IIКУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ
(ЖОБАНЫҢ) МАЗМҰНЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫНА
ТАЛАПТАР
Курстық жұмыстың (жобаның) құрылымы
Курстық жұмыс (жоба), яғни білім алушының түсіндірме жазбасы
тұруы керек:
Бастапқы беттен (ҚосымшаА);
Курстық жұмысқа (жобаға) тапсырмадан;
мазмұннан;
нормативтік сілтемелерден, анықтамалардан, мағынасынан және
қысқартулардан;
кіріспеден;
негізгі бӛлімнен (қажет жағдайда ұсынылатын бӛлімдер: еңбекті
қорғау және қауіпсіздік техникасы, ӛндірістік экология);
қорытындыдан (қорытындылар);
қолданылған әдебиеттер тізімінен (ҚосымшаБ);
қосымшадан (қажет жағдайда).
Курстықжұмыс (жоба) кіріспеден, негізгі бӛлімнен, қорытынды
және қолданылған әдебиеттер тізімнен тұрады.
Бастапқы бет
Бастапқы бет жұмыстың (жобаның) бірінші беті болып табылады
және құжатты ӛңдеу және іздеу үшін қажет ақпарат кӛзі болып
табылды. Бастапқы бет беттердің жалпы нӛмерленуіне қосылды,
дегенмен бастапқы бетте беттің нӛмері қойылмайды.
Жұмыстың (жобаның) атауы мүмкіндік бойынша қысқа болуы
және мазмұнға толық сәйкес болуы керек.
Курстық жұмысқа (жобаға) тапсырма
Курстық
жұмысқа
(жобаға)
тапсырманы
студенттерге
академиялық кезеңнің 1-2 аптасында береді. Әрбір студентке
тақырыпты бекітуді кафедра меңгерушісі бекітеді. Курстық жұмысқа
(жобаға) тапсырма студентке еркін формада беріледі.
Мазмұны
Мазмұн нормативтік сілтемелерден, анықтамалардан, мағынадан
және қысқартудан, кіріспеден, тәртіптік нӛмерден және бӛлімдердің
нӛмерлері тәртібінен, бӛлімшелерден, қорытындыдан, қолданылған
әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады. «Бет» деген сӛз жазылмайды.
Жұмыстың (жобаның) мазмұны жаңа беттен басталады.
Нормативтік сілтемелер, анықтамалар, мағыналар және
қысқартулар
«Нормативтік сілтемелер» құрылымдық элементі курстық
жұмыстың мәтінінде сілтемелер берілген стандарттар тізімінен тұрады.
Сілтемелік стандарттардың тізімі мына сӛздан басталады: «аталған
курстық
жұмыста
(жобада)
келесі
стандарттарға
сілтемелер
қолданылған». Тізімге стандарттардың мағынасы және мағынаның
тірекелген нӛмерінің ұлғаю тәртібіндеолардың атауы енгізіледі.
«Анықтама»
құрылымдық
элементі
курстық
жұмыстағы
(жобадағы)
терминдерді орнату немесе дәлдеу үшін қажет
анықтамалардан тұрады. Анықтамалар тізімі мына сӛзден басталады:
«Аталған курстық жұмыста (жобада) сәйкес анықтамалармен келесі
терминдер қолданылады».
«Мағынасы және қысқартулар» құрылымдық элементі курстық
жұмыста (жобада) қолданылатын мағыналар мен қысқартулардың
тізімінен тұрады. Жалпыға белгілі қысқартулар, терминдер және
белгілер тізімде кӛрсетілмейді. Мағыналар мен қысқартулардың
жазбасы қажет шешімімен және түсіндірмесімен бірге оларды мәтінде
келтіру тәртібі бойынша жүргізіледі. Анықтамаларды, мағыналарды
және қысқартуларды бір «Анықтамалар, мағыналар және қысқартулар»
құрылымдық элементінде келтіруге рұқсат етіледі.
Нормативтік
сілтемелер,
анықтамалар,
мағыналар
және
қысқартулар курстық жұмыстың (жобаның) міндетті құрылымдық
бірлігі болып табылмайды.
Кіріспе
Тақырыпты негіздей отырып студент, оның жастармен кәсіби
жұмыс жасаудың жалпы проблематикасындағы орнымен зерттеу
маңыздылығын анықтауы керек. Ӛз жұмысының мақсатын белгілеп алу
керек, зерттеудің мақсатына қол жеткізуге кӛмектесетін нақты
міндеттерді бӛліп алуы керек. Зерттеудің объекті мен нысаны
белгіленеді.
Тақырыпты
толық
ашу
үшін
зерттеу
керек
болатын
проблемаларды да атау ұсынылады, дегенмен олар аталған жұмыста
қарастырылмайды және неліктен қарастырылмайды (қажет болатын
кӛздердің жоқтығы, кӛлемнен асып түсу және т.б.).
Осылайша, кіріспе – жұмыстың ӛте жауапты бӛлімі болып
табылады, себебі ол оқушы адамда тақырыпты ашу барысына ғана
бағыттамайды, сонымен қатар оның барлық қажет біліктілік
сипаттамасынан тұрады.
Кіріспе жұмыс кӛлемінің жалпы 1/10 бӛлігінен асып түспеуі керек
(орта есеппен 2-3 бет).
Курстық жұмыстың (жобаның) негізгі бөлімі
Жұмыстың негізгі бӛлімінде зерттеудің әдістемесі және
техникасы толық қарастырылады және нәтижелері баяндалады. Негізгі
бӛлімнің барлық құраушылары бір-бірімен логикалық байланысты
болуы керек және мазмұнға сәйкес орналасуы керек. Барлық
маңыздылығы жоқ материалдар қосымшаға енгізіледі.
Теория. Жұмыстың тақырыбын қарастыруды қызықтыратын
тақырыптың тарихын талдаудан бастауға болады. Зерттелетін
проблеманың даму және қалыптасуының тарихи ерекшеліктері
жұмыстың деңгейін тек үлкейтеді және толықтырады.
Негізгі бӛлім тұруы керек:
– жұмыс бағытын таңдау және оның негізін, шешу әдісін және олардың
салыстырма бағасын таңдаудан, жүргізілген жұмыстың таңдалған жалпы
әдістемесін сипаттаудан;
– теориялық және/немесе жобалық зерттеу рәсімі, теориялық зерттеу
мазмұны мен сипаттамасын, есептеу әдістерін қоса, жобалық жұмысты
жүргізудің қажеттілігін негіздеу, жасалған сызбалардың жұмыс жасау
принциптерінен, олардың сипаттамасынан;
– жұмыстың нәтижелерін және жұмыстың әрі қарайғы бағыты
бойынша ұсыныстарды жалпылау және бағалаудан, сенімді алынған
нәтижелерді бағалау және оларды отандық және шетелдік жұмыстардың
нәтижелерімен аналогтық салыстырудан;
Негізгі бӛлімнің тақырыптарының мазмұны жұмыстың тақырыбына
дәл сәйкес келуі керек және оны толығымен ашуы керек.
Практикалық бөлік. Теориялық ережелерді бар практиканың
талдауымен міндетті түрде бекіту керек.
Нәтижелер.Әрбір бӛлім қорытынды немесе кем дегенде
болжамды қорытындымен аяқталуы керек. Нәтижелер нақты баяндалуы
керек (не туралы айтылса сол бекітілуі керек).
Ақпарат көздерін цитаталау.
Цитата мәтіні тырнақшаға алынады және авторлық жазу
ерекшеліктерін
сақтау
отырып
бастапқы
кӛзде
берілгендей
грамматикалық формада беріледі.
Мәтін бойынша әдебиеттерге сілтемелер, тік жақшада ұлғаю
тәртібі бойынша түсіндірме жазбаның мәтінінің бүкіл кӛлемінде арап
әріптерімен белгіленеді; әдебиет кӛздерін түсіндірме жазбаның
мәтініндегі сілтемелер тәртібінде орналастыру керек.
Қорытынды
Достарыңызбен бөлісу: |