Жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы



жүктеу 1,29 Mb.
Pdf просмотр
бет17/39
Дата16.01.2020
өлшемі1,29 Mb.
#26855
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39

37 

 

технологиясы  арқылы  шамамен  550  автобус  қайтадан  жарақталды.  Осы  жоба 



бойынша  ай  сайын  орта  есппен  тұтынушылар  шамамен  2565  гигабайт  мәліметті 

пайдаланады. 



Құрылыс.  Құрылыс  елорданың  нақты  секторының  негізгі  саласы  (71,2%) 

болып  табылады,  оның  есебінен  шамамен  10%  ЖӨӨ  және  12%  барлық  жұмыс 

орны  қалыптастырылады.  2015  жылдың  қорытындысы  бойынша  орындалған 

құрылыс  жұмысының  көлемі  2014  жылғы  398,9  млрд.  теңгеге  (НКИ  –  136,4%) 

және  2013  жылғы  280,9  млрд.  теңгеге  қарсы  (НКИ-88,7%)  472,2    млрд.  теңгені 

(НКИ  


Өндіріс  көлемінің  өсуі  кезінде  еңбек  өнімділігінің  2013  жылғы  6,2  млн. 

теңгеден  2015  жылы  6,0  млн.  теңгеге  дейін  төмендеуі  байқалады,  бұл  маңызды 

объектілер  құрылысы  кезінде  жұмыс  күшінің  жоғары  санын  тарту  қажеттілігіне 

байланысты  болды.  2013-2015  жылдар  бойы  осы  саладағы  жұмыспен 

қамтылғандардың  саны  51,5  мың  адамнан  73,4  мың  адамға  дейін  жеткендігін 

атауға болады. 

 

 

7



-диаграмма  

Құрылыстың дамуы, млрд. теңге 

 

 



 

Тұрғын  үй  құрылысы  құрылымында  ең  жоғары  көлемді  құрылыс-

монтаждау жұмыстары құрайды, олардың үлесі 2012-2014 жылдары 2012 жылғы 

92,8  %-дан  (282,9  млрд.  теңге)  2013  жылы  94,5  %-ға  дейін  (265,4  млрд.  теңге) 

және 2014 жылы 96,3 %-ға дейін (384,2 млрд. теңге) ұлғайды. 

Тұрғын  үй  құрылысы.  Астана  Қазақстан  өңірлері  арасында  2015  жылы 

тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейі бойынша көшбасшы болып табылады, бұл 

көрсеткіш  бір  адамға  29,0  м

2

    құрайды.  Орташа  республикалық  деңгей  –  бір 



адамға  20,8  м

2

.  Соңғы  үш  жылда  елордада  4 066,3  мың  шаршы  метр  тұрғын  үй 



немесе  35  864  пәтер  пайдалануға  берілді,  бұл  жалпы  республикалық  көлемнің 

17,5% (23 300 мың шаршы метр) және өңірлер арасында жоғары көрсеткіш болып 

табылады.  Оның  ішінде  2013  жылы  –  1 101,0  мың  шаршы  метр  (ҚР  бойынша  – 

427,8 мың шаршы метр) немесе 16%, 2014 жылы – 1 206 мың шаршы метр (орта 

есеппен ҚР бойынша – 469,8 мың шаршы метр) немесе 16%, 2015 жылы  – 1 759 

мың шаршы метр (ҚР бойынша – 558,8 мың шаршы метр) немесе 9,8%, бұл орта 

республикалық деңгейден 3,1 еседен артық мөлшерге жоғары. 



38 

 

Тұрғын 



үй 

құрылысының 

құрылымында 

жекеменшік 

отандық 

құрылысшылар  саны  жоғары,  олардың  үлесі  2015  жылдың  қорытындысы 

бойынша 80 % құрады. 2014 жылмен салыстырғанда енгізілген тұрғын үй көлемі 

1,8 есеге ұлғайды. 

2013 жылдан бастап елордада «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы 

іске  асырылуда,  «Елорда  Даму»  кәсіпорны  құрылды,  мемлекеттік  несиелер 

бөлінді. Құрылыс ескі үйлерді бұзумен, 4 сыныпты жайлылық бойынша 120 мың 

теңгеден  (инженерлік  желілер  құнысыз)  және  3  сыныпты  жайлылық  бойынша 

142,5  мың  теңгеден    аспайтын  тіркелген  бағалар  бойынша  30  %  жеңілдікті 

санаттың орнын толтыру және 70% сату шартымен іске асырылады. 

2013-2014  жылдар  бойы  бағдарламаны  іске  асыру  шегінде  жалпы  алаңы 

91,4  мың  шаршы  метр  1502  пәтер  пайдалануға  берілді,  оның  ішінде  652  пәтер                

42  апатты  үйлердегі  тұрғындарды  орналастыру  үшін  пайдаланылды,  еркін 

нарықта 850 пәтер іске асырылды. 

Апатты  тұрғын  үйлерді  бұзу  жөніндегі  пилоттық  жоба  Анкара  қаласының 

тәжірибесі  негізінде  әзірленді  және  апатты  үйлер  тұрғындарын  жаңа  құрылыс 

аудандарына  «шаршыға  шаршы»  қағидаты  бойынша  тегін  түрде  тұрғын  үй 

ұсынумен тұрғындарды көшіруді қарастырады. 2017 жылға дейін 3 519 отбасыны 

көшірумен 228 үйді бұзу жоспарланып отыр. 

 

9-кесте  

Тұрғын үй саласын дамыту көрсеткіштері 

 

Көрсеткіштер  



Өлшем 

бірлігі 

2013 жыл 

2014 жыл 

2015 жыл 

Жыл соңына тұрғын үй қорының жалпы алаңы  

млн. шаршы 

метр 


19,5 

20,3 


20,8 

Тұрғын үй құрылысына инвестициялар көлемі, оның 

ішінде:  

млн. теңге 

98 651,6 

142 825,6 

161 692,6 

Мемлекеттік меншік  

млн. теңге 

11 372,8 

19 186,3 

14 042,5 

Жеке меншік  

млн. теңге 

78 253,1 

80 303,3 

114 559,7 

Шетелдік инвесторлар меншігі  

млн. теңге 

9 025,6 


43 336,0 

33 090,4 

Пайдалануға берілген алаң  

мың шаршы 

метр 

1 101


 

1 206,3 


1 759 

Тұрғын  үйлердің  пайдалануға  берілгендерінің  саны, 

оның ішінде:  

Бірлік 


361 

395 


1 008 

Көппәтерлі  

Бірлік 

82 


85 

132 


Пайдалануға берілген пәтерлер саны  

бірлік 


10 118 

10 193 


15 553 

 

2015 жылғы жағдай бойынша елорданың тұрғын үй қорындағы қажеттілігі 



38  мыңнан  артық  пәтерді  құрайды,  бұл  қажеттілік  халық  санының  өсіміне 

байланысты  2018  жылға  қарай  31,3  %  ұлғайып,  шамамен  50  мың  пәтерді 

құрайтын болады. 

Көлік.  Астана  қаласының  қолайлы  географиялық  жағдайы  көлік  саласын 

дамыту үшін тиімді жағдай жасайды, оның үлесіне ЖӨӨ құрылымында шамамен 

8% тиесілі. 

 

2016  жылдың  1  қаңтарына  қаланың  көлік  жүйесі  953  көшеден  тұрады, 



жолдардың  жалпы  ұзындығы  1038,4  шақырым,  оның  ішінде  асфальт  бетонды 


жүктеу 1,29 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау