БАҚ-тарға хабарлама
Желдің қуаты
: Ерейментау ЖЭС 500 млн. кВт*сағ. астам өндірді 29.08.2018
Қазақстандағы өнеркәсіптік үлгідегі алғашқы жел электр станциясы (ЖЭС) пайдалануға
берілгеніне ағымдағы жылғы тамызда дәл үш жыл толады. Ол Ақмола облысындағы
Ерейментау қаласының маңында орналасқан. 2015 жылғы 14 тамызда Ерейментау ЖЭС-сы
бойынша Мемлекеттік қабылдау комиссиясының акті алынды. 2015 жылғы 11 желтоқсанда
«Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың қадамы» Жалпыұлттық телекөпір
барысында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевқа станцияның өнеркәсіптік мақсатта пайдалануға
берілгені туралы баяндалған болатын.
Қуаты 45 МВт станция осы кезең ішінде 500 млн. кВт*сағ. астам электр энергиясын
өндірді. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес компаниясы болып табылатын «Бірінші жел
электр станциясы» ЖШС-нің іске асырған жобасы Ақмола облысының энергия балансын
жақсартуға және қоршаған ортаны қорғауға елеулі үлес қосуда.
Компанияның жел паркі FWT (Германия) жасалған, әрқайсысының қуаты 2,05 МВт
болатын 22 жел қондырғысынан және жаңа 220/35КВ шағын станциядан тұрады. ЖЭС
пайдалану кезеңінде 23 жұмыс орны ашылды, соның ішінде 12 адам – Ерейментау қаласының
тұрғындары. Бұл ЖЭС-ның жұмысы органикалық отынды және СО
2
. шығарындыларын
пайдаланбай, жылына 172,2 млн кВтсағ. электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді.
Өндірілетін электр энергиясының 100% Қазақстанның ұлттық электр желісіне келіп түседі.
Айта кетейік, Ерейментау ЖЭС өндірген энергияның есебінен «EXPO-2017» Халықаралық
мамандандырылған көрменің нысандары электрмен қамтамасыз етілген болатын.
Бүгінде
«Самұрық-Энерго»
кәсіпорындары
өндіретін
электр
энергиясының
құрылымында жаңартылатын энергия көздерінің (күн, жел, шағын СЭС) үлесіне жалпы
белгіленген қуаттың 1,5% тиесілі. 2017 жылы қазақстандық жасыл энергияның әрбір үшінші
киловатт-сағатын «Самұрық-Энергоның» еншілес кәсіпорындары өндірді.
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2018-2028 жылдарға арналған ұзақ мерзімді даму
стратегиясына сай, компания «Жасыл экономика» қағидаттарына көшу үшін стратегиялық
инвестормен бірлесе отырып, жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асырмақшы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан
Республикасының
"жасыл
экономикаға"
көшуі
жөніндегі
тұжырымдамада Қазақстанда ЖЭК дамытудың электр энергиясын жалпы өндірудегі мынадай
мақсатты көрсеткіштері көзделген:
2020 жылға қарай ЖЭС пен КЭС үлесін 3 пайызға жеткізу;
2030 жылға қарай ЖЭС пен КЭС үлесін 10 пайызға жеткізу;
2050 жылға қарай жел, күн, гидро және атом станцияларын қоса алғанда – 50 процентке қол
жеткізу.
ҚР Энергетика министрлігінің дерегінше, Қазақстанда қазіргі уақытта белгіленген
жалпы қуаты 336 МВт. жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын 55 кәсіпорын жұмыс
істейді. ЖЭК пайдаланатын объектілердің (қуаты 35 МВт-ға дейін КЭС, ЖЭС, шағын СЭС)
электр энергиясын өндіру көлемі 2017 жылы 1 109 млн. кВтс және 2018 жылдың жарты
жылдығында - 651,1 млн. кВтс. құрады. Өндірудің жалпы көлеміндегі ЖЭК үлесі 2017
жылдың қорытындысы бойынша- 1,08% құрады.
АНЫҚТАМА:
«45 МВт Ерейментау ЖЭС» жобасын «Бірінші жел электр станциясы»
ЖШС (Самұрық-Энерго» АҚ-ның 100% еншілес компаниясы) іске асырды.
Электр
станциясы Ақмола облысының аумағында, Ерейментаудан 3 шақырым жерде орналасқан
және аумағы 60га. жерді иеленеді.
Белгіленген қуаты — 45 МВт
Жел энергетикасы қондырғыларының саны : әрқайсысы 2,05 МВт болатын 22 жел
турбинасы
ЖЭҚ түрі: IEC 61400-1, желдің қуаты 2а (ЖЭС орналасу аумағындағы табиғат ерекшелігін
ескере отырып).
Желдің ең төменгі жылдамдығы:3 м/с
Желдің қалыпты жылдамдығы: 12 м/с
ЖЭС жұмыс істеуі үшін желдің ең жоғары жылдамдығы: 25 м/с
Роторының диаметрі: 93 м
Мұнарасының биіктігі: 85 м
Жұмыс температурасы: -40С-ден +40С-ге дейін
Ӛндіру кӛлемі жылына 172,2 млн. кВтс электр энергиясын құрайды.
«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС 2011 жылғы 27 маусымда құрылған. Компания
электр энергиясын ӛндіру, жаңартылатын энергия кӛздерін пайдаланатын объектілерді
жобалау және құру, объектілерді жобалау және құру жӛніндегі қызметтерді кӛрсетеді.
«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС Самұрық-Энерго» АҚ-ның 100% еншілес компаниясы
болып табылады.
«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг,
акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі. 2007 жылы құрылған.
Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын ӛндіру; электр энергиясын
жеткізу, бӛліп-тарату және сату; энергетикалық кӛмір ӛндіру. Холдингтің құрамына
энергия және кӛмір ӛндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС,
«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Кӛмір» ЖШС, «Алматы электр
станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара
СЭС» АҚ және т.б. кіреді.
__________________________________________________
«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және
коммуникациялар офисі.
Тел: (7172) 55-30-62;
r.tasbulatov@samruk-energy.kz