- Термография — дене температурасын алыстан (дистанциялы) зерттеу. Оптикалық жүйе көмегімен қашықтан адам денесінен бөлініп тұратын инфрақызыл сәулелердіұстап алады. Бейне адам денесінің температуралық бедері (рельефі) болып есептеледі де бір мезгілде терінің аумақты бөлігінің температурасын зерттеуге мүмкіндік туғызады. Зерттеудің жылдамдығы және одан алған нәтижелердің тұрақты болуы термографияны перифериялық қан айналысының бұзылуын анықтауға, консервативтік емнің және хирургиялық түзетудің нәтижесін бақылауға мүмкіндік туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |