Ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру аймағы: "Шығармашылық"
Ұйымдастырылған оқу іс –әрекеті:
Тақырыбы: Жаңа жылдық шырша
Мақсаты: Шырша бұтағын салуды және оны жаңа жылдық ойыншықтармен әшекелеуде үйрету.Қылқаламның ұшымен сурет салу машығын дамыту .Ұқыптылықпен ыждағаттылыққа тәрбиелеу.
Оқу іс- әрекеттерінің кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс –әрекеті
|
Балалардың іс -әрекеті
|
Мотивациялық –қозғаушылық
Ұйымдастыру
шылық-ізденушілік
Рефлекстік –үйлесімділік
|
Тәрбиеші қыста да бір түскен айнымайтын қандай ағаш деп сұрайды. Қай ағашта жапырақтардың орнына тікендер бар? Қандай ағашты Жаңа жыл мерекесіне безендіреді? Қуыршақ келеді де, балаларға адамдардың аз ғана күн үшін орман аруын кесіп алып, артынан лақтырып тастайтыны жанына бататынын айтады. Педагог оған және балаларға қазіргі кезде синтетика және пластмасса шыршалар сатылады дейді. Олар да үйдің сәнін кіргізеді, ал нағыз, тірі шыршалар орманда өсіп тұра береді. Тәрбиеші балаларға топты қолдан салынған шырша бұтақтарымен әшекейлеуді ұсынады.
Тәрбиешінің үлгісін қарап көру
Балалар, қарандаршы, шыршаның бұтақтарының түсі қандай? (Қоныр.) Бұтақтар немен жабылған? (Инелермен.) Олардың түсі қандай? Инелер қалай өсіп тұр: тік, әлде көлбеу? Олар қалай қарай иілген? (Бұтақтың ұшына қарай.) Шыршаның бұтағы немен әшекейленген? (Жаңа жылдық ойыншықтармен.) Сендер ойыншықтар жайлы не айтар едеңдер? Сурет салу үшін бізге қандай қылқалам қажет? (Жіңішке.) Неге? (Жіңішке бұтақшалар мен жіңішке инелерді тек жіңішке қылқаламмен ғана салуға болады.)
Орындау тәсілітін көрсету
1.Қоңыр бояумен негізгі бұтақты, оның үстіне әр жаққа қарайтын тағы екі бұтақша саламыз.
2.Бұтақтың екі жағынан, соңынан қарай жылжи отырып, инелерді саламыз (көлбете). Инелерді жасыл бояумен, қылқаламның ұшымен саламыз.
3. Жаңа жылдық ойыншықтар саламыз. Қуыршақ тәрбиешіге ойыншық салуға көмектеседі.
Орындау тәсілін бекіту
Алдымен нені саламыз? Сосын? Шыршаның бұтақтарын бейнелеу үшін қажет? Бұтақты немен безендіреміз? Ойыншықтар қандай түсті болуы мүмкін?
Балалардың өз бетінше жұмыс істеуі.
Балалардың жұмыстарын көрмеге қою және талдау
Өзіне шырша бұтағын салуды үйреткені үшін қуыршақ тәрбиеші мен балаларға алғыс айтады. Тәрбиеші балалардың жұмыстарына талдау жүргізеді, бұған оларды да тартады. Балалар топ бөлмесі мен қабылдау бөлмесін шырша бұтақшаларымен әшекейлеуге көмектеседі.
Қосымша материал
Жұмбақ
Тікен, тікен тік пісте, иммм
Жазы-қысы бір түсте.
(Шырша.)
|
Шырша ағашында жапырақтардың орнында тікендер бар.
Иә дүкендерде сатады.
Тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді балалар.
Тәрбиеші орындау тәсілін балаларға түсіндіріп,орындайды.
Рахмет ,балалар!
Балалар жұмбақ шешеді
|
Нәтиже: Шырша бұтағын салуды және оны жаңа жылдық ойыншықтармен әшекелеуде үйрету.Қылқаламның ұшымен сурет салу машығын дамыту .Ұқыптылықпен ыждағаттылыққа тәрбиелеу.
Игерді: Шырша бұтағын салуды үйренді,ойыншықтармен әшекелеуді білді.
Айта алады, біледі:Сұрақтарға жауап бере алады.
Ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру аймағы: "Қатынас"
Бөлімдері:"Тіл дамыту ”
Тақырыбы: Орыс халық ертегісі ”Үйшік”.(Өз сөзімен айту және қойылым көрсету.)
Мақсаты: Ертегінің мазмұнын бекіту. Мазмұны бойынша сұрақтар қойып ,сауатты жауап беру дағдыларын қалыптастыру.Театрландырылған ойынға балалардың қызығушылықтарын арттыру.Келісілген түрде қойылым қоюға қатысуға тәрбиелеу.
Оқу іс- әрекеттерінің кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс –әрекеті
|
Балалардың іс -әрекеті
|
Мотивациялық –қозғаушылық
Ұйымдастыру
шылық-ізденушілік
Рефлекстік –үйлесімділік
|
Тәрбиеші балалардан кішкентай үйшік туралы қандай ертегі оқып ,білгендері туралы сұрайды.( Балалардың жауаптары.)
- Бұл ертегі неге үйретеді?( Мейірімділікке, достыққа,ұайырымдылыққа.)
Тәрбиеші бұл ертегіде қандай жануарлар туралы айтылатынын естеріне түсіруді сұрайды.Балалар естеріне түсіріп ,ертегідегі кейіпкерлерді атайды.Үйшікке бірінші орналасқан жануарды ,сосын сол үйшікте тұруға сұранған жануарларды кезегімен айтып береді.
-Аю жақсы ма?(Ол жақсы.Оның сондай әдемі үйшікте ,қонақжай аңдармен бірге тұрғысыкеледі.Ол үйшікте тұруға рұқсат сұрады,ал аңдар оған рұқсат берді.)
Тәрбиеші балалармен бірге үйшікті көрген кезде ,аңдар не айтқандарын естеріне түсіреді:”Кім бар мына үйшіктің ішінде?”
Сергіту сәті
Балалар әр аңның дауысын салып ,жүрістерін қимылдарымен көрсетеді.Тірбиеші балалардың бастарына аңдардың суреті салынған қалпақтарды кигізіп ,рөлдерге бөледі,бәрі қойылым көрсетеді.
Қорытындылау
Тәрбиеші балаларды мақтап сиқырлы театрда нағыз әртіс бола білгендерін айтады .Олар сол аңдардың дауыстарын ,қимылдарын айнытпай салып ,керемет ойнап берді.Тәрбиеші балалардың өздеріне ертегіні рөлге бөліп ойнағандары ұнады ма деп сұрайды.
|
Тәрбиеші балаларға ертегіні оқып береді.
Балалар дың жауаптары.
Ол жақсы.Оның сондай әдемі үйшікте ,қонақжай аңдармен бірге тұрғысыкеледі.Ол үйшікте тұруға рұқсат сұрады,ал аңдар оған рұқсат берді.
Сергіту сәтін жасайды
|
Нәтиже: Ертегінің мазмұнын бекіту. Мазмұны бойынша сұрақтар қойып ,сауатты жауап беру дағдыларын қалыптастыру.Театрландырылған ойынға балалардың қызығушылықтарын арттыру.Келісілген түрде қойылым қоюға қатысуға тәрбиелеу.
Игерді: Үйшік ертегісі жайлы білді.
Айта алады, біледі:Сұрақтарға жауап бере алады.
Ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру аймағы: "Шығармашылық"
Бөлімдері:"Жапсыру ”
Тақырыбы: Аққала
Мақсаты: Балаларды аппликациялық жұмыс- Аққала жасауды үйрету.Геометриялыщқ фигура- шеңберді бекіту.Пішіндерді бірінің үстіне бірін саа отырып , мөлшері бойынша салыстыра білуді дамыту.Дөңгелек пішінді заттарды ойып кесу машығын жетілдіру.Қолдардың ұсақ қимылдарын ,клейстермен жұмыс істей білуді дамыту .Дербестікке тәрбиелеу.
Оқу іс- әрекеттерінің кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс –әрекеті
|
Балалардың іс -әрекеті
|
Мотивациялық –қозғаушылық
Ұйымдастыру
шылық-ізденушілік
Рефлекстік –үйлесімділік
|
Сабақ басталғанға дейін топ бөлмесіне қысқы қызықтар бейнеленген сюжетті картина ілген және оның мазмұны бойынша балалармен әңгімелескен жөн.
Балаларға қонаққа Буратино келеді де,үйдің ауласынан таңғаларлық ,тіпті қорқынышты әлдене көргенін айтып береді.Оның тұла бойы қардан жасалған екен ,ал мұрнының орнында сәбіз шошиып тұрған көрінеді.Тәрбиеші балалардан оның не болуы мүмкін екенін сұрайды .Бәрі Буратиноны Аққаламен жақынырақ таныстырады.
Үлгіні қарап көру
Тәрбиеші балаларға Аққаланың үлгісін көрсетеді де, оны биік пе, әлде аласа ма деп сұрайды .Парақты қалай орналастырған дұрыс, былай ма,әлде мынандай етіп пе?( Тәрбиеші парақтың екі түрлі :тік және көлденең орналасуын көрсетеді.)Педагог балалардан олардың Аққаланы қалай мүсіндегенін естеріне түсірулерін сұрайды.
-Аққаланы неден мүсіндейді?Жентектелген қар соқтасы қандай геометриялық фигураға ұқсайды?
-Аққала құрастыру үшін неше қар соқтасын мүсіндеу қажет?
-Жентектелген қар соқталарының бәрінің мөлшерлері бірдей ме?
Балалар тәрбиешінің үлгісін қарап көреді де,сұрақтарға жауап береді.
-Аппликация жасау үшін қандай түсті қағаз керек?
-Қандай мөлшердегі шеңбер төменге орналасқан?
- Қандай мөлшердегі шеңбер ортасына орналасқан ?
- Қандай мөлшердегі шеңбер жоғарғы жақта тұр?
-Аққалада тағы не бар?
Орындау тәсілін көрсету
Біздің аппақ Аққаламыз жақсы көріну үшін, біз оны көгілдір фонға жапсырамыз.
1.Бізде екі шеңбер дайын,үлкен шаршыдан үшінші шеңберді,қиып жасаймыз.Бұл үшін шаршыны бұрамыз да ,әр жағынан оның бұрыштарын дөңгелентіп кесіп тастаймыз.
2.Бізде енді үлкендіктері әртүрлі үш шеңбер бар.Оларды дұрыс ретпен жайып қою керек.Шеңберлерді бірінің үстіне бірін қою жолымен мөлшерлерін салыстырамыз.Бөлщектерді жаямыз:төменге үлкен шеңбер ,сосын орташасы ,үстіне кішкентайы қойылады.
3.Бөлшектерді жапсырамыз –сәбіз –мұрын , басқа шелек желімделеді.Шелекті басқа “кигіземіз ”,сондықтанда ол жоғарғы шеңбердің бір бөлігін жауып тұрады.
4.Көздерді ,ауызды және түймелерді фломастермен саламыз.
Орындау тәсілін бекіту
“Қатені тап”дидактикалық ойыны.Мақсат :Аққаланы құрастыруда шеңберлерді дұрыс орналастыруды бекіту.Педагог Аққаланың бөлшектерін әдейі дұрыс орналастырмай, теріс жайып қояды да ,балалардан қатені табуды сұрайды.
-Қағаз парағын қалай дұрыс орналастыру керек?
Аққаланы парақтың орта тұсына жапсырамыз .
-Қайшыны қайтіп дұрыс ұстау керек екенін көрсетіңдерші?
-Қайшымен жұмысты қалай істеу керек?(Ұқыпты.)
Балалардың өз бетінше жұмыс істеуі
Қажет болуына қарай балаларға шеңберді ойып кесу ,қию және бөлшектерді жайып қою жұмыстары бойынша жеке көмек көрсетіледі.
Балалардың жұмыстарын көрмеге қою және талдау
Буратино балалардың жұмыстарына қуанады ,сосын ,Аққала мүсіндеуді үйренуі үшін ,өздерімен бірге оны да қыдыруға алып шығуларын өтінеді.
|
Балалар Буратиномен амандасады.
-Жентектелген қардан
-Үш қар соқтасынан мүсіндейді.
-Аққалада көзі,мұрны ,қолдары болады.
1.Бізде екі шеңбер дайын,үлкен шаршыдан үшінші шеңберді,қиып жасадық
2.Бізде енді үлкендіктері әртүрлі үш шеңбер бар.Оларды дұрыс ретпен жайып қойдық.. 3.Бөлшектерді жапсырамыз –сәбіз –мұрын , басқа шелек желімдедік. 4.Көздерді ,ауызды және түймелерді фломастермен салдық..
|
Нәтиже: Балаларды аппликациялық жұмыс- Аққала жасауды үйрету.Геометриялық фигура- шеңберді бекіту.Пішіндерді бірінің үстіне бірін саа отырып , мөлшері бойынша салыстыра білуді дамыту.Дөңгелек пішінді заттарды ойып кесу машығын жетілдіру.Қолдардың ұсақ қимылдарын ,клейстермен жұмыс істей білуді дамыту .Дербестікке тәрбиелеу.
Игерді: Аққала жасаужы үйренді. Геометриялық фигураларды меңгерді.
Айта алады, біледі:Сұрақтарға жауап бере алады.
Ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру аймағы:”Шығармашылық ”
Бөлімдері: Сурет салу
Тақырыбы: Терезедегі өрнектер
Мақсаты:Шырағданды пайдалана отырып ,аяз өрнектерін салуды үйрету.Дымқыл жерге сурет салуды бекіту Ой-қиялын ,сурет салу үшін практикада түрлі құралдарды таңдап алу және қолдана білуді дамыту.Танымдық қызығушылыққа тәрбиелеу.
Оқу іс- әрекеттерінің кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс -әрекеті
|
Балалардың іс -әрекеті
|
Мотивациялық –қозғаушылық
Ұйымдастыру
шылық-ізденушілік
Рефлекстік -үйлесімділік
|
Ойыншық келіп, балаларға түнде біреу барлық терезелерді бояп кеткенін әңгімелейді. Өрнектер жіңішке қылқаламмен, мөлдір бояулармен саланған, олар: бұтақшалар, гүлдер, ертегі ағаштары, қамалдар, құстар. Мұқият қараған адам әркез бұл өрнектерді таниды. Жұмбақ жасырылады.
Жапырақты да, шөпті де
Шоқ-шоқ райхан гүлін де
Кестелеген әйнекке
Шебер еді ол неткен. (Аяз.)
Е. Благинина
Өрнек қалай пайда болады? Далада аяз, ал үйде жылы. Терезе бусанып тұр, ал үйде де салқын болған кезде су қатады да, мұз түйіршіктеріне айналады, терезедегі оюлар осылардан құралады. Аяз өрнектерін пеш жағылған үйлерден де көресіз. Мұндай үйлерде біресе жылы, біресе суық, сондықтан өрнектер бірде ериді, бірде қайталанбас оюға айналып қатады.
Тәрбиешінің үлгісін қарап көру
Қарандаршы, аяз менің тереземе қандай суреттер салған. Әсіресе қараңғы болғанда оюлар жақсы көрінеді.
Орындау тәсілін көрсету
Өрнекті екі түрлі тәсілмен: ылғал парақта немесе шырақпен салуға болады. Мен сендерге екі тәсілді де көрсетемін, ал сендер қайсысын қаласаңдар, өз суреттеріне соны таңдап аласыңдар.
Ылғал парақта (қараңғы ая пайданылады)
Терезенің шынысын ылғал мақта тампонның көмегімен сулаймыз
Тез, парақ кеуіп үлгергенше, ақ бояумен бұтақшалар мен бұйралар саламыз. Бояулар жұмбақ оюлар жасай отырып, ылғал парақ бетіне жайылып кетеді.
Шырағданмен сурет салу
Терезенің ақ түсті аясынан бұйралар, бұтақшалар және қар ұшқындарын саламыз. Біздің өрнегіміз көрінбейді ғой! Өйткені парақ та, өрнек те ақ түсті.
Терезенің аясын мақта тампонның көмегімен қоңыр түспен (көк немесе сия көк) бояймыз- өрнегіміз көріне бастады.
Орындау тәсілін бекіту
Біз бүгін не саламыз? Аяз өрнектерін қалай және ненің көмегімен саламыз? Аяз өрнектерін сендер қандай тәсіл арқылы салғыларың келеді?
Балалардың өз бетінше жұмыс істеуі
Тәрбиеші балалардың қимылын жеке-жеке түзетіп отырады.
Балалардың жұмыстарын көрмеге қою және талдау
Тәрбиеші балаларды қатыстыра отырып, олардың жұмыстарына талдау жүргізеді.
|
Балалар жұмбақты шешеді.
Қайталап, сұрақтарға жауап береді
.
Терезенің шынысын ылғал мақта тампонның көмегімен суладық.
Бұтақшалар мен бұйралар салдық. Бояулар жұмбақ оюлар жасай отырып, ылғал парақ бетіне жайылып кетеді.
Терезенің ақ түсті аясынан бұйралар, бұтақшалар және қар ұшқындарын салдық.
|
Нәтиже: : Шырағданды пайдалана отырып ,аяз өрнектерін салуды үйрету.Дымқыл жерге сурет салуды бекіту. Ой-қиялын ,сурет салу үшін практикада түрлі құралдарды таңдап алу және қолдана білуді дамыту.Танымдық қызығушылыққа тәрбиелеу.
Білді:Шырағданмен сурет сала білді. Дымқыл жерге сурет салуды үйренді.
Айта алады:Сұрақтарға жауап бере алады.
Ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру аймағы:”Қатынас ”
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: [Ә] дыбысы
Мақсаты: [Ә] дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру.Дыбысты дұрыс айтуға жаттықтыру.Сөздің басында ,ортасында дыбысты қатесіз айтуға үйрету.Білуге деген қызығушылықтарын арттыру.
Оқу іс- әрекеттерінің кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс -әрекеті
|
Балалардың іс -әрекеті
|
Мотивациялық –қозғаушылық
Ұйымдастыру
шылық-ізденушілік
Рефлекстік -үйлесімділік
|
Тәрбиеші балаларға тілдің бірнеше әнін қайталауды ұсынады.Содан соң жаңа ән үйрететінін ескертеді.
Тілге жаттығу жасау
1.”Тәтті тосап “.
2.Қоңыз ,маса және араның әндерін естеріне түсіру.(З-з-з,р-р-р,ж-ж-ж.)
“Дұрыс айт”дидактикалық ойыны
Мақсаты;көр1203,сетілген заттарды дұрыс атап , берілген дыбысты қатесіз дыбыстай білу.Суреттер көрсетіледі:жіп, жылан,жапырақ,жейде,жемпір.
-Бірінші қандай дыбысты естіп тұрсыңдар ?Ол әндетіліп айтыла ма?Жоқ.Бүгін біз сендермен әндетіліп ,созылып айтылатын дауысты дыбыс –ә дыбысымен танысамыз.
Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:
Бұрап қойған сағаттай,
Айқалайды таң атпай.
-Әтеш.
-Әтеш дегенде сөзде бірінші қай дыбыс естіледі?
-Ә дыбысы.
-Ендеше сендерге Ж. Смақовтың өлеңін оқып берейін.
Жақсы кітап –“Әліппе”,
Үйретеді әріпке .
Қуыршақпен қоштастым,
“Әліппемен” достастым :
“А”-дан бастап әріпті ,
Түгел маған танытты,-
Деген өлеңді мәнерлеп оқып береді .
Балалардың назары “Әліппе” сөзіне аударылады.
-“Әліппе” деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіледі ?(“Ә” дыбысы естіледі.)
Дыбыстың айтылу артикуляциясы
-Балалар, ә дыбысы дауысты дыбыстардың арасындағы жіңішке дауысты дыбыстарға жатады.А дыбысы-жуан дауысты, ол тілдің кейін шегінуі арқылы, ә тілдің ілгері жылжуы арқылы жасалады, ал еріннің қатысы жағынан бұл екеуі бір-біріне жуық. Ә- жіңішке дауысты дыбыс.
Ә дыбысын айтқанда ауыз жартылай ашылады, тіл астыңғы қақпаға тіріледі. Ортанғы бөлігі төмен түсіп, тамақ бөлігі сәл ғана көтеріледі де, ешқандай кедергісіз ә дыбысы шығады. Қанеки, айтып көрейікші: ә-ә-ә.
Сергіту сәті
Оңға,оңға,
Түзу тұр!
Солға, солға,
Түзу тұр!
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары-төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
«Мен айтқан дыбысты тап!» дидактикалык ойыны
Мақсаты: ә дыбысы бар сөздерді дұрыс естіп, қатесіз айту. Сөздер: айна, әйнек, Әймен,Самат, сағат,Сәкен, т. б. Балалар осы сөздерден ә дыбысын естігінде қол соғады.
Дыбыстық жаттығу жасау
-Ә дыбысын бірге айтып көреікші: ә-ә-ә. (Жалпылама, жеке айтқызылады.)
Сә-сә-сә-қоян жедә сәбіз.
Са-са-са- ызындады масса.
Уа-уа-уа-алма жеді Алуа
Уә-уә-уә-боламын саған куә.
На-на-на- ең асыл сөз Ана
Нә-нә-нә-кінә.
А және Ә дыбыстарын салыстыра отырып айту. Жуан-жіңішкелігін ажырата білу.
Қорытындылау
-Бүгін қандай дыбыспен таныстық? Ол дауысты ма , дауыссыз ба? Жуан ба, жіңішке ме? Кедергімен айтыла ма, жоқ еркін, кедергіссіз айтыла ма?
Ә дыбысы-әндетіліп айтылатын дыбыс.
|
З-з-з,р-р-р,ж-ж-ж.
“Дұрыс айт”дидактикалық ойынын ойнау
Қайталап, сұрақтарға жауап береді
.
Ж. Смақовтың өлеңін оқып бердім.
Дыбыстың айтылу артикуляциясын айтып түсіндіреді.
Балалар сергіту сәтін жасайды.
«Мен айтқан дыбысты тап!» дидактикалык ойынын ойнайды.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
|
Нәтиже: [Ә] дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру.Дыбысты дұрыс айтуға жаттықтыру.Сөздің басында ,ортасында дыбысты қатесіз айтуға үйрету.Білуге деген қызығушылықтарын арттыру.
Білді: : [Ә] дыбысының айтылу артикуляциясын айтып үйренді.
Айта алады:Сұрақтарға жауап бере алады.
Ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру аймағы:”Шығармашылық ”
Бөлімдері: Мүсіндеу
Тақырыбы: Тәрелкедегі ойық тоқаштар
Мақсаты: Ойық тоқаштарды мүсіндеуді үйрету.Тәрелкені мүсіндеуді бекіту.Өз жұмысын қайталанбас бейне жасай отырып безендіруге ынталандыру.Ыждағаттылыққа тәрбиелеу.
Оқу іс- әрекеттерінің кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс -әрекеті
|
Балалардың іс -әрекеті
|
Мотивациялық –қозғаушылық
Ұйымдастыру
шылық-ізденушілік
Рефлекстік -үйлесімділік
|
Қонаққа ойық тоқаштар салынған тәрелкесімен қуыршақ келеді.Ол мұнысының балаларға арналған сый тамақ екенін айтады.Ол қуыршақтар үшін ойық тоқаштарымен тәрелке мүсіндеп беруді сұрайды.Тәрелкенің пішіні ,түсі қарастырылады.Тәрелкенің өте әдемі безендірілгеніне назар аударылады.
Ойық тоқаштар қарастырылады- олар сақиналарға ұқсас :басы да ,аяғы да жоқ.
