Жылдық есеп, 2018. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ



жүктеу 10,68 Mb.
Pdf просмотр
бет8/113
Дата25.12.2019
өлшемі10,68 Mb.
#24924
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   113

БИЗНЕСТІ  
ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ
2015 жылы Компания және оның 12 еншілес компаниясы, оның Жалғыз  
акционері «Самұрық-Қазына» АҚ белгілеген қағидаттарды іске асыру  
мақсатында трансформациялау бойынша бастаманы іске қосты. 
Трансформация жөніндегі бастаманың негізгі мақсаттары ашықтық пен 
тиімділікті арттыру, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» референттік моделі негізінде 
бизнес-процестерді стандарттау мен біріздендіру (бизнес-процестерді реин-
жинирингтеу) болып табылады. Осы бастама аясында 2016 жылы Компания өн-
дірісті, сатып алуды, ресурстарды басқаруды, сонымен қатар, бизнесті жоспар-
лау мен модельдеу тиімділігін қоса алғанда, Қазатомөнеркәсіп қызметінің 
түрлі аспектілері бойынша 24 жобадан тұратын портфель әзірледі. 2017 жылы 
Компания осындай жеті жобаны жүзеге асыруды аяқтады, соның ішінде:
2018 жылдың бірінші жартысында Ком-
панияны Трансформациялау бағдар-
ламасы Қордың Басқарма Төрағасының 
2018 жылғы 14 мамырдағы шешімімен 
бекітілген 2018-2021 жылдарға арналған 
Қорды Трансформациялау бағдарлама-
сын іске асырудың жиынтық жоспарына 
сәйкес қосымша бастамаларды енгізу 
жолымен қайта құрылды. 
Осылайша, бизнес-процестерді реин-
жинингтеу жөніндегі бастамадан басқа, 
2018 жылы Компанияны Трансфор-
мациялау бағдарламасына мынадай 
бастамалар енді: 
Сатып алуды санаттық басқару, 
ол сатып алу тәсілін оңтайлан-
дыруға және бекітілген санаттық 
стратегияларды пайдалана оты-
рып, қысқа мерзімді және ұзақ 
мерзімді пайдаға қол жеткізуге 
мүмкіндік береді. Қазатомөнер-
кәсіп «ЖЖМ» және «Электр энер-
гиясы» санаттары үшін осындай 
стратегияны іске асырды.
Ақпараттық қауіпсіздік мо-
делі, ол SIEM-класты бақылау 
және талдау жүйесі негізінде 
ақпараттық қауіпсіздікті және 
оқиғаларды басқару процестерін 
жақсартуға арналған, бұл Компа-
нияға жүйемен ұсынылатын тәуе-
келге бағытталған біріздендіріл-
ген жүйелер мен қызметтердің 
артықшылығын және тәсілді 
пайдалануға мүмкіндік береді.
Тәуекелдерді басқарудың ны-
саналы моделі, ол Компания-
ның тәуекелдер тізілімі, есептер 
мониторингі, визуализация және 
болжау сияқты тәуекелдерді 
басқару процестерін автомат-
тандыруға мүмкіндік береді. Бұл 
Қазатомөнеркәсіп тәуекелдерін 
талдау мүмкіндігін жақсартады 
және тиісті тәуекелдерді бағалау 
туралы жоғары басшылықтың ха-
бардар болуын сақтауға көмекте-
седі, бұл кез келген тәуекелдерге 
уақтылы жауап беруге мүмкіндік 
береді.
Сату және маркетинг моделі, 
нарықта қабылдауды жақсарту, 
сату және маркетинг мүмкіндік-
терін күшейту, Қазатомөнеркәсіп 
пен оның бәсекелестерінің 
күшті және әлсіз жақтарын 
жақсы түсінуді әзірлеу, сондай-ақ 
Компанияның өз клиенттері 
мен әлеуетті клиенттерінің 
қажеттіліктерін жақсарта түсінуі 
есебінен Қазатомөнеркәсіп 
рентабельділігін арттыруға 
арналған.
бизнес-процестерді  
цифрландыру
заң құрылымын  
жеңілдету
адамдарды  
трансформациялау
өзгерістер мен жобалық 
тәсілді басқаруды енгізу
1
2
3
4
 КАП3 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ | 19


Бизнес-процестерді реинжинирингтеу 
бойынша бастама шеңберінде 2018 
жылы Компания трансформациялау 
жөнінде мынадай жобаларды аяқтады:
персоналды басқарудың 
жаңа моделі, ол Топтың 
адам ресурстарын басқару 
саласындағы озық тәжірибені 
сақтауын қамтамасыз етуге, 
персоналдың тартылуын 
күшейтуге, Қазатомөнеркәсіп 
ішінде білімді жинақтау мен 
сақтауға және Қазатомөнер-
кәсіп аясында корпоративтік 
мәдениеттің рөлін арттыруға 
бағытталған;
ЕҚОҚҚ жаңа моделі, ол 
объектілердегі қауіпсіздіктің 
мінез-құлықтық аудиттерін 
жүргізу, сондай-ақ Қазатомө-
неркәсіп мердігерлерін қа-
уіпсіздікті бақылау талаптарын 
сақтау тұрғысынан тексеру 
арқылы әлеуетті қауіпті 
жағдайларды уақтылы бақыла-
уды енгізу жолымен өндірісте-
гі жазатайым оқиғалар 
санын 
қысқартуға бағытталған.
стратегиялық жоспарлау 
мен тиімділікті басқарудың 
жаңа моделі, стратегиялық 
жоспарлау мен тиімділік-
ті басқарудың бірыңғай 
процесін қалыптастыруға, 
мақсаттардың нақты иерар-
хиясын және олардың ҚНК 
Ағашынан ҚНК-мен өзара 
байланысын құруға, кейіннен 
Компанияның және ЕТҰ-ның 
басшы қызметкерлеріне 
уәждемелік ҚНК қоюға және 
акционерлердің стратегиялық 
және орта мерзімді кезеңде 
күтулерін орындау үшін 
Компанияның стратегиялық 
мақсаттарына қол жеткізуге 
күш-жігерді шоғырландыруға 
бағытталған.
SAP ERP жүйесі, 2018 жылдың 
шілде айында корпоративтік 
орталықта және «Қазатомөнер-
кәсіп-SaUran» ЖШС-да өнер-
кәсіптік пайдалануға берілді.
Біріктірілген жоспарлау 
жүйесі, 2018 жылдың қазан ай-
ында корпоративтік орталықта 
және 4 кәсіпорында («РУ-6» 
ЖШС, «ОРТАЛЫҚ»ЕК» ЖШС, 
«АППАК» ЖШС, «Қазатомөнер-
кәсіп-SaUran «ЖШС-да) өнер-
кәсіптік пайдалануға берілді.
Сандық кеніші 2018 жылдың 
желтоқсанында «Қазатомөнер-
кәсіп-SaUran»ЖШС пилоттық 
нысанында тәжірибелік-өнер-
кәсіптік пайдалануға берілді.
ITSM жүйесі 2018 жылдың 
желтоқсанында корпоративтік 
орталықта және 2 кәсіпорында 
(«КАР-Technology» ЖШС және 
«РУ-6» ЖШС-да) іске қосылды.
1
1
2
2
3
3
4
2018 жылы мына ақпараттық жүйелер 
енгізілді:
Трансформациялау бағдарламасы 
шеңберінде жобаларды іске асыру 
нәтижелеріне негізделе отырып, 
Компания жұмыс тиімділігін арттыру 
есебінен экономикалық пайда алуды 
жоспарлап отыр.
Қалған бастамалар шеңберінде 2018 
жылы цифрландыру бойынша кеңсе 
құрылды, құрылымнан 7 ЕТҰ шыға-
рылды, корпоративтік құндылықтар-
мен Әдеп Кодексі және комплаенс 
бекітілді, 2019-2020 жылдарға арналған 
көшбасшылықты дамыту бағдарламасы 
бекітілді, СЕО және СЕО-1 үшін көшбас-
шылықты дамыту бағдарламасы бой-
ынша 2 модуль өткізілді, корпоративтік 
мәдениеттің диагностикасы жүргізілді 
және корпоративтік мәдениетті дамы-
тудың 2018-2021 жылдарға арналған 
Жол картасы бекітілді.
Өзгерістерді басқаруды және жобалық 
тәсілді енгізу шеңберінде Бизнесті 
трансформациялау департаменті 
шеңберінде өзгерістерді басқару 
бойынша функция құрылымдалған, 
корпоративтік орталық пен еншілес 
ұйымдардағы жекелеген лауазымдар 
бойынша қызметкерлерге қойылатын 
кәсіби талаптар «Жобаларды басқару» 
бойынша құзыреттерді ескере отырып 
жаңартылды, өзгерістер мен жобалар-
ды басқару бойынша СЕО, СЕО-1, СЕО-2 
үшін оқыту жүргізілді.
2019 жылы Компания трансформаци-
яның мынадай негізгі жобаларын іске 
асыруды жалғастыруды жоспарлап 
отыр: 
•  Компанияның өндіру кәсіпорында-
рында SAP ERP тираждау,
•  екінші толқынды өндіру кәсіпорын-
дарында Жоспарлаудың интеграция-
ланған жүйесін енгізу,
•  екі өндіру кәсіпорындарында Цифр-
лық кенішті тираждау.
Цифрландыру шеңберінде биз-
нес-проблемаларға диагностика 
жүргізу, цифрландыру қажеттілігімен 
өсу әлеуетін анықтау, цифрландыру 
бойынша жобалар портфелін қалыпта-
стыру және оларды іске асыруды бастау 
жоспарлануда.
Адамдарды трансформациялау 
шеңберінде корпоративтік мәдени-
етті дамыту бойынша жұмыстарды 
жалғастыру, көшбасшылықты дамыту 
бағдарламасы бойынша кемінде 60% 
СЕО -1, -2, -3 оқыту жоспарлануда.
Өзгерістер мен жобалық тәсілді басқа-
руды енгізу шеңберінде өзгерістер мен 
жобаларды басқару стандарттарын 
бейімдеу және бекіту, корпоративтік 
орталық пен еншілес ұйымдардың 
(трансформация периметріне енген) 
корпоративтік моделіне өзгерістерді 
басқару және енгізу бойынша құзырет-
терді жаңарту, корпоративтік орталық 
пен еншілес ұйымдардың орта және 
төменгі буынының басшыларын жоба-
лар мен өзгерістерді басқару бойынша 
оқыту бойынша жұмыстар жоспарла-
нып отыр.
20 | Жылдық есеп. 2018
             Бизнесті трансформациялау 


жүктеу 10,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау