілген салықтар және субсидиялар, қалдықтарды тастады нарықтық лицензиялау. Олардың кемшіліктері мен артықшылықтары.

    25. Қоғамдық игіліктермен қамтамасыз ету: нарықтың және мемлекекттің мүмкіндіктері. Қоғамдық таңдау. Саяси институт арқылы қоғамдық игілікті ұсыну.

    26. Нарықтағы саяси тепе-тендік. Көпшілік дауыс ережесі және дауыс беру парадоксы. Нарықтың демократиясы, фиаскасы және үкіметтің фиаскасы.




Мамандық(тардың) жұмыс

оқу жоспарынан көшірме






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/32



«Әлеуметтік саладағы микроэкономика және туризм» пәнінен



050902 «Туризм» мамандықтың жұмыс оқу жоспарынан көшірме


Оқу нысаны

Пәннің көп еңбекті қажет етуі

Семестр бойынша бақылау нысандары

Семестр

Семестр бойынша студенттердің жұмыс көлемі

кре-дит-тер

академиялық сағат

кре

дит


тер

Аудиториялық сабақ

(ак. сағат)



СӨЖ

(ак. САғат)



Бар-лығы

ауд

СӨЖ

емт

сын

КЖ-а

КЖ-с

бар-

лығы


дәр

пр.

зерт

бар

лығы


СОӨЖ

ЖОБ негізінде күндізгі

3

135

45

90

6

-

-

-

6

3

45

15

30




90



Кафедра меңгерушісі ___________________________________Г.Р.Байтаева


Әдебиеттер тізімі
Негізгі

  1. Бельгибаев К.М. Экономика (оқу құралы) «Ұлағат», 2007

  2. Есполов Т.И., Сулейменов Ж.Ж. Аграрлық экономика. оқулық, Алматы, 2008

  3. Нұрғалиева А.А. «Ауылдық аудандарда әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың экономикалық механизмі» / монография. Павлодар, Кереку баспасы 2011. – 178б.

  4. Нұрғалиева А.А. «Ауылшаруашылығының экономикасы» / оқу құралы. Павлодар, Кереку баспасы 2012. – 97б

  5. Нұрғалиева А.А. «Ауылшаруашылығының экономикасы» / оқу әдістемелік кешені. Павлодар, Кереку баспасы 2011. – 79б

Қосымша


  1. Абильдин С.А. и др. Агробизнесті үйымдастыру. Алматы, КазНАУ, 2009

  2. ҚР мемлекеттік агроөндірістік бағдарламасы 2007-2011 жыл //, № 3 (3), қыркүйек-қазан, Астана – 2008, 495 с.

  3. Скворцов Ю.В., Некрасов Л.А. «Өндірісті жоспарлау және ұйымдастыру. Ұйымдастырушылық менеджмент» - Мәскеу: Жоғарғы мектеп, 2009, 448 бет

  4. Бердалиев К.Б. и др. Менеджмент: курс лекций. – Алматы: Экономика. 2009

  5. Фатхутдинов Р.А. «Өндірістік менеджмент» - Мәскеу: Дашков және Компания, 2009, 392 бет

  6. Хрипач В.Я., Суша Г.З., Андросович Е.И. «Кәсіпорын экономикасы» - Минск: «Экономпрес» баспа орталығы, 2009, 273 бет

  7. Есполов Т.И., Сулейменов Ж.Ж. Аграрлықұ экономика. оқулық, Алматы, 2007

  8. Есентугелов А., Дебердеев А. Қазақстанның ауылшаруашылығы: проблемасы, оны шешу жолдары. – Алматы, 2007. – 91 б.



Жұмыс оқу жоспарының келісу парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/35


2012-2013 оқу жылына


«Әлеуметтік саладағы микроэкономика және туризм» пәні бойынша

жұмыс бағдарламасының келісу парағы





КЕЛІСУ ПАРАҒЫ

Шығару кафедрасы

Кафедра меңгерушінің

аты-жөні


Қолы

Келісу күні

«География және туризм»











жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау