Саяхат ережесі
Денсаулық саяхат кезінде ерекше күтімді қажет етеді. Адам баласының ағзасына демалыс кезінде жаңа ортаның климаты, тамағы әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ, халық көп шоғырланған жерде түрлі бактериялар мен инфекциялар өршіп жүреді. Сол себептен де саяхат кезінде денсаулығыңызға салғырт қарамаған жөн. Жолға шықпас бұрын дәрігерге барып, денсаулығыңызды тексеріп алыңыз. Саяхат кезінде денсаулығыңыз сыр бермесін десеңіз...
Саяхатқа шықпас бұрын:
Барар мекеннің климатын, салтын, тамағы жайлы алдын ала ғаламтордан қарап, біліп алыңыз;
Дәрігерге жолығып, қандай егу шараларын жасау керектігін сұрап, ақыл-кеңес алыңыз.
2-тапсырма
Жаздың шуақты күні жанұяңызбен бірге саяхатқа бардыңыз. Суретке қарап, алған әсеріңізді сипаттап жазыңыз. Жазба жұмысыңызда төл сөздерді келтіріп, тыныс белгілерін дұрыс қолданыңыз.
|