Тәрбиешінің үлгісін қарап көру
-Қуыршақ, менің тәрелкеме қарашы.Ол ақ , дөңгелек,шеттері теп-тегіс .Тәрелке жасыл түсті әдемі өрнекпен безендірілген – мынау жолақша және нүктелер.
Ал мыналар ойық тоқаштар,біркелкі тегіс ,дөңгелек .Балалар ,ойық тоқаштардың түсі қандай?Мен оларды тәрелкеге саламын.Саған ұнай ма?
-Әрине ,ұнайды ,ойық тоқаштар мен тәрелкені балалар да жасасын.
Орындау тәсілін көрсету
Тәрелке
1.Ақ ермексаздан айналдырма қимылдармен шар илеймін.
2.Шарды екі алақанымның арасына салып жаншамын.
3.Шеттерін көтеріңкіреп ,жан –жаққа аздап созамын.
4.Іргелілі –кейінді қозғалыспен көк түсті жіңішке “шұжықша” есемін.
5.Саусақтарымменжұмарлап кішкене шарлар жасаймын .
6.Тәрелкенің шетін жағалатып жолақшаны жаямын.
7.Жолақшаға кішкене шарларды бекіте отырып,өрнекті нүктелермен толықтырамын.
Ойық тоқаштар
1.Жұан шұжықша есемін.
2.Екі ұшын шеңбер жасап біріктіремін.Қосалқы жерін сұқ саусағыммен тегістеймін.
Орындау тәсілін бекіту
Балалардың дербес шығармашылық жұмысы
Балалардың жұмыстарынкөрмеге қою және талдау
Құыршақ барлық балалардың жұмыстарын мақтайды.Енді балабақшадағы қуыршақтардың бәріне де сый тамақ жететін болады.Ұқыпты жасалған жұмыстарға және өрнекпен әшекейленген тәрелкелерге айрықша назар аударылады.Қуыршақ балалардан үстелдерді жинастыруды және ермексазбен жұмыс істегеннен кейін қолдарын жууды сұрайды ,сосын балаларға сый тамақ – ойықтоқаштарды таратып береді.
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ МАҚАЛ- МӘТЕЛ
Нан дастарханға қалай келеді. Ас атасы – нан,
Мамасы ,баласы
Дүкеннен нан алып , Қоныс көркі – там,
Көңілді келеді, Дастархан көркі- нан.
Үйіне оралып.
Дән бірақ өспейді
Дүкеннің төрінде .
Тек еңбек –ісі игі
Жеткізер өнімге.
|
Балалар амандасады қуыршақпен.
Ақ ермексаздан айналдырма қимылдармен шар иледік.
Шарды екі алақанымның арасына салып жаншыдық.
Шеттерін көтеріңкіреп ,жан –жаққа аздап создық.
Іргелілі –кейінді қозғалыспен көк түсті жіңішке “шұжықша” естік.
Саусақтарымменжұмарлап кішкене шарлар жасадым Тәрелкенің шетін жағалатып жолақшаны жайдым.
Жолақшаға кішкене шарларды бекіте отырып,өрнекті нүктелермен толықтырдым.
Тәрбиешімен мақал –мәтелді қайталайды.
|
Нәтиже: Ойық тоқаштарды мүсіндеуді үйрету.Тәрелкені мүсіндеуді бекіту.Өз жұмысын қайталанбас бейне жасай отырып безендіруге ынталандыру.Ыждағаттылыққа тәрбиелеу.
Білді: : Ойық тоқашты және тәрелкені мүсіндеуді үйренді.
Айта алады:Сұрақтарға жауап бере алады.
Қаңтар
Ақпан
Наурыз
Сәуір
Мамыр
Маусым
Шілде
Тамыз
Қыркүйек
Қазан
Қараша
Желтоқсан
Тәрбиеші көмекшісі: Иманбаева Айнаш Туратовна
Тәрбиеші көмекшісі: Иманбаева Айнаш Туратовна
Тәрбиеші көмекшісі: Иманбаева Айнаш Туратовна
Жеуге болмайды
Шыңғысхан – апельсин
Севиль – конфет
Достарыңызбен бөлісу: |