билік, қайрау, ызалы райды – бұйрық рай;
шартты рай мен реніш райды – шартты рай;
қалау, мұң, сенімді райларды - қалау рай
деп біріктірген.
Көніс, сенімсіз, ереуіл райлар «Грамматикада» шартты райдың реңктері ретінде берілгенмен, «Оқу құралының» соңындағы кестеде көрсетілмеген.
Осылардың ішінде ереуіл рай «Оқу құралында» жеке рай ретінде келтірілгенмен, кестеде аталмауына байланысты дербес рай түрі ретінде қарастырмадық. Ал ашық, болжау, теріс райларды тану жағынан ғалымдар арасында алшақтық байқалмайды.
Ескерте кететін бір жайт – Қ.Кемеңгерұлы тұйық райды алғашқылардың бірі болып, рай категориясынан бөлек алып, «неопределенная форма» деп атайды да, оның толық түріне -мақ/-мек қосымшасын, қысқа түріне –ыу/-іу жұрнағын жатқызады.
Достарыңызбен бөлісу: |