Шектеулі сенімділікті қамтамасыз ететін тапсырма аясында аудитор тапсырмаға тән тәуекелді —
тұжырым қалыптастыру
мақсатында қолданыстағы жағдайлардың ескерілуімен қолайлы төмен деңгейге дейін төмендетеді.
CҚЕТХС 3000 талаптарына сәйкес жүргізілетін тапсырмаға сәйкес, біз аудиттің бүкіл кезеңінде кәсіби пайымдау қолданамыз
және кәсіби күмәншілдік сақтаймыз. Сонымен қатар, біз келесілерді орындаймыз:
• жосықсыз әрекеттердің немесе қателіктердің салдарынан Есептің елеулі бұрмалану тәуекелдерін анықтаймыз және
бағалаймыз; осындай тәуекелдерге жауап ретінде рәсімдерді әзірлейміз және жүргіземіз; біздің тұжырымды қалыптасты-
руға негіз болуы үшін жеткілікті және лайықты болып табылатын дәлелдерді аламыз. Жосықсыз әрекеттердің салдарынан
елеулі бұрмалануды анықтамау тәуекелі — қателіктің нәтижесінде елеулі бұрмалануды анықтамау тәуекелінен жоғары,
өйткені жосықсыз
әрекеттер сөз байланысуды, жалғандықты, қасақана жіберіп алуды, ақпараттың немесе әрекеттің ішкі
бақылау жүйесін орағыта бұрмалап ұсынылуын қамтуы мүмкін;
• тапсырыс берушінің ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі туралы тұжырымды қалыптастыру мақсатында емес, жағдайларға
сәйкес келетін рәсімдерді әзірлеу мақсатында тапсырманы орындау үшін маңызы бар ішкі бақылау жүйесін түсінуге қол
жеткіземіз;
• қолданылатын саясаттың, ішкі құжаттардың және есептеу әдістемелерінің тиісті сипатын,
басшылықпен дайындалған
ақпараттың бағалануы мен тиісінше ашылуының негізілігін бағалаймыз.
Біз корпоративтік басқару ісіне жауапты адамдармен ақпараттық өзара әрекеттестікті жүзеге асырамыз және олардың наза-
рына өзге нәрселермен қатар тапсырманы орындау мерзімдері мен жоспарланған көлемі туралы, сондай-ақ тапсырманы
орындау нәтижелері бойынша елеулі ескертулер туралы ақпаратты жеткіземіз.
Стандарттар және куәландыру деңгейі
Куәландыру — CҚЕТХС 3000 (қайта қаралған) «Өткен кезеңдердегі қаржылық ақпараттың шолулық тексеруі мен аудитінен
бөлек сенімділікті қамтамасыз ететін тапсырмалар» (ISAE 3000) сенімділігін қамтамасыз ететін Халықаралық тапсырмалар
стандартына сәйкес жүргізілді. Куәландыру «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ-ның 2018 жылға арналған
жария ықпалдастырылған жылдық есебіне қатысты шектеулі сенімділікті қамтамасыз етеді.
Әдістеме
Куәландыру үдерісі кезінде біз келесі әрекеттерді қолға алдық:
• «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы»
АҚ топ-менеджментінен, сондай-ақ «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компа-
ниясы» АҚ-ның жария ықпалдастырылған жылдық есебін дайындау үдерісіне тартылған мамандардан іріктемелі сұхбат алу;
• құжаттаманы талдау, соның ішінде корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің, тұрақты дамудың экономикалық, әлеумет-
тік және экологиялық салаларындағы ішкі нормативтік құжаттаманы талдау;
• жария ықпалдастырылған жылдық есепті дайындау үшін пайдаланылған құжаттарды, деректерді және үдерістерді ірікте-
мелі
негізде тексеру;
• www.kazatomprom.kz сайтында орналастырылған «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ қызметі туралы ақпа-
ратты, соның ішінде тұрақты даму саласындағы ақпаратты зерттеу;
• бұқаралық ақпарат құралдарындағы «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ туралы ақпаратты іріктемелі
зерттеу;
• есептік мазмұнын анықтау және оның сапасын қамтамасыз ету қағидаттарына қойылатын талаптар бөлігінде GRI 101
(2016) стандартының орындалуын бағалау;
• басқаруға қатысты тәсілдемелер туралы ақпаратты ашуға қойылатын талаптар бөлігінде GRI 103 (2016) стандартының
орындалуын бағалау;
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ |
141
• GRI көрсеткішінде мәлімделген есептілік элементтеріне қойылатын талаптар бөлігінде, сондай-ақ басқаруға қатысты
тәсілдемелер туралы ақпаратты ашуға қойылатын тақырыптамалық талаптар бөлігінде GRI 102 (2016), 201 (2016), 202 (2016),
203 (2016), 204 (2016), 302 (2016), 303 (2018), 305 (2016), 306 (2016), 307 (2016), 401 (2016), 402 (2016), 403 (2016), 404 (2016), 405
(2016) стандартының орындалуын бағалау.
Тұжырымдар
Жүзеге асырылған рәсімдер мен қол
жеткізілген айғақтар негізінде, біздің пікірімізше, «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом
компаниясы» АҚ 2018 жылғы жария ықпалдастырылған жылдық есепті дайындау барысында Есептілік бойынша жаһандық
бастаманың тұрақты даму саласындағы есептілік бойынша стандарттардың (GRI стандарттары) «Негізгі» қолдану нұсқасына
қойылатын талаптарын барлық елеулі жағынан орындады.
Сонымен қатар, есепті кезеңде «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС активінің шығуына байланысты, жекелеген көрсеткіштердің
ашылуын шоғырландыру контурындағы елеулі өзгерістерді атап өткен жөн. «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы»
АҚ «МАЭК- Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің нәтижелілігі туралы мәліметтердің шоғырлану контурына енгізу бөлігінде әрбір
ашылатын көрсеткішке арналған түсіндірмелермен шектеле отырып, есепті кезеңнің алдындағы кезеңдер үшін
көрсет-
кіштерді ретроспективті қайта есептеуді жүргізген жоқ. Нәтижесінде, «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ-ның
нәтижелілігіндегі өзгерістерді мүдделі тараптардың талдау мүмкіндігі қиындады.
Ажырамас шектеулер
Өз пікірімізді өзгертпестен, біз тексерудің іріктемелі сипатымен байланысты куәландыруға тән ажырамас шектеулердің
болуына назар аударамыз. Нәтижесінде, жосықсыз әрекеттердің, қателіктердің немесе бұзушылықтардың
анықталмай қалу
ықтималдығы орын алады.
Куәландыру тек 2018 жылғы деректерге қатысты жүргізілді. Куәландыру болжалды сипаттағы мәлімдемелерге, сондай-ақ
пікірлер мен нанымдарды және ниетті білдіретін мәлімдемелерге қатысты жүргізілген жоқ.
Жерлердегі аудиторлық рәсімдер Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом ком-
паниясы» АҚ-ның бас кеңсесіне келумен шектелді.
Куәландыру Word пішімінде орыс тілінде тек 2018 жылғы жария ықпалдастырылған жылдық есептің нұсқасына қатысты
жүргізілді.
Осы тұжырымға қол қою бұрынырақ орын алғандықтан, біз барлық қосымшаларын қоса алғанда жария ықпалдастырылған
жылдық есепті ақырғы редакциясында ашық қол жеткізуде орналастыру дерегін куәландыру мүмкіндігін иемденген жоқпыз.
Сонымен қатар, Куәландыру «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ басшылығымен
келісілген тапсырма аясында
осы басшылық үшін ғана дайындалғанына және өзге мақсаттар үшін пайдаланыла алмайтынына назар аудартқымыз келеді.
Ұсынымдар
Көрсеткіштерді ашуды — келешекке арналған жоспарлар мен мақсатты мәндерге байланыстыра отырып жүзеге асырған
жөн.
GRI көрсеткіштеріне қойылатын талаптар толық көлемде ескерілмеген көрсеткіштерді ашу деңгейін ұлғайту керек.
«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ қызметінің жаһандық ауқымын ескере отырып, келесі жария жылдық
есептерді дайындаған кезде БҰҰ Жаһандық шарты және 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы БҰҰ
Мақсаттары секілді бизнесті жауапкершілікпен жүргізу саласындағы қосымша халықаралық басшылық құжаттарды қолдау
туралы қағидаларды енгізу мүмкіндігін қарауды ұсынамыз.
Тәуелсіздік және құзыреттілік туралы мәлімдеме
«Нексиа Пачоли» ЖШҚ — адалдықтың, дәйектіліктің, кәсіби құзыреттіліктің
және кәсіби мұқияттылықтың, құпиялылық пен
кәсіби жосықтың іргелі қағидаттарына негізделген тәуелсіздік талаптары мен Ресей Федерациясындағы Аудиторлардың
142 | Жылдық есеп. 2018
5. Есеп туралы