Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар


Қазақ тіліндегі лексика-грамматикалық категориялар



жүктеу 0,72 Mb.
бет68/133
Дата13.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#38526
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   133
емтихан сұрақтары (1) (Автосохраненный)

34. Қазақ тіліндегі лексика-грамматикалық категориялар

Тілдегі негізгі грамматикалық ұғымның бірі- грамматикалық категория. грамматикалық категория деген ұғым, бір жағынан, әрі грамматикалық мағынамен байланысты, әрі екінші жағынан, олардың жалпы жиынтығынан күрделі де жүйелі болып келеді. Грамматикалық категорияғ,ең алдымен, грамматикалық мағынамен және грамматикалық формамен тікелей байланысты.Грамматикалық мағына немесе грамматикалық форма болмаған жерде грамматикалық категорияның болуы мүмкін емес.Екіншіден грамматикалық категорияның болуы грамматикалық мағына мен граматикалық форманың өзара бірлігімен, тұтастығымен, сәйкестігімен,яғни олар арасындағы диалектикалық сәйкестікпен, ондағы жүйелілікпен байланысты.яғни кез келген грамматикалық мағына немесе қайсібір грамматикалық форма нрамматикалық категория құрай бермейді.Белгілі бір грамматикалық мағыналар бірлігі, белгілі грамматикалық топ құрайтын сөздерге тән болып, солардың парадигмалық түрлену жүйесі болу арқылы грамматикалық категория құрайды. Үшіншіден, грамматикалық категория сипатына жету үшін грамматикалық мағыналар жинтығы, бір жағынан, өзара бір тектес біріңғай сипаттағы, екінші жағынан, бір біріне қарама қайшы мәндегі мағыналар болу керек,Яғни, Грамматикалық категория-- өз ішінде бір біріне қарама қайшы қасиетте бола алатын бірнеше тектес, мәндес грамматикалық мағынаның жиынтығы,бірлігі.Сол бірлік пен өз ішіндегі қарама қайшылық арқылы және соның әрқайсысын білдіретін әр түрлі тәсілдер арқылы немесе соған тән арнайы грамматикалық формалар жүйесі я түрлену парадигмасы арқылы грамматикалық категорияның мәні,сипаты, шегі байқалып, айқындалады.

Грамматикалық категориялар белгілі грамматикалық топтағы сөздердің тұлғалану, түрлену жүйесімен, соған лайық олардың грамматикалық мәнімен, сөйлеу процесінде ол сөздердің атқаратын қызметімен, басқа сөздермен қарым қатынысымен байланысты болғандықтан да, грамматикалық категорияларды тілдік деңгейге қатысты шартты түрде морфологиялық категория және синтаксистік категориядеп бөлуге де болады.Сондай ақ морфологиялық категорияларды сөз түрлендіру мәнді м.к және топтау,жіктеу мәнді м.к.

Грамматикалық немесе морфологиялық категориялар сөз таптарына қарай топталып жіктеледі.Бұның өзі грамматикалық (морфологиялық) категория сол сөз табының грамматикалық ерекшелігі, түрлену жүйесінің сипаты екендігін көрсетеді.Тіліміздегі сөз таптарының барлығында бірдей грамматикалық категория бола бермейді.Кейбір сөз табында мысалы, сан есім, есімдік, үстеу т.б. грамматикалық категория атымен болмауы мүмкін, өйткені бұлар белгілі парадигмалық, тұлғалық түрлері жоқ сөздер болып келеді.Ал грамматикалық категориялары бар сөз таптары- зат есім,сын есім,етістік.Олар зат есімнің сан мөлшер категориясы,, тәуелдік категориясы,сапалық сын есімнің шырай категориясы,етістіктің салт сабақтық категориясы,етіс категориясы, болымсыз ет.категориясы, рай,шақ категориясы,жіктік категориясы.

Морфологиялық сипаты жағынан грамматикалық категориялардың бір тобын түбір семантикасына қандай да болсын әсер ететін түрлерін лексика- грамматикалық категория деп атап, екінші тобын, яғни түбір семантикасына ешбір әсер етпей,өзгертпей,тек оған қосымша мән үстейтін түрлерін таза грамматикалық категория деп бөліп көрсетудің негізі бар.

Н.Оралбай: грамматикадағы негізгі мәселеге грамматикалық категория жатады. Грамматикалық категория деп біртектес жүйелі грамматикалық мағыналардан тұратын және оларды білдіретін арнайы грамматикалық көрсеткіштері бар тілдік құбылыс аталады.

Грамматикалық категориялар морфология және синтаксис деп бөлінеді. Морф.қ категория грамматикалық мағына мен грамматикалық мағынаны білдіретін тілдік бірліктерден, көрсеткіштерден құралып, сөйлемдегі сөздерді бір бірірмен байланыстырады. Грамматикалық категорияның мағыналары бір бірімен байланыста талданады. Және ол мағыналары білдіртін көрсеткіштер де бір бірімен салыстырлы талданады, зерттеледі, оқытылады. Өйткені грамматикалық категория- біртектес грамматикалық мағыналардың және олардың көрсеткіштеріның жиынтығы. Грамматикалық категория екі жақты тілдік құбылыс саналады. Олар: мағына және тілдік көрсеткіш. Мағына жағынан алғанда әр категория біртектес бірнеше грамматикалық мағынаны білдіреді. Грамматикалық категория біртектес бір бірімен байланысты бірнеше мағынаны қамтиды. Мыс: қимылдың өту сипаты категориясы қимылдың жасалу сипатын білдіреді.

Грамматикалық категориялардың мағыналық құрамы әртүрлі. Ең мағыналық құрамы аз категориялар екі мағыналық құрамынан тұрады.Оларға зат есімнің сандық категориясы мен етістіктің болымддылық,болымсыздық категориясы жатады.

А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі»

Грамматикалық категория тікелей сөйлемдегі сөздерге және сөз тіркестеріне тән жалпы грамматикалық мағынамен байланысты болады. Жалпы грам.қ категориялар ішінара морф.қ категориялар және синтаксистік кат.р болып бөлінеді. Морф.қ категориялар деп жеке сөздердің өзгерілуі арқылы туатын жалпы грам.қ мағыналарды айтамыз. Мыс: Құлпыртып ән алайық түрден түрге.

Сөйлемдегі сөздер өзара бір бірімен қарым қатынасқа түсудің нәтижесінде әртүрлі морф.қ өзгерістерге ұшырап та оған ұшарамай ақ әрт.рлі синтаксистік тілдер арқылы да байланысады. Грамм.қ категория сөздің негізгі мағынасына тек жанамалай ілесіп қана я жарып қана отырмайды. Ол екеуі бірмен бірі іштей ұласып, өзара бір біріне ықпалдарын тигізіп тығыз қарым қатынасқа түседі. Сол себептен де бір сөздің бойынан брнеше категориялар табуға болады.

Лексика-грамматикалық категориялар сөз таптарына байланысты болады. Зат есімнің, сын есімнің, сан есімнің, етістіктің, есімдіктің, үстеудің, еліктеу сөздер мен шылаудың және одағайдың лексика-грамматикалық категориялары болып бөлінеді.




жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   133




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау