БАЛА ЖОЛДАСЫНЫҢ БҮТІНДІГІН АНЫҚТАУДЫ КӨРСЕТУ.
Қажет құралдар: дәкелер, бала жолдасы фантомы, қолғап, жазық лоток.
Бала жолдасы бөлініп шыққаннан кейін міндетті түрде оның бүтіндігін анықтау қажет.
Бала жолдасын тегіс жерге аналық жағын жоғары қаратып қоямыз. Құрғақ дәкемен бетіндегі ұйыған қандарды сүртеміз. Аналық жағы қызыл көк түсті, біргелкі емес, қатпарлардан тұрады.
Аналық жағының шетін, бөліктерінің түгелдігін анықтаймыз және оның бетінде патологиялық өзгерістер (кальцинаттар, майлар) болса анықтаймыз.
Аналық жағын қарап болғаннан кейін, кіндік бауынан көтеріп, аударған соң, балалық жағын қараймыз.
Балалық жағы біргелкі, тегіс, сұр түсті болады. Саусақтарымызбен қабықшаларды аша отырып, оның бетінде қосымша жыртылған тамырлар бар жоқтығын анықтаймыз.
Қағанақтың жарылған жеріне көңіл аудару қажет.
Бала жолдасын қарап болғаннан кейін, оны өлшейміз, қарау қорытындысын босану тарихына жазамыз.
Қажет болса гистологиялық тексеруге жолдаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |