Үй ішіндегі мұражай
75 жастағы Жорж Дау өмірін аң аулаумен өткізген. Осы хоббидің жетегімен, ол әлемнің көп түкпірін аралап үлгерген. Қазірде оның үйі үйден гөрі жануарлар мұражайына келіңкірейді.
Аңшының коллекциясында аю, морж, керік, мүйізтұмсық, бегемот, тау ешкілері, газель, гепард, арыстан, маймыл, піл, зебра секілді жануарлар бар.
Жорждың айтуынша, ол өзінің алғашқы киігін солтүстік Квебекте жүріп атып алған. Ол содан кейін Британ Колумбиясына жол тартып, тағы екі жануарды өлтірген. Міне содан бері оның аңшылық өмірі басталған екен. Жорж осы уақытқа дейін 40-қа жуық елде аңшылық қылған.
Бірнеше жылдан соң, Жорж аулап алған аңдарын қатырып, үйіне әкеліп қоюды ойға алады.
Мамандардың есептеуінше, мұражайдың құны 5,3 миллион фунт стерлингті (8,7 миллион доллар) құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |