Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Қазақ тілі



жүктеу 1,71 Mb.
бет7/26
Дата11.05.2020
өлшемі1,71 Mb.
#30332
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
OSh SOr 1178 aza 1179 tili T1 5kl

Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Мәтіннің стилін ажыратады, мазмұнын, тақырыбын, тілдік құралдарын салыстырады

  • Мәтін мазмұнына, құрылымына сай жоспар құрады

  • Хат, жарнама, хабарландыру жазудың талаптарын ұстанады

  • Оқылым мәтіні бойынша негізгі ақпаратты анықтап, жинақы (қысқа) мәтін жазады

  • Тура және ауыспалы, көп мағыналы сөздерді қолданады

Білу және түсіну

Қолдану


Орындау уақыты

15-20 минут


1-тапсырма

Төмендегі екі мәтінді салыстырып, айырмашылығын, стилін табыңыз, мәтіндердегі қарамен белгіленген сөздің мағынасын табыңыз. Мазмұнын, тақырыбын, тілдік құралдарын салыстырыңыз.

1-мәтін. Самал Шорманованың әнші Мұқасан Шахзадаевпен жүргізген сұхбатынан үзінді.

2-мәтін. http://collegy.ucoz.ru/publ/89-1-0-12313 сайтынан алынған.


1-мәтін

Мұқасан Шахзадаев: «Сәнмен, талғаммен киінуге бала кезден құштармын».

Мұқасан аға, сізді қазақ эстрадасындағы жоғары талғаммен киінетін  әншілердің қатарына жатқызады. Өзіңіздің ойыңызша қалай?

– Мен өзін сыйлаған, өзін жақсы көрген әрбір адам дұрыс киінеді деп ойлаймын. Оның үстіне, өнер жолында жүргеннен кейін, халықтың алдында жүреміз. Дұрыс киініп жүрмесе, онда адам өз-өзін сыйламағандығы. Өзіме келер болсам, сәнмен, талғаммен киінуге бала кезден құштармын. Себебі, анам тігінші болған. Кеңес үкіметінің кезінде ақшаң болған күннің өзінде киім тапшы болатын. Сондықтан анама әртүрлі сән журналдарындағы киімдерді көрсетіп, тіктіртіп алатынмын.  


2-мәтін

Қашанда қазақ халқы ұлттық киімді қадір тұтқан. Қазақ қыздарының ұлттық киімін - баршын, торғын, шәйі, қырмызы сияқты жұмсақ нәзік маталарды пайдалана отырып, бүрмелі етек, бүрмелі жеңін аса кең етіп көлбеңдете тіккенінде қазақтың бүкіл тұрмыс-салты жатыр емес пе?! Қыз балалардың, әйел адамдардың киімін жұмсақ, нәзік матадан тігетіні нәзіктігі мен әдептілігі үстіндегі киімінен-ақ көрініп тұрған ғой. Етек-жеңінің кең болатыны – қазақтың дархандығын, үрімді-бұтақты екендігін, мейірімін, қонақжайлылығын, даладай кең пейілін, қолының жомарттығын білдіреді. Кең етектің қабат-қабат бүрмесі жеті сатыдан тұрады. Жеті қазына, жеті кие, жеті қат жер, жеті ата тазалығы осы ұғымға сиып тұр. Әйел ұлтты тәрбиелейді, келген қонаққа ілтипат көрсетіп, дәмін ұсынған әйел атаулының киген киімдері арқылы бұрынғы бабаларымыз елдігімізді таныған.




Мәтіндерді салыстыру

1 -мәтін

2- мәтін

Стилі







Айырмашылығы








Мазмұны







Тақырыбы







Тілдік құралдарды қолдануы








2-тапсырма

Мәтінді оқып, мазмұн бойынша шағын жоспар құрыңыз.

Сол күні қазақтың ең әдемі аруы атағы үшін 21 үміткер сынға түсті. Көркіне ақылы сай қаракөз қыздарымыздың барлығы да жеңістен үмітті. Алайда, елдің ең сұлу аруы атану үшін бойжеткендерімізге жеңіл болған жоқ. Байқауға қатысушыларға қойылған талаптар өте жоғары болды. Бұл сайыста арулар сұлу әрі көрікті ғана емес, сондай-ақ ана тілін құрметтейтін, тарихын, салт-дәстүрін білетін, әдебиет пен мәдениеттен хабары болуы шарт.

Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Мұнда бойжеткендер шығармашылық және зияткерлік белсенділіктерін көрсетті. Сынға түскен аруларымыз сондай-ақ, қазақ эстрада жұлдыздарымен бірге ән шырқап, би билеп, өнерлерін паш етті. Арулардың өнерін белгілі тележүргізуші Айгүл Мүкей, отандық опера примасы Нұржамал Үсенбаева, ақын Айнұр Тұрсынбаева, байқаудың продюсері Баян Есентаева, театр және кино актері Ғани Құлжановтар бағалады.

«Қазақ аруы» байқауының бас жүлдесі 20 жасар маңғыстаулық Гүлназ Жолановаға бұйырды. Ару тәжін Гүлназға байқаудың былтырғы жеңімпазы Әйгерім Қанатбаева табыстады.

Жоспар


Кіріспе бөлім ____________________________

Негізгі бөлім ____________________________



Қорытынды бөлім ________________________
3-тапсырма

  • Сізге досыңыздан хат келді делік. Хатқа жауап жазыңыз. Қажетті бейнелеуіш құралдарды, тура және ауыспалы, көп мағыналы сөздерді қолданыңыз.




Сәлем, Бақытжан!

Хал қалай? Өзім жақсымын. Отбасым аман-есен. Мен өз фирмамды ашқым келеді. Онда шаштараз, сән салоны болады деп ойлаймын. Барлық қағаздарды дайындап жатырмын.

Сенен бір көмек керек. Фирмамды қалай атауды білмей тұрмын. Сенің ойыңша, атау қандай болу керек? Мүмкін, қос атау ма? Немесе тарихи атау ма?


4-тапсырма

Мәтінді мұқият оқып шығып, көлемі шамамен 10-15 сөзден тұратын жинақы мәтін жазыңыз.


«Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет.

15 мамыр - халықаралық   отбасы   күні.  Атаулы күн  1993  жылы  БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған. Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтті.

Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз.






жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау