Ұйымдардың қызметкерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына


-тақырып. Өрт қауіпті жұмыс жүргізу, заттар мен материалдарды



жүктеу 0,69 Mb.
бет2/4
Дата22.05.2018
өлшемі0,69 Mb.
#15846
1   2   3   4

4-тақырып. Өрт қауіпті жұмыс жүргізу, заттар мен материалдарды
сақтау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары
Отпен байланысты жұмыстардың түрлері және олардың өрт қауіптілігі. Отпен байланысты тұрақты және уақытша жұмыстар жүргізу бекеттері. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізуге адамдарды жіберу тәртібі және олардың жүргізілуін бақылау. Жарылыс, өрт қауіпті үй-жайларда электрмен, газбен дәнекерлеу жұмыстарын, сондай-ақ өзге де отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде өрт қауіптілігінің ерекшеліктері.

Тез тұтанатын сұйықтықтардың, жанғыш сұйықтықтардың, жанғыш газдың өрт қауіпті қасиеттері. Жалпы объектілік қоймаларда, ашық алаңдарда, цехтің таратушы қоймаларында тез тұтанатын сұйықтықтарды, жанғыш сұйықтықтарды, жанғыш газды сақтау кезінде өрт қауіпсіздігі шаралары. Жұмыс орындарында, сырлау және өзге де өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде тез тұтанатын сұйықтықтарды, жанғыш сұйықтықтарды, жанғыш газды қолданудағы өрт қауіпсіздігі шаралары. Тез тұтанатын сұйықтықтарды, жанғыш сұйықтықтарды, жанғыш газды тасымалдау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары.



5-тақырып. Эвакуациялау жолдарына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары
Эвакуациялау жолдары. Эвакуациялау жолдары мен эвакуациялық шығу жолдарын анықтау. Эвакуациялау жолдарына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары. Эвакуациялау жолдарының түтіндеуін болдырмайтын іс-шаралар. Пайдаланудағы объектілерде өрт шыққан жағдайдағы эвакуациялау жоспары. Өрт кезінде адамдарды эвакуациялау туралы шұғыл хабарлау жүйесі. Адамдарды эвакуациялау бойынша оқу-жаттығулар ұйымдастыру.

6-тақырып. Ұйымдағы өрттен қорғау жүйелері туралы жалпы мәліметтер
Алғашқы өрт сөндіру құралдары. Өрт сөндіргіштерді орнату, тактикалық-техникалық сипаттамасы және пайдалану қағидалары.

Сыртқы және ішкі сумен жабдықтау, мақсаты, құрылғысы. Өрт крандары, оларды орналастыру және бақылау. Өрт кезінде қолдану қағидалары.

Автоматты өрт сөндіру және дабыл жүйелерінің мақсаты, қолдану саласы. Өрт дабылы, өрт хабарлағыштары станцияларын жіктеу, негізгі параметрлері. Монтаждау және пайдалану қағидалары. Техникалық қызмет көрсету және жүйелердің жұмыс қабілеттілігін бақылау. Сумен, көбікпен, газбен және ұнтақпен өрт сөндіру жүйелерінің жұмыс істеу қағидалары, құрылғысы.

Түтіннен қорғау қондырғыларының мақсаты, түрлері, негізгі элементтері. Түтіннен қорғау жүйелеріне қойылатын нормалар мен ережелердің талаптары. Түтіннен қорғау жүйелерін пайдалану және тексеру.


7-тақырып. Ұйымда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің
ұйымдастырушылық негіздері
Өрт-техникалық комиссия. Қызметкерлерге өрт қауіпсіздігі шараларын оқыту. Өртке қарсы нұсқама және өрт-техникалық минимум. Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқама. Өртке қарсы іс-шараларды әзірлеу тәртібі. Ұйым қызметкерлерімен практикалық сабақтар. Өртке қарсы насихат. Өрт қауіпсіздігі бұрыштары.

«Өртке қарсы режим» терминінің ұғымы. Объект аумағындағы, жертөле және шатыр үй-жайларындағы өртке қарсы режим, үй-жайларды ұстау.



8-тақырып. Қызметкерлердің өрт кезіндегі іс-қимылдары
Өрттің дамуының жалпы сипаты мен ерекшеліктері. Өрт туралы хабарлау тәртібі. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін от қауіпті және бағалы заттар мен материалдарды сөндіруді ұйымдастыру, адамдарды эвакуациялау. Өрт сөндіру бөлімшелерін қарсы алу. Өрттің таралуын болдырмау шаралары. Өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейінгі іс-қимылдар.

9-тақырып. Практикалық сабақтар
Модельді өрт ошағында өрт сөндіргіштермен практикалық түрде таныстыру және жұмыс істеу. Өрт кранын қолдану бойынша жаттығу. Өрттен қорғау жүйелерімен практикалық түрде таныстыру. Адамдарды эвакуациялау бойынша жаттығулар.

Сынақ. Өрт-техникалық минимумы білімдерін тексеру.

Өндірістің жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша санаттарындағы өндірістік объектілер мен сақтау объектілерінің жұмысшыларын арналған тақырыптық жоспар мен үлгілік оқу бағдарламасы


р/с




Тақырыптың атауы

Сағат саны

1

Өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарын реглементтейтін негізгі нормативтік құжаттар.

1

2

Заттар мен материалдардың жану және өрт-жарылу қауіптілігі қасиеттері, ғимараттардың өрт қауіптілігі туралы жалпы ұғымдар.

1

3

Ұйымдағы өрт қауіптілігі.

1

4

Өрт қауіпті жұмыс жүргізу, заттар мен материалдарды сақтау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары.

2

5

Эвакуациялау жолдарына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары.

1

6

Өртке қарсы жабдықтар және мүкәммал, өрт кезінде пайдалану тәртібі

1

7

Қызметкерлердің өрт кезіндегі іс-қимылдары

2

8

Практикалық сабақ.

3

Жалпы сағат саны

12



1-тақырып. Өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарын реглементтейтін негізгі нормативтік құжаттар
Өрт қауіпсіздігі саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерді зерделеу. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезіндегі объектілік нұсқамалар, бұйрықтар, ұйым басшысының өкімдері.

2-тақырып. Заттар мен материалдардың жану және өрт-жарылу қауіптілігі қасиеттері, ғимараттардың өрт қауіптілігі туралы жалпы ұғымдар
Жану туралы жалпы мәліметтер. Заттар мен материалдардың жарылу-өрт қауіпті қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштер. Үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстар мен технологиялық үдерістерді өрт, жарылыс қауіптілігі бойынша санатқа бөлу және жіктеу. Құрылыс материалдарын жану топтары бойынша жіктеу. Отқа төзімділік шегі мен жалынның таралу шегі туралы ұғым. Ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділік дәрежесі туралы ұғым. Конструкцияларды оттан қорғау тәсілдері.

3-тақырып. Ұйымдағы өрт қауіптілігі
Өндірістің өрт қауіптілігін регламетттейтін негізгі нормативтік құжаттар. Жылу беру және желдету жүйелерінің өрт қауіптілігі. Жылу беру және желдету жүйелерін орнату кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары.

Өрттің электр тогынан шығу себептері және олардың алдын алу шаралары. Жарылыс қауіпті және өрт қауіпті аймақтарды жіктеу. Найзағайдың тікелей соққысы мен оның қайта көрініс беруінің өрт қауіптілігі. Ғимараттар мен құрылыстарды найзағайдан қорғау құралдарының санаттары. Найзағайдан қорғағыштарды орнату жөніндегі негізгі ережелер. Статикалық электр және оның өрт қауіптілігі. Алдын алу шаралары.



4-тақырып. Өрт қауіпті жұмыс жүргізу және заттар мен материалдарды сақтау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары
Отпен байланысты жұмыстардың түрлері және олардың өрт қауіптілігі. Отпен байланысты тұрақты және уақытша жұмыстар жүргізу бекеттері. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізуге адамдарды жіберу тәртібі және олардың жүргізілуін бақылау. Жарылыс, өрт қауіпті үй-жайларда электрмен, газбен дәнекерлеу жұмыстарын, сондай-ақ өзге де отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде өрт қауіптілігінің ерекшеліктері.

Тез тұтанатын сұйықтықтардың, жанғыш сұйықтықтардың, жанғыш газдың өрт қауіпті қасиеттері. Жалпы объектілік қоймаларда, ашық алаңдарда, цехтың таратушы қоймаларында тез тұтанатын сұйықтықтарды, жанғыш сұйықтықтарды, жанғыш газды сақтау кезінде өрт қауіпсіздігі шаралары. Жұмыс орындарында, сырлау және өзге де өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде тез тұтанатын сұйықтықтарды, жанғыш сұйықтықтарды, жанғыш газды қолданудағы өрт қауіпсіздігі шаралары. Тез тұтанатын сұйықтықтарды, жанғыш сұйықтықтарды, жанғыш газды тасымалдау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары.



5-тақырып. Эвакуациялау жолдарына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары
Эвакуациялау жолдары. Эвакуациялау жолдары мен эвакуациялық шығу жолдарын анықтау. Эвакуациялау жолдарына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары. Эвакуациялау жолдарының түтіндеуін болдырмайтын іс-шаралар. Пайдаланудағы объектілерде өрт шыққан жағдайдағы эвакуациялау жоспары. Өрт кезінде адамдарды эвакуациялау туралы шұғыл хабарлау жүйесі. Адамдарды эвакуациялау бойынша оқу-жаттығулар ұйымдастыру.

6-тақырып. Өртке қарсы жабдықтар және мүкәммал, өрт кезінде пайдалану тәртібі
Өртке қарсы жабдықтарды және мүкәммал дықолдану түрлері және саласы. Мақсаты мен құрлысы. Алғашқы өрт сөндіру құралдары. Мақсаты, техникалық сипаттамасы, жұмы істеу тәртібі және олардың орналасу орны. Ішкі өрт сөндіру крандар.

7-тақырып. Қызметкерлердің өрт кезіндегі іс-қимылдары
Өрттің дамуының жалпы сипаты мен ерекшеліктері. Өрт туралы хабарлау тәртібі. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін от қауіпті және бағалы заттар мен материалдарды сөндіруді ұйымдастыру, адамдарды эвакуациялау. Өрт сөндіру бөлімшелерін қарсы алу. Өрттің таралуынан болдырмау шаралары. Өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейінгі іс-қимылдар.

8-тақырып. Практикалық сабақтар
Модельді өрт ошағында өрт сөндіргіштермен практикалық түрде таныстыру және жұмыс істеу. Өрт кранын қолдану бойынша жаттығу. Өрттен қорғау жүйелерімен практикалық түрде таныстыру. Адамдарды эвакуациялау бойынша жаттығулар.

Сынақ. Өрт-техникалық минимумы білімдерін тексеру.

Газбен, электрмен дәнекерлеу, бензинмен кесу жұмыстарын орындайтын қызметкерлерге арналған тақырыптық жоспар мен үлгілік оқу бағдарламасы


р/с



Тақырыптар атауы

Сағат саны

1

Өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін негізгі нормативтік құжаттар

1

2

Өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу түрлері мен тәртібі. Заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі

1

3

Өрттің шығу себептері, алдын алу шаралары

1

4

Жарылыс, өрт қауіпті объектілер мен қондырғыларда отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезіндегі өрт қауіптілігі ерекшеліктері

2

5

Газбен дәнекерлеу және электрмен дәнекерлеу жұмыстары

1

6

Өртке қарсы жабдық және мүкәммал, өрт кезінде пайдалану тәртібі

1

7

Өрт кезіндегі іс-қимылдар

1

8

Практикалық сабақтар

2

Жалпы сағат саны

10



1-тақырып. Өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін негізгі нормативтік құжаттар
Өрт қауіпсіздігі саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерді зерделеу. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезіндегі объектілік нұсқамалар, бұйрықтар, ұйым басшысының өкімдері.

2-тақырып. Өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу түрлері мен тәртібі. Заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі
Газбен, электрмен дәнекерлеу және қыздыру жұмыстары, металл кесу, желіммен, шайырмен, битуммен, полимермен және өзге де жанғыш материалдармен жұмыс істеу. Оларды жүргізу тәртібі. Жұмыстардың өрт қауіптілігі және олардың өрт қауіптілігінің ерекшеліктері.

3-тақырып. Өрттің шығу себептері, алдын алу шаралары
Газбен, электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі өрттің негізгі себептері: жұмыс істеу қағидаларын бұзу, газбен, электрмен дәнекерлеу жабдығының ақаулығы, жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс жүргізу орындарын бақылаудың болмауы. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізуге дайындау, жүргізу, жұмыс орындарын бақылау, сондай-ақ оларды аяқтау процесінде өрттің алдын алу шаралары.

4-тақырып. Жарылыс, өрт қауіпті объектілер мен қондырғыларда отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезіндегі өрт қауіптілігі ерекшеліктері
Тез тұтанатын сұйықтықтар, жанғыш сұйықтықтар, жанғыш газ босатылған сыйымдылықтарда оларды алдын ала дайындамай, жұмыс істеу кезінде қысыммен жұмыс істейтін қондырғыларда отпен байланысты жұмыстарды жүргізу. Жарылыс қауіпті және жарылу, өрт шығу қаупі бар бөлімшелерде отпен байланысты жұмыстарды жүргізу тәртібі.


5-тақырып. Газбен дәнекерлеу және электрмен дәнекерлеу жұмыстары
Жұмыс істеу кезінде қолданылатын газдардың өрт қауіптілігі. Сығылған және сұйытылған газдарға арналған баллондармен жұмыс істеу ерекшеліктері. Кальций карбидінің оны тасымалдау кезіндегі қасиеттері, сақтау және қолдану ережесі. Ацетилен генераторы, аппараттарға қойылатын негізгі талаптар. Ацетилен аппараттары мен газ баллондарының орналасу орындары, оларды ашық оттан және басқа да жылу көздерінен қорғау. Газ өткізу шлангілерін сынау және тексеру тәртібі. Электрмен дәнекерлеу аппараттары, аппараттарға қойылатын негізгі талаптар. Техникалық қызмет көрсету, жоспарлы алдын ала жөндеу. Дәнекерлеу аппараттарын іске қосу, кәбілдерді қосу. Дәнекерлеу кезінде қолданылатын электродтар, қосқыш құрылғыларға қойылатын талаптар.

6-тақырып. Өртке қарсы жабдық және мүкәммал, өрт кезінде пайдалану тәртібі
Өртке қарсы жабдық пен құрал-сайман түрлері және қолданылу саласы. Мақсаты мен құрылғысы. Алғашқы өрт сөндіру құралдары. Мақсаты, техникалық сипаты, жұмыс тәртібі және олардың орналасу орны. Сумен жабдықтау көздері. Ішкі өрт крандары.

7-тақырып. Өрт кезіндегі іс-қимылдар
Өрт туралы хабарлау тәртібі. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейінгі өрт сөндіру тәсілдері. Өрттің таралуының алдын алу шаралары. Эвакуациялау жолдары мен тәртібі, эвакуациялау жоспары. Қызметкерлердің өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейінгі іс-қимылдары (түтік құбырларын төсеуге көмектесу, материалдық құндылықтарды көшіруге қатысу және өрт сөндіру жетекшісінің өкімі бойынша өзге де жұмыстарды орындау). Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі. Тұрғын үйде өрт шыққан кездегі іс-қимылдар.

8-тақырып. Практикалық сабақтар
Модельді өрт ошағында өрт сөндіргіштермен практикалық түрде таныстыру және жұмыс істеу. Түтін, жану, өрт байқалған кезде іс-қимылдарды пысықтау. Ұйымнан эвакуациялау бойынша практикалық сабақтар.

Сынақ. Өрт-техникалық минимумы білімін тексеру

Өрт қауіпті жұмыстарды жүзеге асыратын қызметкерлерге арналған
тақырыптық жоспар мен үлгілік оқу бағдарламасы


р/с



Тақырыптар атауы

Сағат саны

1

Өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін негізгі нормативтік құжаттар

1

2

Өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу түрлері мен тәртібі. Заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі

1

3

Өрттің шығу себептері, алдын алу шаралары

1

4

Жарылу-өрт қауіпті объектілер мен қондырғыларда отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезіндегі өрт қауіптілігі ерекшеліктері

2

5

Газбен дәнекерлеу және электрмен дәнекерлеу жұмыстары

1

6

Өртке қарсы жабдық және мүкәммал, өрт кезінде пайдалану тәртібі

1

7

Өрт кезіндегі іс-қимылдар

1

8

Практикалық сабақтар

2

Жалпы сағат саны

10



1-тақырып. Өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде өрт
қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін негізгі нормативтік құжаттар
Өрт қауіпсіздігі саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерді зерделеу. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезіндегі объектілік нұсқамалар, бұйрықтар, ұйым басшысының өкімдері.

2-тақырып. Өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу түрлері мен тәртібі. Заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі
Газбен, электрмен дәнекерлеу және қыздыру жұмыстары, металл кесу, желіммен, шайырмен, битуммен, полимермен және өзге де жанғыш материалдармен жұмыс істеу. Оларды жүргізу тәртібі. Жұмыстардың өрт қауіптілігі және олардың өрт қауіптілігінің ерекшеліктері.
3-тақырып. Өрттің шығу себептері, алдын алу шаралары
Газбен, электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі өрттің негізгі себептері: жұмыс істеу ережесін бұзу, газбен, электрмен дәнекерлеу жабдығының ақаулығы, жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс жүргізу орындарын бақылаудың болмауы. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізуге дайындау, жүргізу, жұмыс орындарын бақылау, сондай-ақ оларды аяқтау процесінде өрттің алдын алу шаралары.

4-тақырып. Жарылу-өрт қауіпті объектілер мен қондырғыларда отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезіндегі өрт қауіптілігі ерекшеліктері
Тез тұтанатын сұйықтықтар, жанғыш сұйықтықтар, жанғыш газ босатылған сыйымдылықтарда оларды алдын ала дайындамай, жұмыс істеу кезінде қысыммен жұмыс істейтін қондырғыларда отпен байланысты жұмыстарды жүргізу. Жарылыс қауіпті және жарылу, өрт шығу қаупі бар бөлімшелерде отпен байланысты жұмыстарды жүргізу тәртібі.

5-тақырып. Газбен дәнекерлеу және электрмен дәнекерлеу жұмыстары
Жұмыс істеу кезінде қолданылатын газдардың өрт қауіптілігі. Сығылған және сұйытылған газдарға арналған баллондармен жұмыс істеу ерекшеліктері. Кальций карбидінің оны тасымалдау кезіндегі қасиеттері, сақтау және қолдану ережесі. Ацетилен генераторы, аппараттарға қойылатын негізгі талаптар. Ацетилен аппараттары мен газ баллондарының орналасу орындары, оларды ашық оттан және басқа да жылу көздерінен қорғау. Газ өткізу шлангілерін сынау және тексеру тәртібі. Электрмен дәнекерлеу аппараттары, аппараттарға қойылатын негізгі талаптар. Техникалық қызмет көрсету, жоспарлы алдын ала жөндеу.Дәнекерлеу аппараттарын іске қосу, кәбілдерді қосу. Дәнекерлеу кезінде қолданылатын электродтар, қосқыш құрылғыларға қойылатын талаптар.

6-тақырып. Өртке қарсы жабдық және мүкәммал, өрт кезінде пайдалану тәртібі
Өртке қарсы жабдық және мүкәммал түрлері және қолданылу саласы. Мақсаты мен құрылғысы. Алғашқы өрт сөндіру құралдары. Мақсаты, техникалық сипаты, жұмыс тәртібі және олардың орналасу орны. Сумен жабдықтау көздері. Ішкі өрт крандары.

7-тақырып. Өрт кезіндегі іс-әрекеттер
Өрт туралы хабарлау тәртібі. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін өрт сөндіру тәсілдері. Өрттің таралуының алдын алу шаралары. Эвакуациялау жолдары мен тәртібі, эвакуациялау жоспары. Қызметкерлердің өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейінгі іс-қимылдары (түтік құбырларын төсеуге көмектесу, материалдық құндылықтарды көшіруге қатысу және өрт сөндіру жетекшісінің өкімі бойынша өзге де жұмыстарды орындау). Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі. Тұрғын үйде өрт шыққан кездегі іс-қимылдар.

8-тақырып. Практикалық сабақтар
Модельді өрт ошағында өрт сөндіргіштермен практикалық түрде таныстыру және жұмыс істеу. Түтін, жану, өрт байқалған кездегі іс-қимылдарды пысықтау. Ұйымнан эвакуациялау бойынша практикалық сабақтар.
Сынақ. Өрт-техникалық минимумы білімін тексеру

Ауыл шаруашылығы ұйымдарының басшыларына және өрт қауіпсіздігіне жауапты адамдарға арналған тақырыптық жоспар мен үлгілік оқу бағдарламасы

р/с




Тақырыптар атауы

Сағат саны

1

Кіріспе. Өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін негізгі нормативтік құжаттар

1

2

Ауыл шаруашылығы өндірісі объектілері мен шаруа қожалығындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастырушылық іс-шаралар

2

3

Ауыл шаруашылығы объектілері мен аумақтарындағы өрт қауіпсіздігі талаптары

3

4

Ауыл шаруашылығы объектілеріндегі өрттен қорғау

3

5

Ауыл шаруашылығы өндірісі объектілері мен шаруа қожалығындағы қызметкерлермен өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша сабақтар өткізу әдістемесі

2

6

Практикалық сабақтар

3

Жалпы сағат саны

14



1-тақырып. Кіріспе. Өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін негізгі нормативтік құжаттар
Ауыл шаруашылығы объектілеріндегі өрттердің статистикасы. Өрттердің себептері. Ауыл шаруашылығы объектілерінің өрт қауіптілігі. Ұйымдардың, шаруа қожалықтарының, бөлімшелердің, шеберханалардың, гараждардың, базалардың және өзге де объектілердің басшыларының міндеттері және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауаптылығы. Аумақтарды, ғимараттарды, үй-жайларды ұстауға, электр желілерін, электр қондырғыларын, жылу беру, желдету жүйелерін және жылу бөлу қондырғыларын монтаждауға және пайдалануға қойылатын жалпы талаптар. Өрт қауіпсіздігі саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерді зерделеу. Өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқамалар.

2-тақырып. Ауыл шаруашылығы өндірісі объектілері мен шаруа қожалығындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастырушылық іс-шаралар
Өрттің алдын алудың негізгі міндеттері. Өртке қарсы режим, анықтамасы, мақсаты мен оны белгілеу тәртібі. Ауыл шаруашылығы өндірісі объектілеріндегі, шаруа қожалықтарындағы және елді мекендердегі өрттің алдын алу жөніндегі жалпы ұйымдастырушылық іс-шаралары.

жүктеу 0,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау